Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016 жылы емтихан сратары Саясаттану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

16. Мемлекеттің атқаратын функциялары.

Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.

Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.

Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.

Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.

Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.

Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.

Мемлекеттің келесі функциясыкелісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.

Келісімдік функциямемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.

Мемлекеттің үшінші функциясыұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.

Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында — бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.

Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.

Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.

Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.

Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.

Мемлекеттің төртінші функциясы — қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.

Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.

Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.

Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.

Оппозицияның міндеті — қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.

Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады. Сондықган тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып саналады.

Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік өкілеттіктерін анықтайды.

  1. Демократиялық саяси режим: түсінігі және негізгі белгілері.

Демократиялық саяси режим - саяси режимдердің бір түрі, оған мыналар тән:

  • азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;

  • билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;

  • жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;

  • сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;

  • мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;

  • өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;

  • көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Осылайша, демократиялық саяси режимге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады:

  1. басқарушы топтың тұрақты занды мойындалғандығын;

  2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;

  3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;

  4. бүқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.

Осылардың барлығы мүндай саяси жүйелердің бұқараның билік органдарын қалыптастырып, саясатты жүзеге асыруға қатысу құқына негізделгендігін білдіреді. Алайда барлық саяси жүйелер жоғарыда аталған талаптарға сай келе бермейді. Көп жағдайда мұның бәрі шынайылықтан гөрі, әртүрлі жүйелер талпынатъш мінсіз идеалға жақынырақ.

  1. Консерватизм және неоконсерватизм саяси идеологиялары.

Консерватизм (фр. соnservatisme, лат. conservo - сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған.[1] Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Термин әдетте оңщыл топтарды сипаттауда пайдаланылады. Консервативті саясатты анықтауда универсалды қағидалары жоқ. Себебі консервативтіліктің негізі болатын дәстүрлер жергілікті жағдай мен уақытқа тәуелді болады. Соған байланысты әлемнің әртүрлі түкпірінен шыққан консерваторлар бір мәселе бойынша ортақ пікірде болмауы мүмкін. 18 ғасырда өмір сүрген Эдмунд Берк Ұлыбритания консерватизмінің негізгі ойшылдарының бірі болған.

Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы пайда болып, нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мемлекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерархия арқылы және әркімнің қоғам алдындағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәстүрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "европеизация", "атлантизация", "евро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты.

Либералды консерватизм консервативті құндылықтар мен дәстүрлі либералды ұстанымдардың жиынтығынан тұрады.[3] Либералды консерватизм әртүрлі елдерді және заманына байланысты түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Себебі, оның құраушы бөлігі болып келетін құндылықтар мен ұстанымдарға әр қоғам өзіндік мән салады. Тарихи, либералды консерватизм ұғымы экономикалық либерализм (араласпаушылық принципі) мен консерватизмнің классикалық ұстанымдары: дәстүрдің сақталуы, үлкенді және діни құндылықтарды құрметтеу секілді негіздерге сүйенеді. Классикалық либерализм болса жеке адамның экономикалық бостандықтарынан басқа әлеуметтік саладағы бостандықтарын та қолдайды.

Көп жылдар бойы консервативті идеология экономикалық либерализм аргументтерін өзіне сіңіріп келді. Сол себепті либералды консерватизм ұстанымдары консерватизмның негізгі ұстанымдарына айналды. Сонымен бірге, либералды экономикасы дәстүрлі болып есептелетін мемлекеттерде, АҚШ секілді, консерватизм ашық нарық ұстанымын қолдайды. АҚШ-тағы либералды консерватизм ұғымы классикалық либерализмнен экономикалық тәуелсіздікті ала отырып, консервативтік құндылықтарды қолдайды.

Консервативті либерализм

Либертариандық консерватизм

Фискалды консерватизм

Ұлттық және дәстүрлі консерватизм

Мәдени және әлеуметтік консерватизм

Діни консерватизм

Прогрессивті консерватизм

Маргарет Тэтчер (1925–2013)

Неоконсерватизм

  • Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;

  • Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:

  • дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;

  • либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;

  • жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді

  1. Саясат субъектілері: түсінігі,түрлері және функциялары.

Саясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері - іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.

Саясаттың субъектісі

Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

Саясат объектісі

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары — ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған. Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқару процесінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып табылады. Демек саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі — саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты өмір сүріп отырған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, саясаттың белгілі бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы — оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен биморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы — осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді. Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады. Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді. Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын жасыра білу, моральдық релятивизм, өз әрекетін қажетінше ақтай алу секілді белгілі бір моральдық аспектілерді де қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі "саясат" ұғымына енеді. Саясаттың бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат — лас тірлік" деген формуладан көрініс табады. Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез — құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды. Саясат субъектілері болып мыналар табылады: 1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді. 2. Әлеуметтік топтар — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері арасындағы байланыстың қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне айналады. 3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі. 4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады. Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі. Саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, М. Вебер былай деп жазады: "...саясат ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды". Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы сөйлемге аса назар аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы "дербестік" саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды. Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен онымен анықталынуы. Субъектілік — саясаттың шынайы факторы. Ол саяси процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік әлеуметтік оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының, жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие шешімдердің, олардың қорытындыларын, нәтижелерін және т.б белгілеуде қолданылады. Саясаттың маңызды екінші компоненті адамзаттың саяси тәжірибесі болып табылады. Өркениеттің дамуымен саяси сахна едәуір кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі болып, рөлдер күрделене бастады. Осының нәтижесінде адамзат аса мол саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе өзінің барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп отыратын, бір елден екінші елге таралатын саяси институттарда, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде жинақталып қорытылған және көрініс тапқан. Саяси тәжірибенің кристаллизациялануы саясаттың барлық негізгі компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып келді. Біз жоғарыда саясаттың басты, әрекетшіл компоненті оны жасаушы субъектінің мәнін қарастырдық. Дегенмен, субъект оған интериоризациялау (лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру, оның элементтерін қазіргі ұрпақтардың, казіргі әлеуметтік топтардың саяси тәжірибелерінің мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені олардың саяси іс-әрекетіне қажетті психикалық қабылдау, саяси приоритет, дағды элементіне айналдыру негізінде ғана айналады. Саяси тәжірибені игеру мен пайдаланудың негізгі мәселесі — оның уақыт пен кеңістіктегі субъектіден субъектіге берілуі. Саяси идеяларды, теорияларды, көзқарастарды, принциптерді құратын, тәжірибені сөздер, ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат санасына сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің трансляциялық формасы. Саяси идеялар саяси ойдың орталық элементтері болып табылады. Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді. Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады". Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат құрылымы мен саяси практиканың рационалды аспектілері болып саналады. Бұл рационалды аспект ғылыми білімдер жүйесі түрінде танылып көрінуі мүмкін. Осы білімдер негізінде бүкіл саясатты, оның барлық құрылымдық элементтерін, саясат субъектілерінің саяси мәдениетін көтеруде, олардың саяси жүріс-тұрысына саналы түрде ықпал етуде, қызмет атқарып отырған саяси мәдениетті демократияландыруда, демократияны кең көлемде институциаландыруды іске асыруда, институттардың, формалардың, жүріс- тұрыс акцияларының идеалды моделдерін анықтауда ұтымды пайдалануға болады және оларды саяси сфераға енгізу негізінде саясатты және оның құрылымдық элементтерін жетілдіре түсуге болады. Алайда, саясаттың, саяси практиканың "ахилл өкшесі" тәрізді осал тұстары да бар. Ол субъектілік. Бұл субъектілік ешқандай рационалды өлшемге сыймайды, ол саясат пен саяси практикаға субъектілік даралық пен ситуативтілік беретін қайталанбас сәтке ие. Сондықтан саясат өнер деп те есептелінеді. Өйткені саясат — жасампаздық сферасы, онда тек білім ғана емес, сонымен бірге қиял, субъектінің интуициясы, оның өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті, еркі, субъектінің батылдығы, төтенше жағдайларға кіре білу ептілігі және одан шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске, өнерге айналдырады. Саясаттың құрылымдық элементтеріне бүкіл мемлекеттік аппарат пен оның ұйымдарының формалары, әрекет ету әдістері мен оған пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат басқару ісін кәсіби тұрғыда жүргізуі қажет. Баскару аппаратының маңызды мәселелері — басқару объектісін, оның жағдайын, даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу үшін кажет.

  1. Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттер: мәні және айрықша белгілері.

Құқық  мемлекет (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, құқықтық  мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың  мемлекет негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық мемлекет — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ»  (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі — мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық  мемлекет жүйенің үшінші бөлігі — субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы —оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Әлеуметтік мемлекеткең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: мақсаты және негізгі принциптері.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.

Қалыптасқан жағдайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады:

1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;

2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;

3) мемлекеттердің тең құқықтығы;

4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;

5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;

6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);

7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;

8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;

9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді [1, 17-б.].

Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.

  1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

Қазақстан Республикасында қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

-   қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

-  осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;

-   қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

-  мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

-  қоғамдық - саяси әрекет режимдерін реттеу.

Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс-әрекет, саяси сана және саяси мәдениет. Енді осы элементтерге толық түсінік берейік.

1) Саяси іс-әрекет және құқықтық нормалар – қалыптасқан немесе қабылданған тәртіп ережелері, саяси қатынастарды реттейтін тәсілдері, қоғамдағы конституция, кодекстер, ережелер, партиялардың бағдарламалары, саяси әдет-ғұрып тағы да басқасы. Саяси нормаларды, сол арқылы өмірге келетін қатынастарды – саяси институттар деп атайды. Идеяның даму процесі арқылы нормаға, тәртіптің ережелеріне сәйкес ұйымдардың қағидасына айналуын институционализация деп атайды. Осылай қоғамның болашақ саяси ұйымының элементтері қалыптаса бастайды. Саясат пен институционализацияның байланысы шектеулі, оның сан қырлы саяси іс-әрекеттер тек ұйымдық нысандарында ғана байқалады[2; 28б].

2) Саяси құрылыс – қоғамдағы саяси, мемлекеттік ұйымдардың, институттардың, мекемелердің және олардың ара-қатынасының жиынтығы. Бұл құрылыс адамдардың арасында саяси қатынастың тұрақты қалыптасқанын көрсетеді.

3) Саяси іс-әрекет – қоғамдағы саяси билікті дамыту және қорғау үшін бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекеттері. Бұл әрекет әр-түрлі деңгейде жүргізіледі: белсенді, сылбыр, енжар, тұрақты, нәтижелі тағы да басқа.

4) Саяси сана – адамдардың сан қырлы рухани сана-сезімін қоғамдағы саяси билікті қолдап, адамдардың іс-әрекетін саяси қатынастарды дамытып, нығайтуға бағыттау. Саяси санада екі түрлі бағыт болуға тиіс: концептуалдық – саяси теория, доктрина, ілім, бағдарлама; күнделікті – ой-пікір, әдет-ғұрып, мораль, тәртіп.

5) Саяси мәдениет – қоғамдағы саясатты, саяси қатынастарды реттеп-басқару үшін қалыптасқан рухани құндылықтардың, саяси идеяның, сенімінің, символдың жиынтығы саясатта бірлік, дербестік тек адамдардың рухани байланысы арқылы болады.

6) Саяси жүйенің ең күрделісі, ең маңызды элементі – мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

  1. Саяси әлеуметтендіру және оның түрлері.

Саяси әлеуметтендіру өзінің күрделі әрі кереғар күшке ие болуына орай ғылымда түрліше қарастырылып жүр. Мысалы, Батыс әдебиетінде бірқатар авторлар (А.Гелен, К.Луман, М.Хабермас) саяси әлеуметтендіруді адамдардың жаңа құндылықтары ретінде қарастырса, енді бірқатары (Л.Коэн, Р.Липтон, Т.Парсонс) оны оқу процесі немесе адамдардың белгілі бір саяси міндетті атқаруға жаттығуы деп түсінеді, ал, авторлардың үшінші тобы (Э.Эриксон, Э.Фромм) мұны адамдардың ішкі процесі ретінде түсіндіріп, соның нәтижесінде сезімнің, көңіл-күйдің, көзқарастың саясаттандырылуы деп тұжырым жасайды. Еуразиялық әдебиетте (К.Гаджиев, А.Соловьев, Л.Щевчук) мұндай анықтаманы барынша кешенді сипаттама ретінде қарастырады. Бүтіндей алғанда саяси әлеуметтендіру дегеніміз идеяны, көзқарасты және дағды үлгілерін меңгере отырып, соның негізінде аса қажет жекелей саяси сапаның, сондай-ақ саяси қызмет дағдысының қалыптасуы болып табылады. Саяси әлеуметтендіру дегеніміз – саяси өмірге ену процесі. Оның қызметі, тәсілдері, мақсаты мен ауқымы белгілі бір саяси жүйенің сапасымен және оның қоғамдық саяси негізімен айқындалады[112]. Саяси әлеуметтендіру процесінде адамдар қоғамдармен араласып, ал, әлеуметтік механизм олардың байланысын қамтамасыз ететін қоғамның саяси мәдениеті болып табылады. Саяси әлеуметтендіру – іріктелген процесс. Оның жүзеге асу барысында саяси процеске қатысушылардың мүддесіне, психологиясына және өмірлік тәжірибесіне барынша жоғары дәрежеге сай келетін саясаттағы нормалар, құндылықтар, бағдарлар мен үлгілердің игерілуі болады. Саяси әлеуметтендіру процесі адамдардың бүкіл өмірінде жүзеге асып жататын процесс болып табылады. Әлеуметтік тәжірибені жинақтау барысында жекелеген тұлғалардың өмірлік позициясы тұрақты түрде өзгеріске түседі немесе нақтыланады.

Сонымен, саяси әлеуметтендіру дегеніміз – жекелеген адамдардың қоғам жинақтаған мәдени құндылықтарды, мәртебелі іс-қимылдарды жекелеген адамдардың меңгеруінің үздіксіз процесі, адамдардың қажетті әлеуметтік-саяси сапасының қалыптасуы тиісті саяси жүйеге бейімделуіне мүмкіндік жасап, әлеуметтік пайдалы саяси шешім қабылдауға бағыттайды.

Осыған орай саяси әлеуметтендіру бүтіндей алғанда саяси мәдениеттің аса маңызды құрамдас бөлігі болып белсенді саяси қатысуға қажетті алғышарт болады. Саяси мәдениет дегеніміз – іс-әрекет механизмі, ол адамдардың әрекет етуінде, іске қатысуында және ақыл-ойында көрініс береді. Саяси мәдениеттің қызметтік-практикалық мәні оны тарихи тәжірибені дарыту және меңгерудің аса маңызды құралына айналдырады. Тарихи тәжірибені беру құралы оны өзекті саяси процесс факторына айналдырып, саяси дәстүрге қызмет еткізеді. Саяси тәжірибенің және білім беру мен оның сабақтастығының барынша тиімді құралы тіл және саяси сана болады.

  1. Жаһандық проблемалар: түсінігі және түрлері.

Ғаламдық проблемалар — әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемалар        

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы — глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа — өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

  1. Басқару нысандары бойынша мемлекеттің түрлері.

Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң Мемлекеттің басқару нысаны Монархия және Республика болып екіге бөлінеді.Монархия — ол жоғарғы билік бір адамның қолында және бүл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның билігі өзінің түсінігі айтып тұрғандай, мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе тиюі. Сондықтан, оның билігі мұрагерлік билік. Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін, яғни соғыс арқылы. Монархияның көшуінің үшінші түрі де бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды. Мысалы Малайзия елінде. Тарихта  екі  монарх  болған  мемлекеттік  басқару нысаны да кездескен. Ол мәселен Спартада. Монархтың бір қасиеті ол өзінің билігіне құдайдан басқа ешкімге жауапты емес, себебі ол мемлекеттің басшысы, оның атынан сот, заң, құқық қабылданады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Аталмыш монархияның өзі де екіге бөлінеді: Шексіз және Шектелген монархия болып. Осы тұрғыда монархияның екі түріне түсінік беріп өтейік.

Шексіз монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында, бірақ оның да бірнеше түрі бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс диспотиясы.

Монархиялардың көбі шектелген монархияға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір адаммен немесе заңмен шектеледі.

Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік — өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұргындары, басқаша айтқанда буржуазия. Сословиялар өздерінің мүдделерін қоргайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару нысан «сегунат» деп аталады. Жаңа кезендерде шектелген монархия Конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Бірақ тарихи процесс объективті түрінде парламента жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші болып Англияда құрылды. Даңқты реоволюциядан кейін құқық туралы Билль деген 1689 жылы Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазіргі уақытта Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекет басшысы. Монарх — мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет — ғұрыптары.

Монархтың билігі жоғары және тәуелсіз болғандықтан ол өмір бойы билік ете алады. Бұл тұрғыда біз басқару нысанының бірінші түрі, яғни монархияны қарастырып өттік, ал ендігі басқару нысанының екінші түрі республикаға түсінік беріп өтейік.

Республикада монарх тәрізді ежелгі мемлекет нысаны болып қалыптасқан. Бірақ республикалық басқару нысанын халық сайлаған адам басқарады және оны белгілі бір уақытқа сайлайды.

Республикалық басқару нысаны — бұл ұжымдық басқару болып саналады. Республика деген сөз коне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік басқарушы адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге  сайлайды.  Сайланбаған қызметкерлер мен органдар Республикада болмайды. Жаңа кезеңде Республиканың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар.

Президенттік Республика — Республика бірлігінің, тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі Парламенттің келісімімен тағайындайды. Республиканы президент басқарғанымен, мемлекеттік заң шығару билігі парламенттің қолында және парламент белгілі қызметкерлерді және Жоғары сотты тағайындаған уақытта да келісімін береді. Парламенттің зандары бір ауыздан қабылдана қоймайды, оның зандары екі рет тексеріледі, содан барып президент вето құқығын қолданып, қабылданған зандарға қол қояды. Конституциялық сот заңның конституцияға сәйкестігін тексереді, ал сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері Президенттік Республикада белгілі уақытқа немесе өмір бойы тағайындалады.

Бұл салада бөлініп, әр бөлшектің өзінің атқаратын қызметі бар екенін көріп отырмыз, ал монархияда керісінше, мемлекет билігі және басқа да іс әрекеттерді бір адам ғана басқарады, екінші айырмашылық монархия мұрагерлікпен, атадан әкеге, әкеден балаға, немесе ағайын, туысқа беріліп жалғасса, Республика басқару нысанында, ол мүлдем басқаша, яғни жоғарыда атап өткендей Ел басшысын халық белгілі бір уақытқа сайлайды және халық үкіметтің жұмысына толық араласады.

Президенттен кейінгі республика ол Парламенттік, осы тұрғыда Парламентке тоқталып өткенді жөн көрдім. Парламенттік Республика — бұл мемлекеттік басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер — министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Үкімет Парламенттің алдында жауапты. Парламенттің басқару нысанында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек үкімет басшысы. Үкімет атқарушы билікті  жүзеге   асырады,   әрі   Парламенттегі партиялық  көпшілік негізінде қүрылады. Күшті Үкімет, әлсіз Президент.

Үкіметте Парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады.Осы тұрғыда қарап көрсек Президентте де, Парламентте де билік бар екенін көріп отырмыз. Республиканы бір басшы басқарғанымен, екі басшы қызмет атқарады, ал қалған органдар оларға тәуелді болады. Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;

—  жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;

—  жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.

Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;

2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;

3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

шығару органы, үкімет.

  1. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі.

  2. Халықаралық саяси қатынастар мен әлемдік саясаттың мәні және негізгі субъектілері.

  3. Тоталитарлық және авторитарлық саяси режимдердің айырмашылығы.

  4. Әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша мемлекеттің түрлері.

  5. Саяси идеологиялар: түсінігі, түрлері, функциялары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]