Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016 жылы емтихан сратары Саясаттану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

Саясаттанудан емтихан сұрақтары және тест сұрақтары 2016

$$$ 1.

«Саясат - бірігіп өмір сүру өнері» деген сөзді кім айтқан:

А) Платон

В) Аристотель

С) Цицерон

Д) Т.Гоббс

Е) Н.Макиавелли

$$$ 2

Қазақстан Республикасында қалыптасқан партиялық жүйе:

A) бірпартиялық жүйе

B) екіпартиялық жүйе

C) «екіжарымпартиялық» жүйе

D) үшпартиялық жүйе

E) көппартиялық жүйе

$$$ 3

«Саяси мәдениет» терминін бірінші рет қолданған:

А) И.Гердер

В) Д.Истон

С) И.Кант

D) Р.Голдмен

Е) Т.Парсонс

$$$ 4

Американдық политолог Т. Парсонстың пікірінше экономикада ақша қаншалықты маңызды болса, саясатта ......... соншалықты маңызды:

A) билік

B) қорқыныш

C) бостандыққа ұмтылыс

D) бағынышты болу

E) көзге түсуге ұмтылу

$$$ 5

Н.Макиавеллидің негізгі саяси көзқарастары қайсы еңбегінде баяндалған:

A) «Міндеткерлік туралы трактат»

B) «Ихйя»

C) «Заңдар»

D) «Әмірші»

E) «Мемлекет»

$$$ 6

Аристотельдің пікірі бойынша қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ететін :

А) төменгі тап

В) жоғары тап

С) орта тап

D) байлар

Е) еркін азаматтар

$$$ 7

Көшбасы – ту ұстаушы:

A) бұқараны жұмылдыратын мақсатты дұрыс анықтайды

B) өзін ұсынған топтың мүддесін қанағаттандыруға бағытталған

C) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жолдарын тиімді анықтайтын кәсіби көмекшілердің командасын жинайды

D) төтенше жағдайлар мен қауырт шешім қабылдайтын шақтарда тиімді әрекет ете алады (саяси дағдарыстар, дау-жанжалдар )

E) ұжымдық, әріптестік принциптерге бейім келеді

$$$ 8

Қазақстан Республикасында қоспалаталы парламентке сайлау алғашқы рет қай жылы өтті:

А) 1995 жылы

В) 1994 жылы

С) 1993 жылы

D) 1991 жылы

Е) 1990 жылы

$$$ 9

Либерализмнің негізін құрайтын ұстаным:

A) азаматтардың құқықтық теңдігі туралы идея

B) қоғамның барлық салаларында плюрализмнің орнығуы

C) жеке адамның еркіндігі идеясы

D) дамудағы дәстүршілдік

E) дәстүрлер мен әдет – ғұрыпқа сүйену

$$$10

Қазақстан Республикасы БҰҰ – на қашан мүше болды:

A) 1990 ж. 25 қазанда

B) 1991 ж. 16 желтоқсанда

C) 1992 ж. 2 наурызда

D) 1991 ж. 8 желтоқсанда

E) 1995 ж. 30 тамызда

$$$ 11

«Cаясат» термині қайда пайда болған:

A) Қытайда

B) Eжелгі Грекияда

C) Орталық Aзияда

D) Eжелгі Римде

E) Eгипетте

$$$ 12

«Тоталитаризм» ұғымы қашан пайда болды:

A) XVII ғасырда

B) XVIII ғасырда

C) IX ғасырда

D) XX ғасырда

E) XXI ғасырда

$$$ 13

Легитимділік дегеніміз - бұл:

A) түрлі саяси құрылымдардың жариялылығы

B) қоғамның биліктің заңдылығын мойындауы

C) жеке биліктің дәріптелуі

D) оппозициялық күштердің қарама - қарсылығы

E) билікті басып алу

$$$ 14

Құқықтық мемлекетке тән белгі:

A) мемлекеттің үстемдігі

B) партиялық және мемлекеттік биліктің бірлігі

C) биліктің жіктелуі

D) билік пен саясаттың монополиялануы

E) адам еркіндігі мен құқығының болмауы

$$$ 15

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне не енбейді:

A) саяси партия

B) президент

C) бір палаталы парламент

D) сенат

E) екі палаталы парламент

$$$ 16

Cаяси партия - бұл:

A) саяси қозғалыс

B) қысым тобы

C) билік үшін күресетін пікірлестердің ұйымдасқан тобы

D) қоғамның элитасы

E) бюрократия

$$$ 17

Бүкіләлемдік (глобальды) проблемаларға не жатпайды:

А) Соғыс өртін өшіру

В) Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық дағдарыстардан шығу

С) Мемлекет шекарасын кеңейту

Д) Қоршаған табиғи ортаны қорғау

Е) Бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қасіретті аурулармен тізе қоса күресу

$$$ 18

Сайлау құқығының демократиялық принциптеріне жатпайды:

А) нәсілдік ерекшелік

В) жалпыға бірдейлік

С) теңдік

D) сайлаудың құпиялылығы

Е) тікелей дауыс беру

$$$$ 19

Саясаттану ғылымы оқу пәні ретінде алғаш рет қайсы елде қалыптасты:

А) АҚШ - та

В) КСРО - да

С) Австрияда

D) Францияда

Е) Германияда

$$$ 20

Азаматтардың саяси мәдениеттің ережелері мен құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталады:

А) саяси үгіт

В) саяси маркетинг

С) саяси әлеуметтену

Д) саяси бейімделу

Е) саяси интеграция (кірігу)

$$$ 21

Саяси қатынастар дегеніміз:

А) саясат субъектілерінің арасындағы қатынас,

В) өндіріс саласындағы адамдар арасындағы қатынас,

С) нарыққа қатысушылар арасындағы қатынас,

D) сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынас,

Е) экономика мен мәдениет арасындағы қатынас.

$$$ 22

Кратология – не туралы ғылым:

A) билік

B) мемлекет

C) саясат

D) көшбасылық

E) партиялар

$$$ 23

Партиципаторлық саяси мәдениет қандай ерекшелігімен сипатталады:

A) мемлекеттің белсенді қызметіне бағытталған

B) саяси өмірге қатыспауға бағытталған

C) жеке адамдардың саяси өмірге белсене араласуына бағытталған

D) саяси жүйеге қарма – қарсы тұруға бағытталған

E) мемлекетпен қарама – қарсы тұруға бағытталған

$$$ 24

Қызмет барысында «билікке ықпал» ету қандай қоғамдық бірлестікке тән сипат:

A) ықпал ету топтарына

B) саяси партияларға

C) кәсіподақтарға

D) үкіметтік емес ұйымдарға

E) қоғамдық қозғалыстарға

$$$ 25

Қазақстан халқы Aссамблеясы қашан құрылған:

A) 1993 жылы

B) 1998 жылы

C) 1995 жылы

D) 2000 жылы

E) 1999 жылы

$$$ 26

«Саяси жүйе “ түсінігін саясаттануға кім енгізді:

A) М. Вебер,

B) Д. Истон,

C) Г. Алмонд,

D) С. Хантингтон,

E) Дж. Пауэлл.

$$$ 27

Қазақстан Республикасында басқарудың қандай нысаны және әкімшілік – территориялық құрылыстың қандай түрі қалыптасқан:

A) президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет

B) парламенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет

C) аралас басқару нысанындағы унитарлық мемлекет

D) президенттік басқару нысанындағы федеративтік мемлекет

E) парламенттік басқару нысанындағы федеративтік мемлекет

$$$ 28

ХХ ғасырда элиталар теориясының дамуына кімдер ықпал етті:

A) К.Маркс пен A.Токвиль

B) B.Парето мен Г.Моска

C) D.Истон мен Г.Aлмонд

D) М.Bебер мен E.Bятр

E) И.Гердер мен К.Манхейм

$$$ 29

Қай саяси идеологияда билікті бөлісу идеясы қарастырылған:

А) консерватизм идеологиясында

В) социал-демократиялық идеологияда

С) либерализм идеологиясында

D) феминизм идеологиясында

Е) марксизм идеологиясында

$$$ 30

Партиялық және сайлау жүйелерінің байланысын көрсететін заңдарды қалыптастырған:

А) М.Дюверже

В) Р.Арон

С) В.Парето

D) М.Вебер

Е) Р.Михельс

$$$ 31

Саясат дегеніміз:

А) мемлекеттің қоғамның үстінен жүргізетін билігі

В) билік пен басқаруға байланысты әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы қатынастар

С) қоғамдық ұйымдар арасындағы қатынастар

D) идеологияларды таңдау

Е) меншіктің саналуандылығы

$$$ 32

Саясат саласындағы қатынастардың ерекшелігін талдай келе М.Вебер - «Кім саясатпен айналысса, ол міндетті түрде ... » - неге ұмтылады деген:

А) билікке

B) қоғамның мәдениетін көтеруге

C) жеке адамға табынуға

D) экономикалық үстемдікке

E) қоғамда танымал болуға

$$$ 33

Aзаматтық қоғамның құрылымына не жатпайды:

A) отбасы

B) саяси партиялар

C) ғылыми, мәдени бірлестіктер

D) бұқаралық ақпарат құралдары

E) жеке кәсіпкерлік

$$$ 34

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болды:

A) 1920 ж. 6 қазанында

B) 1991 ж. 16 желтоқсанында

C) 1990 ж. 25 қазанында

D) 1993 ж. 28 қарашасында

E) 1991 ж. 25 қазанында

$$$ 35

«Қалықаралық саяси қатынастар» түсінігінің мәні неде:

А) халықтар, мемлекеттер, мемлекеттер бірлестіктерінің арасындағы саяси,экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы

В) халықтар арасындағы қатынастар

С) мемлекеттер арасындағы қатынастар

D) мемлекеттер одағы арасындағы қатынастар

Е) дипломатиялық қатынастар

$$$ 36

Бюрократия – бұл:

A) билік жүргізуші элита

B) армия, сот, прокуратура

C) саяси шешімдерді қабылдайтын айрықша әлеуметтік топ

D) қабылданған саяси шешімдерді атқару үшін тағайындалатын топ

E) қабылданған саяси шешімдерді атқару үшін халық сайлайтын әлеуметтік топ

$$$ 37

Cаяси мәдениеттің элементтеріне не жатпайды:

A) түсініктер мен наным-сенімдер

B) құндылықтар мен дәстүрлер

C) қиялдар және идеалдар

D) саяси институттар

E) ережелер мен әдет-ғұрыптар, жазылмаған заңдар

$$$ 38

Демократияның тұғырлық құндылығы - өз қатарында өзге пікірдің орын алуына мүмкіндік беру, оппозицияның ұстанымдарының дұрыстығын мойындай білу қалай аталады:

A) саяси тұрақтылық

B) саяси нақтылық

C) саяси реттеушілік

D) саяси төзімділік

E) саяси ұстаным

$$$ 39

Дәстүрлі консерватизм мен либерализмнің идеяларын үйлесімді пайдаланушы идеология – бұл:

A) неоконсерватизм

B) коммунизм

C) фашизм

D) социализм

E) радикализм

$$$ 40

Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу процессі қай кезеңнен басталады:

А) көне заманнан

В) орта ғасырдан

С) жаңа заманнан

D) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін

Е) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін

$$$ 41

Cаясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік:

A) телеологиялық

B) жүйелік

C) позитивистік

D) құрылымдық

E) инструменталистік

$$$ 42

Қазақстанда президенттік басқару институты қашан заңды түрде ресімделген:

A) 1995 жылы

B) 1991 жылы

C) 1992 жылы

D) 1993 жылы

E) 1990 жылы

$$$ 43

Eкі партиялық жүйе дегеніміз:

A) тек қана екі партияның болуы

B) сайлауда көптеген партиялардың ішінен тек қана екі партияның жеңіске жету мүмкіншілігінің болуы

C) бұл билік жүргізуші екі партияның одағы, олардың бірі – жетекші, бірі - одақтас болады

D) бұл тек қана екі партияның артықшылығының заңмен бекітілуі

E) бұл барлық партиялардың екі блокқа бірігуі

$$$ 44

«Aзаматтық қоғам және мемлекет өзалдына жеке, алайда өзара әрекеттесіп отыратын институттар. Aзаматтық қоғам отбасымен бірлесе отырып мемлекеттің негізін құрайды. Мемлекет жалпы азаматтардың жалпы еркін қамтамасыз етеді, ал азаматтық қоғам жекеленген азаматтардың ерекше және жеке мүдделерін қамтамасыз етеді» - деген сөздерді кім айтқан:

A) Ф.Гегель

B) Н.Макиавелли

C) Ш. Монтескье

D) Dж. Локк

E) Г. Aлмонд

$$$ 45

Тоталитарлық режимнің бір түрі:

А) анархизм

В) ұлттық - социализм

С) либерализм

D) модернизм

Е) консерватизм

$$$ 46

Утопиялық социализм теориясының негізін қалаушы:

А) Т.Кампанелла

B) Т.Мор

C) Ж.-Ж.Руссо

D) О.Конт

E) Т.Гоббс

$$$ 47

Жеке басқа табынудың пайда болуының алғы шарты:

A) биліктің бір адамның қолында шектен тыс шоғырлануы

B) жеке тұлғаның керемет қасиеттері

C) халықтың басым көпшілігінің патриархалдық санасы

D) жеке тұлғаның дәріптелуі

E) жеке тұлғаның жақтастарының көптігі

$$$ 48

«Лоббизм» дегеніміз не:

А) элитаның қалыптасу тәсілі

B) мүдделік топтардың билікке ықпал ету тәсілі

C) легитимді биліктің түрі

D) саяси биліктің айрықша белгісі

E) саяси идеологияның бір түрі

$$$ 49

«Мемлекет» терминін саяси ұйымдасқан қоғамға байланысты алғаш қолданған кім:

А) Т.Гоббс

B) Д.Локк

C) Н.Макиавелли

D) Ж.Боден

E) Д.Дидро

$$$ 50

Сыртқы саясаттың негізгі мақсаты:

А) сыртқы саясат субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеу

В) әлемді қайта бөлісу үшін күрес

С) экономикалық блокада

D) саяси блокада

Е) әлсіз мемлекеттердің күшті мемлекеттерге бағынуы

$$$ 51

«Саясат мемлекеттер арасында болсын, мемлекет ішіндегі топтар арасында болсын билікке қатысу немесе билікті бөлісуге ықпал етуге ұмтылуды білдіреді» деген анықтаманың авторы:

А) В.Ленин

В) М.Вебер

С) Аристотель

D) Цицерон

Е) К.Маркс

$$$ 52

«Бір қауым елді басқару үшін, тәкаппар болғаннан, адамгершілікті болған дұрыс, сондай-ақ қатал болғаннан, мейірімді болған абзал» - деген кім :

А) Н.Макиавелли

B) Аристотель

C) Платон

D) Т.Гоббс

E) В.Парето

$$$ 53

«Саяси жүйе “ түсінігін саясаттануға кім енгізді:

А) Н.Макиавелли

B) Д.Истон

C) Т.Гоббс

D)Дж.Локк

E) Е.Вятр

$$$ 54

Азаматтық қоғамның негізгі белгісі:

А) мемлекет азаматтарының бірігуі

В) дауыс беру құқығы бар азаматтардың жиынтығы

С) азаматтардың мемлекеттен тәуелсіз өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару қабілеті

D) азаматтардың аумақтық белгілері бойынша бірігуі

Е) азаматтардың кәсіби белгілері бойынша бірігуі

$$$ 55

Р.Михельстің «олигархияның темірдей заңының» мәні неде:

А) мемлекеттік биліктің аз ғана топтың қолында болуы

В) партияның билігі партиялық көпшіліктің мүдделерінен партия көшбасшыларының мүдделеріне қарай ауысуы

С) дұрыс мемлекеттердің бұрыс мемлекеттерге ауысуы

D) биліктің халықтың қолында болуы

Е) биліктің әскерилердің қолында болуы

$$$ 56

Cаяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы қандай:

A) саяси билік мемлекеттік билікті қамтиды

B) мемлекеттік билік саяси билікпен бірдей

C) мемлекеттік билік саяси билікті өзіне бағындырады

D) мемлекеттік және саяси биліктер біртұтас

E) саяси билік мемлекеттік биліктен басым тұрады

$$$ 57

Бірқатар елдердегі сайлау алды шығындарының ең жоғары шегінің бекітілуі қандай мақсаттан туындаған:

A) бюджеттің шығындарын үнемдеуден

B) үміткерлердің мүмкіншіліктерін теңестіруден

C) үміткерлердің табыстарын бақылаудан

D) үміткерлерді қарызға батырғысы келмеуден

E) үміткерлердің шығындарын шектеуден

$$$ 58

Cаяси сананың құрылымына не жатпайды:

A) саяси идеялар

B) саяси сипаттағы көзқарастар мен түсініктер

C) наным - сенімдер

D) заңдар

E) саяси теориялар

$$$ 59

Cаяси мәдениеттің функциясына не жатпайды:

A) тәрбиелеушілік

B) коммуникативтік

C) реттеушілік

D) интегративтік

E) әкімшілік

$$$ 60

Геосаясат терминінің авторы кім:

А) Р.Челлен

В) Ш.Монтескье

С) С.Хантингтон

D) З.Бжезинский

Е) И.Гердер

$$$ 61

Көне заманның авторларының қайсысы адамды «саяси мақұлық» ретінде қарастырып, ал «халық жиналысы мен сотқа қатысатындарды» азамат деп санаған:

А) Платон

B) Конфуций

C) Аристотель

D) Цицерон

E) Сенека

$$$ 62

Саясаттың пайда болуының себептерінің бірі:

А) ру-тайпа көсемдерінің билігінің күшеюі

В) қоғамның әлеуметтік - таптық жіктелуі

С) адамдардың күшті орталықтандырылған биліктің болуын қалауы

D) халық санының көбеюі

Е) территориялардың өзгеруі

$$$ 63

Қазақстан Республикасы Президентін кім сайлайды:

А) элита

В) сайлаушылар

С) парламент

D) халық

Е) қысым топтары

$$$ 64

Басқа билік түрлері үшін мәртебесі жоғары болып табылатын билік түрі:

A) әскери

B) теократиялық

C) әлеуметтік

D) экономикалық

E) саяси

$$$ 65

«Мемлекет» терминінің авторы:

А) Аристотель

В) Н.Макиавелли

С) Ш.Монтескье

D) К.Маркс

Е) М.Вебер

$$$ 66

“Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару мекемелерінде қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады” – деген анықтама қай құжатта кездеседі:

À) Қазақ КCР-нің егемендігі туралы декларациясында (1990.Х.25)

B) ҚР тәуелсіздігі туралы конституциялық заңында (1991 ж. ХІІ.12)

C) КР 1993 жылғы Конституциясында

D) ҚР 1995ж. Конституциясында

E) ҚР мемлекеттік сәйкестілігі туралы заңында (1996 ж. мамыр)

$$$ 67

Cаяси партияларды ресми түрде мойындау процедурасы қалай аталады:

A) аккредиттеу

B) ресмилендіру

C) тіркеу

D) лицензия беру

E) оптимизациялау

$$$ 68

Партиялар арасында алған дауыс пропорциясына сәйкес мандаттарды бөлетін сайлау жүйесі:

A) пропорционалды

B) мажоритарлы

C) плюралистік

D) авторитарлық

E) демократиялық

$$$ 69

Төменде көрсетілгендердің қайсысы патриархалдық мәдениетті сипаттайды:

А) ұрпақтан ұрпаққа саяси тәжірибені беріп отыру

В) саясатқа тек қана жасы үлкен адамдардың қатысуы

С) қауымдық, рулық т.б. құндылықтарға бағытталу

D) үлкендерге ізет көрсету

Е) жасы үлкендерді құрметтеу

$$$ 70

Марксизм идеологиясы қашан пайда болды:

A) XX ғасырдың ортасында

B) ХІХ ғасырдың 30- ы жылдары

C) ХІХ ғасырдың 40-ы жылдары

D) ХІХ ғасырдың 60-ы жылдары

E) XX ғасырдың басында

$$$ 71

Cаясаттануда қандай зерттеу объектілері бихевиористік бағыт үшін бастапқы болады:

A) саяси институттар

B) саяси мінез құлық

C) саяси құндылықтар

D) саяси шешімдерді қабылдау үрдісі

E) саяси партиялар

$$$ 72

«Cаясатты таңдаулылар жүзеге асырады, ал көпшілік оны сөз етуі мүмкін» - деген сөзді кім айтқан:

A) Перикл

B) Aристотель

C) Платон

D) Ф.Aквинский

E) Цицерон

$$$ 73

Көшбасы құбылысын оның соңынан ілесушілеріне қарап түсіндіретін теория қалай аталады:

A) ерекшеліктер теориясы

B) жағдайлар теориясы

C) тұлғалар теориясы

D) элиталардың алмасу теориясы

E) конституенттер теориясы

$$$ 74

Билікке жоғары сапа және тиімділік беретін:

А) күш

B) білім

С) байлық

D) харизма

Е) мәртебе

$$$ 75

Федеративтік мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз:

A) Мемлекеттің белгілері тұтас мемлекетте де, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерінде де көрініс береді

B) мемлекеттің құрамдас бөліктерінде заң шығару құқығы болмайды

C) мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық мекемелерге бағындырылған

D) мемлекеттің орталықтандырылуы әлсіз

E) билік өкілеттілігі мемлекеттің құрамдас бөліктеріне тиесілі

$$$ 76

Саяси партияның негізгі белгісін көрсетіңіз:

А) ұйымдастырушылық құрылымының болуы

В) билік үшін күрес

С) бағдарламасының болуы

D) нақты мүшелігінің болуы

Е) символикасының болуы

$$$ 77

Саяси қатысуды саяси жүйенің қызмет атқаруының маңызды факторы ретінде қарастыратын демократия тұжырымдамасы:

А) плюралистік демократия тұжырымдамасы

В) партиципаторлық демократия тұжырымдамасы

С) элитарлық демократия тұжырымдамасы

D)антикалық демократия тұжырымдамасы

Е) полиархиялық демократия тұжырымдамасы

$$$ 78

Мүдделі топтар арасынан ықпал ету топтарын бөлудің өлшеміне не жатады:

A) мүдделерді іске асыруға әсер ету

B) билікті қолға алу және пайдалану

C) жекелеген адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

D) жеке адамдарды саясатқа тарту

E) жеке адамдарды саяси партияларға тарту

$$$ 79

«Идеология» терминін алғаш қолданған:

А) Дж.Локк

В) К.Маркс

С) А.Д. де Тресси

D) Ш.Монтескье

Е) Ж. - Ж.Руссо

$$$ 80

«Рим клубы» дегеніміз не:

А) Еуропаның экономикалық қауымдастығы ұйымы

В) жаһандық проблемалар бойынша Халықаралық үкіметтік емес ұйым

С) геосаясат проблемалары бойынша Еуропа үкіметтерінің клубы

D) Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

Е) Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

$$$ 81

«Саясатты игілендірудің жолы- оның діннің ережелеріне сәйкестілігін күшейту» деген көзқарас саяси ойдың дамуының қай кезеңін сипаттайды:

А) антикалық

B) ортағасырлық

C) Жаңа кезеңді

D) қайта Өркендеу кезеңін

E) заманауи кезеңді

$$$ 82

Билік түсінігін қайсы жауап толық ашады:

A) саясат

B) идеология

C) ортақ мүддені шешу жолындағы субъектілердің өзара әрекеті

D) адамдардың іс- әрекеті мен мінез -құлқына түрлі құралдардың көмегімен ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі

E) субъектілердің өздерінің мүдделерін түсінуі

$$$ 83

Қоғамның саяси өмірінде жоғарғы орында тұрған адамдардың шағын тобы...

A) саяси элита

B) саяси диктатор

C) саяси имиджмейкер

D) саяси қайраткер

E) саяси ғалымдар

$$$ 84

Саяси жүйені қоршаған ортамен тікелей байланыста көрсеткен ғалым:

A) С. Хантингтон,

B) М. Вебер,

C) Т. Парсонс,

D) Д. Истон,

E) Г.Алмонд.

$$$ 85

Қазақстан Конституциясының қай бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазылған:

А) бірінші

В) екінші

С) үшінші

D) төртінші

Е) бесінші

$$$ 86

Унитарлық мемлекетте:

A)жоғары мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтың орталықтандырылған мекемелер жүйесі болады

B) мемлекет өзінің субъектілері мен орталықтың арасында қызметті бөлісуге негізделіп құрылады

C) орталыққа шектелген өкілеттілік беріледі

D) мемлекеттің құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыс әлсіз болады

E) мемлекеттің құрамдас бөліктері өздерінің ішкі мәселелерін шешуде елеулі еркіндікке ие болады

$$$ 87

Саясаттанудың негізгі категориясы:

A) мемлекет

B) партия

C) саяси билік

D) қоғамдық қозғалыстар

E) кәсіподақтар

$$$ 88

Демократиялық саяси режим тұсында қандай белгі болмайды:

A) билікті бөлісу принципі

B) азшылықтың көпшілікке бағынуы

C) еркін сайлаулар

D) азаматтардың құқығы мен еркіндігіне кепілдік берілуі

E) билік жүргізуші бір партияның болуы

$$$ 89

Бұқаралық саяси мәдениет қандай ерекшелігімен сипатталады:

A) саясат туралы білімнің жоқтығымен

B) саяси жүйеге ықпал етуге әрекет етуімен

C) саяси жүйеге салғырт (немқұрайлы) қарауымен

D) саясатқа деген қызығушылықтың жоқтығымен

E) саяси партиялармен әрекеттесіп қызмет ету талабымен

$$$ 90

A.Герцен, Г.Плеханов, B.Ленин – осы тұлғаларды не біріктіреді:

A) құқықтық мемлекеттің теоретиктері

B) социализмнің теоретиктері

C) Ресейдің айрықша даму жолын жақтаушылар

D) саяси ойдағы консервативтік бағыттың өкілдері

E) либерализмнің идеологтары

$$$ 91

Саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды (СҒХА):

А) 1939 жылы

В) 1949 жылы

С) 1989 жылы

D) 1945 жылы

Е) 1955 жылы

$$ 92

Кім саясатты таптар арасындағы қатынастар және экономиканың жинақталған көрінісі ретінде қарастырады:

А) Т.Гоббс

В) В.Ленин

С) М.Вебер

D) Г. Алмонд

Е) Ш. Монтескье

$$$ 93

Жеке адамның саясатқа араласуының жоғары формасы:

A) митингілерге қатысуы

B) сайлау науқандарына қатысуы

C) наразылық акциясына қатысуы

D) кәсіби саяси қызмет

E) референдумға қатысуы

$$$ 94

«Демократия толқындары» ұғымын саясаттануға енгізген кім:

А) Ф.Фукуяма

В) М.Вебер

С) Э.Гидденс

D) С.Хантингтон

Е) Р.Даль

$$$ 95

Қазақстан Конституциясының қай бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазылған:

А) бірінші

В) екінші

С) үшінші

D) төртінші

Е) бесінші

$$$ 96

Облыс әкімін:

A)Премьер – Министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды

B) үкімет тағайындайды

C) облыстық маслихат сайлайды

D)облыстық маслихаттың келісімімен Президент тағайындайды

E) Мәжілістің келісімімен Үкімет тағайындайды

$$$ 97

Сайлау құқығының демократиялық принциптеріне не жатпайды:

А) Нәсілдік ерекшелік

В) Жалпыға бірдейлік

С) Теңдік

D) Сайлаудың құпиялылығы

Е) Тікелей дауыс беру

$$$ 98

Билікті жүзеге асыруға қатысуына байланысты саяси партиялар қалай жіктеледі:

А) билік жүргізуші және оппозициялық

В) заңды және заңсыз

С) солшыл және оңшыл

Д) консервативтік және революциялық

Е) унитаристік және федералистік

$$$ 99

Лоббизм:

А) жасырын мақсаттың тактикасы

В) азшылықты көпшіліктің басқаруы

С) қысым тактикасы

D) салыстырмалы мақсаттар тактикасы

Е) заңдарды өз бетінше түсіндіру тактикасы

$$$100

С.Хантингтонның тұжырымдамасы бойынша қазіргі заманның негізгі дау-жанжалы:

А) этникалық топтардың қақтығысы

В) алпауыт мемлекеттердің арасындағы билік үшін күрес

С) идеологиялар арасындағы күрес

D) өркениеттер қақтығысы

Е) мәдениеттер қарама-қарсылығы

Ашық сұрақтар

  1. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі,құрылымы, функциялары.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

  1. Саяси партиялардың қалыптасу себептері және түрлері.

Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік, билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етгі. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламентгер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшьшықтар шиеленіседі. Осыған байланысты сая-си партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзак тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Всбср саяси партиялардьщ дамуында мынадай кезендерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы—олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметт. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезенді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы кысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кеңтараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партия-лар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.

Американың белгілі саясаттанушысы Дэе Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия — адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептеуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты — билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын камтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады. Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажетгігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;

г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмы-сының бағдарламасын жасау;

д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсатгары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметгік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Коғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялык партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталган, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]