- •1.4. Әдістемелік нұсқаулар өзіндік жұмысқа арналған мамандығы 051301 – Жалпы медицина,
- •2 Блогы «Пульмонология, нефрология»
- •Әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында талқыланып
- •«Пульмонология, нефрология» блогы, тақырыбы 4. Жд тәжірибесіндегі зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы
- •Оқу мақсаты:
- •4. Тапсырмалар:
- •5. Орындау формасы:
- •6. Орындау критерийлері (тапсырмаларды орындау талаптары).
- •5) Әдебиет тізімі.
- •1) Титульді беті (форма бойынша толтырылады);
- •5) Әдебиет тізімі.
- •Ситуациялық есептің клиникалық баға критерийлері
- •2. Берілген нозология бойынша клиникалық және биохимиялық анализдерінде орындалған сөж бағалау критерийлері
- •3. Реферат нұсқасында дайындалған сөж бағалау критерийлері
- •4. Нозология диагностикасы немесе ем алгоритмі ретінде орындалған сөж бағалау критерийлері
- •Емнің, диагностиканың немесе гемодинамиканың бағалау критерийлерінің схемасы
- •8. Әдебиеттер:
- •9. Бақылау: келесі сұрақтар бойынша студенттермен әңгімелесу:
- •Тестілеуді бағалау критериі
- •8. Әдебиет
- •9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
5. Орындау формасы:
1. Оқу амбулаторлы картасы.
2. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастан анамнез жинауды толтыру, эссе түрінде.
3. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарға диспансерлік бақылау бағытын құрастыру.
4. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарға білім бағдарламасы бойынша сабақ жоспарын құрастыру, реферат түрінде.
5. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бойынша салыстырмалы мәлеметтерді эссе, реферат, кроссворд түрінде іздеу.
Вариант 1. «Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқас» тақырыбы бойынша оқу амбулаторлы картасын құрастыру. Диагноз және емі бойынша презентация, диагностика алгоритмі және емі түрінде сұрақтар құрастыру.
Вариант 2. «Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқас» тақырыбы бойынша анамнез жинау бағытын құрастыру. Анамнез жинау бойынша сұрақтар құрастыру, оларға дұрыс эталон жауаптарын беру.
|
|
|
Вариант 3. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқасқа диспансерлік бақылау бағытын дайындау.
Вариант 4. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастардың білім бағдарлама жоспарын беру. Сабақ жоспарын құрастырыңыз, мысалы: зәр шығару жүйесі зақымдануының қандай синдромдары бар. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезінде ішкі органдардың өзгеруі. Бүйрек зақымдануындағы негізгі синдромдардың клиникалық белгілері, асқынулары; терапияның негізгі принциптері, терапияны ұстап отыру. Дұрыс тамақтанудың және дені сау өмірдің негіздері, реферат түрінде көрсету.
Вариант 5. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бойынша салыстырмалы мәлеметтерді эссе, реферат, кроссворд түрінде іздеу.
6. Орындау критерийлері (тапсырмаларды орындау талаптары).
Вариант 1.
Оқу амбулаторлы картасының құрылымы:
1) титульді беті (форма бойынша толтырылады);
2) паспорттік бөлім (ФАӘ, жасы);
3) науқастың шағымдары;
4) аурудың анамнезі (хронологиялық түрде аурудың динамикадағы ағымын, өткізілген тексерулерін және емін көрсету);
5) өмір баян анамнезі (осы ауруға қатысты мәлеметтерді көрсету);
6) науқастың физикальді мәлеметтері (тақырыбқа байланысты жүйе бойынша патологияны жазу);
7) лабораторлы-инструментальді зерттеу әдістері (диагноз қою үшін қажетті анализдерді және инструментальді зерттеу мәлеметтерін жазу);
8) әдебиет тізімі.
Оқу амбулаторлы картаны толтыру талаптары:
а) оқу амбулаторлы картаның көлемі диагноз қою үшін жеткілікті болу керек;
б) оқу амбулаторлы картасы дұрыс және қатесіз орындалуы тиіс;
в) библиографияны дұрыс жазу.
Вариант 2.
АГ бар науқастан анамнез жинау бағытының құрылымы:
1) титульдік беті (форма бойынша толтырылады);
2) кіріспе (тақырыптың өзектілігін дәлелдеу);
3) негізгі бөлім (зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастан анамнез жинау бағыты);
4) қорытынды (тақырыб бойынша жалпы қорытынды жасалынады);
5) Әдебиет тізімі.
Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарға анамнезін жинау бағытының талаптары. Бағыт болу тиіс:
1. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастардан анамнез жинау бағыты дәлелді және логикалық болу керек, қарастырылатын проблеманың барлық әр түрлі аспектілерін қарастыру керек.
2. Қорытындай келе зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастардан анамнез жинау бағыты бойынша жалпылама қорытынды жасалынады және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі (5 кем емес).
3. Басылған беттер көлемі – 6-7 .
Вариант 3.
Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарды диспансерлік бақылау бағытының структурасы.
