Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МРС-нефрология.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

М ЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ

Амбулаторлык-емханалык Кафедра амбулаторно- терапия кафедрасы поликлинической терапии

Емдеу факультеті

Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы

1.4. Әдістемелік нұсқаулар өзіндік жұмысқа арналған мамандығы 051301 – Жалпы медицина,

пәні «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»

2 Блогы «Пульмонология, нефрология»

Тақырыбы: ЖД тәжірибесіндегі зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы

Курс: 5

Семестр – IX. X

Құрастырған: асс. Ержигитова С.Т

Алматы, 2013

Әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында талқыланып

қарастырылды хаттама №______ _____________ 2013 ж.

«Бекітілген» Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор _____________________ Бижигитов Ж. Б.

  1. «Пульмонология, нефрология» блогы, тақырыбы 4. Жд тәжірибесіндегі зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы

  2. Мақсаты: жалпы дәрігер тәжірибесінде (ЖДТ) зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезінде жалпы профилактика принциптері бойынша білімін және ісін, диагностикасын, емін және динамикалық бақылауын құрастыру.

  3. Оқу мақсаты:

  • біріншілік медико-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдастыру жағдайында зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезінде халыққа медициналық көмекті көрсету үшін студенттерді принциптарға, әдістерге және негізгі емдік-диагностикалық әрекеттерге үйрету;

  • дәлелдеу медицинаға негізделген қарап тексеру тәсілдерін, диагностикалық критерийлерін бөлу, салыстырмалы диагностика жүргізу, зерттеу және емдеу бағдарламасын құрастырып білу, жас ерекшелігін ескере отырып;

  • амбулаторлы жағдайда зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезінде динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне, дәрілік-еңбектік экспертизаға, адам және жанұяның дені сау өмірінің принциптерін және әдістерін құрастыруға студенттерді үйрету;

  • өзара қарым қатынас тәсілдерін жетілдіру, дәрігермен және науқас, оның жанұя мүшелері арасындағы қарым қатынастың маңызды екенін түсіну, конфиденциальдық принциптерді сақтау;

  • денсаулық сақтау және гарантия аймағындағы құқық және міндеттері бойынша білімді құрастыру және қамтамассыздау; ҚР негізгі Кодекс ережесіне қарай «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»; денсаулық сақтау сферасында нормативті-құқықтық және заңды құжаттармен қамтамассыздау;

  • студенттер басқа адамдарды үйрету тиіс және білімін, тәсілдерін жетілдіру қажет, тұрақты түрде кітаптармен, ғылыми және нормативті құжаттармен өзі жұмыс істеу керек.

4. Тапсырмалар:

1. Оқу амбулаторлы картасын толтырумен және еңбекке жарамсыздық экспертизасын өткізумен науқасты курациялау.

2. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастан анамнез жинау.

3. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарға диспансерлік бақылау бағытын құрастыру.

4. Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарға мектептер ұйымдастыру және жүргізу.

5. БМСК ұйымдарында функциональді диагностика кабинеттерінде жұмыс істеу.

6. Амбулаторлы жағдайда зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы бар науқастарды жүргізу бойынша актуальді сұрақтар бойынша салыстырмалы мәлеметтер іздеу (дәлелді медицина принциптеріне негізделіп)