Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТАБ.СИНДРОМ (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.72 Кб
Скачать

М ЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ

Амбулаторлык-емханалык Кафедра амбулаторно- терапия кафедрасы поликлинической терапии

Емдеу факультеті

Амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы

1.4. Әдістемелік нұсқаулар

051301 – Жалпы медицина мамандығы «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша, тәжірибелік сабақтар

Блок 1 «Кардиология»

Тақырыбы: Метаболикалық синдром. ЖДТ тәжірибесіндегі қан айналым жетіспеушілігі.

Курс: 5

Семестрі: IХ, Х

Құрастырған: проф. м.ғ.д. Бижигитов Ж.Б

Алматы, 2012

Әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында талқыланып

қарастырылды хаттама №______ _____________ 2012 ж.

«Бекітілген» Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор _____________________ Бижигитов Ж. Б.

Блок «Кардиология», тақырыбы 2: Метаболикалық синдром (МС). ЖДТ тәжірибесіндегі қан айналым жетіспеушілігі.

2. Мақсаты: жалпы дәрігер тәжірибесіндегі (ЖДТ) метаболикалық синдром (МС), ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі кезінде профилактиканың жалпы принциптері бойынша білімін және ынтасын бағалау, диагностикасын, емін және динамикалық бақылауын құрастыра білу.

3. Оқудың мақсаты:

  • біріншілік медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмекті көрсету үшін студенттерді МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі кезінде негізгі принциптерге, әдістерге және негізгі емдік-диагностикалық әрекеттерге үйрету;

  • қарап тексеру тәсілдерін үйрету, диагностикалық критерийлерді бөліп шығару, салыстырмалы диагностика жүргізу, жастық ерекшеліктеріне байланысты дәлелдеу медицинаға негізделген қарап тексеру және емдеу бағдарламасын құрастыру;

  • амбулаторлы жағдайда АГ кезінде студенттерді динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне үйрету, дәрілік-еңбектік экспертиза принциптеріне және адамның, жанұяның дені сау әдістерін құрастыруды үйрену;

  • өзара қарым қатынас тәсілдерін жетілдіру, дәрігер және науқас, жан ұя мүшелері арасындағы қарым қатынас және өзара түсіністіктін маңызды екенін сезіну, конфиденциальды принциптерді сақтау;

  • денсаулық сақтау аймағындағы құқық және міндеттер білімін құрастыру және олардын кепілдігін қамтамассыздау; Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі ережесі «Халықтың денсаулығы және ден саулық сақтау жүйесі»; денсаулық сақтау сферасындағы нормативті-құқықтық және заңды құжаттар;

  • студенттер басқаларды үйрету қабілетін құрастыру керек және өздерінің білімін, тәсілдерін әрі қарай жетілдіріп, үздіксіз кітаптармен, ғылыми және нормативті құжаттармен жұмыс істеуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

эпидемиология, МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі профилактикасының негізгі принциптері;

қауіп қатер факторлардың стратификациясы, МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі жіктелуі;

ересек, жүкті, егде және қарт жастағы адамдардың МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі ағым ерекшеліктері, клиникалық көріністері;

амбулаторлы жағдайда диагностикалық іздеу алгоритмы; күндізгі стационарға госпитализациялау көрсеткіштері;

МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі кезінде қазіргі кездегі лабораторлы-инструментальды әдістер;

дәлелдеу медицинаға негізделген, ЖДТ тәжірибесіндегі МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі қазіргі кездегі емдеу принциптері;

амбулаторлы-емханалық жағдайда МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі бар науқастарды динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін жүргізу тактикасы және халықтың денсаулығын мықтылау шараларын жүргізу;

дәрілік еңбектік экспертиза, реабилитациялық бағдарламалар, санаторлы-курортты ем.

Науқастарды үйретудін негізгі принциптері.

МС, ЖДТ тәжірибесінднгі қан айналым жетіспеушілігі бар науқастармен эффективті түрде коммуникация әдістері, олардың туысқандарымен, коллегаларымен және басқа да медициналық қызметкерлерімен.