- •8. Литература
- •5. Перечень медицинских изделий и оборудования, используемых в ходе занятия для освоения клинического навыка:
- •6. Описание алгоритма выполнения клинического навыка:
- •7. Критерии оценки выполнения навыка
- •8.Әдебиет
- •1. Гаумард руководство.
- •2. Алексеев в.Н., Офтальмология, м., 2010 г.
- •3.И.Сидоренко., Офтальмология. М.: Геотар –Медиа, 2013
- •Клиникалық дағдыны орындаудың алгоритмі:
- •Дағдыны орындаудың бағалау критерийлері
8.Әдебиет
1. Гаумард руководство.
2. Алексеев в.Н., Офтальмология, м., 2010 г.
3.И.Сидоренко., Офтальмология. М.: Геотар –Медиа, 2013
ЕСКЕРТУ: бағалау критерийлері (8 бөлім) орындалу алгоритміне сәйкес, мүмкін болса хронологиялық ретпен орындалады. Әрбір критерий бекітілген тұжырым ретінде көрсетіледі, оны растауға немесе жоққа шығаруға болады. Тапсырманы орындауды бағалау кезінде оқытушы интерндерді бақылап, әрбір критерий бойынша жиналған ұпаймен бағалайды.
Дағдыны орындалғанның бағалау критерийлері:
Әріптік жүйемен бағалау |
Бағаның сандық эквиваленті |
Бағаның пайыздық құрамы |
Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А |
3,84-4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,51-3.83 |
90-94 |
|
В+ |
3,17-3.50 |
85-89 |
Жақсы |
В |
2,84-3.16 |
80-84 |
|
В- |
2,51-2.83 |
75-79 |
|
С+ |
2,17-2.50 |
70-74 |
Қанағаттарлық |
С |
1,84-2.16 |
65-69 |
|
С- |
1,51-1.83 |
60-64 |
|
D |
1,14-1.5 |
55-59 |
|
D- |
1.0-1,13 |
50-54 |
|
F |
0-0,99 |
0-49 |
Қанағаттарлықсыз |
1. ТАҚЫРЫП: «Көз түбін тексеру»
2. Мақсаты: Көз ауруларымен ауыратын науқастарға ОДА жағдайында медициналық көмек көрсетуге ЖТД дәрігер – интерндерді дайындау
3. Оқыту әдістері: кіші топтар, жұппен жұмыс жасау, презентация, видеоролик, диагностикалық мақсатпен көз түбін тексеру дағдысын көрсету.
4. Ақырғы нәтиже: сабақтың аяғында дәрігер-интерн
білу керек:
- көз түбін тексерудің негізгі көрсетпелері мен қарсы көрсетпелерін
Істей білуі тиіс:
көз түбін тексеруді
көз ауруларының диф. диагнозын анықтау
Көрсету керек:
көз түбін тексерудің техникасын
Клиникалық дағдыларды игеру кезінде қолданылатын медицина бұйымдары;
-
Медициналық бұйым немесе құралдар атауы
Мінездеме
Саны
Көзді тексеруге арналған симулятор
Көзді тексеруге арналған симулятор, сізге көздің түбін офтальмоскоппен қарау тәжірибелік дағдысын игеру үшін жасалған құрал. Комплектке қалыпты көз түбінің көрінісі және 8 түрлі клиникалық жағдай кіреді
Манекен: көз түбінің әр түрлі көріністері 10
Клиникалық дағдыны орындаудың алгоритмі:
Амандасып, тексерілушіні орындыққа отырғызамыз.
Зерттеу жүргізу үшін қажет: тіке офтальмоскоп.
Зерттеуді қараңғы бөлмеде жүргізеді. Дәрігер пациентке қарама-қарсы отырады, дәрігердің тізесі солға, пациенттің тізесі оңға ығыстырылады.
Тексеруші пациентке қарама-қарсы жақын арақашықтықта отырады, офтальмоскопты оң қолына ұстайды. Сосын, офтальмоскопты өз көзіне тақап және пациенттің тексерілетін көзіне оның жарығын бағыттап, дәрігер, көз түбінің анық көрінісін көргенше пациентке жақындайды. Пациенттің оң көзін, дәрігер оң көзімен, сол көзін - сол көзімен қарайды. Пациенттің екінші көзі ашық және дәрігердің айтқан бағытында қарап тұрады. Офтальмоскопия жүргізу кезінде офтальмоскоп пен тексерілушінің көзінің арақашықтығы 4 см-ден жоғары болмау керек. (Тексеруші мен пациенттің көздерінің арақашықтығы неғұрлым жақын болса, көз түбін анық көруге болады).
Офтальмоскоптың жарығын көзге бағыттап тексергенде: көз түбінің көрінісін, тіке түрінде көреміз (яғни, көз түбінің жоғарғы жағының көрінісі оның жоғары бөлігіне сәйкес келеді).
Офтальмоскопия әдісі көздің торлы қабатын, тамырлы қабатын және көз нервісін тексеру үшін қолданылады.
Зерттеудің нәтижесін интерпретациялау: (мысалы: Көз түбі ерекшеліксіз. Қан тамырлары кеңеймеген).
Окулистке жылына 1 рет қаралу туралы кеңес берді.
