Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмысқа әдістеме МӨҚӨТМ-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

1.4. Есептеу түсіндірілім жазбаның және графикалық бөлімнің құрылымы және мазмұны.

Төменде 5В080600-«Аграрлық техника и технология» мамандығына арналған «Мал және өсімдік өнімдерін қайта өңдейтін технологиялық машиналар (1 бөлім)» пәні бойынша студенттерге, оқу жоспарымен қарастырылған реттілікпен орындалатын курстық жұмыс құрылымы мен мазмұны берілген.

Курстық жұмысқа келесі құрылым ұсынылады:

Кіріспе

  1. Машинаның кинематикалық, технологиялық сұлбаларын және машина картасын құрау;

  2. Циклдік әрекеттегі машиналардың жұмыс мәрімдері қозғалыстарын беттестіру;

  3. Машиналардың негізгі параметрлерінің есебі

Кіріспеде, курстық жұмыстың бастапқы бет бейнесі болатындықтан, әдебиет көздеріне сараптама жүргізу арқылы еліміздегі, соның ішінде біздің аймақтағы өсімдік және астық өнімдерін қайта өңдеудің қазіргі аһуалы, проблемалары және болашақтағы жағдайы туралы жазылуы қажет, сол арқылы тақырыптың көкейкестілігі алға тартылып жазылады.

Берілген тапсырмаға сәйкес, өсімдік шаруашылығының нақты өнімін қайта өңдеу жабдығы бойынша курстық жұмыстың негізгі проблемаларын қысқаша сипаттап, олардың шешілу жолдарына тоқталу керек, сонымен қатар нақты жабдықтың жетілдірілу бағыттарын ашып жазып кетеді, қайта өңдеу технологиясының режимін жасауға және оны құрастыруға аса мән беріліп жазылады.

  1. Кинематикалық, технологиялық сұлбаларды және машина картасын дайындау

2. 1 Жалпы шарты

2.1.1. Технологиялық процесс және оның сұлбасы

Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі бола тұрып, еңбек сайманын дайындауды; бастапқы материалды қабылдауды және сақтауды; бастапқы шикізатты өңдеуді ұқсатуды; бастапқы шикізат пен дайын өнімді тасымалдауды; шикізат пен өнім сапасын техника-физикалық және химиялық бақылауды; дайын өнімді қаптамалауды және сатуды қамтиды.

2.1.2. Машина құрылымы. Заманауи машина қоректендіру құрылғысынан, жетектен (трансмиссиядан), жұмыс мәрімдері бар атқарушы механизмдер-ден, реттеу, бақылау, қорғау, блокировка және т.б. механизмдерден құралады.

Қоректендіруші құрылғы машинаға шикізатты үзіліссіз немесе кезеңмен беруге тағайындалған.

Атқарушы механизмдер жетекші звено қозғалысын (энергияны) түрлендіріп, және сол түрлендірілген күйінде жетектегі звеноға (жұмыс мәріміне) беруге тағайындалған.

    1. Макарон пресінің технологиялық сұлбасын және картасын дайындау.

2.2.1.Қысқа қырқылған шикі макарон өнімдерін преспен алудың технологиялық процесі

Технологиялық сұлба мен картаны құрастыру үшін престе жүретін технологиялық процесті түгелімен қарапайым операцияларға мүшелейміз. Мүшелегенде әрбір бөлек операцияға бір жұмыс мәрімі сәйкес келуі керек, яғни технологиялық процестің мүшеленуі машина механикасымен байланысты болуы қажет.

2.2.2.Шикі макарон өнімдерін алу технологиялық процесіндегі технологиялық және қосалқы операциялар.

Ұнелегіште тазартылған ұн (сур. 1.1.) аралық бункерге 1 беріледі, оның ішінде ворошитель 2 айналады. Бункерден барабандық дозатор арқылы берілген порциймен ұнылғалдандырғышқа түседі. Дозатор айналмалы барабаннан 4 және корпустан 5, ал ұнылғалдандырғыш корпустан 5 және ротордан 6 құралады. Ол жерде ұнның сумен бастапқы араласуы жүреді, араласу өз кезегінде плунжерлік сорап-дозатормен 7 мөлшерленеді. Алынған қоспа үш астаулы қамырилегішке беріледі. Осылайша операция жалғасады. ....

Макаронға арналған қамыр, шнектен туындайтын қысыммен қалыптаушы элемент 19 тесіктері арқылы итеріліп шығарылады.

Сур. 1. Макарон пресінің аппаратуралық сұлбасы.

Престеліп шығарылған макарон ұзындықтары бірдей мөлшермен кескіш құрылғыдағы пышақ 20 арқылы қиылады. Алынған шикі макарон өнімдері пневмотранспортпен кептірілуге беріледі.

Шикі макарон өнімдерін алу технологиялық процесінің техно-логиялық және қосалқы операциялары.

Бірінші негізгі технологиялық операция – макарон қамырын илеу:

а) ұнды мөлшерлеу: ұнды бункерде араластыру және оны дозатор барабаны қалталарына тиеу; ұнның көлемдік дозасын ұнылғал-дандырғышқа беру;

б) илеудің бірінші стадиясы: ұнылғалдандырғыш роторымен ұн сақинасын қалыптастыру және сумен бастапқы араластыру;

в) илеудің екінші стадиясы: қамыр араластырғыштың бірінші және екінші астауларында, қамырдың нобайы көлеміне суды қамырилегіш біліктермен тепе-тең тарату;

г) илеудің үшінші стадиясы: макарон қамырын шлюздік жапқыш роторымен қамырараластырғыштың үшінші астауына ығыстыру; қамырды қамырилегіш білік көмегімен қорытынды илеу; қамырды вакуумдау; қамырды шнек тубусына беру.

Сур. 2. Макарон пресінің технологиялық сұлбасы.

Екінші негізгі технологиялық операция – шикі макарон өнімін қалыптау:

а) матрица алды камерасында шнекпен қамырды тасымалдау және престеу;

б) макарон өнімін қалыптау элементінде қалыпқа келтіру;

в) шығарылған макарон ұзындықтары бірдей мөлшермен кескіш құрылғыдағы пышақ 20 арқылы қиылады.

Осы жазылған операциялар негізінде макарон пресінің технологиялық сұлбасын құраймыз.

Технологиялық карта технологиялық сұлбаның ажырамас бөлігі болып табылады.

Кесте 1

Макарон пресінің технологиялық картасы

Негізгі технологиялық операция

Бастапқы технологиялық және қосалқы операциялар

Операцияны атқаратын жұмыс органы

Жұмыс мәрімінің нөмірі

Позиция нөмірі

Сур. 5. 2.

1

2

3

4

5

Макарон қамырын илеу

1.Ұнды араластыру

Бункер

Ворошитель

1

2

I

2.Ұнды мөлшерлеу және оны ұн ылғалдандырғышқа беру

Корпус

Барабан

3

4

I

3. Қамырды илеудің бірінші стадиясы және оны бірінші астауға беру

Корпус

Ротор

5

6

II

4. Қамырды илеудің екінші стадиясы және оны шлюздік жапқышқа беру

Бірінші астау

Бірінші білік

Екінші астау

Екінші білік

8

10

9

11

III

5. Қамырды илеудің үшінші стадиясы және оны шнек тубусына беру

Корпус

Ротор

Үшінші астау

Үшінші білік

12

13

14

15

IV

Шикі макарон өнімін қалыптау

1.Қамырды тасымалдау және престеу

Тубус

Шнек

16

17

V

2.Макарон иірмелерін қалыптау

Матрица алды камерасы

Қалыптаушы элемент (матрица)

18

19

V

Кесте 1 жалғасы

1

2

3

4

5

3.Макарон иірмелерін кесу және шикі қысқа кесілген макарон өнімдерін алу

Пышақ

20

VI

Осылайша, технологиялық сұлба мен картаны құрағаннан соң, сәйкесінше операцияларды атқаратын жұмыс мәрімдерінің тікелей өзара байланысы көрінеді.

    1. Макарон пресінің құрылымдық және кинематикалық сұлбаларын дайындау.

Сур. 1. 3. Макарон пресінің кинематикалық сұлбасы: 1,2,5 – қамыр илегіш біліктер: бірінші, екінші және үшінші астаулардың; 3 –дозатор барабаны; 4 – бункер араластырғышы; 6 – шлюздік жапқыш роторы; 7 – ұнылғалдандырғыш роторы; 8 – шнек; 9 – кесу құрылғысының білігі

Кесте 2

Технологиялық сұлбалар мен карталарды, сонымен қатар құрылымдық және кинематикалық сұлбаларды дайындауға арналған бастапқы мәліметтер

Нұсқа нөмірі

Машина атауы

Өнімділігі, т/сағ.

Жұмыс мәрімдері

Айналыс жиілігі,

n, c – 1

Мотор қуаты, кВт

1

Дән тазалайтын сепаратор

А1-БЛС-100

100

Електі шанақ

6,25

1,5

2

Дәнді фракцияларға бөлуге арналған сепаратор

А1-БЦШ

50

Електі корпус

4,08

5,5

3

Дискілі триер

А9-УТ2-О-6

6

1.Дискілері бар ротор

2.Бұрандалы конвейер.

0,83

1,66

2,2

4

Дискілі триер

А9-УТ2-К-6

6

Дискілері бар ротор

0,83

3,0

5

Дән тазалайтын сепаратор

А1-БМС-6

6

1. Електі корпус 2.Шнек

5,5

1,8

1,5

0,55

6

Дән тазалайтын сепаратор

А1-БЛС-12

12

Електі шанақ

5,4

1,1

7

Тас іріктегіш

Р3-БКТ-150

14

Електі үстел

15,3

0,37

8

Қағу машинасы,

Р3-БГО-6

5

Соққыш ротор

18

5,5

9

Вертикаль қағу машинасы

Р3-БМО-6

6

Соққыш ротор

8

11

10

Соққыш машина

МБО-01

5

Ротор

16

5,5

Кесте 2 жалғасы

Нұсқа нөмірі

Машина атауы

Өнімділігі, т/сағ.

Жұмыс мәрімдері

Айналыс жиілігі,

n, c – 1

Мотор қуаты, кВт

11

Пішінбілікшелі станок ЗМ.2

100

Пішінбіліктер

6,5

11

12

Пішінбілікшелі станок ВМ-2П

40

Пішінбіліктер

16,3

7,5

13

Екшеу машинасы

ЗРШ4-4М

16

Електі шанақ

3,7

4

14

Елекпен екшеу

А1-БСО машинасы

2,2

Електі рамкалар

8

1,1

15

Ұнтарту машинасы

А1-БВГ

1,6

Соққыш ротор

16,7

5,5

16

Қауызсыздандыру станогі

2ДШС-3А

5,5

Пішін білік

8

5,5

17

Балғалы дробилка

ДДМ

5

Балғалары бар ротор

25

22