Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмысқа әдістеме МӨҚӨТМ-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

8. Санитарлық-гигиеналық талаптар

8.1. Өндірістік бақылау

Сапалы өнім шығару мақсатында өндірістің барлық сатыларында, шикізатты қабылдаудан бастап кәсіорындарда дайын өнім шығаруға дейін міндетті түрде өндірістік және технологиялық бақылау жүргізіледі.

Шығарылатын өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені, ұйымдастыру, санитарлық және негізгі шикізат пен қосалқы материалдарды бақылаудан құралады; ұйымдастыру технологиялық және өндірістік бақылау тұтастай өндірісті немесе бөлек телімдерін өнім сапасы үшін метрологиялық қамтамасыз ету карталарымен жасалады; шығарылатын өнімді сертификаттау және стандарттау бойынша шаралар сәйкесінше нормативтік құжаттамалары көрсеткіштерімен беріледі.

8.2. Шикізат пен дайын өнім сапасының сараптамасы

Шығарылатын өнімнің өндірісінің технологиялық процесінің жазылуы 2 бөлімнен тұруы қажет:

Бірінші бөлімінде кәсіпорында сапаны бақылауды ұйымдастыруды жазу қажет;

Екінші бөлімінде сапаны бақылау әдістері (органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық), сонымен бірге шикізат, дайын өнім сапасының сараптамасы, технологиялық режимдері, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, санитарлық аһуалын бақылау, шикізат нормасын бақылау жазылуы қажет.

Технохимиялық бақылауды келесі кесте түрінде көрсету сұралады

1 кесте.

Өнім сапасын бақылау сұлбасы

Көрсеткіштері

Сынама алу орны

Бақылау кезеңділігі

Нормативтік құжаттамалар

4.3. Техникалық жуу және дезинфициялау құралдары көмегімен машина тұрқаларының ішкі беттерін бөлшектемей механикаландырылған санитарлық өңдеуге арналған жуу машиналарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.

Тысқары жетегі бар айналмалы жуу бастиектері бір немесе бірнеше өстерді айналып қозғалады, ал тербелмелі жуу бастиектері – өзінің өстерінің біреуіне ғана байланысты тербелмелі қозғалыс жасайды.

Әрбір сиымдылық аппарат стационарлық жуу құрылғысымен жарақталған, автономиялы жетегі бар: электрлік (электр мотор және редуктор); пневматикалық немесе гидравликалық (пневмо- не гидроцилиндрлер сәйкесінше аппаратурасымен бірге – олар, клапандар, таратқыштар және т.б.). Тысқары жетегі бар жуу құрылғысының айналым жиілігі жеңіл реттеледі және техникалық жуу құралдарының қысымына, олардың шығынына да тәуелді емес. Осыншама артықшылықтарына қарамастан, бұл жуу бастиектері конструкциясының күрделілігі мен бағасының жоғары болуына байланысты кең қолданыс таппады.

Тысқары жетексіз қозғалмайтын жуу бастиектерін тесіктерін қалдырып дайындайды. Тысқары жетексіз тесіктері не бүріккіштері бар айналмалы жуу бастиектері, бүріккіштерден атқылайтын реактивтік су атқылауы нәтижесінде айналады. Жуу машиналарында, олардың айналуы үшін реактивтік тесіктер немесе соплолар қолданылады, ал сиымдылық аппараттың тұрқасының ішкі бетін санитарлық өңдеу үшін – белсенді соплолар немесе тесіктер және реактивтік тесіктер қолданылады. Тысқары жетегі жоқ жуу құрылғылары тысқары жетегі бар жуу құрылғыларымен салыстырғанда, конструкциясы мейлінше қарапайым, бағасы салыстырмалы төмен, сондықтан сиымдылық аппараттарын санитарлық өңдеу үшін кең көлемде қолданылады.

Тысқары жетегі жоқ қозғалмайтын жуу құрылғылары өте қарапайым, сонымен бірге шағын не болмаса орта номиналдық көлемдегі сиымдылық аппараттарында қолдануға болады.

9. Еңбек қауіпсіздігі

Сан-алуан азық-түлік өндірісінде адам өміріне қауіпсіз деп саналмайтын әртүрлі электрлік, механикалық жабдықтармен, шикізаттармен, химикаттармен, реактивтермен, биологиялық препараттармен жұмыс істеуге тура келеді.

Сондықтан, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын білу және дұрыс қолдану басты рөл атқарады.

Бұл тарауда, бастапқыда кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша атқарылатын шаралардың тізімдемесін келтіріп, содан соң жазып шығу керек:

1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жалпы талаптарының нормасы;

2. Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары;

3. Жұмыс уақытындағы қауіпсіздік талаптары;

4. Апаттық жағдайдағы қауіпсіздік талаптары;

5. Жұмыс біткендегі қауіпсіздік талаптары.