- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
- •1.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •1.3. Курстық жұмысты орындау бойынша жалпы ережелер
- •1.4. Есептеу түсіндірілім жазбаның және графикалық бөлімнің құрылымы және мазмұны.
- •Кинематикалық, технологиялық сұлбаларды және машина картасын дайындау
- •Сусымалы өнімдерді көлемдік мөлшерлеуге арналған машиналардың негізгі параметрлерінің есебі
- •Табақшалы дозатор есебі
- •Сусымалы өнімдерді араластыруға арналған машиналардың негізгі параметрлерін анықтау
- •Шнектік араластырғыштар есебінің нұсқасы
- •Илеуге икемді өнімдер престерінің шнектерін есептеу және конструкциялау
- •6.Сусымалы өнімдерді бөлуге арналған машиналардың негізгі параметрлерін анықтау
- •6.2.2. Пирамидалдық бурат есебі
- •6.2.3. Електері қозғалмайтын екшеу машиналарының есебі
- •Ауа сепараторларының негізгі параметрлерін анықтау
- •8. Санитарлық-гигиеналық талаптар
- •8.1. Өндірістік бақылау
- •8.2. Шикізат пен дайын өнім сапасының сараптамасы
- •10. Курстық жұмысты қорғау
- •5В080600 - «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша
- •Студенттің курстық жұмысы бойынша
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе |
1 |
1 |
Жалпы бөлімі |
4 |
1.1 |
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері |
4 |
1.2 |
Курстық жұмыстардың тақырыптары |
4 |
1.3 |
Курстық жұмыстарды орындау бойынша жалпы ережелер |
5 |
1.4 |
Есептік түсіндірілім жазба мен графикалық бөлімнің құрылымы және мазмұны |
7 |
1.4.1. |
Есептік түсіндірілім жазба мен графикалық бөлімнің мазмұны |
7 |
2 |
Кинематикалық, технологиялық сұлбаларды және машина картасын дайындау |
8 |
2.1. |
Жалпы шарты |
8 |
2.1.1 |
Технологиялық процесс және оның сұлбасы |
8 |
2.1.2 |
Машина құрылымы |
9 |
2.2 |
Макарон пресінің технологиялық сұлбасын және картасын дайындау |
9 |
2.2.1 |
Қысқа қырқылған шикі макарон өнімдерін преспен алудың технологиялық процесі |
9 |
2.2.2 |
Шикі макарон өнімдерін алу технологиялық процесіндегі технологиялық және қосалқы операциялар |
10 |
2.3. |
Макарон пресінің құрылымдық және кинематикалық сұлбаларын дайындау |
12 |
3. |
Сусымалы өнімдерді көлемдік мөлшерлеуге арналған машиналардың негізгі параметрлерінің есебі |
15 |
3.1. |
Жалпы шарты |
15 |
3.2. |
Тапсырмалар және олардың орындалуы |
19 |
3.2.1. |
Барабан типіндегі көлемдік дозатор есебі |
19 |
3.2.2. |
Табақшалы дозатор есебі |
28 |
4. |
Сусымалы өнімдерді араластыруға арналған машиналардың негізгі параметрлерін анықтау |
37 |
4.1. |
Жалпы шарты |
37 |
4.1.1. |
Шнектік араластырғыштар есебі |
41 |
4.2. |
Тапсырмалар және олардың орындалуы |
44 |
4.2.1. |
Барабандық араластырғыштар есебі |
44 |
4.2.2. |
Шнектік араластырғыштар есебінің нұсқасы |
52 |
5 |
Иілуге икемді өнімдер престерінің шнектерін есептеу және конструкциялау |
61 |
5.1. |
Жалпы шарты |
61 |
5.2. |
Тапсырмалар және олардың орындалуы. Пресс шнектерінің есебінің нұсқасы
|
67 |
6. |
Сусымалы өнімдерді бөлуге арналған машиналардың негізгі параметрлерін анықтау |
74 |
6.1. |
Жалпы шарты |
74 |
6.1.1 |
Жазық електері ілгерілемелі-кейінді қозғалыстағы машиналар |
74 |
6.1.2. |
Електері айналмалы машиналар |
78 |
6.1.3. |
Електері қозғалмайтын екшеу машиналары |
80 |
6.2. |
Тапсырмалар және олардың орындалуы |
83 |
6.2.1. |
Ілгерілемелі-кейінді қозғалатын жазық електері бар сепаратор есебінің нұсқасы |
83 |
6.2.2. |
Пирамидалдық бурат есебі |
90 |
6.2.3. |
Електері қозғалмайтын екшеу машиналарының есебі |
96 |
7 |
Ауа сепараторларының негізгі параметрлерін анықтау |
107 |
7.1. |
Жалпы шарты |
107 |
7.2. |
Тапсырмалар және олардың орындалуы. Ауа сепараторының параметрлерін анықтау есебі |
112 |
8 |
Санитарлық-гигиеналық талаптар |
117 |
8.1. |
Өндірістік бақылау |
117 |
8.2. |
Шикізат пен дайын өнім сапасының сараптамасы |
117 |
9 |
Еңбек қауіпсіздігі |
118 |
10 |
Курстық жұмысты қорғау |
119 |
|
Ұсынылған әдебиеттер тізімі |
119 |
|
Қосымшалардың жазылуы |
120 |
|
Қорытынды |
120 |
|
Қосымшалар |
121 |
Кіріспе
Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Ортақ мақсат, ортақ көзқарас, ортақ болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай кемелденген 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ауыл шаруашылығын өркендетудің ұзақ мерзімді басым бағыттары да келтірілген – олар: еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және ұқсату агроөнеркәсіп кешенін инновациялық жолға қою.
Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыру үшін аграрлық секторда жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын тұрғызудың болашағы бар екендігін, олар негізінен, бизнестің орта және шағын формаларынан бастау алатындығын Президент басып айтты.
Тек ең озық мемлекеттер ғана өз елінде бөгде елдерден азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Оған қоса, өзінің ауылшаруашылық өнімдерін тұрақты түрде өз тұтынуынан артық ұлғайтып келеді. Өз елінің тұтынуынан асып түскен азық-түлікті экспортқа шығарады, себебі көптеген мемлекеттер азық-түлікке мұқтаж.
Әртүрлі елдердің импорт пен экспорт бойынша статистикалық материалдарынан көргеніміздей, олардың ішінде жабдық, шикізат және т.б. секілді жалпы тауарлардың импорты құрылымында азық-түлік импорты ерекше орын алады. Азық-түлік біртіндеп қару іспеттес болып келеді – өнім өткізу нарығында, басқа елдерге әсер ету саласы, соның ішінде бірінші кезекте энергия ресурстары бойынша.
Әртүрлі мәлімет көздері бойынша кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігінің табалдырығы әртүрлі болып бағаланады. Солардың кейбір мәліметтері бойынша жалпы өз елінде өндірілетін азық-түліктің 15-20% импорт құраса, тағы басқа мәліметтер бойынша 25-30% құраса, мемлекет орташа есеппен 75-85% өз азық-түлігімен қамтамасыз ететін болса, онда ол тәуелсіз болып саналады. Егер де азық-түлік импорты жалпы тұтынылатын азық-түлік көлемінің 50-70% құраса, ондай мемлекет әртүрлі дәрежеде тыс мемлекетке тәуелді болып саналады, импорт тасымалдаушыларға тәуелді, және сыртқы және ішкі саясаты тыстан бақылауда болады. Осындай аһуалда ұзақ уақыт болған ел өзінің тәуелсіздігін толық жоғалтуы ықтимал.
Азық-түлікті ірі көлемде экспорттаушылар болып АҚШ, Германия, Франция, Великобритания, Испания, Бразилия, Австралия және т.б. саналады. Сонымен бірге аталмыш мемлекеттер сұранысы аса жоғары азық-түлікті экспорттайды – дән, ұн, ет, сүт, өсімдік өнімдері, жарма дақылдары, май және т.б. АҚШ әртүрлі елдерге өз азық-түлігін, әскери техника импорты құнымен салыстырмалы алғанда 1,15-1,2 есе жоғары көлемде шығарады.
Осы келтірілген жалпы дүние жүзінде болып жатырған 21 ғасыр ерекшелігі Қазақстан Республикасында да ескерілуі қажет. Сондықтан, Ел басы жолдауында келтірілгендей, біздің еліміздің аса қажетті міндеті болып азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету табылады. Ол үшін өндірісті ғана емес, сонымен бірге өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді де жеделдетуіміз қажет болып саналады.
Өсімдік өнімдерін қайта өңдеу және тағам өндірісінің технологиялық жабдықтарының есептері бойынша оқу әдістемелік құралы 5В080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, «Мал және өсімдік өнімдерін қайта өңдейтін технологиялық машиналар (1 бөлім)» пәнін оқу кезінде курстық және дипломдық жобалау жұмыстарын орындағанда, мамандандырылу бағыты бойынша қолданылады.
«Мал және өсімдік өнімдерін қайта өңдейтін технологиялық машиналар (1 бөлім)» пәні техникалық пәндердің ішіндегі мамандықты қорытындылайтын пәндердің бірі болып табылады. Аталмыш пән болашақ инженер-механиктерді қайта өңдеу саласындағы жабдықтармен, оның құрылысымен, есептеудің және жобалаудың негізгі әдістерімен таныстырады.
Бұл оқу құралы келешек өндірістік жұмыста студенттерге қажет болып саналатын білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік береді, яғни келесі есептеу түрлерін орындау қажеттігі туындайды: жабдықты таңдау (соның ішінде бірлік саны), тексеріс есептері (өнімділігі, режим), электр мотор қуатын іріктеу және т.б.
Оқу құралындағы тапсырмалар әрбір тақырыптар бойынша топтастырылған, соның арқасында тапсырмаларды таңдағанда жақсы бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар, қолданыстағы бағдарламаға толығымен сай келетін пәннің барлық негізгі тарауларын қамтиды және практикалық сабақтарды жалпы түрде талқылауға, не болмаса үй тапсырмасы ретінде шешімін табуға тағайындалған.
Берілген есептердің шешімін табуға қажетті сілтеме болып оқулықтардағы жазылған теориялық материалды, студенттердің бастапқы игеруі табылады. Әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың әрбір тарауының толық сипаттамасымен қатар, кең көлемде анықтамалық материалы келтірілген. Әрбір тараудың басында орналастырылған есептік формулалар мен анықтамалық материал, оқулық материалына қосымша қызметін ғана атқарады және ішінара сұрақтарды ғана ашып көрсетеді.
Жабдықтардың бөлек түрлері конструкцияларының сан-алуандығына байланысты тапсырмалардың тақырыптары қайта өңдеу саласындағы типтік машиналармен және аппараттармен ғана шектеледі.
Көптеген есептердің қолданбалы сипаты белгілі бір дәрежеде студенттердің, олардың шешімін табуға деген қызығушылығын арттыруы қажет, себебі өндіріс қызметкерлеріне осыған ұқсас сұрақтардың шешімін табуға тура келіп жатады.
Есептердің шешімін табу барысында, олардың сандың нәтижесімен есептелуімен ғана шектелуге болмайды. Барлық есептер СИ бірліктерімен орындалуы қажет. Сонымен қатар олардың қабылданған әріппен белгіленуін назарда ұстаған дұрыс болып табылады.
Есептердің шешімін табуға алынған формулаларды қолдану барысында, ол формула алынған сәйкесінше нөміріне немесе әдебиет көздеріне сілтеме жазылуы қажет, егер олар жалпыға белгісіз болса, ал оларда келтірілген белгілеулер аталып жазылуы қажет. Егер сандық мәндері анықтамалық мәліметтерден алынса, онда оларға да сілтеме жасалуы қажет.
Нақтыланған жұмыс параметрлері, сол секілді қажет болатын қосымша мәліметтерді оқытушы, сабақ барысында береді не болмаса тапсырма берілгенде бірге беріледі. Басқалай қалған барлық жағдайларда аталмыш мәліметтер әдебиет көздерінен алынуы қажет.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында сұлбаларды (принциптік, есептік және т.б.) құрауға аса мән берілуі қажет. Тәжірибе көрсеткендей, студенттерге сауатты сұлбаларды құрау белгілі бір қиындықтар туғызады, кей жағдайларда машинаның не аппараттың жалпы көрінісінің сызбасынан да қиын болуы ықтимал.
Курстық жұмыс тапсырмаларын орындағанда әртүрлі нұсқаларды талдау және міндеттерді қою арқылы шығару және ең оңтайлы нәтижелерін таңдау мейлінше тиімді.
Тапсырма шешімін қорытындымен аяқтау арқылы алынған нәтижені негіздеу және сараптау қажет болып табылады.
Жетек қуатының есебін стандарттық электр моторды таңдаумен аяқтайды.
1. Жалпы бөлім
1.1 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті
Курстық жұмыс студенттердің «Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық процестерін жобалау негіздері (2 бөлім)», «Мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы мен жабдықтары», «Мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу машиналарының теориясы мен есебі» пәндерінен алған білімдерін ары қарай тереңдетуді және бекітуді мақсат етіп қояды. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша технологиялар мен жабдықтар бағытында отандық және шетелдік ғылым мен техника саласынан біліммен қаруланған студенттер алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдағы мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Курстық жұмысты орындау барысында студенттер алдында келесі нақты міндеттер қойылады:
Студенттерді ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Өсімдік және астық өнімдерін қайта өңдеу саласында қолданыстағы машиналарды жергілікті жағдайға лайықтап жобалау әдістерін игеру;
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологияларын оқып игеру және алған білімін практикалық мақсаттарды шешуге пайдалануды үйрену;
Шикізат, материалдардың шығынын азайтуға бағытталған және дайын өнім шығымын арттыру жолдарын есептеу әдістерін білу;
Машина тораптарын, механизмдерін және сиымдылықтарын есептеу және жобалау әдістерін игеру;
Машина жетегінің қуатын анықтап, қажетті электр моторларын стандарттық тәсілмен таңдау
1.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары
Курстық жұмыс тақырыптары кафедрамен жасалады және Батыс аймағының ерекшелігіне сәйкес саланы қамтиды, соның бірі біздің обылыс бойынша техникалық прогресс талаптарына, ғылым мен техника жетістіктеріне, соның ішінде өндірістік процестерді ұйымдастыруға, өндіріс қуатына және шығарылатын өнім ассортиментіне байланысты жасалады. Курстық жұмыс тақырыптары «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы және жабдықтары» курсының мазмұнымен үйлесімді қайталанатындықтан мамандықты кәсіби тұрғыда дайындаудың ажырамас бөлігі болып саналады.
Курстық жұмыс тақырыбын студент өз бетінше таңдап, өздігінен оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық материалдарды және мерзімдік басылымдар (жорнал, шолу ақпараттарды, сонымен бірге нормативтік құжаттамаларды) мен ғаламторды пайдалана отырып, жобалайды.
Курстық жұмыс тақырыптарының кафедра ұсынып отырған тізімдемесі:
Дән тазалайтын сепаратор А1-БЛС-100;
Дәнді фракцияларға бөлуге арналған сепаратор А1-БЦШ;
А9-УТ2-О-6 дискілі триер;
Дән тазалайтын сепаратор А1-БМС-6;
Дән тазалайтын сепаратор А1-БЛС-12;
А9-УТ2-К-6 дискілі триер;
Тастарды іріктеуге арналған Р3-БКТ-150;
Қағу машинасы Р3-БГО-6;
Р3-БМО-6 вертикаль қағу машинасы;
Соққыш машина МБО-01;
ЗМ.2 пішінбілікшелі станок;
ВМ-2П пішінбілікшелі станок;
ЗРШ4-4М екшегіш машина;
Електік екшегіш машина А1-БСО;
А1-БВГ ұн тарту машинасы;
2ДШС-3А қауызсыздандыру машинасы;
Балғалы дробилка ДДМ.
Курстық жұмыс тақырыптары кафедрамен анықталады және техникалық прогресс, ғылым мен техника саласындағы жетістіктерге сәйкес салалық ерекшеліктерді қамтиды, соның ішінде өндірістік процестерді ұйымдастыру, өндірістің қуаттылығын, зауытта немесе цехта шығарылатын өнімнің ассортиментін.
Курстық жұмыстың негізгі бағыттары болып келесі бағыттар қызмет атқарады:
Студент жетекшісінен қосымша жеке тапсырманы (1 Қосымшаны қара) және титулдық парағын (1 Қосымшаны қара) алады. Тапсырмада цехтың немесе кәсіпорынның өндірістік қуаты, дайын өнім ассортименті және жобалауға арналған бастапқы мәліметтер келтіріледі.
Студент тапсырманы орындауды, әдебиеттерді және ғылыми мерзімдік басылымдарды жинап, оларға қысқаша шолу жасап, жазылған мәліметтерге қысқа критикалық сараптау жүргізіп, содан соң оларды курстық жұмыс тақырыбы бойынша реферат күйінде жазуы қажет.
