- •Мазмұны
- •1 Технология сабағында ұлттық мәдениетке тәрбиелеу теориялық
- •1.1 «Ұлттық» және «мәдениет» ұғымдардың негіздері
- •1.2 Технология сабағында ұлттық мәденитеттің орны
- •1.3Оқушыларды ұлттық мәдениетке тәрбиелеудің құралы -қазақтың тағамы
- •2 Қазақтың тағамын жасау технолгиясы
- •2.1 Қазақ халық тағамдарының түрлері
- •2.2 Қоспа жасау технологиясы
- •Сары ірімшіктен әзірленген қоспадан дәм татыңыздар! (байқау)
- •3. « Жеңіл киім бұйымдар түйіндерінің және негізгі жеке бөліктердің өңделуі» бөлімі бойынша 10-сыныптағытехнология сабақтарының ұйымдастырылуы
- •3.1 «Жеңіл киім бұйымдар түйіндерінің және негізгі жеке бөліктердің өңделуі» бөлімінің тақырыптық жоспары
1 Технология сабағында ұлттық мәдениетке тәрбиелеу теориялық
негіздері
1.1 «Ұлттық» және «мәдениет» ұғымдардың негіздері
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт» және «этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Бұл орайда, ұлт туралы О. Бауер: «ұлт – тағдыр ортақтығы байланыстырған ортақ сипатты адамдардың бүкіл жиынтығы. Осы тағдыр ортақтығы негізінде пайда болған белгі ұлттық мәдениет ортақтығын интернационалдық ортақтықтардан : кәсіби, таптық, мемлекетті құрайтын халықтық – бір сөзбен айтқанда, түп негізін бір тектілік құрайтын осындай барлық ортақтықтардан бөліп тұрады… Ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таң¬басы, одан басқа ештеңе де емес», – деп айтады . Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1206 © e-history.kz
Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [1].
Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс¬ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп» [2]. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек. Әрине, жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу» [3, 5-б.].
Оған қарсы тұру үшін ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу керектігін басып айтуға болады. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз[2]. Белгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері М. Шахановтың «Компьютер басты жарты адамдар» поэмасынан қазіргі заманның хал-жағдайын көруімізге болады. Ұлттық рухы, ұлттық ар-намысы, ұлттық сана-сезімі жоқ қазақтарды ақынның «компьютер басты жарты адамдарға» теңеуі бекер емес. Жүрегінде ұлттық сезімі жоқ, «мен – қазақпын» деуге, өзінің ана тілінде сөйлеуге, ата салтын құрметтеуге намыстанатын азаматты нағыз адам немесе Абай айтқандай, «толық адам» деуге бола ма? Оның жансыз компьютерден айырмасы қайсы? Компьютер – ғылым мен техниканың өлшеусіз қуатының арқасында ғана миллиондаған ақпаратты «есінде сақтайтын», мыңдаған операцияларды жаңылыспай жүзеге асыратын «құлтемір». Компьютерде ұлттық, нәсілдік ерекшелік, сезім де, рух та болмайды. Ол – тек адамның басқаруымен жұмыс істейтін техника ғана. Бүгінгі замандастарымыз ұлтын, Отанын, елін, жерін, тарихын, тілін, ділін, дінін, ата салтын мансұқ еткен мәңгүрт ұрпаққа айналып кетпесе деген ақынның жанайқайы, өз ұлтының тағдырына деген жанашырлығының айғағы емес пе? [4]. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр.
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. 1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды.
Оқу құралындағы қазақ халқының даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмұнды түрлі жанрларын пайдалануға ұсынылуы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кезде әліппе жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз. А. Байтұрсынов өзінің “Бастауыш мектеп” деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәндерді “оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек” екендігін нақтылап көрсетеді. Сол мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: “... Қазақ балаларын ана тілінде, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек” деп кесіп айтты. Сондай - ақ, мақаласында ол туған халқының ғылым - білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, - деп жазды ол.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу бағдарламасына өзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн.
1. Ұлттық педагогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру.
2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана - сезім тұрғысынан жастарды тәрбиелеу.
Ұлттық білім берудің өзі - ұлттық қауіпсіздік пен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Ал ұлттық білім берудің құндылығы толығымен әлеуметтік дамумен, оның түбегейлі өзгеруімен анықталған.
Оны пайдалану жүйелері төмендегідей болуы тиіс. Ұлттық мектепте ғана ұлттық білім жүйесі жүзеге асырылады. Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды, ал ұлттық дүниетаным - ұлттық болмыс көрінісінің жүйесі. Оқушыларға қазақ еліндегі тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрді оқыта отырып, бойларына сіңіріп, ой - өрісінің жан - жақты болуына үлес қосуымыз керек. Сондықтан шығармашылық ізденіс үстінде жүріп, «Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары» атты баяндама жазу үшін мынадай жоспар жасадым.
1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой - пікірлерін оқу, танысу.
3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.
4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім 45минуттық сабағында оқушыларға ұлттық тәрбиені тақырыпқа сәйкес тиімді пайдалана алу керек деп ойлаймын. Бала қиялы ғажап! Баланы қызықтыра білсең қызыға біледі. Барлығы дерлік өлең шығара алмас, әңгіме жазуға құмартпас. Бірақ әр бала әр нәрсеге қызығады, әр нәрсеге икемді болады. Сондықтан оның қай іске бейім екенін танып алып та жекелеме жұмыстар беру арқылы дамытуға болады. Мысалы, біреу сурет салғанды жаны сүйеді, оған осы сурет салу туралы әңгіме, не өлең жазуға тапсырма беруге болады. Сосын осы сала бойынша жұмбақ, мақал - мәтел жинақта деп тапсырма берсе тіптен жақсы.
Оқушылардың ойлау дәрежесіне қарай, біліміне қарай оларға берілетін тапсырмаларды деңгей бойынша бөліп те беруге болады. Ұлттық әдет - ғұрыптар туралы мәліметтерді оқушылардың өздеріне жинауға да тапсырма беріп, әр элементін ойын түрінде сабақта қолданып отырса, оқушы үшін де қызғылықты болады.
Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Сондықтан кез - келген қызметті қазіргі заман талабына сай етіп білім беру қажет. Ол - заман талабы. Білім беру жүйесін жобалау және іске қосудағы негізгі мәселелердің бірі - технологияландыру және стандарттау. Мұны тұтас бір үрдіс түрінде қарастыруға, талдауға, жобалауға болмайды. Мәселен, мына төмендегі 5 бағытты жеке - жеке алуға болады.
1. Білім беру дегеніміз - мәдениеттің негіздерін және тұғырын оның уақытша жағдайына бейімдей қалау және ұрпақтың іс - әрекеті.
2. Мамандарды дамушы және жаңадан өндіру технологияларын оқып үйрену негізінде даярлау
3. Оқу қызметінің технологиясы.
4. Тәрбие - елдің мәдени ерекшелігін, оның аймақтық өзгешелігін, шаруашылық құрылыс, үдемелі өзгеріс және экологиялар, ұлттық дәстүрлерді сақтау қызметі.
5. Сауаттылық - қоғамның барлық табында кәсібилікті қамтамасыз ету қызметі.
Осы қызметтерді басқарып ұйымдастыруды мақсат етіп, ұлттық білім үрдісін қалыптастыру негіздерін қалауға тиіспіз. Бір қуаныштысы сол, ұлтымыздың білім алуы жолында жан - жақты жағдайлар қарастырылып жатыр. Оған дәлел мектептерді заман талабына сай техникалық құралдармен қамтамасыз ету жағдайы, сыныптарды компьютерлендіру, интернет жүйесіне ену, т. б. үкімет тарапынан қарастырылған. Олай деуге және бір негіз: білім жүйесі және оқулықтар қоры қазақ этнопедагогикасының негізі халықтық педагогикамен байланыстырыла құрылған. Тәрбие саласында «Атамекен»,«Атакәсіп»т. б. бөлімдері негізінде мектеп оқу - тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін, ең алдымен, мектептің оқу - техникалық базасын нығайту керек және онда ойдағыдай білім алу үшін дұрыс жағдайлар жасалуы шарт. Қазақтың өзіндік ұлттық болмысына тән бағдарламалар жасау қажеттілігі әлдеқашан туған. Мектепте оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін ұлттық тәрбие беру арқылы дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
5. Мұғалім алдына қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын жұмыстардың нәтижелілігі.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, ұлтжанды, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылығы басым болады. Ондай істер баланың ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Ертеректе балалар ұлттық ойындар ойнағанды ұнататын. Мыс: асық ойнау, жамбы ату, алтыбақан т. б. Қазіргі балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары төмен. Олар қазіргі компьютерлендірілген заманның талабы болар атысу, жарысу, машина жүргізу, дәлдікке ату, секілді ойындарды ойнағанды ұнатады.
Ұлтжанды, шығармашыл оқушы тәрбиелеудің негізгі талаптары:
1. Шығармашылық қабілетті дамыту:
а) Қиял шығармашылықты дамыту;
ә) Шығармашылықпен ойлауды дамыту;
б) Шығармашылық белсенділікті дамыту;
2. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін атқарылатын жұмыс барысындағы ата - аналарға берілетін кеңес түрлері:
а) Балалар шығармашылығында неғұрлым өз бетінше жұмыс істеуді қамтамсыз ету;
ә) Асығыс қорытынды жасамау, тиянақтылық пен бақылауды анықтау;
б) Балалар бастамасына тежеу қоймау, қажетті көмек көрсету;
б) Балалардың алдына қойған мақсатына жете білуге әрекет ету
3. Шығармашылық ойындар:
Бұл ойын түрлерін жүргізу нәтижесінде оқушы өзін - өзі танытуға деген құлшынысын шыңдай түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, пәнге деген қызығушылықтары артады. Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндейтін болсам, қызығушылық пен белсенділік үнемі артып отыру арқылы қабілеттің көптеген қырларын қалыптастыруға болатындығы айқын көрінеді. Мысалы ашық сабақтарымда ұлттық ойын түрлерін көрсету арқылы оқушының өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттырамын. Наурыз айында өткізілген «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» атты мектепішілік ашық тәрбие сағаттары сайысында І-ші орынды иеленуіміз сол ұлттық тәрбие берудегі еңбегімнің белестері деп білемін. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік шаралар арқылы да қалыптастырудамын.
Әр ұстаз оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетеріміз сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ахмет Байтұрсынов «Шығармалары», 1989жыл, Алматы 2.«Бастауыш мектеп» №5 - 6, 2007жыл, Алматы 3. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» 1992жыл, Алматы 4.«Қазақстан мектебі» №3, 2007жыл, Алматы 5.«Бастауыш класс оқушыларының ой өрісін дамытудың кейбір тиімді әдістері» 1994жыл, Ақтөбе қаласы 6. Берікұлы Ниетжан «Педагогика» Ақтөбе - 2004 жыл 7.«Тәрбие құралы» №1, 2006, жыл, Алматы
13:00 Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.
Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ғылыми - педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс–тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты- қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің [3], Ж.Баласағұнидің [4], М.Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.
Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ш.М.Мұхтарова, С.Қ.Абильдина, Ж.М.Акпаров, т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуын, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған Д.С.Ешмұратованың] зерттеулерін атап өтуге болады.
Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.
Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары, салиқалы көзқарастары, білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен.
Алға қойылған мiндеттердiтүбегейлi шешу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (айқындау, қалыптастыру, бақылау) жүргiзiлдi. Оқушылардың ұлттық тәрбие беру оқу процесінде және сыныптан тыс уақытта тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті. Ол арнайы жасалған эксперимент жоспары бойынша жүргізіліп, тәжірибелік жұмыс 2013-2014 оқу жылында 2-ші сыныпта өткізілді. Осы мектептің тәжірибелік-экспериментке қатысқан сыныптардың біреуі - эксперименттік, біреуі бақылау сыныбы деп аталды
Айқындау экспериментiніңнегiзгi мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды.
Эксперименттік сыныптармен бақылау сыныптарының негізгі ерекшеліктері, бақылау сыныптарындағы оқушылардың оқыту әдіс-тәсілдері бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша, мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылды. Ал эксперименттік сыныптарға ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді.
Ұйымдастырылған тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстары барысында сабақтарды өткізу нәтижесінде эксперименттік және бақылау сыныптары оқушылары деңгейін салыстырғанда, олардың білімдері бір-бірінен біршама айырмашылықтары бар екендігіне көзіміз жетті.
Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты халық педагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бағдарламасынсынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды.
Тәжірибелік –эксперименттік жұмыс барысында біз бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын әзірледік. Оны сайдтан көре аласыздар.(мына кесте слайдта болады)
Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді.
Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы да биік мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде интеллектуалдық тапшылықты” “дефициті” қай кездегіден де жоғары.
Осы орайда мынадай бір сауалға жауап беру маңызды деп есептеймін. Елдік сананы қалыптастыру үшін неге ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қоямыз? Біздің ойымызша, ұлттық тәрбие өзара тығыз байланысты екі бастаудан нәр алуға тиіс. Оның біріншісі, қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат, ізет, бақыт туралы арман-аңсар. Таратып айтсақ, осындай арман-аңсардың мәдениет пен өнерде, салт-дәстүрде, тіл мен ділде, діни сенім-нанымда түрліше көріністері болуы керек. Екіншісі, бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық ахуал. Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан әрі өрбітер болсақ, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенім-нанымы мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен сараланып өткен рухани құндылықтарға басымдық сипат берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мәселенің де оң шешімін табатын жолмен ілгері басуына кепіл бола алар еді.
Әрине, бүгінгі қоғамдық-психологиялық ахуал дегенде осы бағыттағы әлемдік тәжірибелердің озық үлгілері мен жетістіктері де назардан тыс қалмауға тиіс. Түсінген кісіге қазіргі заман көзімен қарасақ, қоғам түбегейлі өзгерген. Жастардың психологиясы, таным түйсігі мүлдем басқаша. Бүгінгі қоғамдық қатынастар өкшебасар ұрпақты бәрібір өз дегеніне көндіруде. Тіпті ұлттың құрамы да ала-құла. Ұлттың (отбасының) құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Осыған байланысты бүгінгі қазақ отбасының ұлттық тәрбиесі күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Мұндай өзгерістерге біз әрқашан дайын болуымыз керек. Ол үшін білім арқылы тәрбиелеудің әлемдік озық үлгілеріне арқа сүйегеннен ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Сонда ғана біз бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге қол жеткізе аламыз. Халықаралық деңгейдегі білімнің басты ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау болса, оның алғы шарты білім арқылы тәрбие берудің ішкі механизмін қалыптастыратын жүйе құру деген сөз. Мұны дүниежүзілік тәлім-тәрбие берудің озық тәжірибелерін игермей ұлттық тәрбие идеясын толыққанды жүзеге асыра алмаймыз. Бүгінгі тарихи-психологиялық ахуал бізден осыны талап етіп отыр. Онсыз білім де, тәрбие де өз деңгейінде болмайды. Шын мәнінде тәуелсіздік дегеніміздің өзі ұлттық мәдениеттің сақталуы және халыққа рухани қызмет ету әлеуеті емес пе?! Ол-ол ма, ұлттық бостандық үғымының түпкі мазмұн-мағынасы да осыған саяды. Жастарды ойдағыдай тәрбиелеуде біздің мүмкіндігіміз бар. Өйткені, ол үшін батыс мәдениетімен, білімімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырда рухы биік мәдениетіміз бен біліми әлеуетімізді қалыптастыруды қолға алу өте-мөте маңызды. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең деңгейдегі ұлт жаһандану деген алып мұхиттың үстінде өзінің келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын. Ол үшін ұлттық тәрбиені дамытудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау керек. Тіпті бұл кезек күттірмейтін үлкен мәселе. Мұны Президенттің “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдарламасындағы идеямен қаруланған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы қолға алып отыр. Әрине қиын, қиын да болса тәуекелге бел буып отырған жай бар. Сол мүмкіндікті пайдаланып бүгінде біз университетте тәрбие мәселесіне, оның ішінде ұлттық тәрбие проблемасына бірінші кезекте ден қойып отырмыз. Өйткені, ұлттық тәрбие бастауларынан нәр алған мәдениетті, парасатты жастар оқу-білімді өзінің өмірлік мұратына айналдырып, жан-жақты ізденетіні, ғылыммен шұғылданатыны сөзсіз. Білім мен ғылым шындығында, аса зор өндіргіш күш, үлкен байлық. Сондықтан да әлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді. Сондай-ақ қазіргі замандағы білім беру жүйесінің міндеті қазіргі жастарымыздың білім алып қана қоймай, тәрбиелі, әдепті, ұлтжанды, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. Осы талаптан шығу үшін университетте былтырдан бастап 1-курс студенттеріне арналған “Әдептану” факультативті дәрісі енгізіліп, оған тиісті оқу-тәрбие сағаттары бөлінген еді. Ендігі кезекте ұлттық тәрбие мәселесі тұр. Оның себебі, біздің университетімізде білім мен тәрбиенің ажырамас бірлігін (ұлы ұстаз әл-Фарабидің де үнемі ескертіп отыратыны осы еді ғой) қамтамасыз ете алатын ежелден қалыптасқан классикалық дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері бар. Сондай-ақ ол кең өрісті базалық және кәсіби мәдениетке негізделген. Университеттің педагогикалық әлеуеті болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру ісінде ғана емес, олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік, мемлекетшілдік сана мен ұлттың ар-ождан сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде жинақтаған іс-тәжірибелері аса мол. Біздің университеттің еліміздің басқа жоғары оқу орындарынан басты ерекшілігі де осында.
Тағы да айтып өтейін, аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы ең басты қажеттілік – жастардың рухани тәрбиесін жетілдіру дейтін болсақ, бұл бүгінгі күндегі ең өзекті мәселенің бірі саналады. Бұл орайда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті де алдағы жаңа жылдан бастап “Ұлттық тәрбие” сабағы енгізіліп, ол жеке пән ретінде барлық мамандықтар бойынша жүзеге асатын болады. Бағдарламаның тиісті жұмыс істеуі үшін оған 4 кредит бөлініп, тиісінше оқу жоспарына енгізілді. Сонымен бірге арнайы “Ұлттық тәрбие” кафедрасы ашылып, оған өз ісінің жетік білгірлері саналатын білікті де тәжірибелі мамандар тартылып отыр. Тағы бір өзекті мәселе – осы бағыт бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар дайындау ісін қолға алып жатырмыз. Жақын арада осы жоба бойынша арнайы құрылған комиссияның сүзгісінен өткен мұндай оқулықтар көп кешікпей ұстаздардың қолына тиетін болады. Келешекте «Ұлттық тәрбие» пәні ұлттық рухтың, тіл мен ділдің алтын қазығы саналатын балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық деңгейдегі оқу орындарында кәсіби-базалық деңгейде оқытылады.
Ал, ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттері, ізгілік сынды тағы басқа сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі болады. Одан басқа жаһандану жағдайындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, толеранттық-төзімділік қасиеттер де ұлттық тәрбие дәрістерінде көрініс табуы тиіс деп ойлаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 26 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзінде осы мәселеге айрықша тоқтағаны жайдан жай емес. Ол бүгінгі күн үшін өте маңызды Қазақстанның Ұлттық бірлігі доктринасы туралы ой-ұсынысын айта келіп, «ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы, қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет».
Білім және ғылым министрлігі қазақстандық қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып этно және полимәдени білім беруді дамыту жөнінен тұжырымдамалық ұсыныстар дайындауы керек. «Толеранттылық негіздері» атты факультативтік курс әзірлеп, оны мектептер мен жоо-ларға енгізу қажет” деуі, бұл мәселенің өте маңызды кеңістікке көтерілгенін көрсетеді. Сондықтан Президенттің басқосуда айтқандарын бізге берілген айрықша тапсырма деп қабылдап, бұл бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ретінде «Ұлттық тәрбие» бағдарламасының негізгі діңдерінің бірі ретінде енгізуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ «Толеранттылық негіздері» атты арнайы пәннің бағдарламасын әзірлеп, оқулық, оқу құралдарын қолға алдық. Жалпы жастар арасындағы жат қылықтар – нашақорлық, жезөкшелік, маскүнемдік, бұзақылық, екіжүзділік сияқты жат әдеттерді ауыздықтау мәселесі де ұлттық тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірінен саналады.
Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриялық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.
Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Қазір өкінішке орай, тәрбиеде сондай үрдістің жүріп жатқанын ащы да болса мойындауға тура келеді. Біздіңше, кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.
Жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін жинақтай келе, Президентіміздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай оқыған дәрісіндегі мына ой-пікірге назар аудара кеткеніміз жөн болар: “Біз дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде.
Бірақ, біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет”. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының осы бір ой-толғамы түйіндеп отырғандай, бүгінгі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды, оның жаңа ұрпағын қалыптастыруда интеллектуалдық секіріс сөзсіз қажет. Олай болса, сол интеллектуалдықтың өзі ұлттық тәрбиемен келетін жеміс екенін ұмытпағанымыз абзал.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Иоганн Готфрид Гердер
Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер :
|
«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» |
|
- деген [1].
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі».
|
[2]. |
|
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Қазақ халқының дастарханы оның көшпелі тұрмысына, мал шаруашылығына, жаугершілік заманына және елдің этнографиялық салтына қарай қалыптасқан. Ертеректе қалыптасқан атауға қарай «Үй дәмі», «Түз дәмі» деп екіге бөлінген. «Үй дәмінің» мағынасы атынан –ақ түсінікті, ал «Түз дәмі» деп малшылардың, жолаушылардың, жорықшылардың далада, қоста ішіп-жеген тағамдары аталған. Жалпы, әдетте жанұяның тамақтануы күн сайын негізінде үш уақытқа, кейде төрт уақытқа бөлініп, тәңертеңгілік, сәскелік, түстік және кешкілік ас деп аталған. Қазақтың ұлттық дастарханында ертеде тек ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік, сияқты мал өнімі пайдаланылған кейін халық отырықшылыққа көндіге бастағанда егіншілік пен бау-бақша өсіріп, негізгі тамақтарына әр түрлі тамақтар енгізген.
XVIII- XX ғасырда дүниежүзіндегі басқа да халықтар тамақтанатын азық-түліктің әр түрі қосылып, қазақ дастарханы бай түскен.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ «Ас –адамның арқауы» - деп халқымыз тегін айтпаған.
Мал шаруашылығы қазақтардың тым ерте қалыптасқан ата кәсібі. Мал олардың көлігі, киімі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет.
Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасында көптеген ұлт өкілдері тұрады. Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау өнері қай халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың аспаздық шеберлігіне әрқашан игі әсерін тигізіп отырады.Әйтседе өзінің ұлттық ерекшеліктерін ешқашан жоймақ емес. Сол ұлт өкілдерінің тағамдарының арасынан тартылған ет массасынан әзірленген тамақтарды кездестіруге болады. Мысалы: мәнті,котлет,тефтели,фрикадельки,тұшпара.
Мәдениеттану — рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні. Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады. Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura — өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) — адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі. Мәдениет ұғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады.
Ежелгі қала — Полисте мәдениет ұғымы — есі кірмеген баланы естияр азамат, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса, орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте-бірте философиялық мағынаға ие бола бастады. Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т.с.с), әр түрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар, қалалық, ауылдық). Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді.
Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған. Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы — адам. Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды. Ежелгі грек мәдениеті мәдени дәстүрлердің бейнесіне айналған аңыздарды сыйлады, сонымен қатар Батыс Еуропа елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуының негізін қалады. Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлестерін қосты.
Цицерон шығармаларынан мәдениеттің алдына қойылған міндеті — республикалық құрылысты нығайту болғанын көруге болады. Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы қүдай еді. Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін «Тастағы інжіл» десе де болады. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін-өзі құрушы деп есептей бастады. Мәдениет — тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да. «Білім — күш» — дейді Бэкон. «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін» деп жариялайды Р.Декарт. Сайып келгенде, күнделікті өмірде «мәдениет» деген сөзді әрбір адамның аузынан естуге болады. Мәдениет құбылыстарын көптеген ғылымдар — философия, көркем-өнер, эстетика, мораль, дін, т.б. ғылымдар зерттейді. 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін бұл үғымның 157 анықтамасы шықты.
Қазіргі кезде ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді. «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және т.б.) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Адам өзінің дамуында ұзақ, соқтықпалы, соқпалы жолдан өтті. Адамзат тарихының мыңдаған жылдарға созылған ұзақ кезеңі алғашқы қауымдық құрылысқа келеді.
Дүниені көркемдік тұрғыдан танып-білу, ақырында, саналы адамның қалыптасуына септігін тигізді. Дүниемен танысу стихиялы түрде жүрді, әрбір ұғымның артында тірі әрекет, бейне тұрды. Осы кезеңде көркем-өнер ескерткіштері пайда болды. Жер шарының әр жерлерінен, оның ішінде Қазақстанда адамдар мен жануарлардың (мамонт, бизон, бұғы, т.б.) суреттері табылды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кейінгі кезеңдері — мезолит пен неолитте алғашқы металл құралдар қолданыла бастады. Аңшылық, балықшылықпен қатар, адам егіншілік және малшылықпен айналыса бастады. Алғашқы қауымдық құрылыстың көркемөнері дүние-жүзілік көркемөнердің одан әрі дамуына негіз болды. Ежелгі Мысырдың, Нумердің, Иранның, Үндістанның, Қытайдың мәдениеті алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің заңды жалғасы еді.
Мәдениет — көп деңгейлі жүйе. Мәдениет — аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді. Дүниежүзілік мәдениет — біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады. Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады. Мәдениет материалдың және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдың мәдениет — еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті. Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Кейбір мәдениеттанушылардың пікірінше, мәдениеттің жекелеген салалары материалдық та, рухани да мәдениеттің құрамына кірмей, өз беттерімен мәдениеттің қосылысын құрай отырып, мәдениетті байыта түседі. Бұлар — экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет. Мәдениетті тарихи гуманизммен байланыстырады.
Мәдениеттің негізінде адам дамуының мөлшері жатыр. Техниканың жетістіктері де, ғылыми жаңалықтардың ашылуы да, егер онда адамгершілік болмаса, егер мәдениет адамды жетілдіруге жұмсалмаса, өз беттерімен қоғам мәдениетінің деңгейін анықтай алмайды, Сондықтан да мәдениеттің өлшемі — қоғамды иманданды-ру болып табылады. Мәдениеттің мақсаты — адамды жан-жақты тәрбиелеу.
Мәдениеттің кұрылымы және қызметі. Мәдениеттің құрылымы күрделі және көп қырлы. Ол білім, ғылым, көркем өнер, әдебиет, мифология, имандылық, саясат, құқық, дін жүйелерін біріктіреді, Бұлар бір-бірімен араласа отырып, аса маңызды мәдениет құбылысын құрайды. Мәдениеттің ең негізгі қызметі — адамға қызмет жасау немесе гуманистік қызмет болып табылады. Аса маңызды қызметі — әлеуметтік тәжірибені тарату. Мұның мәнісі — мәдениет бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір елден екінші елге жеткізу деген сөз. Сондықтан да мәдениетті «адамзаттың әлеуметтік есі» деп атайды. Мәдени жалғастықтың жойылуы жаңа ұрпақтың әдеуметтік есінің жоғалуына (Ш.Айтматов) алып келіп, жастарды үлкен рухани кедейшілікке ұрындырады. Мәдениеттің тағы бір маңызды қызметі — танымдық қызметі.
Мәдениеттің парасаттылығы — көбінесе өткен кезеңдердің мәдени құндылықтарын пайдалана білу деңгейімен байланысты. Қоғамның барлық түрлері осы жағдайға байланысты бір-бірімен ажыратылады. Кейбір елдер мәдениет арқылы өткен кезеңнің пайдалы тәжірибелерін алып, өз қажетіне шебер қолданады. Мұндай қоғамдар (мыс: Жапония) ғылым, техника, өндіріс салаларында аса зор табыстарға жетті. Кейбір қоғамдар мәдениеттің осы танымдық қызметін дұрыс пайдалана алмағандықтан, дамуы жағынан көп артта қалып қойды. Семиоттық немесе таңбалық (гректің таңбалар туралы ғылым) қызмет мәдениет жүйесіндегі аса маңызды қызметтер қатарына жатады.
Қажетті таңбалар жүйесін оқып-үйренбейінше, мәдениет жетістіктерін игеру мүмкін емес. Мысалы, тіл (ауызша немесе жазбаша) адамдардың қарым-қатынасының құралы, әдеби тіл ұлттың мәдениетті игерудің аса маңызды құралы болып табылады. Кәсіби тілдер музыка әлемін, көркем суретті, театрды тану үшін қажет. Жаратылыстану ғылымдарының (физика, математика, химия, биология) таңбалық өз жүйелері бар. Мәдениеттің ең кіші бөлінбейтін бөлшегі мәдениеттің элементі деп аталады. Бұл элементті зерттеу америкалық ғалым Э.Хобельден басталады. Оның пікірі бойынша, мәдениеттің элементі дегеніміз — одан әрі бөлінбейтін материалдық немесе материалдық емес заттың бөлшегі, Мысалы, материалдық мәдениеттің элементі шеге, қарындаш, қол орамал, т.б. болса, ал материалдың емес мәдениеттің элементі амандасқанда қол беру, қалпағын көтеру, сүйісу, т,б. болады. Әрбір мәдениет мыңдаған мәдени элементтерден тұрады. Ол элементтердің бірқатары әр халықтың, әр түрлі елдер дің мәдениеттерінің бөлшегі болады. Әр түрлі мәдени элементтердің жиынтығы мәдени кешендер құрайды. Мысалы, спорт ойыны (футбол) мәдени кешен болып есептеледі. Оған материалдық (доп, қақпа) және материалдық емес (ойын ережелері, төрешінің этикасы) элементтері кіреді. Бірнеше мәдени кешендердің бірлігі мәдени институттарды (отбасы, мектеп) құрайды. Мысалға неке институты: танысу, некелесу, той жасау, т.б. мәдени кешендерден тұрады. Мәдени элементтердің ішінен басты немесе базистік элементтер ерекше орын алады.
Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне білім, құндылық, мәдени нормалар жатады. Сонымен қатар, барлық мәдениетке, халықтарға ортақ жалпы адамзаттық құндылықтар да болады (мысалы, үлкендерді сыйлау, балаларға қамқорлық, т.б.). Мәдени құндылықтарды сақтаудың, беріктендірудің құралы — мәдени нормалар. Мәдени нормалар дегеніміз — жалпы құндылықтарға сәйкес қалыптасқан төртіп ережелері. Нормалардың жиынтығы нормативтік жүйені құрайды. Нормативтік жүйенің типтері: әдет-ғүрып, мораль, дін, құқық. Бұлардың ішінде әдет-ғүрыптың алатын орны зор. Әдет-ғұрып арқылы мәдени құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, мәдениет жалғасады. Әдет-ғүрып арқылы мәдениеттегі ең жақсы құндылықтар сақталады. Жазу болмаған, өнеркәсіптік қоғам пайда болғанға дейінгі кезде мәдени құндылықтар әдет-ғүрып арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Барлық елдердің даму тәжірибесі мәдени құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа әдет-ғұрыптар арқылы берілгендігін көрсетеді.
