Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭ Д шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

Деректер қорының теориясы

Деректер қорының даму тарихын түсіндіріңіз. Негізгі модельдерді сипаттаңыз. Есептеу техника тарихында оны пайдаланудың екі негізгі облысының дамуын көрсетуге болады. Бірінші облыс-қолмен жасау мүлдем мүмкін емес сандық есептеулерді орындауға арналған есептеудің техникада пайдалану. Осы облыстың дамуына күрделі математикалық есептердің сандық шешу әдістерінің қарқындауы, сандық алгоритмдердің қолайлы жобасы мен ЭЕМ жаңа архитектураларын жасаушылармен кері байланысты орнатуға бағытталған бағдарламалау тілдерін пайда болуына жол ашты. Есептеуіш техниканы пайдаланудың осы облысының өзіндік ерекшелігі болып, көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, құрылымы бойынша қарапайым мәліметтерге қолданылытын өңдеудің күрделі алгоритмдерінің болуы табылды.

Біздің тақырыбымызға тікелей қатысты екінші облыс-бұл автоматтық немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде есептеуіш техника құралдарын пайдалану. Ақпараттық жүйе мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламалы-ақпараттық кешен түрінде болады:

1.Компьютер жадында ақпаратты сенімді түрде сақтау;

2.Берілген қосымша үшін ақпарат пен есептеулердің спецификалық түзілімдерін орындау;

3.Тұтынушыға ыңғайлы да, жеңіл меңгерілетін интерфейсті ұсыну.

Негізінен мұндай жүйелер едәуір күрделі құрылымға ие үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істейді. Ақпараттық жүйелердің классикалық мысалдары болып банктік жүйелер, кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелері, авиациялық және темір жол билеттерін резервтеу жүйелері және т.б. табылады.

Есептеуіш техниканың пайдаланудың екінші облысы біріншіден кейін пайда болды. Бұл есептеуіш техниканың пайда болғанда ақпаратты сақтау бойынша компьютерлер мүмкіндігінін шектеулі болуымен байланысты. Ақпараттың сенімді де, ұзақ уақыт сақталуы жайында электрлік қоректенуді ажыратқаннан соң ақпаратты сақтаушы есте ұстағыш құрылғылар болған кезде ғана айтуға болады. Компьютерлердің оперативтік жадысы бұл қасиеттерге негізінен ие емес. Алғашқы компьютерлерде сыртқы жады құрылғысының екі түрі- магниттік ленталар мен барабандар қолданылды. Магниттік ленталар сиымдылығы едәуір үлкен болғанымен, олар өздерінің физикалық табиғаты бойынша мәліметтерге кезекті қолжетімділікті қамтамасыз етті. Магниттік барабандар (олар фиксациялық бастары бар заманауи магниттік дискілерге жақын болды) мәліметтерге туынды қолжетімділік мүмкіндігіне ие болғанымен, сақталушы ақпараттың шектеулі көлеміне ие болды. Бұл шектеулер таза сандық есептеулер үшін өте маңызды болған жоқ. Егер тіпті бағдарлама ақпараттың үлкен көлемін өңдеу тиіс болса, бағдарламалау кезінде осы бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ететін сыртқы жадыда осы ақпараттың орналасын ойластыруға болады. Дегенімен ақпараттық жүйелердегі өзара байланысқан ақпараттық объектілердің жиынтығы шынайы әлем объектілерінің моделін фактілік түрде көрсетеді. Шынайы объктілердің жағдайын адекватты көрсетуші ақпараттағы тұтынушылар суранысы олардың сұрауына жүйенің салыстырмалы жылдам реакциясын талап етеді. Бұл жағдайда магниттік ленталар мен барабандар жататын мәліметтерді сақтаушы салыстырмалы баяу құрылғыларының болуы жеткіліксіз болар еді.

Нақ сандық емес қосымша талаптары есептеуіш техника тарихында революция болып табылатын жылжымалы бастары бар алынып-салмалы магниттік дисктердің пайда болуын туындатты деп айтуға болады. Осы сыртқы жады қондырғысы магниттік барабандармен салыстырғанда едәуір үлкен сыйымдылыққа ие болып, туынды таңдау режиміндегі мәліметтерге қолжетімділіктің қанағаттанарлық жылдамдығын қамтамасыз етіп, ал қондырғы дисктік пакеттің алмасу мүмкіндігі мүлдем шектелмеген мәліметтер архивін алуға мүмкіндік берді.

Магниттік дисктердің пайда болуымен сыртқы жадыдан мәліметтерді басқару жүйесінің тарихы басталды. Бұл үшін сыртқы жадыда мәліметтерді сақтау талап етілетін қолданбалы бағдарлама магниттік лентадағы немесе барабандағы мәліметтердің әрбір бөлігінің орналасуын өзі анықтап, төмен деңгейлі бағдарламалы-ақпараттық құралдар көмегімен сыртқы жады құрылғысы мен оперативтік жады арасында алмасуларды орындады. Мұндай жұмыс режимі ұзақ уақыт сақталатын ақпараттың бірнеше архивтерін сыртқы бір тасымалдағышта ұстауға мүмкіндік бермейді немесе өте қиындатады. Бұдан өзге, әрбір қолданбалы бағдарламаға сыртқы жадыдағы мәліметтерді құрылымдау мен мәлімет бөліктеріне ат қою мәселелерін шешуге тура келді.

Мәліметтер базасының қысқаша тарихы.

1-кестеде мәліметтер базасы тарихының даму тарихы келтірілген. 1960-ы жылдардың ортасына дейін бүкіл компьютерлік мәліметтерді сақтау қоры магниттік ленталарда болды. Мұнда лента тек бір ізді түрде өңделетіндіктен, мәліметтер тізім ( немесе бір ізді файлдар) түрінде сақталуы тиіс болатын. Дегенмен, сендер осы тараудың басында білгендей, мұндай форматта қарапайым мәліметтерді сақтаудың өзі үлкен мәселелермен байланысты.

1-кесте Мәліметтер базасының қысқаша тарихы.

Кезеңдері

Технология

Ескерту

1968 жылға дейін

Файлдарды өңдеу

Мәліметтер базасын өңдеу жүрді. Мәліметтер тізімдер түрінде сақталды. өңдеу сипаты тасымалдағыш ретінде магниттік лентаны жалпыға ортақ пайдаланумен анықталды.

1968-1980 жылдар

Иерархиялық және желілік моделдер

Реляциялық емес мәліметтер базасын өңдеу дәуірі. Мәліметтердің көрнекі иерархиялық моделі IBM фирмасының DL/1 болды. Мәліметтердің көрнекі желілік моделі CODASVL фирмасының DBTG моделі болды. МББЖ ең танымал желісі IDMS болды.

1980- қазіргі уақыт

Мәліметтердің реляциялық моделі

Мәліметтердің реляциялық моделі алғаш рет 1970ж жарияланды. 1980ж басында комерциялық қосымшаларды IBM DB2 шығарып, басқа өнімдер арасынан Otacle көрініс берді. Реляциялық SQL тілі өнеркәсіптік стандарт болды.

1982ж

Микро компьютерлерге арналған алғашқы МББЖ

Ashton-Tate фирмасы d Base, Microrim R:Base, ол Borland-Paradox жасады.

1985ж

Объектілі бағдарлау МББЖ–не қызығушылықтың дамуы.

Объектілі бағдарлық бағдарламалау дамуы мен ОБМББЖ ұсынылды. Олардың коммерциялық жетістігі жоғары емес. Дамуы қазір де жалғасуда.

1991 ж

Microsoft компаниясы Access шығарды.

Win элементі ретінде жасалған персоналдық МББЖ нарықтан бүкіл басқа персоналдық МББЖ біртіндеп ығыстырды.

1995 ж

Интернет үшін мәліметтер базасының алғашқы қосымшалары

Мәліметтер базасы Интернет ұсыныстардың кілт компоненті болды. Ғаламтордың танымалдығы мәліметтер базасындағы қажеттілікті барынша жоғарылатып, оларға қойылатын талаптарды арттырды.

1997 ж

Мәліметтер базасын өңдеуге XML қолдану

Мәліметтер базасы алдында тұрған мәселелерді XML пайдаланып шешті. Шектеуші өндірістер XML-ді өзінің МББЖ-не біріктіре бастады.

Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін едәуір артты. 

Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін едәуір артты.

Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады.

Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырып отыр. Клиент/сервер технологиясы мәліметтерге орталықтандырылған қол жеткізу және басқарумен үлестірілген мәліметтерді өңдеуді білдіреді.

Мәліметтер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер қорының файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен артықшылықтары мәліметтер қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан модельдері, мәліметтер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу құрайтын, қазіргі уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.

Деректерді сақтау әдістерінің эволюциясын анықтаңыз. Файлдық жүйе мен деректер қорын (ДҚ) түсіндіріңіз. Қазіргі ақпараттық технологияларда мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорының пайда болуынан бұрын файлдық құрылым мәліметтері пайда болған.

Мәліметтерді жинақтау, сақтау және өңдеудің тәсілдері, әдістері есептеу техникасының өзгеруімен қатар өзгеріп отырды. Бірінші және екінші буындардағы компьютерлерде мәліметтер файлдар түрінде сақталатын және бұл файлдардағы ақпаратқа қол жеткізу біртіндеп іске асырылатын, оның себебі жинақтағыштардың магниттік таспалар болуымен байланысты болды. Үшінші буындағы ЭЕМ-де магниттік барабандар мен дискілердің пайда болуымен файлдық құрылым мәліметтеріне қол жеткізу еркін іске асырылып, қажетті ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл мәліметтерді өңдеу тиімділігін едәуір арттырды. Үшінші және төртінші буындағы ЭЕМ-дерде бір мезгілде мәліметтер файлдарымен қатар мәліметтер қоры пайда болды.

Файлдық құрылым мәліметтерінің мәліметтер қорына қарағанда бірнеше кемшіліктері бар. Файлдық құрылым мәліметтерінің негізгі кемшіліктері төмендегідей:

  • мәліметтердің шектен тыс көп болуы;

  • мәліметтердің нашар бақылануы;

  • мәліметтерді басқарудың жеткіліксіз мүмкіндіктері;

  • программистердің еңбек шығындарының көптігі болып табылады.

Мәліметтердің шектен тыс көп болуы файлдық құрылым мәліметтерін пайдаланатын қосымшалардың тек өз мәліметтерімен ғана жұмыс істейтіндігімен байланысты. Сондықтан әртүрлі қосымшалардың мәліметтер файлдары бірдей ақпаратты қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі қосымшалардағы мәліметтер арасындағы үйлесімділікті сақтау үшін файлдың біріндегі ақпаратты өзгерткен жағдайда басқа файлдардағы сәйкес ақпаратты да өзгерту қажет.

Мәліметтер файлдарындағы ақпарат тұтастай алғанда өзара байланыспаған, бұл мәліметтерді бақылау ісін қиындатады. Мәліметтер файлдарында бақылаудың осылайша әлсіз болуы әртүрлі қосымшалардың бірдей мәліметтерге әртүрлі мағына беруінде жатыр.

Файлдардағы мәліметтердің арасында байланыстардың болмауы мәліметтерді жеткіліксіз басқаруға және тіпті басқарудың мүмкін еместігіне әкеледі.

Қосымшалар мен мәліметтер файлдарын пайдалану барысында оларды өзгертіп, түрлендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін программаны қайтадан жазып, мәліметтерді құрастыру қажет, бұл программалаушылардың біраз еңбек етуін талап етеді.

Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.Ақпараттық технологияларды мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) бар, өзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы.

Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік ұжым бола алады. Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. сияқты қасиеттерге ие.

Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:

  • өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі;

  • домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны;

  • мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;

  • жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;

  • мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес келетін жазбалар жиыны.

Мәліметтер қорының файлдық құрылым мәліметтерінен басты айырмашылығы – мәліметтерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар өзара байланыспаған мәліметтер элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал мәліметтер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген элементтерінің арасында байланыс болады.

Мәліметтер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – мәліметтер қорының сипаттамасы сол мәліметер қорымен бірге сақталатындығында. Файл күрделі құрылымды болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол файлдың ішінде емес, сол мәліметтер файлы жасалынған және қолданылған программаларда орналасады. Мәліметтердің сипаттамасы мәліметтер қорының өзінде сақталатын болғандықтан, ол мәліметтер қорымен бірге тасымалданып, осы мәліметтер қорын пайдаланатын программалардың қарамағына беріледі.

Файлдағы мәліметтерді сұрау кезінде, жалпы жағдайда сұралып отырған ақпарат көлемі мен орнын беру қажет, яғни физикалық ұғымдармен жұмыс істейсіз. Мәліметтер қорында мәліметтер қорының құрылымына сай ақпараттың белгілі бір типі, мысалы мекен-жайы сұралады.

Иерархиялық, желілік және реляциялық моделдер арасында салыстырмалы талдау жасаңыз. Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының

  • иерархиялық,

  • желілік,

  • реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,

  • көпөлшемдік,

  • объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады (1.1-сурет)

Біртіндеп қол жеткізу файлдары

Еркін қол жеткізу файлдары

Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері

Желілік модельдер

Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары

Мәліметтер қорының реляциялық модельдері

Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы

Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры

1.1-сурет. Хронологиялық диаграмма

Сонымен қатар мәліметтердің өзге модельдеріне негізделген белгілі модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге болады. Бұл модельдердің кейбіреулері мәліметтер қорын, білім қоры мен программалау тілдерін интеграциялауға арналған. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер модельдерімен жұмыс істейді.

Иерархиялық модель. Алғашқыда мәліметтер қорының иерархиялық модельдері пайда болды. Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген.

Иерархиялық МҚ-ның құрылымын (сұлбасын) сипаттау үшін кейбір программалау тілінде «бұтақ» мәліметтер типі қолданылады.

«Бұтақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдерінің «құрылым» атты мәліметтер типімен және Паскаль тілінің «жазба» типімен ұқсас. Оларда типтердің бір-біріне салынуына жол беріледі, олардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде орналасқан.

«Бұтақ» типі құрамдас болып келеді. Оған ішкі типтер («кіші бұтақтар») кіреді, олардың әрқайсысы өз кезегінде «бұтақ» типі болып табылады. «Бұтақ» типінің әрқайсысы бір «түбірлік» типтен және бағыныңқы типтердің реттелген жиынтығынан (бос болуы да мүмкін) тұрады.

«Бұтақ» типіне енгізілген қарапайым типтердің әрқайсысы «жазба» атты жай немесе құрама тип болып табылады. Қарапайым «жазба» бір типтен тұрады, мысалы, сандық типтегі, ал құрама «жазба» типтердің белгілі бір жиынтығын, мысалы, бүтін, символдар жолы және көрсеткіштерді (сілтеме) біріктіреді.

Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип аталады. Бағыныңқы тип (ішкі тип) өзі үшін ата тегі (ата-ана) рөлін атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып табылады.

Тұтастай алғанда «бұтақ» типі «жазба» типтерінің иерархиялық тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығын сипаттайды.

Иерархиялық МҚ құрамында «жазба» (жазбалар) типіндегі мәліметтер даналарын (экземплярын) қамтитын «бұтақ» типіндегі мәліметтер даналарының реттелген жиынтығы болып табылады. Көп жағдайда типтердің арасындағы туыстық қатынастарды жазбалардың арасындағы қатынастарға көшіреді. Жазбалар өрістері шындығында МҚ-ның негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық МҚ-ғы барлық элементтерді қарап шығу әдетте жоғарыдан төмен қарай және солдан оңға қарай жүргізіледі.

Иерархиялық модельдің мәліметтер қорлары бұтақ түріндегі құрылымы бар нысандарды сипаттауға ыңғайлы. Мысалы, белгілі бір кәсіпорынның құрылымын келесі түрде келітруге болады (1.2-сурет).

1.2-сурет. Кәсіпорынның иерархиялық құрылымы

Өзінен басқа жазбаға сілтеме жасалатын жазба «ата тегі» немесе бағындыратын жазба деп аталады. Сілтеме жасалатын жазба «ұрпақ» немесе бағыныңқы жазба деп аталады. Иерархиялық модельде әрбір ұрпақтың тек бір ғана ата тегі болады, басқаша айтқанда бір ұрпаққа екі және екіден артық ата тегі сілтеме жасай алмайды. Сілтемені нұсқау үшін ата тегі-жазбаның өрісі болуы тиіс, ол жерге тасымалдағыштағы ұрпақ-жазбаның физикалық мекен-жайы жазылады. Ұрпақ-жазба сақталатын тасымалдағыштағы осы физикалық мекен-жай көрсеткіш деп аталады. Жазбаларды байланыстырудың мысалы (1.3-сурет):

1.3-сурет. Жазбаларды байланыстыру

Сонымен, иерархиялық модельдегі мәліметтер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін физикалық мекен-жайлардың көрсеткіштері қолданылады.

Мәліметтердің иерархиялық моделінің артықшылықтарына ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мен мәліметтермен негізгі амалдарды орындау уақытының көрсеткіштері жатады. Мәліметтердің иерархиялық моделі иерархиялық тұрғыдан реттелген ақпаратпен жұмыс істеу үшін ыңғайлы.

Иерархиялық модельдің кемшілігіне күрделі логикалық байланыстары бар ақпаратты өңдеу үшін оның көлемінің тым орасан үлкен болуы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін түсінуге қиындығы жатады.

Желілік модель. Желілік модельдерде мәліметтердің арасындағы өзара байланыстар еркін граф түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп ата тегі болуы мүмкін.

Желілік модельдің мәліметтер қоры жазбалар жинағы мен байланыстар жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық көрсеткіштері бар өрістен тұрады.

Осылайша, желілік МҚ сұлбасын сипаттау үшін типтердің екі тобы: «жазба» және «байланыс» қолданылады. «Байланыс» типі «жазба» типінің ата тегі және ұрпақ типтері үшін анықталады. «Байланыс» типінің айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады.

Желілік МҚ жазбалар жинағы мен сәйкес байланыстар жинағынан тұрады. Байланыстарды қалыптастыруға ерекше шектеулер қойылмайды. Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі –жазбасы болса, ал мәліметтердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-жазбалардың (өгей ата-аналар) кез келген санына ие бола алады.

Келесі суретте (1.4-сурет) инженер лауазымына сәйкес келетін жазбаға екі жазба сілтеме жасайды.

1.4-сурет. Желілік модельдегі жазбаларды байланыстыру

Иерархиялық модельді желілік модельдің дербес жағдайы ретінде қарастыруға болады. Мәліметтердің желілік моделінің артықшылығы жадының шығындалуы мен жеделдік көрсеткіштері бойынша тиімді түрде жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Желілік-модель иерархиялық модельмен салыстырғанда еркін түрдегі байланыстардың құрылу тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі – оның негізінде құрылған МҚ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатқылдығы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді түсіну мен орындаудың қиындығы. Бұған қоса, мәліметтердің желілік моделінде жазбалардың арасында еркін түрдегі байланыстардың орнау мүмкіндігінің салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты бақылау әлсірейді. Мәліметтер қорының иерархиялық және желілік модельдерінде физикалық көрсеткіштерді пайдалану, мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде мәліметтердің өзара байланыстарының біртұтастығын сақтауға қатысты елеулі кемшіліктер анықталды. Байланыстардың біртұтастығының сақталуын бақылау ата-тегсіз ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға негізделген. Мәліметтер қорына өзгертулер енгізген жағдайда байланыстарды, физикалық көрсеткіштерді қайтадан анықтау қажеттігі туындайды, бұл үлкен қиындықтармен, пайдаланушының уақыты мен күш-жігерінің шығындарымен байланысты болады.

Реляциялық модельдің анықтамасы. Иерархиялық және желілік модельдерде жазбаларды байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштерді пайдалану мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндіктерін едәуір шектейді және осы модельдердің мәліметтер қорларын өңдеу күрделі және көп еңбекті қажет ететін процесс болып табылады.

1970 жылы ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд реляциялық модель деп аталған мәліметтер қорының жаңа моделін ұсынған бірқатар еңбектерін жариялаған болатын. Сонымен қатар, реляциялық мәліметтер қорларын өңдеу үшін Кодд мәліметтерді өңдеудің тілдерін – реляциялық алгебра мен реляциялық есептеуді әзірлеп шығарды, олар бір командамен бүкіл мәліметтер қорын өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді, ал иерархиялық және желілік модельдерде бір жолы тек бір ғана жазба өңдеуден өткізіледі. Физикалық көрсеткіштердің орнына Кодд мәліметтердің тасымалдағышта физикалық орналасуына тәуелсіз оларды өздерінің ішкі логикалық қарым-қатынастарына сәйкес байланыстыру идеясын ұсынды.

Реляциялық модельдің мәні – ол мәліметтерді реляциялар немесе қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде беруді ұйымдастырады және ұсынады. Бір кесте бір нысанды, мысалы, сауда фирмасының клиенттерін сипаттайды. Кестенің бағандары мәліметтер қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады. Сол арқылы атрибут нысанның жеке қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары жазбаларға сәйкес келеді және кортеж деп аталады. Сонымен, кортеж нысанның бір элементіне арналған атрибуттар мәндерінің жиынтығын, ал қатынас – кортеждердің жиынын сипаттайды. Мәліметтер қорының құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға атаулар беріледі және олардың типтері анықталады, мысалы, атауы Name, типі CHAR немесе атауы Amount, ал типі REAL. Сонымен қатар INTEGER типі, DATA типі және басқа да типтер болуы мүмкін.

Кестеге де атау беріледі. Мәліметтер қорының біреуі бірнеше кестеден тұруы мүмкін және қандай да бір құрамдас нысанды сипаттайды. Мәліметтер қорына да атау беріледі. Мысалы, қандай да бір сауда фирмасын сипаттайтын Orion оқу мәліметтер қоры келесі үш кестеден: Salecpeople, Customers, Orders кестелерінен тұрады (1 қосымша).

Егер кестенің элементі әлі анықталмаған болса немесе ешқандай мәнге ие болмаса, онда оған Null - мәні меншіктеледі.

Мәліметтердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бастапқы кілт деп кестенің әрбір жолын бір мәнді анықтайтын кестедегі атрибуттардың ең аз жиынтығы аталады. Мысалы, Salecpeople кестесінде бастапқы кілт Snum бағаны, ал Customersкестесінде Cnum бағаны болып табылады. Осылайша, бастапқы кілтті құрайтын атрибуттар мәндерінің комбинациясы әр жазба үшін бірегей, қайталанбайтын болып табылады. Сыртқы кілт деп мәндерінің комбинациясы кейбір жазба үшін бастапқы кілттің жиынтығы аталады. Сыртқы кілттер бір мәліметтер қорының кестелеріндегі мәліметтердің арасындағы қажетті байланыстарды қамтамасыз етеді.

Мысалы, Orion мәліметтер қорында Orders кестесінің Cnum және Snum бағандары сыртқы кілттер болып табылады. Мәліметтер арасындағы байланыстарды келесі сурет түрінде көрсетуге болады (1.5-сурет)

Orders

Onum

Amount

Date

Cnum

Snum

0813006

1098.16

10.03.2005

2008

1007

Customers

Cnum

Cname

City

2008

Pereira

1004

Salecpeople

Snum

Sname

City

Manager

1007

Rifkin

Barselona

1004


1.5-сурет. Реляциялық модельдегі жазбаларды байланыстыру

Сонымен реляциялық кестенің анықтамасынан келесілер шығады:

  • бастапқы кілттің және оған сәйкес келетін сыртқы кілттің атрибуттарының атаулары бірдей болуы міндетті емес, бірақ та бір типті болуы тиіс;

  • мәліметтер қорының әрбір кестесінің бірнеше сыртқы кілттері болуы мүмкін, ал бастапқы кілт тек біреу ғана бола алады;

  • жалпы жағдайда кестеде екі және одан да көп бірдей кортеждер болуы мүмкін емес;

  • кестеде кортеждер реттелмеген, еркін түрде болуы тиіс;

  • атрибуттар да реттелмеген, еркін түрде болуы тиісті.

2 қосымшада адамзат қызметінің әр түрлі саласындағы мәліметтер қорының мысалдары келтірілген.

Мәліметтердің реляциялық моделінің артықшылығы оны ЭЕМ-де физикалық жүзеге асырудың қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуында. Пайдаланушы үшін дәл осы қарапайымдылығы мен түсініктілігі оларды кең түрде қолдануға негізгі себеп болды. Осы типтегі мәліметтерді өңдеу тиімділігінің мәселелері техникалық тұрғыдан шешілетін болып шықты.

Реляциялық модельдің негізгі кемшіліктері:

  • жеке жазбаларды идентификациялаудың стандарттық құралдарының болмауы;

иерархиялық және желілік байланыстарды сипаттаудың күрделілігі жатады.

Деректер қоры кестелерін нормализациялауды көрсетіңіз. Мәліметтердің реляциялық моделі шеңберінде Е.Ф. Кодд қатынастарды нормалау қағидаларын жасап , кез келген қатынастың үшінші қалыпты форма түзуіне мүмкіндік беретін механизмді ұсынды. Нормалау – бұл біріншілік кілтпен қатынастар негізінде қатынастарды талдау формальды әдісі. Оның міндеті – бұл бір сызбаны (немесе қатынастар жиынтығы) қатынастары едәуір қарапайым және жүйелі құрлымға ие басқа сызбаның МБ-не алмастыру. Ыңғайлы сападағы қатынастарды жасау үшін реляциялық моделімен жұмыс кезінде бірінші қалыпты форма талаптарын орындау жеткілікті.

Бірінші қалыпты форма (1ҚФ) қарапайым және күрделі атрибуттар ұғымымен байланысты . Қарапайым атрибут – бұл мәні бөлінбейтін атрибут. Күрделі атрибут бір немесе әртүрлі домендердің бірнеше мәндерінің бірікпесі түрде болатын мәнге ие болуы мүмкін. Бірінші қалыпты формада қайталанушы атрибуттар немесе атрибуттар тобы реттеліп, атрибуттар ретінде «бүркешеленген» анық емес мәндердің анықталуы жүреді.

Егер қатынастық атрибуттары – қарапайым болса ол 1ҚФ-ға келтіреді, әрі атрибут мәні көп немесе қайталанушы тап болмауы тиіс.

1ҚФ-на кестелерді келтіру үшін күрделі атрибуттарды қарапайымдарға бөліп , көп мәнді атрибуттарды жекелеген қатынастарға шығару қажет.

Екінші қалыпты форма (2ҚФ) құрама кілттері бар (2 немесе одан да көп атрибуттардан тұратын) қатынастарға қолданып, функционалдық тәуелділік ұғымымен байланысқан.

Егер кез келген уақыт сәтінде А атрибутының әрбір мәніне В атрибутының жалғыз мәні сай келсе, онда В функционалды түрде А (А-В)-ға тәуелді болады.А атрибутта (атрибуттар тобы) детерминат деп аталады.

Егер қалыпты формада тек тамаша кілт бөліктеріне ғана тәуелді атрибуттар реттеледі. Бұл тамаша кілт белгілі жеке мәнді анықтайды.

Егер қатынас 1ҚФ-ға келтіріп, әрбір кілт немесе атрибут функционалды түрде толығымен құрамалық біріншілік кілтке тәуелді болса , ол 2ҚФ-да болады.

Үшінші қалыпты форма (3ҚФ) транзитивтік тәуелділік ұғымымен байланысты. А,В,С – кейбір қатынас атрибуттары болсын. Бұл кезде А-В және В-С болғанымен, кері сәйкестік болмайды. Былайша айтқанда СВ-ға немесе ВА-ға тәуелді емес. Сонда СА(А--С) –ға транзитивті түрде тәуелді деп атайды.

3ҚФ-да тамаша кілт құрамына кірмейтін атрибуттарға тәуелді атрибуттар реттеледі. Бұл атрибуттар жекелеген мәндер негізі болып табылады.

Егер қатынас 2 Қф-да болып , біріншілік кілт құрамына кірмейтін және біріншілік кілтке транзитивті тәуелділікте болатын атрибуттарға ие болмаса, онда ол 3ҚФ-да болады.

Сондай-ақ Бойсс-Коддтың қалыпты формасы (БКҚФ) , 4ҚФ және 5ҚФ болады. Дегенмен, үлкен мәнге 1 ҚФ-ға ие болып , келесі ҚФ-лар құрамалық кілттер мен кілттердің күрделі тәуелсіздігі жайлы ұғымдармен байланысты болса, ал практикада негізінен біршама жағдайлар кездеседі.

Қатынастар декомпозициясы мына қасиеттерге ие болуы тиіс.

1. Толықтық – дикомпозиция мән атрибуттары арасындағы тәуелділіктер жойылуына алып келуі тиіс.

2. Қалпына келушілік – қолданылуы бастапқы қатынасты қалпына келтіруі мүмкін реляциялық алгебра операциясы болуы тиіс.

Қарапайым және күрделі атрибут ұғымын енгізейік. Қарапайым атрибут – бір немесе әр түрлі домендердің бірнеше мәндерінің конкатенациясы түрінде болатын мәнге ие болуы мүмкін. Күрделі атрибут аналогы агрегат немесе мәліметтердің өайталанушы агрегеты болуы мүмкін.

Кітаптар қатынасы мысалында қалыптастыруды көрсетейік (8.1 кесте)

Id – идентификатор (біріншілік кілт),

Code – рубрика (айдар) шифрі,

Theme – айдар атауы,

Title – кітап атауы,

Author – автор,

Edior – редактор,

Type – басылым типі, (оқулық,оқулық құралы, жинақ және т.б),

Year – басылым жылы,

Pg – беттер саны.

4.5 кесте. Кітаптар бастапқы қатынасы.

ID

Code

Theme

Author

Title

Editor

Type

Year

Pg

200

681.3

ЕТ БЖ

Бочков С.

СИ тілі

Садчиков П.

оқулық

1990

384

Субботин Д.

100

681.3

ЕТ БЖ

Джехани Н.

АДА тілі

 

оқулық

1960

552

300

621.5

МЖ

Крон Г.

Диакоптика

Баранов А.

оқулық

1972

544

876

007

ЖИ

Гик Е.Я.

Шахматтар мен математика

Кикоин И.

Оқу құралы

1983

176

Капица С.

440

32.97

ЕТ

 

ЭЕМБ үшін БЖ

Витенберг А.

анықтамалық

1992

208

385

001.8

Инфор-матика

Фролов Г.

Информатика элементі

Храмов А.

Оқу құралы

1989

304

Кузнецов Э.

Рожков П.

Ескерту: 4.5 кестеде мынандай қысқартулар қолданылады:

ЕТ – есептеуші техника;

ЕТБЖ – есептеуіш техниканы бағдарламалық жабдықтау;

МЖ – математикалық жабдықтау;

ЖИ – жасау интелект.

Брінші қалыпты форма (1ҚФ).

Егер қатынастың барлық атрибуттары қарапйым болса, ол 1ҚФ-ға келтіреді.

Кітаптар қатынасы құрамына күрделі Author («Авторлар») және Edior («Редакторлар») атрибуттары кіреді. 1ҚФ-ға келтіру үшін қатынас кілтін құрамалық – Id, Author және Edior атрибуттарын жасау талап етіледі (4.6 кесте

4.6 кесте. 1ҚФ келтірідген кітаптар қатынасы

ID

Code

Theme

Author

Title

Editor

Type

Year

Pg

200

681.3

ЕТ БЖ

Бочков С.

СИ тілі

Садчиков П.

оқулық

1990

384

200

681.3

ЕТ БЖ

Субботин Д.

СИ тілі

Садчиков П.

оқулық

1990

384

100

681.3

ЕТ БЖ

Джехани Н.

АДА тілі

 

оқулық

1960

552

300

621.5

МЖ

Крон Г.

Диакоптика

Баранов А.

оқулық

1972

544

876

007

ЖИ

Гик Е.Я.

Шахматтар және математика

Кикоин И.

Оқу құралы

1983

176

876

007

ЖИ

Гик Е.Я.

Шахматтар және математика

Капица С.

Оқу құралы

1983

176

440

32.97

ЕТ

 

ЭЕМБ үшін БЖ

Витенберг А.

анықтамалық

1992

208

385

001.8

Инфор-матика

Фролов Г.

Информатика элементі

Храмов А.

Оқу құралы

1989

304

385

001.8

Инфор-матика

Кузнецов Э.

Информатика элементі

Рожков П.

Оқу құралы

1989

304

Функционалдық тәуелділік ұғымын енгізейік. Х және Ү – кейбір қатынас атрибуттары (атрибуттар тобы) болсын). Егер кез келген уақыт сәтінде әрбір Х=x мәніне жалғыз Ү=y мәні сай келсе, Үх – физиканалды түрде тәуелді болады деп айтады. (Бұл кезде кез келген Ү=y мәніне бірнеше Х=(х1,х2,..)мәндері сай келуі мүмкін) Х=Ү функционалдық тәуелділігі Х атрибуты қатынас детерминанты деп аталады.

Қалыптандырылған қатынаста барлық кілттік емес атрибуттар қатынас кілтіне функционалды түрде тәуелді болады. Егер кілттік емес атрибут кілтке функционалды түрде тәуелді болып , құраушы кілттің қандай да бір бөлігіне ешқандай функционалдық тәуелділікте болмаса, онда ол құраушы кілтке функционалды түрде толығымен болады деп айтады.

Екінші қалыпты форма 2ҚФ.

Егер қатынас 1ҚФ-ға келтіріп, әрбір кілттік емес атрибут құрушы кілтке функционалды түрде толығымен тәуелді болас, онда ол 2ҚФ-да болады.

Қатынасты 2ҚФ-ға келтіру үшін мыналар керек:

Құраушы кілтке функционалдық толық тәуелділікті болмайтын атрибуттарды шектей отырып оның проекциясын тұрғызу керек.

Кілттің құраушы бөлігіне функционалды түрде тәуелді атрибуттар мен аталған кілт бөлігіне қосымша проекциялар тұрғызу қажет.

Кітаптар қатынасының (4.7 кесте) болып өрістер комбинациясы (Id , Author , Editor) табылады. Кілт құрамына кірмейтін барлық өріс тек кітап идентификаторына тәуелді болады. Сондықтан қатынас екіге бөлінуі тиіс: Кітаптар (4.7 кесте) және Кітаптар – Авторлар – Редакторлар. Бұл қатынастар. Id өрісі болып табылатын сыртқы кілт бойынша байланысқан.

4.7 кесте. 2ҚФ-ға келтірілген Кітаптар қатынасы

ID

Code

Theme

Title

Type

Year

Pg

200

681.3

ЕТ БЖ

ҚБ үшін ӨЖ тілі

оқулық

1990

384

100

681.3

ЕТ БЖ

АДА тілі

оқулық

1960

552

300

621.5

МЖ

Диакоптика

оқулық

1972

544

876

007

ЖИ

Шахматтар және математика

Оқу құралы

1983

176

440

32.97

ЕТ

ПУ для ПЭВМ

анықтамалық

1992

208

385

001.8

Информатика

Информатика элементтері

Оқу құралы

1989

304

4.8 кесте Кітаптар – Авторлар – Редакторлар қатынасы (2ҚФ)

ID

Author

Editor

200

Бочков С.

Садчиков П.

200

Субботин Д.

Садчиков П.

100

Джехани Н.

 

300

Крон Г.

Баранов А.

876

Гик Е.Я.

Кикоин И.

876

Гик Е.Я.

Капица С.

440

 

Витенберг А.

385

Фролов Г.

Храмов А.

385

Кузнецов Э.

Рожков П.

Транзитивтік тәуелділік ұғымын қарастырайық. X,Y,Z – кейбір қатынас атрибуттары болсын. Бұл кезде Х-Ү және Ү- Z болғанымен кейбір сәйкестік болмайды, сонда Z Ү –ге немесе ҮХ-қа тәуелді емес. Сонда Z Х (Ү -- Х) – ке транзитивтік түрде тәуелді деп айтады.

Үшінші қалыпты форма (3ҚФ).

Егер қатынас 2ҚФ-да болып, онда транзитивтік тәуелділік болмаса, онда ол 3ҚФ-да болады.

Кітаптар қатынасы үшін (4.7 кесте) Theme атрибуты кілтке емес Code атрибутына тәуелді болады. Сондықтан қатынасты 3ҚФ-ға келтіру үшін (4.9 кесте) адам тағы бір Рубрикатор қатынасын бөліп алу қажет (4.10 кесте)

4.9кесте . ЭҚФ-ға келтірілген кітаптар қатынасы.

ID

Code

Title

Type

Year

Pg

200

681.3

КБ үшін ӨЖ тілі

оқулық

1990

384

100

681.3

АДА тілі

оқулық

1960

552

300

621.5

Диакоптика

оқулық

1972

544

440

32.97

ЭЕМБ үшін БЖ

анықтамалық

1992

208

876

007

Шахматтар және математика

Оқу құралы

1983

176

385

001.8

Информатика элементтері

Оқу құралы

1989

304

4.10 кесте. 3ҚФ-ға келтірілген Рубрикатор қатынасы

Code

Theme

681.3

ПО ВТ

621.5

МО

007

ИИ

32.97

ВТ

001.8

Информатика

Көпмәнді тәуелділік ұғымын енгізейік. Егер берілген Х атрибутының мәніне Ү(Х--У) атрибуты мәндерінен тұратын жинақ сәйкес келсе , көпмәнді тәуелділік болады. Егер қатынаста көпмәнді тәуелділік болса , онда қатынас сызбасы 4ҚФда болады.

Тәуелділіктер тривиалды және тривиалды емес көпмәнді болып бөлінеді.

Тривиалды деп ҮІХ немесе XUY=R болатын көпмәнді Х-Ү тәуелділігі аталады, мұндағы R – қарастырушы қатынас.

Тривиалды көп мәнді тәуелділік 4ҚФ-ны бұзбайды.Егер осы екі шарттың кем дегенде біреуі орындалмаса(Y,X жиынтығы болмаса немесе XƲY барлық R атрибуттарынан тұрмаса), онда мұндай көп мәнді тәуелділік тривалды емес деп аталады.

Төртінші қалыпты форма(4 ҚФ).

Егер қатынас 3 ҚФ-да болып,онда тривиалды емес көп мәнді тәуелділік болмаса,онда ол 4 ҚФ-да болады.

Кітаптар-Авторлар-Редакторлар қаншасы үшін(6-4 кесте) Authar және Editar атрибуттары біріншілік кілттің екі көп мәнді тәуелділігін түзіп,бұл кезде осы атрибуттар мәні бір-біріне тәуелді болмайды.Сондықтан да қатынасты 4ҚФ-ға келтіру үшін оны екі Кітаптар -Авторлар және Кітаптар-Редакторлар қатынаста болу қажет

4.11 кестесі Кітаптар-Авторлар (4ҚФ )қатынасы.

I D

Authar

200

Баикал С.

200

Субботин Д.

100

Джехани Н.

300

Крок Г.

876

Гик Е.Я.

385

Фролов Г.

385

Кузнеуов Э.


4.12 кесте. Кітаптар-Редакторлар қатынасы (4ҚФ)

I D

Editar

200

Садчиков П.

300

Баранов А.

876

Кикаин И.

876

Капица С.

440

Витенберг А.

385

Храмов А.

385

Рожков П.


Қалыптандыру(нормализация )мәліметтер дубілденуін қысқартқанымен жаңа қатынастардың пайда болуы мәліметтердің логикалық тұтастығын қолдауды қиындатады.

Деректер қорын жоспарлау кезеңдерін сипаттаңыз. Деректер қорының инфологиялық (концептуальды), даталогиялық және физикалық моделдері арасында салыстырмалы талдау жасаңыз. Пәндік облыс – басқаруды, соңғы есепте автоматтандыруды ұйымдастыру мақсатында зерттелетін шынайы әлем бөлігі. Пәндік облыс көптеген фрагменттермен, мысалы, кәсіпорын-цехтармен, дирекциямен, бухгалтериямен және т.б көрсетіледі.

Пәндік облыстың әрбір фрагменті объектілерді пайдаланушы процестермен және сол объектілермен, сонымен бірге пәндік облыстағы көптеген көзқарастарымен сипатталатын пайдаланушылармен сипатталады.

Ақпараттық жүйелерді жобалау теориясында пәндік облысты көрсету (егер қажет болса, бүкіл шынайы әлемді) үш ұғым түрінде қарастыру қабылданған:

  • Шынайы жүзеге асуы түрінде пәндік облысты көрсету;

  • Оны адамның қалай қабылдайды

  • Ол символдар көмегімен қалай суреттеледі.

Пәндік облысты суреттеу үшін қолданылатын мәліметтер үш деңгейлік жүйе (ANSI/ SPARC моделі деп аталатын) түрінде ұсынылады;

Мәліметтердің сыртқы көрінісі (сыртқы сызбасы) пайдаланушы орындайтын кейбір нақты функциялар жағынан мәліметтерге қойылатын талаптар жиынтығы болып табылады. Концепциялық сызба шынайы әлем жайлы пайдалану ұғымдардан (көріністерден) алынған мәліметтерге қойылатын барлық талаптардың толық жиынтығы болып табылады.

Ішкі сызба – бұл мәліметтер базасының өзі.

Бұл жерден ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын жобалау процесіне бөлінетін негізгі сатылар шығады:

  • Концепциялық жобалау – мәліметтерге қойылатын талаптарды жинақтау, талдау және редакциялау. Бұл сатыны аяқталған соң мәліметтер базасы құрылымына инвариантты концепциялық модельді аламыз. Ол көбінесе инфологиялық “мән-байланыс” моделі түрінде болады.

  • Логикалық жобалау – мәліметтер құрылымындағы мәліметтерге қойылатын талаптарды түзу. Шығуда МҚБЖ мәліметтер базасының бағдарлау құрылымы мен қолданбалы бағдарламалар спецификасын аламыз. Бұл сатыда көбінесе әр түрлі және нақты МҚБЖ қолданбалы түрде мәліметтер базасын модельдеп, модельдердің салыстырмалы талдауын жүргізеді.

Даталогиялық модельдерді жасау.

  • Физикалық жобалау – мәліметтерді сақтау ерекшеліктерін, қолжетімділік әдістерін анықтау,

Жобалаудың әрбір сатысында мәліметтерді ұсыну деңгелерінің ерекшелігі төменде көрсетілген:

Концепциялық деңгей

  • Мәндер

  • Атрибуттар

  • Байланыстар, аналитикті ұсыну (инфологиялық модель)

Логикалық деңгей

  • Жазбалар

  • Мәліметтер элементтері

  • Жазбалар арасындағы байланыстар, бағдарламашыны ұсыну (даталогиялық модель)

Физикалық деңгей

  • Мәліметтерді топтастыру

  • Индекстер

  • Қолжетімділік әдістері, администраторды ұсыну (физикалық модель)

Инфологиялық модельдеу

Инфологиялық модельдеудің мақсаты – адам үш ең табиғи жасалған мәліметтер базасында сақталатын ақпараттарды жинау мен ұсыну тәсілдерін қамтамасыз ету. Сондықтан мәліметтердің инфологиялы моделін табиғи тілмен аналогия бойынша тұрғызуға тырысады. Инфологиялық модельдердің негізгі конструктивтік элементтері болып олардың арасындағы мәндер, байланыстар мен олардың қасиеттері (атрибуттары) табылады.

Мән – ақпаратты мәліметтер базасында сақтауы тиіс кез – келген ерекше объект. Мән болып адамдар, орындар, ұшақтар, рейстер, иіс, түс және т.б табылады. Мән типі мен экземпляры секілді ұғымдарды айыра білу қажет. Мән типі ұғымы біртекті тұлғалар, заттар, жиындар немесе идеялар жинағына тиісті. Мән экземпляры жинақтағы нақты затқа тиісті. Мысалы, мән типі ҚАЛА, ал экземпляр –МӘСКЕУ, КИЕВ болуы мүмкін. Атрибут- мәннің атаулы сипаттамасы. Оның атауы нақты мәнтипі үшін тамаша, ал мәндердің түрлі типі үшін бірдей болуы мүмкін.

Атрибуттар мән жайлы қандай ақпараттың жиналатындығын анықтау үшін қолданылады. Автокөлік мәні үшін атрибуттар мысалдар болып, ТИП, МАРКА, НӨМІРЛІК БЕЛГІ, ТҮС және т.б табылады. Мұнда тип пен экземпляр арасында ерекшелік бар. ТҮС атрибутының типі көптеген экземплярға немесе мәндерге ие: ҚЫЗЫЛ, КӨК, АҚ және т.б., дегенмен әрбір мән экземплярыеа тек бір ғана атрибут маңызы тағайындалады. Мәндер мен атрибуттар типтері арасындағы абсолюттік ерекшелік болмайды. Атрибут тек мән типтерімен байланысты болып табылады. Басқа контекстте атрибут өзіндік мән ретінде болуы мүмкін. Мысалы, автокөлік зауыты үшін түс – бұл тек өндіріс өнімінің атрибуты ғана, ал лак бояу фабрикасы үшін түс – мән типі.

Кілт – маңызы бойынша қажетті мән экземплярын біржақты табуға болатын атрибуттардың минималды жинағы. Минималдылық жинақтан кез – келген атрибутты шектеудің қалғандары бойынша мәнді идентификациялауға мүмкіндік бермейтіндігін көрсетеді. Мән үшін кілт кестесі болып рейс номері немесе жинақ табылады: Жіберу пункті, ұшу уақыты мен тағайындау пункті.

Байланыс – екі немесе одан да көп мәндерді біріктіру. Егер де мәліметтер базасының тағайындамасы тек жеке, өзара байланыспаған мәліметтерді сақтау ғана болса, онда оның құрылымы өте қарапайым болады. Дегенмен мәліметтер базасын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптардың бірі – бұл бір мәнді екіншісінің маңызы бойынша іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Шынайы мәліметтер базасында жүздеген немесе тіпті мыңдаған мәндер жиі болғанымен, теориялық түрде олардың арасында миллионнан астам байланыстар анықталуы мүмкін. Мұндай көптеген байланыстардың болуы инфологиялық модельдердің күрделілігін анықтайды.

Инфологиялық модельдерді құру кезінде ER-диаграммалар тілін (ағылшынша ENTITY- RELATIONSHIP-мән-байланыс) тілін пайдалануға болады. Ондағы мәндер белгіленген тікбұрыштармен, ассоциациялар-ромбылармен немесе алтыбұрыштармен, атрибуттар- сопақшалармен, ал олардың арасындағы байланыстар – бағытталмаған қабырғалармен кескінделеді. Мән атауын барынша өрнектеп, дұрыс түсіну үшін ол осы типтегі нақты объектті мысалдарымен көрсетілуі мүмкін.

Төменде Шереметьево және Хитроу мысалдық объектілермен ӘУЕЖАЙ мәні кескінделген:

Мысалы, екі мән, айталық А және В арасында байланыстырудың төрт түрі болуы мүмкін: Бірінші тип – бірге бір байланысы: Әрбір уақыт сәтінде А мәнінің әрбір өкіліне В мәнінің 1немесе 0 өкілдері сай келеді: Студент стипендияны “ақтамай” , қарапайым немесе жоғары стипендиялардың бірін алуы мүмкін. Екінші типі – көпке біреу байланысы: А мәнінің бір өкіліне 0,1 немесе В мәнінің бірнеше өкілдері сай келеді. Пәтер бос болуы да, онда бір немесе бірнеше тұрғын да тұруы мүмкін. Мұнда екі мән арасында қос бағыттағы байланыс болуы мүмкін; онда тағы екі біреуге көп және көпке көп байланыс типі болуы мүмкін.

Байланыс екі мәнді байланыстырушы сызық түрінде ұсынылады. Бұл мәндер байланыстыру “қиылысу” орнына мән үшбұрышына үшнүктелік кіру қолданылады. Байланыстардың міндетті ұшы тұтас сызықпен, ал міндетті емесі – үзік сызықпен өрнектеледі. Өрнектелген мысалдағы билет және жолаушы мәндері арасындағы байланыс билеттер мен жолаушыларды байланыстырады. Бұл кезде “үшін” атауы бар мән ұшы бір жолаушымен бірден көп билетті байланыстыруға мүмкіндік береді, мұнда әрбір билет қандай дабір жолаушымен байланысуы тиіс.

Кескінделген диаграмманың локалды ауызша трактовкасы болып мыналар табылады:

  • Әрбір билет тек бір ғана жолаушыға арналған;

  • Әрбір жолаушы бір немесе одан да көп билетке ие болуы мүмкін.

Келесі мысалда Адам мәнін байланыстырушы рекурсивтік байланыс кескінделген. “Бала” атауы бар байланыс ұшы бір әкеде бірден көп баланың болу мүмкіндігін анықтайды. “Әке” атауы бар байланыс ұшы әрбір адамда баланың бола бермейтіндігін көрсетеді.

Кескінделген диаграмманың локалды ауызша трактовкасы болып мыналар табылады:

  • Әрбір адам бір ғана адамның баласы болады; Әрбір адам бір немесе одан да көп адамдардың әкесі бола алады.

Осыған байланысты ER- диаграммалар тілі кішігірім моделдерді тұрғызу мен жекелеген фрагменттерді суреттеу үшін қолданылады. Мәндер жіктемесі К.Дейт мәндердің үш негізгі классын анықтайды: серіппелік, ассоциативтік және сипаттамалық, сонымен бірге –ассоциативтік мәндер –өрнектеулер класшасы. Серіппелік мән – бұл тікбұрышқа орналастырылған атаудың тәуелсіз мәні.

Ассоциативтік мән (ассоциация) – бұл екі немесе одан да көп мәндер мен мән экземплярлары арасындағы “көпке–көп түріндегі ” байланыс . Ассоциациялар толыққанды мән ретінде қарастырылады: олар серіппелі мәндер секілді басқа ассоциациялармен өрнектеулерге қатысуы мүмкін; байланыстарды көрсету үшін қажет кілт атрибуттар жинағына ғана емес , байланысты сипаттаушы басқа да атрибуттардың кез–келген санына ие болуы мүмкін. Сипаттамалық мән – бұл екі мән арасындағы “көпке –көп” немесе “бірге–бір” түріндегі байланыс (жеке ассоциация жағдайы). Қарастырылушы пән облысы шеңберіндегі жалғыз мақсат кейбір басқа мәндерді суреттеу мен нақтылаудан тұрады. Оларға қасиеттілік шынайы әлем мәнінің кейде көп мәнді қасиетке ие болуына байланысты туындайды. Еркекте бірнеше әйел, кітап та – бірнеше қайтабасылым сипаттамалары (түзету,толықтыру,қайта өңдеу) болуы мүмкін. Сипаттаманың болуы сипатталатын мәнге толығымен тәуелді: әйелдер егер күйеуі өлсе жұбай статусынан айырылады.

Сипаттама (сипатталушы мәндер тізімі). Өрнектеуші мән немесе өрнектеу – бұл екі мән арасындағы “бірге –көп” немесе “бірге–бір” түріндегі байланыс және өрнектелуші мәнге тәуелсіз сипаттамалардан ерекшкленеді. Мекеменің түрлі бөлімдеріне қызметкерлерді алумен байланысты мысалды қарастырайық. Қатаң тәртіптер болмаған кезде жұмысқа алу ассоцияциясы бар жазбаны жасау қажет: Бөлімдер(бөлім нөмірі, атауы..) Қызметкерлер(табельдік нөмір, фамилия..)қызметке тұрғандар(бөлімдер мб қызметкерлер №)(бөлім нөмірі, табель нөмірі, жұмысқа алу күні).

Қызметкерлердің әрбір бөлімдердің біріне міндетті түрде алыну тиіс болған жағдайда , қызметкерлер өрнектеуі бар жазба жасауға болады: Бөлімдер(Бөлім нөмірі, атауы..) Қызметкерлер (табельдік нөмірі, фамилия,.., бөлім нөмірі, жұмысқа тұру күні) (Бөлімдер).

Бұл мысалда қызметкерлер тәуелсіз болуға ие. Сондықтан олар бөлімдер сипаттамасы және өрнектеулер атауы бола алмайды. Өрнектеулерді үлкен мәтіндік атрибуттардың қайталанушы мәндерін сақтау үшін қолданады: кодификаторлар; студенттер оқитын пәндер мекеме немесе оның бөлімдерінің атауы, тауарлар тізімі. Өрнектеулер жазбасы сипаттамалар жазбасынан тік жақшаларға алынуымен сырттай ерекшеленеді.

Өрнектеу (1 атрибут, 2 атрибут,..) [өрнектелуші мәндер тізімі ].

Тәртіпке сай, өрнектеулер қандайда бір қателікке алып келмесе де толыққанды мән ретінде қарастырылмайды. Дегенмен олар мәндердің жекелеген жағдайлары түрінде болып, өзіндік сипаттамаларға ие болады. Сонымен бірге сипаттамалардың барлық экземплярларының міндетті түрде қандай бір сипатталушы мәнмен байланысты болу қажеттілігін атап өтейік. Дегенмен, сипатталушы мәндердің кейбір экземплярларының байланысқа ие болмауына жол беріледі. Егер бұл некеге қатысты болса, онда «күйеу» мәні «еркек» мәнімен алмастырылады.

Енді ассоцияцияда, өрнектемеде, сипаттамада болып табылатын мән ретінде серіппелі мәнді алдын-ала анықтайық. Мұндай мәндер тәуелсіз болуға ие. Қорытындыда тағам олардың күнделікті тұтынылуы, өнімдер, олардан дайындалатын тағамдармен осы өнімдерді жеткізушілер жайлы ақпараттар сақталуы тиіс «тағам» мәліметтер базасының инфологиялық моделін құру мысалын қарастырайық. Ең кең таралған реляциялық мәліметтер базасы ретінде «Кесте – байланыс» инфологиялық моделдеу тілін ұсынуға болады. Ол 3 –кестеде келтірілген. Онда барлық мәндер мән атауы және типінен тұратын тақырыпшалар бар бір бағанды кестелермен кескінделген. Кесте қатарлары - бұл мән атрибуттарының тізімі, ал біріншілік кілтті құраушылар қатармен орналасып, шеңбермен қоршалған. Мәндер арасындағы байланыстар біріншілік кілттерден немесе оларды құраушылардан бағытталған бағдаршалармен көрсетілген.

Даталогиялық модель. Мәліметтердің инфологиялық моделін құрғаннан соң даталогиялық моделді жобалаудың мынадай қадамдарын орындау қажет.

  1. Мәліметтер базасы кестесімен (базалық кестемен) серіппені(шиыршықты) (тәуелсіз мәнді ) ұсынып, осы базалық кестенің біріншілік кілтін спецификациялау қажет.

  2. Әрбір ассоцияцияны (мәндер арасындағы «көпке-көп» немесе «көпке-көпке- көп» түріндегі байланысты) базалық кесте түрінде ұсыну қажет. Осы кестеде сыртқы кілттерді ассоцияцияға қатысушыларды идентификациялау үшін қолданып, осы сыртқы кілттердің әрбірімен байланысқан шектеулерді спецификациялау қажет.

  3. Әрбір сипаттаманы суреттеуші мәнді идентификациялаушы сыртқы кілті бар базалық кесте ретінде ұсыну.

  4. Алдыңғы пунктте қарастырылмаған әрбір өрнектеуді өрнектелуші мәнді идентификациялаушы сыртқы кілті бар базалық кесте ретінде ұсыну.Мұндай әрбір сыртқы кілтпен байланысқан шектедуі спецификациялау.

  5. Мәнді көрсетуші базалық кестеде өріс ретінде әрбір қасиетті ұсыну.

  6. Жобада нормалаудың қандай да бір принциптерінің бұзылуын шектеу үшін, нормалау жұмыстарын орындау қажет . Нормаландыру - бұл процесті екі немесе одан да көп кестелерге бөлу. Нормалаудың соңғы мақсаты әрбір факты бір ғана орынды көрініс беретін мәліметтер базасыжобасын алудан тұрады. Бұл жадыны үнемдеу мақсатында емес, сақталушы мәліметтердің мүмкін қарама-қайшылығын шектеу үшін жасалады.

Нормалау тәртібі бойынша жобаланған мәліметтер базасы жинақы қарапайым кестелер санынан құралып , ол мәліметтердің артықша мөлшерін кемітіп, сақтау үшін қажетті кеңістік көлемін арттырады.

  1. Нормалау процесінде қандай да бір кестелерді бөлу жүргізілсе, онда мәліметтер базасының инфологиялық моделін модификациялап, қадамдарды қайталау қажет.

  2. Жобаланушы мәліметтер базасының тұтастығының шектелуін көрсетіп, алынған кесте мен оның өрістерінің қысқаша сипаттамасын беру қажет. Сілтемелік тұтастық - бұл байланысқан кестелер жазбасы арасындағы қатынастар түзулігіне кепілдік беретін және өзара байланысқан мәліметтердің бөліктерінің кездейсоқ жойылу немесе өзгеру мүмкіндігін шектейтін тәртіптер жүйесі. Сыртқы кілті бар кестенің әрбір қатары үшін сілтемелік тұтастық біріншілік кілті бар кестеден сәйкес қатарлардың болуын қанағаттандырады. Сілтемелік тұтастықты периодты түрде тексеру мәліметтер базасының эволюция шамасы бойынша өмірлік маңызды мәліметтердің түзетілген және қол жетімді болып қалатындығына көз жеткізуге көмектеседі. Сілтемелік тұтастық кестедегі сәйкес мәндердің өзгеруі бойынша операцияларды қамтиды.

Деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) түсіндіріңіз. Негізгі функцияларын анықтаңыз. Деректерді интеграциялау концепциясына негізделген қазіргі ақпараттық жүйелер үлкен көлемді және құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар көптеген пайдаланушылардың әртүрлі деңгейдегі талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Кеңінен түсіндірер болсақ, деректер базасы дегеніміз – шынайы өмірдегі белгілі бір сала бойынша бар объектілер жайлы мағұлматтар жиынтығы. Шынайы өмірдің бір бөлігін пәндік аймақ деп айтуға болады. Бұл бөлік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін және соңында оның жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу орындары және т.б. Деректер базасын құрғанда пайдаланушы әртүрлі белгілері бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты деректер құрылымы тәртіптелген жағдайда ғана жүргізуге болады.

Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі программалар жиыны бар: Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, InterBase, Oracle. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір үлкен файлды қолданады.

Деректер базасы – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ.

Деректер қорының классификациясын көрсетіңіз.

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер қоры орталықтандырылған және бөліктенген болып екіге жіктеледі.

Орталықтандырылған (база) деректер қоры есептеуіш жүйенің бір жадысында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе ЭЕМ-нің компоненті болып табылса, онда мұндай базаға бөліктенген рұқсат мүмкін болады. Деректер қорының қолдануының мұндай әдісі дербес компьютерлердің (ДК) локальді желілерінде жиі қолданылады, [2].

Бөліктенген деректер қоры есептеуіш желінің түрлі ЭЕМ-дерінде сақталатын, бір-біріне қиылысушы немесе қайталанушы бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс жасауды бөліктенген деректерқорын басқару жүйесі (БДҚБЖ) көмегімен жүзеге асыруға болады.

Деректерге рұқсат алу әдісі бойынша деректер қоры: локальді рұқсатты деректер қоры алыстатылған (желілік) рұқсатты деректер қоры болып бөлінеді.

Желілік рұқсатты орталықтандырылған деректер қоры жүйесі сол сияқты жүйелердің түрлі архитектурасын ұсынады:

– файл-сервер;

– клиент-сервер.

Файл-сервер. Желілік рұқсатты ДҚ жүйесінің архитектурасы желі машинасының біреуі орталық ретінде бөлінетінін болжайды. Мұндай машинада бірлесіп қолданылған орталықтандырылған ДҚ сақталады. Барлық басқа желі машиналары жұмыс станцияларының функцияларын орындайды. Қолданушылар жұмыс станцияларында монопольді түрде қолданатын локальді ДҚ-ларды құрады. Файл-сервердің концепциясы шартты түрде 1.2- суретте көрсетілген.

1.2 - сурет – ДҚ-ақпаратты файл-сервер принципі бойынша өңдеу схемасы

Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталық машина орталықтандырылған деректер қорын сақтаудан басқа деректерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз етуі қажет. Клиент арқылы мәліметтерге сұраныс, сервердегі деректерді шығару және іздеуді тудырады. Шығарылған деректер(бірақ файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке транспортталады. Клиент-сервер концециясы шартты түрде 1.3-суретте көрсетілген.

1.3 - сурет – ДҚ-да ақпаратты клиент - сервер принципі бойынша өңдеу

Деректер қоры өріс, жазба, файл (кесте) сияқты структуралық элементтермен тығыз байланысты.

Өріс (алаң) – ақпараттың бөлінбейтін бөлігіне, яғни реквизитіне сәйкес келетін мәліметтердің логикалық ұйымының элементарлы бірлігі. Өрістерді (алаңдарды) суреттеу үшін келесі сипаттамалар қолданылады:

– аты (имя), мысалы: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы;

– типі (тип), мысалы: символды, сандық, календарлық;

– ұзындық (длина), мысалы: 15 байт сонымен бірге символдардың ең үлкен санымен анықталады;

– дәлдік (точность) сандық мәліметтер үшін, мысалы: санның бөлшек бөлігін бейнелеу үшін екі ондық санақ белгісі 1.2 -кестеде көрсетілген.

1.2-кесте – ДҚ-ның негізгі структуралық элементтері

Өріс1 (аты)

Өріс2 (аты)

Өріс3 (аты)

Өріс4 (аты)

Өріс Жазба

Жазба дегеніміз – логикалық байланысқан өрістердің жиынтығы. Жазба экземпляры – жазбаның өрістерінің тұрақты мағынасын ұстап тұратын бөлек реализация.

Файл (кесте) – бір структураның жазба экземплярларының жиынтығы.

Жазба файлдарының логикалық структураларының суреттелуі өріс жазбаларының тізбектей орналасуынан және олардың негізгі сипаттамаларынан тұрады. Мысалы, 1.3-кестеде көрсетілген.

1.3-кесте – Файл жазбаларының логикалық структурасының суреттелуі

Файл аты

Өріс

Кілт

Белгісі

Өріс форматы

Аты (мағынас)

Толық аталуы

Типі

Ұзындығы

Дәлдігі

Аты 1

...

Аты n

Программалаудағы қолданылатын, кез-келген деректер өздерінің типі болады. Реляциялық модель қолданылатын деректер типі қарапайым болуын талап етеді.

а) деректердің қарапайым типі;

б) деректердің құрылымдық типі;

в) деректердің сілтеме типі.

Байланыс типтері. Барлық тақырыптық облыстағы ақпараттық объектілер өзара байланысқан.

Байланыстың бірнеше түрлері бар:

– бірден бірге (1:1);

– бірден көпке (1:К);

– көптен көпке (К:К).

1-ге 1 байланысы. Бір кестенің бір жазбасы екінші кестенің бір жазбасына сәйкес келеді. Бірден бірге байланысы 1.4-суретте көрсетілген.

1.4 - сурет– Бірден бірге байланысы

Бірден көпке байланысы - 1- ші кестенің бір жазбасына 2-ші кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келеді. 1-ші кестенің жазбасы қайталанбауы керек.Бірден көпке байланысының көрінісі 1.5-суретте көрсетілген

1.5 - сурет – Бірден көпке байланысы.

Көптен көпке байланысы. Бірінші кестенің бірнеше жазбасына екінші кестенің бір жазбасы сәйкес келеді.

Көптен көпке байланысының көрінісі:

1.6-сурет – Көптен көпке байланысы.

ДҚ-ның жұмыс технологиясының жалпы қорытындысын негізгі этап ретінде былайша бөлуге болады. Схемасы 1.7-суретте көрсетілген:

– деректер қоры кестенің структурасын құру;

– кестедегі мәліметтерді енгізу және өзгерту;

– кестедегі мәліметтерді өңдеу;

– ақпаратты мәліметтер қорынан шығару.

1.7 - сурет – ДҚБЖ-дағы жұмыс технологиясының жалпы қорытындысының схемасы

Әрбір нақты ДҚБЖ – ның өзінің ерекшелігі болады. Оны міндетті түрде есте сақтау қажет. Алайда кез-келген ДҚБЖ-ның функциональдық мүмкіндігін көре отырып осы ортадағы қолданушының жұмыс технологиясының жалпы қорытындысын алдымызға келтіруге болады.

Microsoft Access кестелерін өңдейтін негізгі функциялар және командаларды түсіндіріңіз (құру, модификациялау және кесте құрылымын көшіру, кесте ашу, жазба қосу, көру, өңдеу, жазба өшіру, өріс мәндерін алмастыру, кестелерді және файлдарды көшіру). Кестемен жұмыс жасайтын функцияларды анықтаңыз. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) барлық классикалық қасиеттеріне Microsoft Access МҚБЖ ие. Microsoft Access - МҚБЖ ішіндегі ең қарапайымы, қолайлысы. Access-тің ең қуатты құралдарына шеберді жатқызуға болады. Шебер көмегімен кестелер, сұраныстар, формалар құруға, электронды кестелерді енгізуге, мәліметтер құрылымдарын талдауға, қосымшалар құрып, олардың жылдамдықтарын арттыруға болады. Қосымшалардың жұмысын автоматтандыру үшін макростар қолданылады. Үлкен мәліметтер қорын формалар мен есептерді, кестелерді байланыстыра отырып, бір де бір команда жазбай құруға болады. Егер күрделі өте үлкен мәліметтер қорларын құрсаңыз Visual Basic программалау тілін қолдану мүмкіндігі де бар.

Microsoft Access МҚБЖ қолданыс облыстарына келесілерді жатқызуға болады:

  • Кіші бизнесте (бухгалтерлік есепте, тапсырыстарды енгізуде, тұтынушылар жайлы ақпараттарды енгізгенде т.б);   

  • Үлкен ұйымдарда (жұмыс топтарын тіркейтін қосымша, ақпаратты өңдеу жүйесі); 

Жеке МҚБЖ ретінде (адрестер бойынша көмекші құрал, кітаптар тізімі т.б ).

MS Access МҚ жүктегенде келесі терезе ашылады. Файл – Құру (Создать) – Жаңа МҚ (Новая БД) командасын орындаймыз: (Сурет 1)

Сурет 1. MS Access Негізгі терезесі

Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері мен касиеттері анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі беті­н­ ашып, Құру (Создать) батырмасына шертсек, 1 сурет­те көрсетілген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.

1 сурет. Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі

Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кес­­те құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің мар­калары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab және Shіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады. Мән­дер­ді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесі­н­де кестеге ат беруге болады (стандартты ат – Кесте 1), сонымен қатар автомат­ты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс – реттік нөмірлер де көрсетіледі. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады (2 су­рет).­ Өрістердің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түр­де анықталады.

3. Конструктор режимінде кесте құру

Кестені құру барысында Конструктор режимін таңдап кесте өрістерінің сипттамасын анықтайық. Мұнда әрбір өріске ат беріп мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін анықтау керек.

Мысалға объект ретінде автомобильді алайық. Бұл объектінің өрістерінің сипатта­масы 2 кестеде келтірілген.

К

онструктормен жұмыс істеу терезесі 3 суретте келтірілген. Курсор “Мәліметтер типі” графасына түскенде бағыттауыш тілсызық пайда болады, оны бассақ, мүмкін болатын барлық мәлі­мет­тер типінің тізімі шығады. Суретте бұл тізім “Бағасы” өрісі үшін көрсетіліп тұр. Төмендегі “Жалпы” ішкі бетінде өріске шектеулар, алғашқы мәндер тағайындауға болады, мысалы мәтіндік типті өрістер үшін оның енін (мөлшерін – размерін) көрсету: “Нөмір” өрісі үшін 7 байт, “Марка” және “Түс” өрістері үшін – 10 байттан алуға болады. “Нөмір” және “Иесінің коды” өрістері үшін міндетті өріс (иә) белгісін ор­натуға болады, яғни оларды бос қалдыруға болмайды.

4 сурет. “Алмастыру (Подстановка)” ішкі бетімен жұмыс істеу

2 кесте “Авто” кестесінің өрістері

ӨРІС АТЫ

МӘЛІМЕТ­ТЕР ТИПІ

СИПАТТАУ

Автокоды

Санауыш

Автомобиль идентификаторы

Нөмір

Сандық

Автомобиль нөмірі

Маркасы

Мәтіндік

Түсі

Мәтіндік

Бағасы

Сандық

Бағасы, $-мен

Шыққан жылы

Дата/Уақыт

Автомобиль шыққан күні

Қуаттылығы

Сандық

Қуаттылығы, ат күшімен

Зауыт коды

Сандық

Иесінің коды

Сандық

Сатып алған күні

Дата/Уақыт

Алмастыру” ішкі бетімен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырайық. “Түс” өрісімен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін “Авто түсі ” деген өрісі бар “Авто түсі” анықтамалық кестесін құрайық. Бұдан кейін “Алмастыру” ішкі бетінде “Авто” кестесінің “Түс” өрісі үшін қажетті тағайындауларды орнатайық. “Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімді өріс” (Поле со списком) мәнін таңдаймыз. “Жолдар шыққан жерінің типі” (Тип источника строк) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін береміз. “Жолдар шыққан жері қасиеті үшін “Түс (Цвет)” кестесін алып, “Қосылған бағана” (При­сое­диненный столбец) мен “Бағана сандары” мәндері ретінде 1-ді көрсетейік. Осы мысалмен Конструкторда жұмыс істеу кезі 4 суретте көрсетілген. “Авто” кестесіне мәліметтер ен­гізу үшін мәліметтер базасы терезесінде бұл кестені белгілеп алып, “Ашу (Открыть)” батырмасын шерту керек. Кестедегі “Авто ко­ды” өрісі санауыш болып табылады, оған мәлімет енгізілмейді, ол автоматты түрде толтырылады. “Түс (Цвет)” өрісінде ашылған тізім шығады, одан керекті мәндерді алуға болады (5 сурет).

“Марка” өрісімен жұмыс істеу қолайлы болу үшін, ішінде “Марка коды” және “Авто маркасы” сияқты 2 өрісі бар, “Авто маркасы ”анықтамалық кестесін құрайық. ”Авто” кестесінде ”Мар­­­­­­ка” өрісі үшін керек­ті “Алмастыру” (Подстановка) жаса­йық. “Элементтер басқару типі” (Тип элемента управления) қа­­сиет­тер үшін “Тізімі бар өріс” (Поле со списком) мәнін таңдап алайық. “Жолдардың шығу көзі” (Тип источника строк) қасиеттеріне “Кесте/сұраныс” (Таблица/запрос) мәнін таңдап алайық, “Авто маркасы” өрісінің құрамын енгізетін сұраныс құ­ра­йық. “Жолдардың шығу көзі” (Источник строк) қасиетінде көп нүктесі бар квадратты шертеміз, одан кейн сұранысты құрастыратын терезе ашылады. Бұл терезеге кесте атын енгізіп, сол кестеден мәліметтер алынады және өріс аты соның мәндерін таңдау үшін пайдаланылады. Сұрыптау реттілігін де бе­ру­­ге болады, онда мәліметтер бастап­қы кестеде сақталған түрінен басқаша түрде реттеліп көрсетіледі.

Жолдардың шығу көзі” (Источник строк) қасиетінде SQL тілінде құрылған сұраныс пайда болады. Сұраныстар құ­руға 6 жұмыста кеңірек тоқталамыз. “Қосылған бағана” (При­сое­диненный столбец) және “Бағана саны” (Число столбцов) қасиеттері үшін 1 мәнін береміз. 6 суретте “Ал­мастыру”(Подстановка) ішкі бетінде “Марка” өрісі қасиеттерін беру үшін қолда­ны­ла­тын Сұраныстарды құрастырушы (Построитель запросов) келтірілген.

Шебердің бетперде құрудағы мүмкіндіктерін қарас­ты­ра­йық. “Авто” кестесі үшін Конструктор режиміне кіріп, “Шыға­рылған күні” өрісі үшін осы шеберді шақырайық. 8 суретте сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген, мұнда мерзімді көр­сету үшін формат таңдау қажет, ал 9 суретте сұхбаттасудың 2-ші қадамы келтірілген, мұнда таңдалынған форматқа сәйкес мерзімді енгізу үшін құрылған бет перде көрсетілген.