Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭ информатика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.29 Mб
Скачать

1. WordPad текстік редакторы.

WordPad редактор текстік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда мүмкіндігі төмендеу.

Редакторды іске қосу үшін Іске қосу (Пуск), Программалар (Программы, Стандартты (Стандартные), WordPad командасын орындау қажет.

WordPad редакторы текстік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

2. Блокнот.

Блокнот – кішігірім текстік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым текстік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу, бірақ жылдам істейді.

Оның бір талассыз жақсы жағы бар – ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді.

Блокнот тексті форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды құрады, дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, редакциялау немесе модем арқылы басқаларға жіберілетін тексті дайындау кезінде де бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

3.Paint графикалық редакторы.

Графикалық редактор – графиктік бейне түріндегі суреттер салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Paint – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Бұл программа едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттер, схемалар, сызбалар салуға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапйым құрал-жабдықтар (инструменттер) бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графиктік форматында сақталады.

4. Калькулятор.

Калькулятор программасы – бүгінгі күндері тіпті төменгі класс оқушылары да көптеп қолданатын компьютерлік калькулятор болып табылады.

Программа екі режимде жұмыс істейді:

  • стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим;

  • ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) режимі.

Есептеуге қажет сандар тышқанмен немесе пернелер көмегімен енгізіледі. Енгізілген цифрлар мен есептеулер нәтижесі индикатор бетіне шығарылады.

5. Сағат.

Сағат – Windows ортасының ағымдағы уақыт пен мерзімді (датаны) көрсету үшін қолданылатын ең қарапайым программасы.

Сағат программасының экраны екі қалыптың бірінде болуы мүмкін:

  • тақырып қатары және менюі бар;

  • тек тақырып қатары ғана шығады, ал меню қатары жасырын күйде болады.

Бір күйден екіншісіне ауысу үшін тышқан жұмыс аумағында тұрғанда, оны екі рет сырт еткізу керек.

Сағат кәдімгі циферблаты мен тілдері бар күйде немесе тек сан арқылы уақытты көрсететін индикатор (цифрлық) күйінде бола алады. Оның сыртқы көрінісін Параметрлер менюі командаларымен өзгертуге болады.

Microsoft Windows-тың қызметші қосымшаларымен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз: Format, ScanDisk, Defrag.

Microsoft Windows-та пайдаланушының жұмыс ортасын баптауды түсіндіріңіз. Программаларды орнату және өшіру.

Windowsқосымшалары арасында мәліметтер алмасуды түсіндіріңіз. DDE және OLE технологияларын сипаттаңыз. WYSIWYG принципін түсіндіріңіз.

Антивирустық программаларды анықтаңыз. Файлды архивтеуді түсіндіріңіз.

Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.

Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар:

- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi;

- Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi;

- Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады;

- Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды;

- Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т.б.

Вирустар орналасу орындарына қарай желiлiк, файлдық және жүктелетiн болып жiктеледi. Желiлiк вирустар компьютерлiк желi арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетiн вирустар –дискiнiң жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердiң жүйелiк жүктелуiн құрайтын секторына (Master Boot Record) орналасады.

Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне қарай резиденттi және резиденттi емес болып екiге бөлiнедi. Вирус жұққан программа iске қосылғанда, резиденттi вирустың көшiрмесi компьютердiң жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған барлық программаларға жұғады. Резиденттi вирустар компьютер жедел жадында орын алып тұрады да, компьютер iстен шығарылғанға немесе қайта iске қосылғанға дейiн өз жұмысын атқарады. Резиденттi емес вирустар компьютердiң жадында орналаспайды және олардың жұмыс iстеу уақыты шектеулi болып келедi.

Вирустардың деструктивтi мүмкiндiктерiне қарай, яғни олардың атқаратын iс-әрекеттерiне байланысты оларды мынандай топтарға бөлуге болады:

- қауiпсiз вирустар әсерi дискiдегi бос орынның азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да эффектiлердiң кемуiмен шектеледi (оның тарау нәтижесiнде тек дискiнiң бос жады кемидi);

- қауiптi вирустар компьютердi жұмысынан жаңылыстыратын көңiл аударарлық зиянды әрекеттер туғызады;

- өте қауiптi вирустар әсерiнен көптеген программалар, мәлiметтер, жедел жадының жүйелiк аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажеттi ақпараттар жойылып кетедi.

Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай оларды мынадай да топтарға бөлуге болады:

- компаньон-вирустар (companion) – файлдарды өзгертпейтiн вирустар, бiрақ олар осы атқарылатын .EXE-файлға ұқсас кеңейтілмесі .COM болып келетiн орындалатын файлдар жасап шығарады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшiн XCOPY.COM атты тағы бiр файл пайда болады. Вирус осы .СОМ-файлға жазылады да, .ЕХЕ-файлды өзгертпейдi. Бiрақ XCOPY файлын орындау қажет болғанда, алдымен вирусы бар .СОМ-файл орындалып, тек сонан кейiн ғана .ЕХЕ-файл орындалады.

- құрттар (worm) – компьютерлiк желi арқылы таралатын және компаньон-вирустар сияқты файлдарды, дискiдегi секторларды өзгертпейтiн вирустар. Бұлар желi арқылы компьютердiң жадына орнығып алады да, басқа компьютерлердiң желiлiк адрестерi бойынша өз көшiрмелерiн таратады. Кейбiр жағдайларда мұндай вирустар дискiлер жүйесiнде жұмыс файлдарын құрып алғанмен олар компьютер жадынан өзге ресурстарын пайдаланбайды.

- “паразиттiк“ топқа кiретiн вирустардың әсерi тиген дискiлiк секторлар мен файлдардың мазмұндары өзгерiп кетедi. Құрт немесе компаньон-вирустарға жатпайтын басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi;

- “студенттiк“ – вирустарға болар болмас әсер ететiн, резиденттi емес, қателер саны өте көп вирустар тобы кiредi;

- “стелс“- вирустары (көрiнбейтiн вирустар, stealth) дамыған программалар тобына жатады, зақымдалған файлдар өңделуге тиiс сәттерде олардың орнына мәлiметтердiң ауру жұқпаған бөлiктерiн орналастырып, оларды да зақымдай бастайды. Оның үстiне бұл вирустың жұғу алгоритмi күрделi, әрi жоғарғы деңгейде болғандықтан антивирустық программаларға оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес;

- полиморфик – вирустар (өздiгiнен өрбитiн немесе елес-вирустар) – өте қиын табылатын вирустар тобына жатады. Көп жағдайларда бiр полиморфик-вирустың екi түрлi бейнесi бiр-бiрiне сәйкес келмейдi.

-макро-вирустарға – мәлiметтердi (мәтiндiк редактор және электрондық кестелер) өңдеу жүйелерiне ендiрiлген макротiлдердiң мүмкiндiктерiн пайдаланатын вирустар тобы жатады. Қазiргi кезде Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдiретiн макровирустар көп тараған.

Кейбiр вирустардың таралуы әсерiнен программалардың жойылуы, мәлiметтердiң немесе жадының жүйелiк аймақтарында жазылған ақпараттардың өшiп қалуы сияқты қолайсыз жағдайлар кездесiп отырады. Осыларды болдырмау үшiн немесе бола қалған күнде де олардан арылу мақсатында вирустармен күресуге арналған арнайы антивирус, яғни вирустарға қарсы күресетiн программалар қолданылады.

Антивирустық программалар – компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы программалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған программалар.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын антивирустық программалар: Aidstest, DrWeb, NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т.б.

Жұмыс барысында антивирустық программалар:

-  жедел жадты (DOS, XMS, EMS);

-  архивтелген (сығылған) барлық файлдарды;

-  жүйелiк секторларды (Master Boot Record), жүктелушi секторды (Boot-сектор) және дискiнi бөлу кестелерiн (Partition Table) тексередi;

- иiлгiш, жергiлiктi, желiлiк және CD-ROM дискiлерiн;

- обьектiлердiң өзгергенiн немесе өзгермегенiн және т.б. тексередi.

Антивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді:

Детектор-программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Доктор-программалар – вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді

Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейді.

Фильтр-программаларкомпьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.

Вакцина-программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

AVP программасын iске қосу үшiн бас менюдегi ПрограммаларAntiviral Toolkit ProAntiviral Toolkit Pro командаларын орындаймыз. Егер бұл командалар жоқ болса, AVP антивирус программасын дискеттен орнату керек. Бұл программа iске қосылған мезетте жедел жады резиденттi вирустардан және антивирус программасының өзiн вирусқа тексередi (AVP32.EXE файлы).

AVP программасы iске қосылғаннан кейiн вирусты тексеру объектiсiн және тексеру параметрлерiн тағайындау мүмкiндiгiн беретiн терезе ашылады. Бұл терезе Файл, Вирустарды iздеу және “?” белгiсi бар – үш мәзір командаларынан Аймақ, Объектiлер, Iс-әрекет, Баптау, Статистика деген бес iшкi беттен тұрады.

Вирусқа тексеру үшiн “Аймақ (Область)“ астарлы бетiнде тексерiлетiн объектiнi немесе бумаларды көрсеткеннен кейiн Iске қосу батырмасын басамыз. Дискiнi немесе бумаларды таңдау үшiн қажеттi объектiде тышқанды екi рет шертемiз немесе “бос орын“ пернесiн басамыз. Дискiнi жылдам таңдау үшiн қажеттi дискiнiң жалаушасын көтеру керек. Егер тексерiлетiн тiзiмге жаңа буманы қосу қажет болса, Буманы қосу батырмасында тышқанды шертемiз де, ашылған терезеде қажеттi буманы көрсетемiз. Егер тексеру жүрiп жатқан кезде оны тоқтату керек болса Тоқтату (Стоп) батырмасын шертемiз немесе Вирустарды iздеу мәзірiнiң Тексерудi тоқтату командасын орындаймыз. Тексеру аяқталған соң, жұмыс нәтижесiн көрсететiн Статистика астарлы бетi ашылады.

Программадан шығу үшiн, ФайлШығу командасын орындаймыз немесе орыс әрiптерiнiң регистрi қосылып түрған кезде <Alt> + <Ф> + <Ы> пернелер комбинациясын басуға да болады. Терезенi жабу батырмасын шерту немесе <Alt> + <F4> пернелерiн басу арқылы да программаның жұмысын аяқтауға болады.

Егер компьютерде өте құнды ақпараттар сақталған болса, олардың резервтi көшiрмесiн басқа дискеттерге немесе магниттi таспаларға жазып алған дұрыс, себебi ешқандай антивирустық программа ақпараттардың резервтi көшiрмесi сияқты сенiмдi бола алмайды.

Аймақ астарлы бетi тексеруге қажеттi дискiлердi: Жергiлiктi дискiлер (Локальные диски) – компьютердегi қатты дискiлердi, Желiлiк дискiлер (Сетевые диски) – желiдегi дискiлердi, Иiлгiш дискiлер (Флоппи- дисководы) – дискеттi таңдау мүмкiндiгiн бередi .

Қажеттi объектiнi ерекшелеп белгiлеген соң, тышқанның оң батырмасын шерту арқылы онымен жұмыс жасау мүмкiндiгiн беретiн жанама меню ашылады.

Аймақ астарлы бетiндегi ОбъектНәтиже терезесiнде қажеттi хабарды iздеу мүмкiндiгi бар. Ол үшiн <Ctrl> + <F> қос пернесiн басу арқылы iздеу режимiн қосамыз да, енгiзу қатарына қажеттi хабарды терiп жазамыз. Iздеу үшiн <F3> пернесiн басамыз немесе Табу батырмасын шертемiз. Iздеу терезесiнен шығу үшiн <Esc> пернесiн басу қажет. Хабарды iздеудi тексеру жүрiп жатқан кезде немесе ол аяқталуға жақындаған кезде, яғни хабар бар кезде жүргiзу керек.

Объектiлер iшкi (астарлы) бетiнде тексерiлетiн “Жады”, “Секторлар”, “Файлдар”, “Сығылған файлдар”, “Архивтер” объектiлерiнiң бiрiн көрсету керек. Егер осы объектiлердiң ешқайсысы да көрсетiлмесе, AVP программасы объектiнi көрсету қажеттiгi туралы мәлiмет бередi.

Тексерiлетiн файлдың типiн де көрсетуге болады. “Барлық файлдар” батырмасын шерту арқылы барлық файлдарды тексерген сенiмдiрек болады.

Вирустарды iздеу/емдеу әрекетiн бастамас бұрын, зақымданған және күмәндi объектiлердi бөлек бумаларға көшiрiп жазатын режимдi тағайындауға болады. Ол үшiн Iс әрекет астарлы бетiндегi “Бөлек бумаға көшiру” (Копировать в отдельную папку) қатарындағы жалаушаны көтеру керек. Бұл кезде бумалардың атын терiп жазу мүмкiндiгi берiледi, алдын ала (үнсiз) келiсiм бойынша зақымдалған объектiлер – “Infected”, ал күмәндi объектiлер – “Suspicious” бумаларына жазылады. Бұл бумалар AVP программасы жазылған орында сақталады. Ал бумалардың атын өзгерту қажет болса, командалық қатарда басқа атты терiп жазамыз.

Зақымдалған объект табылған мезетте, экранға сол объектiмен орындалатын iс-әрекеттi таңдау мүмкiндiгiн беретiн “Зақымдалған объект” сұхбат терезесi шығады. Егер “Бөлек бумаға көшiру” ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, онда бұл объектiлер басқа бумаға көшiрiледi.

Баптау астарлы бетiнде: Ескерту (Предупреждение) және Кодтың анализаторы (Анализатор кода) қосулы тұрғаны дұрыс. Вирус жоқ файлдарды тексеру (Избыточное сканирование) тәрiздi қосымша параметрлердi тағайындай аламыз. Сондай-ақ қосымша мынадай опцияларды көрсете аламыз: Бүлiнбеген таза объектiлер жөнiнде есеп беру (Отчет о чистых объектах), Қысылған объектiлер жөнiнде есеп беру (Отчет об упакованных объектах), Дыбыс эффектiлерi (Звуковые эффекты), Есептердi қадағалау (Слежение за отчетом). AVP жұмысының нәтижесiн файлға жазып алу үшiн енгiзу өрiсiне файлдың атын терiп жазамыз (үнсiз келiсiм бойынша бұл файлдың аты Report.txt болады).

Егер Iс-әрекет астарлы бетiндегi Емдеуге сұраныс (Запрос на лечение) ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, зақымдалған объект табылған мезетте Зақымдалған объект сұхбат терезесi ашылады.

Бұл сұхбат терезесiнде зақымдалған обьктiнiң аты, оны бүлдiрген вирустың аты және сол объектiмен орындауға болатын iс-әрекеттердiң тiзiмi шығады. Зақымдалған объектiмен орындалатын iс-әрекеттер:

-Тек қана нәтиже (Только отчет) – вирус табылған объект және сол вирус жөнiндегi мәлiметтер, яғни жұмыстың нәтижелiк есебiн бередi;

-Емдеуге сұраныс немесе Сұраныссыз емдеу (Запрос на лечение или Лечить без запроса) – зақымдалған объектiнi емдеу жолдары, мұның нәтижесiнде объектiдегi вирус өшiрiлiп, объектiнiң өзi түп нұсқасына сәйкес қалыпқа келтiрiледi;

-Сұраныссыз өшiру (Удалять без запроса) – зақымдалған файлды дискiден өшiру.

Кейбiр жағдайларда антивирус программалардың өзi вирусты емдей алмайды. Мұндай жағдайда аты көрсетiлген вируспен (NAME_VIRUS) ауырған объектiнi (NAME_OBJECT) емдеу мүмкiн еместiгi жөнiнде мәлiмет шығады.

Егер Иә батырмасы шертілсе бұл объект өшiрiледi де, емдеу мүмкiн емес барлық объектiлердi өшiрудi құптау жөнiнде мәлiмет шығады. Егер тағы да Иә батырмасын шертсек, барлық емдеу мүмкiн емес вирусқа шалдыққан объектiлер өшiрiледi. Жоқ батырмасын шертсек, Зақымдалған объект терезесiндегi “Барлық зақымдалған объектiлерге қолдану” жалаушасы белсенді болса, тағы да өшiрудi құптау жөнiндегi терезе шығады. Ал, бұл жалаушасы белсенді болмаса, қайтадан Зақымдалған объект сұхбат терезесi ашылады.

Егер жүйелiк секторлар (Boot, MBR, Partition Table) зақымдалған болса iс-әрекеттi таңдау кезiнде секторларды емдеуге тәуекел жасау үшiн, дискiнiң көшiрмесiн алудың дұрыстығы және емдеудi бастау жөнiнде сұрақ мәлiмет шығады. Егер Иә батырмасын шертсек, AVP программасы емдеудi бастайды, ал Жоқ батырмасын шертсек, тексеру жұмысы аяқталады.

WinRar және Backup программалары.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.

Архивтеу дегенiмiз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндк береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP, WinRar, WinZip, Backup және т.б. архивтеу программалары жатады.

Windows операциялық жүйесінде WinRar және WinZip архиваторлар кең тараған. WinRar архивтік программасының жұмысын қарастырайық, себебі .rar кеңейтілмесімен архивтелген файлдар Интернет желісінде кеңінен қолданылады.

Программаны жүктеген кезде программаның бейкоммерциялық қолданылуы тіркеусіз жүзеге асатыны, бірақ міндетті түрде Сіздің келісіміңізді қажет етеді, сондықтан шыққан сұхбаттық терезеде «Установить» командасын бассаңыз болғаны, программа үнсіздік бойынша ұсынылған дискіде орнатылады (1-сурет).

Келесі сұхбаттық терезеде программаға қатысты байланысқан типтегі кеңейтілмелерді және қажетті интерфейстерді белгілеуді сұрайтын сұхбатты терезе шығады. ОК батырмасын шерткеннен соң WinRar программасы орнатылған бума аты және өзіңізге қажетті Анықтама алуға мүмкіндік беретін сұхбаттық терезе шығады. Бұл терезеде Готово батырмасын шерткеннен соң Сіздің компьютеріңізде WinRar программасы орнатылады (2-сурет).

1-сурет.WinRar архивтік программасын орнату терезесі.

2-сурет. Архивтеу программасын орнату барысы.

Жұмыс үстелінде орналасқан LEK-1-kz.doc файлын осы программа көмегімен архивтеуді қарастырайық.:

1)Жұмыс үстеліндегі LEK-1-kz.doc файлын белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Шыққан сұхбаттық терезеде «Добавить в архив» немесе «Добавить в архив «LEK-1-kz.rar» » командаларының бірін таңдаймыз (3-сурет).

3-сурет. LEK-1-kz.doc файлын архивтеу.

2)Келесі сұхбаттық терезеде архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері таңдалады (4-сурет).

4-сурет.Архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері

3) ОК батырмасын шерткеннен соң архивтеу программасының орындалу барысының сұхбаттық терезесі шығады (5-сурет).

5-сурет. Архивтеу программасының орындалу барысы.

4) Жұмыс үстелінде архивтелген программаның таңбашасы шығады (6-сурет).

6-сурет. Жұмыс үстеліндегі архивтелген файл.

Қатты дискідегі мәліметтердің көшірмесін алу үшін Backup программасы қолданылады. Бұл программа операциялық жүйенi бастапқы орнату кезiнде қондырылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайда оны орнату керек.

Бұл программа ақпараттың резервтi көшiрмесiн құру және бұрын көшiрiлiп қойылған ақпараттарды қалпына келтiру мақсатында да қолданылады. Программаны iске қосу үшiн Бас мәзірде: ПрограммаларСтандарттыҚызмет программалары (Служебные программы) Backup (Архивация данных) қатарын таңдаймыз.

Программа iске қосылғаннан кейiн архивтеу, қалпына келтiру, файлдарды салыстыруға арналған үш астарлы беттен түратын Backup программасының терезесi ашылады (7-сурет). Әрбiр астарлы беттiң негiзгi бөлiгi Сiлтеуiш программасы терезесiнiң көрiнiсi сияқты болады және жоғарыда айтылған мақсатқа қолданылады.

7-сурет. Backup (Архивация данных) программасын іске қосу.

Архивтеу және қалпына келтiру әрекеттерiн жүзеге асыру үшiн көшiрiлетiн файлдарды таңдап алу керек. Әрбiр буманың немесе файлдың тұсында кiшкене төртбұрыш тұрады. Егер осы төртбұрышта тышқанды шертсек, онда сол файлдың немесе бумадағы файлдардың барлығын көшiру үшiн ерекшеленгендiгiн бiлдiретiн қанат белгi ( ) пайда болады. Жоғары деңгейдегi бумалардың тұсындағы төртбұрыштағы қанат белгiнiң түсi сұр болады, ол осы бума сақтаулы тұрған файлдардың барлығы ерекшеленбегенiн бiлдiредi. Қажеттi файлдарды таңдап алғаннан кейiн Ары қарай (Далее) батырмасын шертемiз.

Екiншi кезеңде — архивтелген файлдар орналасатын орынды көрсету қажет. Архивтелген файлдарды иiлгiш дискiге, стримерге, тiптi сол файлдардың өздерi орналасқан орынға да сақтауға болады. Қажеттi құрылғыны таңдаған соң Дайын (Готово) батырмасын шертемiз. Программа құрылатын архивтiң атын сұрайды да, оны көрсеткеннен кейiн архивтеудi бастайды. Бұл процесс стример мен дискеттердiң жұмыс жылдамдығы қатты дискiге қарағанда жай болғандықтан ұзақ уақытқа созылуы мүмкiн.

Резервтi көшiрме жасаудың жиiлiгi сақталатын ақпараттың жаңару жылдамдығына, бағалығына, көлемiне тәуелдi. Көшiру процесiнiң ұзақ уақытты алатындығын ескере отырып, апта сайын немесе ай сайын көшiрме алып отырған дұрыс.

Backup программасы Windows операциялық жүйесінің мiндеттi түрде құрамына кiрмейтiн компоненттерiнiң бiрi болғандықтан, оны орнату әдiсiн бiлуiмiз керек.

Backup программасы төмендегi әрекеттердi орындау арқылы қондырылады.

1. Бас меню: БаптауБасқару тақтасы (НастройкаПанель управления) қатарын таңдаймыз.

2. Ашылған терезеде Программаларды орнату және өшiру (Установка и удаление программ) шарт белгiсiнде тышқанды екi ено шертемiз.

3. Windows-ты орнату астарлы бетiн ашамыз.

4. Осы терезеде шыққан тiзiмнен Қызмет ету программалары (Служебные программы) қатарында тышқанды шертемiз.

5.Одан кейiн ашылған тiзiмде Мәлiметтердi архивтеу қатарындағы жалаушаны көтеремiз де, ОК батырмасын шертемiз. Бұл әрекет арқылы Windows-ты орнатуға арналған файлдар қатты дискiде сақталса, Backup программасы орнатылады.

Егер Windows-ты орнатуға арналған файлдар қатты дискiде сақталмаған болса, онда оларды инсталяциялық немесе компакт-дискiден орнатуға тура келедi. Мұндайда 3-нөмiрлi әрекетке дейiн орындаймыз да ары қарай төмендегi әрекеттердi жалғастырамыз:

4. Дискiлермен жұмыс iстеу жалаушасын көтеремiз.

5. Құрамы (Состав) батырмасын шертемiз. Дискiлермен жұмыс iстеу сұхбат терезесi ашылады.

6. Backup жалаушасын көтеремiз.

7. Алдымен Дискiлермен жұмыс iстеу сұхбат терезесiнде одан кейiн Қасиеттер: Программаларды қондыру және өшiру терезесiнде ОК батырмасын шертемiз. Backup программасын орнату әрекетi басталады. Талап етiлген кезде дискеттi немесе компакт-дискiнi орналастырамыз.

8. Басқару тақтасы терезесiн жабамыз.

Қажеттi файлдар өшiрiлiп қалған жағдайда, олардың архивтiк көшiрмесi болса, кез келген уақытта оларды қалпына келтiруге болады.

Microsoft Word-тың негізгі түсініктерін, версияларын, мүмкіндіктерін, жұмыс принципін түсіндіріңіз. Microsoft Word-та құжаттармен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Мәтіндік және электрондық құжаттардың негізгі элементтерін сипаттаңыз. Microsoft Word-тың терезесімен жұмыс істеуді түсіндіріңіз. Мәтінді форматтау. Microsoft Word-та мәзір және инструменттер панелімен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Microsoft Word-та кесте және объекттермен жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

Microsoft Word (MS Word) – дүние жүзі елдеріне кең тараған мүмкіндігі мол мәтіндік редактор. Word арқылы мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатқа Windows операциялық жүйесінің басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де қиын емес.

WORD-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орнатып алу керек.

Орнатылған WORD редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады:

1.Бас мәзірдiң Iске қосуПрограммаларMicrosoft WORD қатарында тышқанды шерту арқылы;

2.Windows жүйесiнiң Менiң компьютерiм немесе Жолсерік (Проводник) терезелерiнiң бiрiн пайдалану арқылы;

3.WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқанды екi рет шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктелiп, сонан соң көрсетiлген құжат терезеге оқылады;

4.Жұмыс үстелiндегi WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы;

5.Есептер тақтасында WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, мысалы:

- Файл Шығу (Выход) мәзір командаларын таңдау арқылы;

- редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу арқылы;

- тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу арқылы т.б.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға сұхбат терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ) оны да растап беруiңiздi өтiнедi.

Word редакторының негiзгi терезесi ондағы орналасқан Құжат 1 терезесiмен бiрге 1-суретте көрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк:

1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі.

1 – тақырып қатары – жүйелік мәзір, құжат аты және терезені басқару батырмаларынан тұрады;

2 – мәзірлер қатары – Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно және Справка мәзірлері орналасқан;

3 – Форматтау саймандар тақтасы;

4 – Стандартты саймандар тақтасы;

5 – көлденең сызғыш – құжаттың өрісі мен азат жолды реттейді;

6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді;

7 – көлденең және тік жылжу белдеулері;

8 – құжат пішінінің режім түймелері;

9 – Сурет салу саймандар тақтасы;

10 – қалып-күй қатары.

MS Word мәтіндік редакторының Форматтау және Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларды әр қолданушы өз қалауынша өзгерте алады.

MS Word мәтіндік редакторында мәтiндi бейнелеу режимдерiн iске қосу немесе қоспау тәртiптерi белгiлi бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып қатарына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады (2-сурет).

2-сурет. Мәтінді бейнелеу режімдері.

Мәтінді бейнелеу режимдерiнiң батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады:

- қалыпты режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимi үнсіздік бойынша редакторға кiргенде бiрден орнатылады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, беттердi бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процессiн жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды;

- электрондық құжат режимi – парақты экранда құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын күйге келтiредi. Бұл режимде парақ белгiленбей, әрiптер iрiленiп қатар ұзындығы жол енiнен шықпайтындай етiп бейнеленедi. Мәтiннiң сыртқы түрi қағазға түсетiн бейнесiне сәйкес келмейдi. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болады;

- беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимi мәтiн қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау, мәтiндi түзету өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi (поля) айқын көрiнiп тұрады;

- құрылым (структура) режимi, мәтiндi түйiндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей жылжытуға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртiп болып саналады.

Қалып-күй немесе қалып қатары негiзгi терезенiң төменгi жағында орналасқан, онда терiлiп жатқан құжат жөнiнде бiрқатар мәлiметтер бар. Қалып-күй қатары көрiнбей тұрса СервисПараметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетiндегi Терезе тобының Қалып қатары (Строка состояния) атты қасиетіне қанатбелгі қою қажет. Қалып-күй қатарының элементтерiн қарастырып өтейiк:

Элемент аты

Атқаратын қызметі

Стр.1

Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмері (1-бет);

Разд.1

Терезедегі мәтін бөлігі нөмірін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;

¼

Мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 1 бетте, ал құжат барлығы 4 беттен тұрады;

На 11,8 см

Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық, курсор экранда көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;

Ст 24

Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;

Кол 5

Осы қатардың басынан курсорға дейінгі символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады

ЗАП

Бұл да курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі. Макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған күйде екенін көрсетеді, бұл режимді іске қосу тышқанмен ЗАП батырмасын көрсетіп тұрып, оны екі рет шерту арқылы орындалады;

ИСПР

Түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышқанды екі рет шерту жолымен жүргізіледі;

ВДЛ

Белгілеулерді кеңейтетін (расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагменті белгілеп алып оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим белгілеулер көлемін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту – Shift+F8 арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады;

ЗАМ

Символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді күйде тұрғанын көрсетеді, символдарды сыналап енгізу тәртібі (вставка) орындалса, ол солғын түске боялады. Бір тәртіппен екіншісіне ауысу ЗАМ батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы жүргізіледі;

мәтіннің синтаксистік қатесін тексеру кезінде оң жақтағы аймаққа шығатын көрсеткіш белгі. Тексеру кезінде кітап бетімен жылжып келе жатқан қалам көрініп тұрады. Қате табылса «Х» белгісі шығады, оны түзету үшін тышқанды сол белгіде екі рет шерту керек;

Мәтінді фондық режимде дискіге жазу кезінде шығатын көрсеткіш. Оң жақ шеткі бос аймаққа қозғалып тұрған осы белгі шықса, сақтау әрекетінің орындалып жатқаны;

Мәтінді фондық режимде баспаға шығару кезінде шығатын көрсеткіш. Принтер белгісінің жанындағы бүтін сан басылып жатқан мәтіннің бет нөмірін көрсетеді. Баспаға шығаруды жедел тоқтату үшін принтер белгісінде тышқанды шерту жеткілікті.

Көлденең орналасқан горизонталь сызғыш арқылы тышқан көмегiмен:

  • абзац алдындағы азат жол басын;

  • беттiң сол жақ және оң жақ шеттерiнде қалдырылуға тиiс бос орындар (поля) аумағын;

  • мәтiн iшiндегi кестелердiң (таблица) бағаналары (тiк жолдарының) енiн;

  • көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнiн бекiтуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерiн өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа (курсор тұрған) қатысты екенiн естен шығармаған абзал.

Ал ендi тiк орналасқан вертикаль сызғыш терезенiң оң жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегiмен беттiң жоғарғы және төменгi жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын (поля) және де кестелер қатарлары биiктiгiн өзгертуге болады. Тiк, яғни вертикаль сызғышты көрсетпей алып та тастауға болады, онда сiздiң мәтiнiңiзге берiлетiн орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп тұрса, мәтiндi форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.