- •1. Принтер- мәтіндік және графикалық ақпаратты баспаға шығаруға арналған құрылғы.
- •2. Сканер – дк-ге мәтін, сурет, слайд және басқа да графикалық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
- •2. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелеріне мысал.
- •1. WordPad текстік редакторы.
- •2. Блокнот.
- •3.Paint графикалық редакторы.
- •4. Калькулятор.
- •2.Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау.
- •2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.
- •3. Құжатты баспаға шығару.
- •2. Ms Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.
- •3. Ms Excel электрондық кестесінің функциялары.
- •4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.
- •2. Ms Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару жолдары.
- •3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу.
2. Ms Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару жолдары.
Мына шартпен берілген эллипсоидтың жоғарғы бетін тұрғызайық:
х[-3; 3], y[-2; 2] диапазон аралығында =0,5 қадаммен екі айнымалы да өзгереді.
2)Ол үшін:
2.1)х айнымалысын А1 ұяшығына, ал А2 ұяшығына аргументтің сол жақ мәнін (-3) енгіземіз;
2.2)А3 ұяшығында қадамды қосқандағы мәнді енгіземіз, яғни =A2+$K$2 формуласын енгіземіз және осы формуланы А14 ұяшығына дейін толтырамыз;
2.3) у айнымалысының мәнін В1 ұяшығына енгіземіз және С1 ұяшығында қадамды қосқаннан кейінгі мәнді есептейміз, яғни =B1+$K$2 формуласын енгіземіз, оны J1 ұяшығына дейін созамыз;
2.4)z айнымалысының мәнін есептеу үшін В2 ұяшығын екпінді жасағаннан соң Функция шеберін шақырып, оның екінші қадамында «Категория» өрісінен «Математикалық» типін таңдаймыз. Функция өрісінен «Корень» функциясын таңдаймыз және шыққан сұхбаттық терезеге түбір асты айнамылысының бірініш мәнін есептеуге қажетті формуланы енгіземіз, яғни: =КОРЕНЬ(1-$A2^2/9-B$1^2/4), бұдан соң ОК батырмасын шертеміз. В2 ұяшығында #ЧИСЛО! мәні шығады, өйткені х=-3 және у=-2 нүктелерінде тұрғызылатын эллипсоид жоқ;
2.5) Нәтижеде 2-суреттегідей мәндер кестесін аламыз:
2-сурет.Эллипсоид функциясын есептеу кестесі.
3)Берілген функцияның диаграммасын тұрғызу үшін Диаграмма шеберін шақырамыз. Содан соң:
3.1)1 қадамда диаграммы типін – «Поверхность», ал көрінісін – «Проволочная (прозрачная) поверхность» деп аламыз;
3.2)2 қадамда «Диапазон данных» өрісінде тышқан нұсқағышының көмегімен B2:J14 аралығын көрсетеміз, ал «Подписи оси Х» өрісінде х айнымалысының мәндер аралығын көрсетеміз: А2:А14. у айнымалысының мәндерін «Ряд» өрісінде бейнелейміз, яғни «Ряд 1» жазбасын белгілеп алғаннан соң «Имя» өрісін ағымды етеміз де у айнымалысының бірінші мәнін (-2) енгіземіз. Дәл осылай «Ряд 9» жазбасына дейін қайталаймыз. Қажетті жазбалар орындалып болғаннан соң «Далее» батырмасын шертеміз;
3.3)3 қадамда диаграмма тақырыбын және осьтерін енгіземіз;
3.4)4 қадамда диаграмманың орналасу орнын анықтаймыз. Диаграмма көрінісі 3-суретте берілген.
3-сурет. Эллипсоид диаграммасы.
3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу.
Мәлiметтер базасымен атқарылатын негiзгi жұмыс оның қүрамынан айрықша белгiлерiне қарай мәлiметтердi iздеу болып табылады. Жазбалар саны неғүрлым көп болған сайын мәлiметтi iздеу қиындай бередi. Excel бұл қиындықты шешудi мәлiметтердi сұрыптау арқылы орындау мүмкiндiгiн бередi.
ДеректерФильтр (ДанныеФильтр) командасын орындау арқылы қажеттi жазбаларды басқалардан бөлiп алуға, екшеп терiп алуға болады. Екшеп терiп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтiлген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегiмен орындауға болады.
Автофильтрдi
пайдаланып, жазбаларды екшеп теру
әрекеттерiн орындау үшiн, алдымен курсорды
мәлiметтер базасы ретiнде қарастырылатын
кестенiң iшiне орналастырамыз немесе
жазбаларды белгiлеймiз. Одан
кейiн ДанныеФильтрАвтофильтр
командасын орындаймыз. Нәтижесiнде өрiс
аттары маңында төмен қарай бағытталған
тiксызық батырмалар пайда болады.
Осы батырмаларды шерту арқылы әрбiр
өрiстегi мәлiметтердi екшеп
терiп алу
критерийлерiн таңдай аламыз. Пайда
болған iшкi мәзірдегi Барлығы
(Все)
бөлiмi фильтрден өткiзудi тоқтатады, ал
Шарт
(Условие)
бөлiмiн таңдау нәтижесiнде екшеп алу
параметрлерiн тағайындау мүмкiндiгiн
беретiн сұхбат терезе ашылады. Бiр өрiсте
орналасқан мәлiметтердi ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ
логикалық функцияларымен байланысқан
екi шартты бiруақытта тексере отырып,
екшеп теруге болады.
Кеңейтiлген фильтрдi (Расширенный фильтр) пайдаланбас бүрын мынадай үш аймақты анықтап (қүрып) алу қажет:
-Тiзiм аралығы (интервал списка), яғни мәлiметтер базасы аймағы;
- Критерийлер аралығы (интервал критериев) – екшеп теру әрекетi өткiзiлетiн аймақ;
- Шығарып алу аралығы (интервал извлечения) – екшеп теру нәтижесi орналасқан аймақ.
Кеңейтiлген фильтр көмегiмен мәлiметтердi екшеп терiп алу үшiн ДанныеФильтрРасширенный фильтр командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтiлген фильтр сұхбат терезесiнде аралықтардың координаталарын көрсету керек. Егер екшеп теру нәтижесiн басқа орынға көшiру қажет болса, онда Нәтиженi басқа орынға көшiру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын iске қосамыз.
MS Excel программасында мәлiметтер базасы ретiнде қарастырылатын кестенi сүрыптау мүмкiндiгi бар. Сұрыптау әрекетiн орындау үшiн, мәлiметтер базасын белгiлеп немесе курсорды сол аймаққа орналастырған соң, ДеректерСұрыптау командасын орындаймыз. Осы мезетте Сұрыптау ауқымы (Сортировка диапазона) сұхбат терезесi ашылады. Бұл терезеде Жазбаларға (Ауқымның бiрiншi қатары) (Подписям, первая строка диапазона) ауыстырғышын қосып, сұрыптау жүргiзiлетiн өрiс атын таңдаймыз. Сонымен бiрге, сұрыптау тәсiлiнiң өсу ретiмен немесе кему ретiмен екi мүмкiндiгiнiң бiрiн таңдап алғанннан кейiн ОК батырмасын шертемiз.
Мәлiметтер базасы осы әрекеттер орындалған соң өзiмiз тағайындаған параметрлерге сәйкес реттеледi. Символдық мәтiндерден тұратын өрiстер алфавиттiк ретпен сұрыпталады.
