- •6М080100 – Агрономия мамандығына
- •І егіншіліктің ғылыми негіздері
- •1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
- •2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
- •3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
- •4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары
- •Іі арамшөптер және олармен күрес
- •Iіі ауыспалы егіс
- •Іv топырақ өңдеу
- •V егіншілік жүйелері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Тұқымтану
- •1 Дәнді дақылдар Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы
- •Жаздық астық дақылдар
- •Күздік астық дақылдар
- •Дәнді бұршақ дақылдар
- •2. Тамыр, түйнек жемістілер және бақша дақылдары
- •3 Майлы және эфирмайлы дақылдар
- •4 Талшықты дақылдар
- •5 Есірткі дақылдар
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3 Кредит
- •1 Шалғындық мал азығы шаруашылығы
- •2 Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері
- •3 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктері
- •4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері
- •5 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану
- •6 Мал азықтық егін шаруашылығы
- •7 Жемдік дәнді дақылдар
- •8 Дәнді бұршақ дақылдары
- •9 Сүрлемдік дақылдар
- •10 Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша шырынды мал азықтары
- •11 Мал азықтық шөптер
- •12 Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы
- •13 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3 Кредит
- •1 Сорттар. Бастапқы материалдар және оны жасау әдістері
- •2 Аналитикалық селекция
- •3 Синтетикалық селекция
- •4 Эксперименттік мутагенез және селекцияда қолдану
- •5 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны пайдалану
- •6 Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану
- •7 Гетерозис және оны селекцияда қолдану
- •8 Сұрыптау және селекциялық материалды бағалау әдістері
- •9 Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру. Сорт алмастыру және сорт жаңарту
- •10 Тұқым шаруашылығы
- •11 Қазіргі заман талаптарына сай дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
- •12 Егіс дақылдарының тұқым шаруашылығында сорттық және тұқымдық бақылау
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Iіі ауыспалы егіс
Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл, қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер.
Ауыспалы егістердің даму тарихы. Оның ғылыми негізде дамуындағы көп жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын рөлі.
Дақылдарды алмастырып егудің себептері: химиялық, физикалық, биологиялық және экономикалық.
Парды және дақылдардың жеке топтарын алғы егіс ретінде сипаттау. Парлар және олардың ауыспалы егістегі рөлі, алғы дақыл ретіндегі маңызы мен сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы осы күнгі көзқарастар.
Көпжылдық екпе шөптердің, отамалы, жаппай себілетін дәнді-бұршақты, дәнді дақылдардың ауыспалы егісте алатын орны мен маңызы. Аралық дақылдар. Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру жағдайында аралық дақылдар мен сидераттардың агротехникалық маңызы. Аралық дақылдарды жіктеу. Аралық дақылдардың ауыспалы егістегі орны және оларды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары.
Ауыспалы егістерді өндірілетін негізгі өнім түріне, егістің далалық, малазықтық, арнайы типтерге бөлінуі.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың арақатынасына және танап санына байланысты ауыспалы жіктеу.
Ауыспалы егістерді құрудың принциптері. Қазақстанның әр түрлі егіншілік аймағында ауыспалы егістерді құрудың агроэкологиялық принциптері.
Далалық, малазықтық және арнайы ауыспалы егістердің негізгі буындары. Танаптардың көлемі мен пішіні, оларды оптималдау. Ауыспалы егіс айналымы.
Далалық және құрғақ далалық аймақтардағы егістік ауыспалы егістер, нобайлары. Ондағы ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың арақатынасы (меншікті үлесі). Топырақты қорғау ауыспалы егістері және олардың нобайлары.
Суармалы егіншіліктегі күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, көкөніс ауыспалы егістері, олардың нобайлары.
Тәлімі егіншіліктің ерекшеліктері, орналасқан аймақтары. Тәлімі егіншілік топтары. өте қуаң тәлімі жер, жартылай қуаң тәлімі жер, қуаң тәлімі жер, олардың сипаттамасы, ауыспалы егіс нобайлары.
Малазықтық ауыспалы егістің түрлері, олардың нобайлары. Көлтабан арқылы суарылатын жерлердегі дақылдар құрамы және ауыспалы егістері. Ауыспалы егістерді бағалау көрсеткіштері.
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру үшін картограммаларын, танаптың арамшөптену картасын, жер бедерін, дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін және басқа факторларды пайдалану. Ауыспалы егістердің тиімділігін анықтау. Агроқұжат пен танаптардың тарихи кітапшасы.
Іv топырақ өңдеу
Топырақ өңдеудің мақсаттары мен міндеттері. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық операциялар (процестер). Топырақтың технологиялық қасиеттері.
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, жүргізу техникасы және құралдары.
Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау, саңлаулау, ін тәрізді қуыстар жасау, қат-қабаттап жырту, плантажды жырту.
Топырақтың беткі қабатын өңдеу тәсілдері: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, тығыздау (катоктау), шлейфтеу, қарық тарту, ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау).
Топырақ өңдеу тереңдігі және өңдеу қабатын қалыңдату. Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында бір жылдық жаппай себілетін, жаздық дақылдар үшін отамалы дақылдардан, екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Топырақтың терең өңдеу қабатын жасау.
Сүдігер өңдеудің мерзімі және тереңдігі. Олардың топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері.
Отамалы дақылдардан кейін танаптың жағдайы. Жаппай себілетін бір жылдық дақылдармен салыстырғанда отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу ерекшеліктері.
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Олардың топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері. Екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын негізгі өңдеуге қойылатын талаптар. Көпжылдық шөптердің қыртысын өңдеу мерзімі мен тереңдігі, олардың маңызы.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу, оның жүргізілу мерзімі және тереңдігі. Көктемде топырақты негізгі өңдеудің кемшіліктері.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесінің маңызы және мақсаты, жүргізу құралдары.
Егін сепкеннен кейін топырақ өңдеу жүйесі, маңызы, мақсаты, жүргізу мерзімі және тереңдігі, құралдары.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы егіншілікте жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі.
Біржылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту, оның ерекшелігі, жырту мерзімі мен тереңдігі, құралдары.
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі, жырту мерзімі және тереңдігі.
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту ерекшеліктері, мерзімі, тереңдігі, құралдары.
Аралық дақылдар, маңызы, түрлері, өсіруге керекті сыртқы орта жағдайлары. Аралық дақылдар үшін әр түрлі алғы егістерден кейін топырақ өңдеу жүйесі.
Аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне байланысты егін сепкенге дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі, өңдеу тереңдігі мен құралдары.
Суармалы егіншілікте егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесінің мақсаты, жүргізілу мерзімі, тереңдігі, құралдары.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынның тәлімі егіншілігінде топырақ өңдеу жүйесі. Тәлімі егіншіліктің суармалы және суарылмайтын егіншіліктен айырмашылығы. Сүдігер өңдеу мезгілі, тәсілі, тереңдігі, құралдары.
Жаздық дақылдар үшін егін себер алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі.
Күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. Пар өңдеу жүйесі: тәсілі, тереңдігі, құралдары.
Ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі егіншілікте таза парды негізгі өңдеу және жаз айларында күтіп-баптау.
Егіншілікте республиканың суарылмайтын астықты солтүстік, батыс және басқа өңірлерінде пар өңдеу жүйесі (мерзімі, тереңдігі, құралдары). Ықтырмалы парды өңдеу жүйесінің ерекшелігі.
Пардан басқа алғы дақылдардан кейін күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі: екпелі көпжылдық шөптерден, отамалы және дәнді дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі, ерекшеліктері.
Эрозияға ұшырайтын жерлердегі топырақ өңдеу жүйесінің ерекшелігі. Жерді өңдеу тәсілдері.
Топырақты минималды өңдеу, мақсаты, бағыттары, өңдеу ерекшеліктері, құралдары.
Топырақты нөлдік өңдеу, оған осы күнгі көзқарас. Нөлдік өңдеудің топырақтың негізгі қасиеттеріне тигізетін әсері.
Топырақты жылдам өңдеу, оның еңбек өнімділігіне, топырақ өңдеу сапасына әсері. Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру.
