Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын. ажымхан Дипломды жмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.09 Кб
Скачать

Тоқтамыс

1374 жылдан кейін, Темір Хорезмге тағы да үш сапар жасады. Соңғысы, Темірдің Тоқтамыспен шайқасы және Алтын Орда ұлы мемлекеттік саясатымен байланысты болды. Темір, мықты Алтын Орда, Ақ Орда сияқты, ұлы Мавераннахр мемлекеті үшін өте үлкен қауіп екенін жақсы түсінді. Сондықтан, өз билігінің бірінші жылдарынан-ақ, Улус Джучиде не болып жатқанын жіті бақылап отырды. Соңғысының құрамына, Атын Орда мен Ақ Орда, екі бөлімде кірді. Мұндай бөлу, әскерлерді ұйымдастырумен байланысты. Алтын Орда-өз халқының әскерлерінің оң қолы, ал Ақ Орда – сол қолы болды. Біртіндеп, Ақ Орда жеке хандармен толықты. Бердібектің өлімінен кейін (1359), Алтын Ордада феодалды бүліктер басталды. Бірқатар қалалар мен аймақтарда, кейбір әмірлер (түмен мен мың басылары), хандарға қарсы шығып, өздерімен өздері жанжалдасып, Орданың жағдайын одан ары құлдыратты. Алтын Орданың өміріндегі ең қиын кезең, 1360 жылдан, 1380 дейінгі жылдар болды. Жиырма жылдың ішінде, билікті Алтын Орданың оң жағалауын өзіне иемденіп, уақытша басқарған әмір Мамайды қоспағанда, 25 хан өзгерді. Арайда бір жылдан кем отырған, Сол жағалаулық хандардың басым көпшілігі, Улус – Джучи әскелерінің сол қолынан, Сырдария аймақтарынан шыққан Ақ Ордалықтар болды. Хызра, Темир-Ходжу, Мурид (орыс жазбаларында Амурат) және Кельдибек хандарды еске түсірейік. Ақ Орданың алтынордалықтардың ісіне араласуы, экономикалық және саяси құдіреттілігімен қатар жүрді. Әсіресе, бұл арада, шешуші қадамды, 1377 жылға дейін Ақ Орданы басқарған, Урус – хан қабылдады. Урус – хан, тек саран хан болып қана қоймай, Улус – Джучидің екі бөлігін өз билігіне қосқысы келді. Темір екі ордада болып жатқан жағдайлардан хабардар болды, қауіпті көршісіне кедергі жасаудың ретін іздеді. Мұндай жағдайдың сәті түсті. Ақордалық өзбек әмірлерінің бірі, Маңғышлақтың биі Туй хожа – оглан, құрылтайда Алтын Орда жағдайын талқылауда, Урус – ханға қарсы шықты және сол үшін ол өлім жазасына кесілді. Туй хожа-огланның баласы, Ақ ордадан қашып шығып, өз қызметін ұсынып, Темірге келді. Бұл 1376 жылы болған жағдай болатын. Міне сондықтан, Темір Тоқтамысқа көп көңіл бөліп, оған сыйлықтар беріп отырды. Одан басқа, оған өзінің әскери қолдауын ұсынды. Кейінге қалдырмай, Темір әскерлерін жабдықтап, Тоқтамысты Урус – ханнан ақорда тағын тартып алу үшін жіберді. Темірге, Ақ Ордада өз қолшоқпарының болғандығы пайдалы болды. Темір, 1376 жылы Тоқтамысты Ақ Ордаға екі рет жіберді және екі ретінде де Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Сонда Темір, қыста Урус – ханға қарсы өзі шықты. Жорықты қатты суық болуына байланысты тоқтатуға тура келді. Көктемде Темір Сыр – дарияға қайтып келді, бірақ Урус – хан дүниеден өткеніне байланысты, шайқас болған жоқ. Бұл 1377 жылы болды. Тек, 1379 жылы ғана Тоқтамыс, ақордалық таққа ие болды. Темір бұл жағдайға риза болды, Тоқтамысты өзінің Улус Джучидегі өзінің саясатының тәуелді, адал жетекшісі етіп қойғысы келді. Бірақ, ол Урус – ханның жолымен жүріп, бірлестіру үшін Алтын Орданы құру үшін күрес жүргізді. 1380 жылы, Дмитрий Донской Куликов майданында Мамай ханды жеңгенін пайдаланған Тоқтамыс, сол жылы Мамайға беттеп, оған қарсы жойқын соққы жасады. Бұл жеңіс Тоқтамысқа Алтын Ордада, қайтадан Улус Джучидің екі бөлігін біріктіруге және үкімет билігін тартып алуға мүмкіндік берді. Жыл сайын оның Темірмен келіспеушіліктері барған сайын үдеп кетті. Тоқтамыс, Темірді не үшін дайындаған болса, дәл соны өзіне істеді. Алтын Орданы, Өзбек – ханның жақсы кезеңіне (1312 – 1340) қайта әкелу үшін, Тоқтамыс, алтынордалықтардың жерін кеңейту үшін, 1385 жылы Тебризді алу үшін, әскерлерін жіберді. Тоқтамыстың Маверанахрдағы, ұлы Мемлекеттік саясаты, өсіп келе жатқан Темірдің мемлекеті үшін тиімсіз болды. Тоқтамыс Темірдің ісіне кедергі болып қана қоймай, соымен қатар, мемлекеттің қызығушылығын да білдірді. Алтын Орда жасанды мемлекет бірлестігі болды. Ол Қырым, Хорезм халқының мәдениетінің үстінен зорлық жасау билігіне ие болды. Өйткені, әскери үкімет күштеріне сенетін, Болгар, Қырым және Кавкадың мәдени қалалары мен бай жерлерін пайдаланып отырған билік, әскери түрік – монғол көшпелі атақтылардың қолында болды. Бұл аймақтардың халқы, толықтай моңғол үкіметінің құлауы және өздерінің толықтай азат болуларын қалады. Ал Мавераннахрдағы аймақтар мен қала халқы мемлекеттің бірлесуін қалады, өйткені бұл бірлесу мемлекетті феодалдық күйзелістен шығару мүмкіндігіне ие болуы мүмкін еді. 80 жылдардың соңында, Тоқтамыс, Темірді иран істерінен алшақтатуды көздеп, онымен соқтығысудың сәтін күтті. 1387 – 1388 жылдары, Темірдің жоқтығын пайдаланған Тохтамыс, Хорезм жұртшылығын Темірге қарсы болуы үшін, Мавераннахрға шабуыл жасады. Хорезм патшасы Сулейман Суфи оған оңай келісе салды, бұл Темірдің ызасын тудырды. Темір Хорезмге соңғы жорығын жасады. Ургенчті басып алған Темір, Суфи династиясын жойды жіне Ургенчтің халқын самарқанға қоныс аудартты, ал ол жердің астанасын тегістеп, ол жерге арпа сеуіп тастауды бұйырды. Он күндей Темірдің әскерлері, бай және әдемі қаланы тонады. Ургенчтің көп халқы, әсіресе шеберлер Мавераннахрға қоныс аударылды, бірақ та қала түгел тегістелген жоқ, олар өздерінің көптеген ғимараттарын сақтап қалды. . 1391 жылы, Тоқтамысқа қарсы шабуыл кезінде, Темір қаланы қайта қалпына келтіруге бұйрық берді. Осылайша, кішкентай, бірақ өте бай және мәдени Хорезм патшалығы өзінің дербес тіршілігін тоқтатты. Содан бастап, Хорезм алдымен Темір мемлекетінің құрамына, кейін – Орта Азиялық Тимуридтер мемлекетінің құрамына кірді. Осылайша, Орта Азияның, Жетісу мен Сырдарияның төменгі жағынан басқа барлық жері Темірдің қол астында болды. Темірдің жауынгерлері мен Тоқтамыстың әскерлері, Саураннан төмен жатқан Сыр – даряның қалаларынан басқа жерлерді басып алуды көздеген емес. 1380 жылы, ұлы хан аталған Тоқтамысқа қарсы, 1389, 1391 және 1394 – 1395 жылдары, Темір тағы да үш жорық жасады. Ыңғайлы болу үшін, біз, Темірдің Алтын Ордамен шайқасына назарымызды топтадық. Көрсетілген, Тоқтамысқа қарсы күресте, біз назарымызды, соңғы екі жорыққа тоқтатуымыз керек. 1391 жылы Темір Самарқаннан шығып кетіп, Ташкентте қыстап шықты және 200 мың әскерімен, қазіргі Қазақ ССР-і аталатын жазық далаға беттеді. 1391 жылы сәуірде, Ұлы тауда, Қарсақпай кенішінің ауданында, Темір: «Туран сұлтаны Темір, өзінің 200 мыңдық әскерімен Тоқтамыс – ханның қанына бара жатыр», - деп тасқа қашап жазуды бұйырды. Бұл жазбалар он жыл бұрын табылды және қазіргі уақытта Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы тұр. Ұзақ өтпелдерден өткен Темірдің 200 мыңдық әскері, Тоқтамыспен, Самара мен Чистополь арасындағы Кундузча елді мекенінде кездесті. Осы жерде, 1391 жылы 18 маусымда, Тоқтамыстың толықтай жеңілісімен, шайқас болды. Бірақ та, Алтын Орданың қоры өте көп болатын, шайқастан жеңіп және өте үлкен олжаға кенелсе де, Темір алтынордалық мемлекетті қирата алмады. Олардың арасындағы күрес жалғасып жатты. 1395 жылы Темірмен Тоқтамыс арасында Солтүстік Кавказда, Терек өзенінің аумағында, жаңа шайқас болды. Бұл жерде де, Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Тоқтамыстың әскерлерінің әлсірегені соншалықты, Темірге Алтын Орданың жүрегі – оның астанасы Берке Сарайына тікелей, жол ашық болды. Өте үлкен және бай қала қоршауға алынды, тонауға түсті және өртелді. Және ол жерден көп мөлшерде олжа алынды, әр түрлі материалдық бағалы заттардан басқа, өте көп тұтқындар – күңге айналған ерлер, әйелдер, балалар болды. Тек қана Сарай Берке мен Хаджи – Тархан (Астрахань) ғана қасіретке ұшырап қана қоймай, Қырым, теңіз жағалауындағы қалаларымен (мысалы, Каффа), сондай – ақ, Азак (Азов) және Солтүстік Кавказ да зардап шекті. Егер де, Ургенчтің жеті жыл алдын бос болғанын назарға алсақ, Темірдің Алтын Орданың құрамындағы мәдени аймақтардың шаруашылық, әсіресе саудагерлік өмілерін талқандау, өз жобасында болғанын аңғарамыз. Бұл жерді қирату, жоюдың өте үлкен болғанынан, бұл жерлер экономикалық тұрғыда, біраз орнына келе алмағаны бізге белгілі. 1395 жылғы Терекенің талқандалуы мен Сарай Беркенің құлауы, Алтын Ордаға түзелмейтін соққы болды. Ұлы Ресейге көп қасірет шеккізген мемлекеттің арқасы сынды. 1395 жылдан кейін, Алтын Орда сөзсіз құлдырай бастады. Ал 1395 жылғы Теректідегі жеңіліс пен Сарайдың талқандалуы екінші соққы болды. Темір, Алтын Ордамен шайқасты Орта Азияға қызығушылықпен жасады, және ешқандай хабары жоқ мәскеулік княздің байланысынсыз жасады, бірақ та осының барлығы Орталық Азияға ғана пайда әкеліп қоймай, Ресей үшін де пайдалы болды. Темір, Алтын Ордаға жасаған соққының орыс тарихына қандай мәні бар екенін түсінген жоқ. Ал орыс жазбаларында, Темір туралы өте жаман естеліктер жазылған, өйткені, 1395 жылы ол орыстың оңтүстігінің бірқатар қалаларын өртеп, тонаған делінген.