Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы пед ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать
  1. Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері

Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компонентері (мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс.

Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды.

Сабақтын тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.

Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын алуға бағытталған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету.

Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін қамтамасыздандыратын оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдалану мен қатар оқу тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтауы қажет.

Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.

Психологиялық-педагогикалық жағдайлар оқытудың жоғары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психика даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс істеуге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.

Сабақ түрлері, құрамы

Әр бір сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы –бір белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтын түрлері –белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігі.

Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:

- пропедевтикалық сабақтар;

  • жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру;

  • білім, икем, дағдыларды қайталау;

  • білім, икем, дағдыларды бекіту;

  • білімді қорытындылау;

  • білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.

Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылықты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін қамтамасыздандырады. Аралас сабақтын құрылымы:

  1. Психологиялық-педагогикалық даярлық

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Оқу материалын қайталау

  4. Жаңа оқу материалын баяндау

  5. Үй тапсырмасын беру

  6. Білімді бағалау

  7. Сабақты қорытындылау.

Аралас сабақ құрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабақ міндеттеріне, оқу материалынын күрделігіне тәуелді кезендер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикалық міндетке байланысты кейбір жағдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.

Арнайы мектептердің өзгешелігі ол түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асқанына қарамастан арнайы түзету сабақтар енгізілген. Бұл сабақтардын түрлері арнайы мектеп оқушыларынын дамуындағы кемістікке тәуелді.

Арнайы мектептегі сабақты талдау. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау сабаққа қойылған міндеттер жүйесінін орындалуын қадағалуымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескергенді жөн көреді.

Сабақты талдауда ең бастысы құрылымына назар аудару қажет. Сабақтағы бірліктер реттігі, оның тиімділігі, жасалған әрекеттердің ұйымдасуы талдау қажет. Сабақтағы білім мазмұның талдау үшін арнайы білім беретін бағдарламаға және білім беру міндеттерге сәйкестігін анықтау қажет. Бұл талдау кезде арнайы түзету міндеттердің орындалуын қадағалау жауапты мәселе.

Ал сабақтын дамытушы қызметіне оқушылардың таным әрекетін белсендіру деңгейін қарастыру арқылы баға беріледі, әсіресе арнайы оқытудың ерекшеліктерін толығымен ескеру қажет.

Сабақты талдау кезде, оның сабақ жүйесінде орның анықтау маңызды. Тек “жақсы” сабақ немесе “жаман” сабақ, “ұнамады” деген баға беруден бас тарту керек. Өйткені әр сабақ арқылы мұғалімнің білім деңгейін жетілдіруге болады.

38.Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру.

Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бұл топтағы балалар оқытылмайтын, яғни "оқи алмайтын" деп есептелген.

Көру мен есту қабілетінең айырылған балаларды психолого-педагогикалық түрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.

Мамандар алдындағы ең бірінші міндет - осы ауытқуларды ерте жастан анықтау, диагностикалау. Бала бойындағы кемістікті, оның құрамын кеш диагностикалау - аталмыш топтағы балаларды арнайы оқытуда жиі кездесетін жағдай. Ауытқуы өте ауыр балалардың ата-аналары алғашқы жылдары тек дәрігерлерден көмек сұрайды, ал арнайы педагогтарға бармайды, бұл маманды ескермейді. Көптеген күрделі кемістігі бар балалар ұзақ уақыт бойы ауруханаларда ем қабылдайды, олар анасынаң депривацияға ұшырайды. Бұл жағдай аталмыш балалардың эмоциялық дамуына және ойлау қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Бірақта кейде арнайы-педагогтарға баруда нәтиже бермейді. Көптеген дефектологтар ата-аналарға күрделі кемістігі бар баланы қандай көмек көрсету бағытында дұрыс ақыл кеңес бере алмайды, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажет. Осы бағыттағы проблемалады шешумен Ресейлік білім Академиясындағы Коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері айналысады және арнайы тәжірибелі мектептердегі педагогтар. Бірақ осындай жағдайда да ата-аналар толығымен анық психолого-педагогикалық кеңес ала алмайды.

Соқыр-керең балаларды оқыту үшін толық ғылыми негізделген және тәжірибелік технологиялары әзірленгеніне қарамастан, күрделі кемістігі бар балалардың көптүрлігі болашақта көптеген оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларың әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде осындай балалар арнайы мектептер құрамындағы арнайы сыныптарда оқиды.

Ерте диагностикалауда нейрофизиологиялық әдістердің жалпылама зерттеулерінің маңызы күшейеді. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты мұндай ауытқуларды ерте жастан диагностикалауға және қандай дәрежеде екенін, баланың өмірінің алғашқы жылдарында анықтауға болады. Екі-үш жастағы нашар көретін баланың сөйлей алмауы, баланың психикалық дамуы тежелуі туралы ой тудырады. Бірак сол баланың бойында қүлақ мүкістігі электро-физиологиялық әдіспен тексеріліп, баланың сөйлей алмауының басқа себептері және кемістіктің орның толықтыру бар екендігін көрсетеді.

Баланың ақыл ой дамуыңдағы кемістікті диагностикалауға көптеген қиындыктар пайда болады, нақты себептерін ажырату (әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар немесе биологиялық).

Бұл жерде медициналық-генетикалық зерттеулердің маңызы өте зор, өйткені көптеген күрделі кемістіктер тұқым қуалаушылык себептерге тәуелді болады. Синдром жағдайларын уақытпен анықтау қажет, болшақта басқада функциялардың пайда болуына болжау жасауға мүмкіндік ашады. Мысалы, Ушер синдромы бар керең баланы алдын ала, оның кейін соқыр болуын ескеріп, мамандар арнайы дайындық жұмыс атқару керек Брайль жүйесі бойынша нүктелі оқуға, басқа да жағдайларға психологиялық дайындап, үйрету қажет.

Ресейде қалыптасқан тәжірибе соқыр-керең балаларды балалар үйлеріне арнайы медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы немесе Ресей Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтың күрделі кемістігі бар балаларды оқыту зертханасының кешенді психолого-педагогикалық зерттеулерден нәтижелер негізінде қабылдайды. Бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық қаражатты мемлекет төлейді. Балалар үйінде Ресейдің барлық аймағындағы соқыр-керең балалар оқытылады.

Ұйымның арнайы міндеттері баланың ортаға бейімделуіне, сөйлеу қабілетінің түрлері (тактильді) үлкен шрифтпен жазу, Брайль жүйесі бойынша рельефт нүктесі, ауызша, жас өспірімдерді өз қабілетіне сәйкес мамандыққа үйрету.

Қазіргі тифлосурдопедагогиканың өзекті мәселесінің бірі тифлосурдотехникалық құралдарды әзірлеу, көрмейтін-естімейтін тұлғаларды коммуникациялық аспаптармен, соның ішінде оку синтезаторламен, қамтамасыз ету болып табылады. Оқу синтезаторы барлық акпаратты дыбыстауға мүмкіндік береді, оқуды, қарым-қатынасты мүлде жеңілдететің құрал.

Оқыту мен тәрбиелеу белгілі оқу жоспары және бағдарламамен сыныпта және сыныптан тыс жүргізіледі. Арнайы дыбыс күшейткіш аппарат, оитикалык құралдар, соқыр-кереңдер қарым-қатынаста болуы үшін арнайы телетакторлар пайдаланады. Балалар үйінде мектепке дейінгі және мектеп бөлімі, еңбекке-оқыту топтар және көптеген кемістіктері бар балаларға арнайы бөлімдері бар. Мектептен кейін түлектер арнайы соқыр-кереңдерге арналған мектептерде немесе арнайы сыныптарда білімің жалғастыруға болады.

Арнайы білім беру жүйесінде естімейтіндерге, нашар еститіндерге, көрмейтіндерге, нашар көретіндерге, тірек қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балалар үшін арнайы ұйымдарда қосымша сынып ашу тәжірибесі қалыптасқан. Жетекші кемістігіне қарай арнайы мектептегі мұндай сыныптарға зиятында жеңіл, шамалы ауытқушылықтары бар балалар қабылданады. Бұл балалар үшін оқу бағдарламалары әзірлеген (1-8 класқа дейін).

Жиі кездесетін жағдай, арнайы мекемеге қабылданған күрделі кемістігі бар балаларды жеке дара үйден оқытуға жібереді немесе сол мекеменің қалыпты сыныбында қала береді. Ал жәй сыныпта аталмыш балаларды оқыту үшін арнайы жеке оқыту бағдарламасын дайындау қажет.

Біздің елімізде күрделі кемістігі бар балалар мен ересек тұлғалардың өмір сүру, білім алу, қоғамға бейімдеу мәселесімен "Мейірім" атты бірлестік айналысады. Бірақ толығымен күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзетушілік қолдау көрсету жүйесі қалыптаспаған. Ең ауыр тиетіні ерте жастан, мектепке дейінгі жастан арнайы диагностикалау, қолға алу деңгейін әзірлеу және ата-аналарымен жұмыс жүргізу. Соңымен қатар арнайы бала бақшаларда қосымша күрделі кемістігі бар балалар үшін топтарды ашу қажеттілігі туындап отыр. Әрине арнайы балабақшалардың өздері жеткіліксіз болған жағдайда бұл мәселе ұзақ уақытқа дейін өзекті болады.

Шет елдерде (Ұлыбритания, Дания, Швеция) арнайы орталықтар "жанұялық орталықтар" нұсқасында кең тараған

39.Арнайы білім берудің мазмұны.

Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады:

  • оқытудың түзету-дамыту бағыты;

  • оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс,

  • оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;

  • оқытудың ғылымилығы;

  • оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;

  • білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы,

  • оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету;

  • білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).

Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол деңсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, қоғамның аталмыш тұлғаларға қажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынай сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.

Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің еңгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептін жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді.

Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндрінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік құжат.

Оқу жоспары жалпы орта білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады.

Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, ұласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді.

Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін аңықтайды.

Арнайы мектеп мұғалімі орта және жоғары сыныптарда пәндердін оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауш оқытудың орнын аңықтап түсінуі қажет. Оқу пәні оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидалардың игеруге мүмкіндік беретін алғашқы білім, практикалық икемділік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктерін және даму деңгейіне сәйкес келентін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары.

Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оны мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі – оларды адамзат тәжірибисінің белгілі жақтары болып табылуы.

Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды калыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибсінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді..

Оқу пәндерінің жиыны, білім беретің оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар алар мазмұнының шартын білдіреді.

Арнайы мектепте оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және түзету мен дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерінің бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан – жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады және қоғамға әлеуметтік бейімделуіне әсер ететің негізгі қүрал.

Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердгі оқу бағдарламалар сынақтан өтуде, ерекше қиындық білім мазмұның қазақ тіліне аудару, дайындау.

Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды.

Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар – бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұнда кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көру мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін қалайды.