Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы пед ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать

23. Арнайы мектептегі сөздік әдістер.

Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.

- сөздік әдістер тобы;

- көрнекілік әдістер тобы;

- практикалық әдістер тобы.

Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс - әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.

Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Сөздік әдістер тобы: әнгімелеу, әнгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.

Әнгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді.

Әнгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар :

- әнгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;

- мұғалім әнгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіc.

Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшкліктерін ескере отырып әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеу ұжыммен бірге жүргізуге болады.

Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі-сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез – келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты.

Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен заңдылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе – ой – пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі.

24. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды эстетикалық тәрбиелеу.

Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан- жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын қамтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі.

Эстетикалық тәрбие – оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп оқушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды.

Зиятында ауытқушылығы бар балаларды эстетикалық тәрбиелеуде ерекшеліктер байқалады, олар әдемі мен көріксізді ажырата алмайды. Әсем заттарды көргенде қуаныш сезімі туындамады, өйткені бұл балаларда эмоциялық дамуында көптеген ауытқушылықтар бар. Ал көрмейтін және нашар көретіндердің танымдық ерекшеліктері шындықтың өзгеше эстетикалық меңгеруін білдіреді. Эстетикалық сезімдері әр түрлі ойын, еңбек, көркем, таным әрекеттер негізінде қалыптасады.

Арнайы мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі тәсілдері:

- еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен ұқыптылықты тәрбиелеу);

  • табиғаттың әсемділігіне сүйену (бақылау арқылы үйрету, саяхаттарға бару);

  • өнер құралдарын пайдалану (ән-күй, сүрет, еңбек, ана тілі сабақтарында, мұражай мен көрмелерге бару, үйірмелер арқылы жүзеге асады).