- •1. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері
- •7. Арнайы білім берудін құкыктык негіздері
- •3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
- •1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
- •2. Тәрбис принциптсрі мен әдістері
- •3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысыныц мазмұны
- •4. Қалыпты және ауытқуы бар балалардың психологиялық даму заңдылықтары
- •5. Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру үйымдары
- •6. Арнайы мектептердегі тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері.
- •9. Арнайы білім берудің қағидалары
- •12.Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен ұйымдастыру жұмыстары.
- •13.Арнайы мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары
- •16. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын сақтау.
- •17. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте түзете-дамыта көмек көрсету моделі (р.А.Сулейменова және т.Б.).
- •19. Арнайы мектептегі оқыту әдістері.
- •20. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету.
- •21. Арнайы білім беру технологиялары.
- •22. Қалыпты және ауытқуы бар балалардың даму заңдылықтары.
- •23. Арнайы мектептегі сөздік әдістер.
- •24. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды эстетикалық тәрбиелеу.
- •25. Арнайы педагогиканың дидактикалық принциптері.
- •Оқытудың жүйелілігі
- •Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі
- •Слайд Айза 26-30 Самал 31-35
- •31 Қр мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту.
- •32 Дамуында мүскіндігі шектеулі балаларды оқытуда қолданылатын көмекші компенсаторлық техникалық құралдар
- •33 Тірек қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру.
- •34 Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •35 Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •40.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу.
21. Арнайы білім беру технологиялары.
Түзету педагогикалық процесінде арнайы оқыту принциптер түрлі әдіс-тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаға білім беруде білім беру технологиялар және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін пайдаланылады.
Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бір бірімен байланысты әрекеттер жүйесі . Педагогикалық технология нақты нәтиже жөнінде кепілдік беретін педагогикалық әрекеттерді ғылыми тұрғыдан жобалау.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Қазіргі дидактикада әрқилы технологиялар көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізуіне байланысты. Жалпы педагогикада технологиялардың түрлі нұсқалары жүзеге асырылып нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады.
Жаңа технологияларды іздестіру – бұл жинақталған тәжірибені беру тәсіліндегі объективті құбылыс екенін атап өткен жөн. Егер классикалық технологиялар белгілі білім мазмұның меңгеруге, оның деңгейіне сүйенсе, бүгінгі таңдағы жаңа технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін және метатанымдық дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделеді. ( мысалы, нәтижеге бағытталған оқыту технологиясы).
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
22. Қалыпты және ауытқуы бар балалардың даму заңдылықтары.
Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.
«Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық күйлер болса – тітіркендіргіш және тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талау және жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады. Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы». Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарымқатынасын қамтамасыз ететін, сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы». Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі. Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді. «Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың үш иерархиялық деңгейін көрсетеді.
Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тән заңдылықтар жатады.
Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда, қоршаған ортаны қабылдау бұзылады. Даму ауытқуының түріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бұрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бұрмаланады, эмоцианалды–ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кез-келген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады.
Сөйлеудің бұзылуы Л. С. Выготский баланың екі жасынан бастап, сөйлеудің оның өмірінде маңызды рөлге ие болатындығын, сөйлеу негізінде, басқа психикалық үдерістердің дамуы жүзеге асатындығын айтады. Нейрофизиологиялық зерттеулер, сөйлеудің мидағы маңдай аймақтарының жетілуіндегі тежелулер мен ауытқулар, дизонтонгенияның патогенетикалық сипаттамасына негіз болатындығын көрсетеді, мысалы, психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ойдың кемдігі, ерте жастағы аутизм. Ал даму ауытқуының басқа түрлерінде, вербальды және вербальды емес әрекеттердің арасындағы алшақтық немесе дивергенция байқалады. Әрине, бұл өз кезегінде, балалардың оқу бағдарламасын меңгеру үдерісіне кедергі жасайды, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы, ерекше әдістерін қажет етеді.
Қоршаған орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы. Кез-келген даму ауытқуында, психикалық үдерістердің жартылай немесе тұтас бұзылуы байқалады: ой-өрісі немесе зият қабілеттері төмендейді, есту-көру арқылы қабылдау бұзылады, ойлау операциялары жетілмейді т.б. Әрине, мұның барлығының дамуы мен жетілуі, ұзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі. Бұл көрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру саласында пайда болған интеграциялық үдерістер, қоғамдағы адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай түсті.
Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бұзылу топтарына ғана тән заңдылықтар жатады (анализаторлық жүйелердің бұзылуы), мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық генезді ПДТ) жатады.
Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір түріне ғана тән заңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы және тұрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар аутизміндегі бұрмалана даму). Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу үдерістерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік–биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды».
