Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнайы пед ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать

12.Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен ұйымдастыру жұмыстары.

  • мұғалімдердің баланың үйіне бару, тұрмыс жағдайларымен танысу

  • ата-аналар ұжымын біріктіру

  • ата-аналарға кеңес беру сабақтар мен семинар, конференцияларды өткізу

  • ата-аналардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары

13.Арнайы мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары

  • Факультатив сабақтары

  • Өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына және білімдерін тереңдету міндетін көздейді.

  • Оқу саяхаттар

  • Әрқилы нысандар қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу мақсатымен өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы оқуды ұйымдастыру.

  • Семинар

  • Меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылау түрінде өтеді. Бұл сабақтар оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады.

  • Зертханалық-практикалық сабақтар

  • Сыныпта алған білімдерін тәжірбие арқылы көрсету үшін арнайы зертханаларда жүргізіледі.

  • Үйдегі өзіндік жұмыстар

  • Сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оқу түрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалпы қиын мәселе.

15.Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері. Оқытудың жүйелілігі

Оқытудың ғылымилығы

Оқытудың тәрбиелігі

Оқытудың қол жетерлігі

Оқытудағы көрнекілік

Оқытудың саналылығы мен белсенділігі

Педагогикалық оптимизм туралы принцип

16. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын сақтау.

Дене тәрбиесі - арнайы мектептегі сауыктыру жүмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп окушыларында дене дамуы мен денсауылығы төмен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік түріне қарамастан көбінде кан-тамыр, демапу жүйелерінде аурулар кездеседі. Салмақтары мен бойы калыпты балаларға қарағанда төмен, тірек-кимыл козгалысында жетіспеушіліктер байкалады (бүлшық еттерінің әлсіздігі, жүрісіндегі кемістіктер, үсақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шыныктыру оку бағдарламалары окушылардын денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету максатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б.) камтиды.

Дене тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру негізгі шара - дене шынықгыру сабактары. Бүл сабақтар жалпы мектептегі тапаптарға сәйкес өтеді, бірак окушылар дамуындағы кемістіктерді ескеруді тапап етеді. Сондыктан арнайы мектептегі дене шынықтыру сабақтары өзгеше үйымдастыралады.

Арнайы мектепте дене тәрбиесі дене шыныктыру сабактарынан тыс емдік дене шыныктурьі мен сабактан тыс жүмыс арқылы жүзеге асады. Күнделікті оқушылар азанда гимнастика жаттығылар жасайды, баска сабактарда дене шыныктыру кезендері өткізіледі. Окушылардың денсаулығын дамыту үшін дене шыныктыру үйірмелер үйымдастыралады (орта және жоғары сынып оқушылары үшін).

Арнайы мектептерде өтетін "Денсаулық күні" мен спорт жарыстары да балаларды сапауатты өмір сүруге кызықтырады, жалпы дене дамуындағы кемістіктерді түзетуге көмектеседі.

17. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте түзете-дамыта көмек көрсету моделі (р.А.Сулейменова және т.Б.).

Медициналық - әлеуметгік педагогикалық патронаж (МӘПП)

Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше көмек көрсету, баланың өмірін сактау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және когамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі.

Медициналық - әлеуметгік педагогикалық патронаж (МӘПП) дамуында ауытқуы бар баланын отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын үзақ мерзімде қолдануды қалайды.

Кешенді МӘПП психологиядық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік мекемелер мен және кызметтермен жүзеге асырылады. Аталмыш мекемелер мемлекеттік немесе жекеменшік (коғамдық бірлестіктер, қайырымдылық орталықтар) болуы мүмкін және олар бір бірінің жүмыстарын толықтыра отырып, дамуында ауыткуы бар балалардың әлеуметтік кеңістікте бейімделудің әртүрлі жолдарын үйымдастырады ол отбасына әлеуметтік колдау көрсетудің ұзак мерзімді шараларына бағытталган.

МӘГТП-ң негізіне психологиялык-педагогикалық консультациялар (кеңестер), психологиялык-медицинапык әлеуметтік орталықтар диагностикалык және оңапту орталықтары, логопедтік пункттер, ерте жастан комек көрсету кабинеттері және үйде оқыту үйымдары кіреді.

МӘПП жүйесі мүмкіндігі шектеулі түлғалардың, балалардың, дамуын жақсарту мақсатында арнайы білім-беру жүйесінің бір белігі ретінде калыптасады. Кешенді МӘПП-ті үйымдастыру үшін білім саласындагы түрлі ғылыми-әдістемелік мекемлермен және денсаулык сактау, әлеуметтік қорғау кармағындағы мекемелермен әрекетті үйлестіру қажет.

МӘПП өз кызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кажетті білім алу бағытын анықтап, оқыту мекемесін таңдауға көмектесу;

  • білім апуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға коррекциялық- педагогикалық дамыту бағдарламаларын өңдеу, іске асыру.

  • балаларды әлеуметтену мен оқудың жаңа инновациялық түрлерін қалыптастыруына бағытталган білім беру жүйелерін дамытуға әсер ету;

  • түзетушілік-педагогикапық процеске ата - аналарын косу белсенді катыстыру үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру;

  • өз мүмкіндіктеріне сай баланын еркін дамуы үшін күкықтық кепілдігін жетілдіруге бағытгталған когамдық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру;

  • арнайы білім беру жүйесіндегі жаңа педогогикалык технологияларын, әдістерін енгізу;

  • казіргі қогамда мүмкіндігі шектеулі адамның мәртебесін котеруге көмектесу үшін арнайы білім беру саласындағы жетістіктерді көрсету, халыкка түсіндіру бағытында бүқаралық акпарат күралдарын қолдану.

МӘПП-дың қүрылуы отбасы жагдайындағы дамуында ауыткуы бар балаға кешенді көмек көрсетудің, арнайы білім беру жүйесінің дамуын көрсетеді.

МӘПГІ мекемелер жүйесінің қызметі нәтижелі болу үшін оған келесі тапаптар қойылады:

  • патронаж кызмегін ата - аналар мен педагог мамандардың қажет етуі;

  • сапалы көмек көрсету арқысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың киындыктарының азаюы;

  • омір сүру шектеулігінің дәрежесіне қарамастан баланың даму керсеткішінің өсуі:

  • отбасы ішіндегі қарым- катынастарын қалпына келуі;

  • қазіргі уақытта балалар мәселесін шешу аймагында педагогтардан өзге мамандардың біліктілік сапасын өсуі.

МӘПП-дың процесінің маңызды қүрамды бөлігі ерте диагностика мен ерте кешенді көмек керсету болып табылады, оны үйымдастырудың нәтижелігіне мүгедектіктің алдын алу дәрежесі тәуелді болады.

Мүгедектің апдын алуга тек медициналык шаралар ғана емес, сонымен катар бала дамуын ерте реттеу де жатады. Қазіргі уақытта корррекциялық педагогикадагы ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық көмек көрсету мәселесі бүкіл дүние жүзінде жетекші мәселе болып отыр. Қазіргі уақытга көптеген мемлекеттерде дамуында ауыткуы бар балаларга ерте педагогикалык көмекпен ерте диагностикалау бағдарламалары бар. Осы бағдарламалардын теориялык базасын қүру үшін Л.С.Выготскийдің жүмыстарын алған.

Дүние жүзілік тәжірибеде ерте көмек көрсету бағдарламаларына: жана туылған сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балапардың дамуын гексеру, Гавайлық ерте білім беру профилі, «Тандем» дамуды ерте диагностикалау бағдарламалары жатады.

Сонымен катар ресейлік ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері бүл саланы толықтырды, нақтыерте диагностикалау бағдарламалары, дамуында ауытқулықтары бар бапаларға психологиялык - педагогикалық көмек көрсетуді т.б. жатады.

Ерте көмек көрсету мамандардың айтуы бойынша балаларға негүрлым ерте көмек көрсетіп және сол жүмысқа ата - анасын қоса, онда, жүмыстың қорыгындысы соғүрлым нәтижелі болады дейді.

Дамуында ауыткуы бар балаларға ерте кешенді көмек көрсету мен ерте диагностикалау бағдарламалары ез болашағына жаңа бағдарламалар, кадрларды даярлау, білім беру мекемелерінің қызметін қамтамасыз етудің ортак акнараттық жүйесін күруды, әлеуметтік қызметкерлерді, педагогтар мен ата - аналарын даярлауды ез алдына қойып отыр.

. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі

Мемлекеттік мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі совет одағында XX ғасырдың 20-30 жылдары қүрыла бастаған. Біздің елімізде алғақы арнайы балабақшалар еткен гасырдың 60-шы жылдарында ашылды.

70 жылдарда мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелердің кеңейген жүйесі қүрылды. Оларға:

  • бебекжай

  • балабақша

  • мектепке дейінгі балалар үйлері

  • сонымен бірге жалпы балабакшадағы арнайы топтар.

Сол кезде арнайы білім беру мекемелерінің ғалымдарымен машықгандыру, мектепке дейінгі жастағы балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдіс - тәсілдерін табу жолдары, коррекциялық оқыту әдістері қабылданған. Оның бәрін қазіргі жүйеде қолданылады.

Мектепке дейінгі арнайы мекемелердің қағидалары ,

  • арнайы мекемелерді дамуындағы жетекші кемістігіне карай іріктеп жинактау. Соған сәйкес келесі мектепке дейінгі үйымдардың типтері бар:

    • естуінде ауытуы бар (естімейтін және нашар еститін бапалар)

    • керуінде ауытуы бар (кермейтін және нашар керетін амблиопиясы бар балапар)

    • сөйлеу тілінде кемістіктері (сөйлеу тілінің жалпы дамымау, түтыкпасы бар балалар)

    • зиятында ауытуы бар (ақыл-ойы кемтар)

    • тірек-кимыл қозғапысында ауыткуы бар балаларга арналған

  • арнайы балабакшаларда жалпы балабакдіаларымен салыстырганда топтардағы бала саны аз (15 балаға дейін)

  • мектепке дейінгі арнайы мекемелер штатына қосымша олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық қызметкерлердің енгізу

  • дефектологтар мен тәрбиешілердін сабақгарын қайта бөлу, тіл дамыту сабактарын математикалық үғымдарды қалыптастыру сабақтарын тәрбиешілер емес, дефектологтардың жүргізуі

  • сабактарының арнайы түрлерін үйымдастыру (есту қабілетінің қабылдауын дамытуға, көру кабілетін дамытуға, кеңістікте бағдарлау сабактары)

  • мекемелер қызметінің гегін болуы.

Арнайы мекемелердің барлық жүмысы бір мақсатқа бағытгалған отбасына дамуында ауыткуы бар баланы тәрбиелеуге көмектесу, оның потенциялды мүмкіндіктерін дамыту.

Баланы бөбекжайға тек 2 жастан, бала-бақшаға 3 жасган ғана беруге болатын. Ерте жастағы балалар тек денсаулық сақтау үйымынын зейінінде ғана балатын және ешқашан психологиялық - педагогикалық көмек ала- алмайтын.

Мамандырылған мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің күрылуы жалпы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің үйымдастыруына жағымды үлкен үлес косты, бірақ арнайы мүмкіндіктерді кажет ететін балалардык топтарына бүл онша қолайлы болған жок еді, және олар бөлінбеген еді.

Кейін «Білім туралы» біраз зандар кабылданганнан кейін осындай білім беру мекемелерінде біраз өзгерістер болды және олар балаларға колайлы еді, онда балалар мен олардың отбасы қажет психологиялық - педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек ала алады. Ең бастысы бүл - мектепке дейінгі білім беру мекемелері.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы үшін балабақша бүл ең біріншіден баласының толық дамуына жағымды жағдай үйымдастырылған қолайлы мекеме.

Кемтар бапалардың көбі толыкгырушы түрдегі балабақшалар мен аралас түрдегі балабақшалардың арнайы топтарында тәрбиеленеді. Осы мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім беру дамуында ауытқуы бар балалардың категориясына карай әзірленген ол арнайы түзетушілік - дамытушылық бағдарлама бойынша жүзеге асады.

Топтарды толыктыру баланың жасы мен кемістік түріне байланысты:

  • күрделі сөйлеу бүзылыстары бар- 6 және 10 адам.

  • 3 жастан жоғары фонетикалык-фонематикалык жетіспеушілігі бар балалар 12 адамға дейін.

  • естімейтіндер - 6 балаға дейін

  • нашар естімейтіндер 6-8 балаға дейін

  • көрмейтіндер - 6 балаға дейін

  • нашар көрегіндер, амблиопиясы бар 6-10 балаға дейін

  • тірек-кимыл аппараты бұзылған 6-8 бапаға дейін

  • зияты бұзылған 6-10 адамға дейін

  • психикалык дамуы тежелғен балалар 6-10 адамға дейін

  • 3 жастан жоғары терен акыл-ойы кем балалар 8 адамға дейін

  • туберкулездік интоксикациясы бар 10-15 адамғадейін

  • көп ауыратын, созылмалы аурулары бар 10-15 адамға дейін

  • күрделі кемістіктері бар балалар 5 адамга дейін

  • дамуында өзге ауыткулары бар 10-15 адамға дейін.

Арнайы мектепке дейінгі мекемелердің күн тәртібіне қатыса алмайтын балалар үшін қысқа мерзімдік көмек көрсету шаралары үйымдастырылады. Онда бала өз дамуына кажетті психологиялык-педагогикапык көмек ала- алады, ата-анасына баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселесі бойынша кеңес беріледі.

Отандық білім беру аймағындағы өзгерістер мен елдердегі езгерістердің салдарынан өзгеріп отырады. Дамыған мемлекеттерде арнайы мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты дамыган балапармен біріктірудің (интеграцияның) әртүрлі модельдері қолдануда. Интеграция идеясын таратушы мамандардың ойы бойынша, қазіргі жагдайда оларды камтамасыз ету үшін мынадай жағдайлар қолайлы:

а) жалпы үлгідеғі балабақшаларда мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы топтар мен бірге жалпы топтарда біріктірігі арнайы колдау керсету;

б) бапаны дамытушы ортапыктарды белсенді ашу, онда барлык мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілермен түзетушілік жүмыс жүргізіледі.

Әр бала үшін мектепке білім апуға дайындық кезеңіне кешу дағдарыс болып саналатыны белгілі. Арнайы білім алуда ерекше кажеттіліктерді талап ететін балалар үшін мүндай қызмет түріне бейімделу тіпті қиын болып табылады. Сондыктанда «бастауыш мектеп балабақша» білім беру мекемесі дамуында ауытқ>ъі бар балалардың білім мен тәрбие алуы үшін ең қолайлы мекеме болып табылады.

Сонымен катар, мүмкіндігі шектеулі балалар психологиялық- педагогикапык және медициналық-әлеумегтік көмек талап ететін болатындыктан арнайы білім беру мекемелері, мектеп-интернаттар мен арнайы мектептердегі мектепке дейінгі белімдер, (топтардың) ашылылады.

Арнайы мектепке дейінгі білім берудің мазмүның мемлекетгік стандарт пен арнайы балабақшалар багдарламары қамтиды. Бүл жерде арнайы балабақшалар багдарламаларына жаңа езгерітер енгізу мәселесі ез өзектіліген білдіреді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру мекемелеріне жіберу психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия арқылы жүзеге асады. Ага-аналары ез беттерімен ПМГІК-га бара алады. Бірак көбіне олар емдік-алдын-алу мекемелер берген багыты мен кеңесі бойынша барады.

Комиссня баланың психологиялык және дене дамуының жағдайы турапы корытынды мен келешек кандай мекемеде білім алатыны туралы нүсқамалар береді.

Ерте коррекциялық көмек көрсетудің негізі- сәбилер мен ерте жастағы балалардың физиологиялык және психикалық дамуын жан-жакты зерттеу болып табылады.

Ерте коррекциялык көмек көрсету тәжірибесін іске асыру нақты түзетушілік нысаның анықгаудан басталады. Көптеген мамандардың ойы бойынша мү.ндай жүмыстар тек дамуында белгілі бір кемістіктері бар балалармен ғана емес, сонымен қатар болашакта әлеуметтік бейімделуі киын болу мүмкіндігі бар балалармен жүргізілуі тиіс. Осындай кешенді көмекті талап ететін балаларды аныктаудың негізгі қүралы жалпы скрининг әдістемесі болып табылады.

Балалық психоневрологиялық ауытқулыктар деректеріне огбасының ауыр қаржылық, жалгіы толықканды өмір сүру жағдайларының жеткіліксіздігін жатқызамыз. Сонымен катар ата-аналар арасындағы ішімдік пен нашақорлыққа салыну да жағымсыз факторлар катарына жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте педагогикалык- түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар күжаттар кабылданып, жүзеге асырылуда, оның ішінде ерекше орынға ие "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы колдау туралы" ҚР Заңы. Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалык-дене бүзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалык диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметгік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау.

Мемлекеттік ерте жастан коррекциялық-педагогикалык көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:

              • Сәбилердің психикалык және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханшіарда жүргізілуі тиіс. Скрининг- "қатер" тобындагы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

              • Скрининг нәтижесінде анықталған "қатер" тобындағы балаларды ата-анапарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімен психологиялык- медициналық-педагогикалык консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.

  • Арнайы бала-бакшаларды жаппы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашкы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақгарында іске асырылатын түзетушілік жұмыс.

                • Ерте коррекциялык көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік камтамасыз ету. Бүл жүмыс барысында барлык мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және гылыми зерттеу бағдарламапарын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нүскауларды дайындау.

                • Мемлекеттік қүқықгық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында білім беру, денсаулық сактау және халықты әлеуметтік корғауды баскарудың орталық мемлекеттік үйымдары жүмыс істейді.

Ғылыми жүмыстар бағдарламасының ауқымында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуді жетілдірудің езекті мәселелерін арнайы зертгеу жүргізу тапсырмасын анықтайды. Қазіргі уақытта естуінде аутқуы бар балалар үшін ерте жастан колдау көрсету жағдайлары қалыптасуда. Әйелдерді босандыру мекемелерінде аудиологиялык скринингті өткізіп, кейіннен сәбидің естуінде ауыткушылық пайда болуы қатері бар болған жағдайда балалар емханасында арнайы есепке алып есту қабілетін аудиологиялык орталықтарында терең тексеруден өткізу қажет. Сол кешенді тексету нәтижесінде балаға қандай тиімді шаралар қажет екені анықталады, дыбыс күшейткіш аппарат тағу, естуін жақсарту операция, әлде кохлеар имплант қолдану операция. ҚР кохлеарлық импланттау операциялары нәтижелі өткізіліп жатыр, бірак операциядан кейін естумен сөйлеуін оңалту жүмысы жеткіліксіз болып түр. Бүл багьптың болашағы зор, естуінде ауытқуы бар балаларды ерте жастан колдау көрстеу аркылы сөйлеундегі кемістіктердің алдын алып, коршаған ортаға қиындыксыз бейімдеуге жол ашады.

18. Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері.

Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдар зерттеген (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.).

Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдык іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп окушысы әрбір сабақта, адамзаттың қогамдық - тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейді, коршаған әлем күбылыстарымен танысады. Оқу іс-әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар калыптасады. Оның миі шындықтың зерттейтін Йбьектілерін бейнелейді. Сондықган оқыту процесі окушының коршаған әлемді тану процесі болып табылады. Бірақ адам қоршаған әлемді «іс- әрекеттің баска түрлерінде да, мысалы, еңбек, ойын, көркем бейнелеу, ән- күй — әстетикалық, тағыда басқа іс-әрекет аркылы таниды.

Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, қүрылымы адамның психикалық және қогамдық даму зандылықтарының нәтижесінде пайда болған таньгмдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның калыптасқан іс-әркеттердің түрін, қүрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы үйымдастырылған оқу іс-әрекетгің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмүны, принципі, әдістері мен үйымдастыру формалары болады.

Оқыту арнайы үйымдастырылған іс-әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және баска да зандылықтардың негізінде калыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді.

Оқыту процесінің күрылымы таным процесінің негізгі кезендеріне сәйкес келеді:

  • сезіммен кабылдау,

  • абстрактілі ойлау,

  • тәжірибе.

Оқытуда келесі күрылым белімдерді ажыратуға болады: оку материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, менгерілген білімді тексеру багагіау, әр қайсысы бір бірімен тыгыз байланыста келеді.

Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материап қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру кажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден кабылдау алдынгы меңгерілген білімге негізделеді. Соңымен, қабылдау бір мезетте нактылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергенің қорытындысы.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән кабылдаудың ерекшеліктері: баялулығы, аз көлемі, шартыкештіғі, шынайлықтан шеттеу немесе бүрмалап қабылдауы. Мүндай ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықгығын, нақтылығын және барабарлыгын камтамасыздандыруға бағыттапған, арнайы қүралдар мен тәсілдерді пайдапанудың қажеттілігін аңыктайды, нақты:

  • күрделі оқу материалы бөлемдерге жіктеледі;

  • оқыту үрдісі баяу өтеді;

  • окушының әрбір әрекетіне басшылык жасалады;

  • окушыны өзінің қабылдау нәтижесін галдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді;

  • сақгалған, сау анализаторларға сүйену қажеттілігі.

  • Оку материапын саналы меңгеру - бұл күрделі процес, заттар, күбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын еңгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауыткушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анык айқылданған репродуктивті, ягни кайта жаңғырту сипатына ие. Санапы түсінуге (талдау, жинактау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толык жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы үғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондыкан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады.

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы менгеруі арнайы үйымдастырылған түрінде етеді. Оның негізгі түрі - балалар өзінің танымдық жинактауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жүмысының маңызды кезеңі - нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыга, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балага жеңілдететің арнайы күрапдар пайдалану болып табылады.

  • Арнайы оқытуда көрнекі қүрапдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі.

  • Бекіту - меңгерілген білім мен икемді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемді біртіндеп және тиянақгы бекіту мүмкіндіктері шектеулі бапаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Икем дегеніміз - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу кабілеті. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі кобірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдапана апудың көрінісі болып табылады. Икемділік білімнің амалға айналуы, сол саналы әрекетті кажет етеді, икемділік амапды жүзеге асырудың да тәсілі. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылыгына еліктеу негізінде қапыптасады. Еліктеу аркылы бала түрлі түрмыстық дағдыларға (беіті, колды жуу, мезгілімен үйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машыктанады.

  • Бекіту есте сақгау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сактай алмаса, кабылдаганың сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың кайта жаңгыртуында бүрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бүл жартыкеш, жүйесіз, жеткіліксіз түйсіну, механикапық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материап дүрыс толық тапқыланып, қүрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс.

  • Арнайы мектептегі мүғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсініксізк калуын және барлык жүйеден бөлінбеуін мүкият кадагалауы тиіс.

  • Қайтапау процесінде түзету, бекіту және толықгыру қате меңгерілген білімді және әрекет тәсілдерін қайта қүру жүзеге асырылады.

Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін калыгітаспауы. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқы саналы орындауды кажег ететін іс-әрекет бөліктерінің қайтапап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды Дагдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ( кұрамдары ) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік менгерумен дагдыларды қалыптастырудағы киындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сактау (негізінде Ирактикапық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді кайта жаңғыртуға және білім мен практикапық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзету қүралдары мен тәсілдерін пайдаланылады.

Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сиякты заңдылыктар негізінде етеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.

Біріншіден оқытудың барлық кезендерінде затты-кернекі бағытында әрекет жасау.

Екіншіден танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық ету талабы маңызды, өйткені балалар мүғалімнің көмегін үнемі кажет етеді. Бірак бапапар ез танымдық әрекетін үйымдастырып үйренген соң, мүғалімнің тікелей кемегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді. Мүғалім кемегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп түрады. Оқушылар берілген нүскаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше мүғалімнің басшылыгымен орындауға үйренеді.

Ушіншіден, оқытудың репродукгивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады. Арнайы мектепте оқу материалын дүрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқыгылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады.

Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бүл үшін оку процесін белсендіретін түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану қажет, кернекі қүралдар, арнайы техникапық оқыту қүралдар т.б.

Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бүл ерекшелік окушыдардың таным ерекшеліктерінен туындаған. Ал ол болса, арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді - ол оқушыларды түзете-дамыту.

Оқыту окушының өзін қоршаған әлемнің танылған заңдылықтарды тануының бір тәсілі - оларды адамның қоғамды - тарихи дамуында, оның еңбектік іс-әрекеті барысында тануға жол. Басқа тәсілі - заңдылықтарды адамның жеке дамуында тануы. Мүнда кешенді әрекет тек оқыту жағдайда гана болуы мүмкін. Себебі адам қоршаган затгар, қүбылыстар мен оқиғалармен тек ез қатынасы арқылы алатын зандьшықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған зандылықгарды игеру қажет. Баланы окытпаса, ол ез бетімен ғылыми білім жүйесін игере алмайды.

Соңымен оқыту - бүл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенін танылған зандылықтарын меңгеру мақсатында арнайы қол жетерліпне сенімді болу үшін мүғалім окушылардың даму деңгейін жаксы білу керек.

Қазіргі арнайы мектептердс білімді багалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Ол Білім алушыларды аттестаттау "әдістемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республнкасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы «2» наурыз № 166 бүйрығымен бекітілген.

Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі «Кемтар балапарды әлеуметтік және медициналық - педагогикалык түзету арқылы қолдау туралы» Қазакстан Республикасының Заңының 6 - бабының 6 - тармағына сәйкес әзірленді. Негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың теориялық білімінің нақгы деңгейін белгілеу және оқу жоспарының міндетті күрамдас бөлігінің негізгі пәндері бойынша олардың практикалық дағдыларын түсіну;

  • осы деңгейді білім стандартының талаптарымен және окушылардың нақгы танымдық мүмкіншіліктерімен жақындастыру;

  • білім алушылардын жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оку пәндерін зерделеудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік - тематикалық кестесін орындау;

  • білім алушыларды қорғауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оқу жұктемесін регламентгеу бөлігінде олардың құкықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуді белгілейді.

Бүл ережелерде, теменгідей тарауларында білім апушылардың денгейін, қандай бағытта тексеретілені бекітілген (толыгымен косымшада)

    • Ақыл - ойы кенжелеп қапған балапардың (дамуында интеллектуапдык бүзылушьшықгар бар балапар) оку жетістіктерін елшеуге койьшатын талаптар

    • Ана тілі бойынша (грамматика, жазу және сөйлеу мәнерін дамыту) көмекші мектептердің білім алушыларының білімін және дағдыларын тексеру

    • Математика пәні бойынша білім алушылардың білімі мен дагдыларын тексеру

    • Психикалық дамуы тежелген балалардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар

    • Көру қабілеті бүзылған білім апушылардың оку жетістіктерін өлшеуге койылатын талаптар

    • Қүлағы естімейтін (саңырау) білім алушылардың оқу жетістіктеріне қойьшатын талаптар

    • Нашар еститін оқушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар

    • Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар

    • Сөйлеуінде күрделі бүзылыстары бар балаларға арналган арнайы (түзеу) ұйымдагы сыныптардың оқу техникасының нормативтері

    • Даярлық, 1 - 4 - сыныптардагы білім апушыларға арналган диктанттарды бағалау нормасы

    • Грамматикалық тапсырмаларды бағалау

    • Мазмұндама мен шыгарманы бағалау

    • Дыбыстап айту

Қазіргі уақытта арнайы білім беруде окушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламапарда бекітілген талаптарга лайыкты. Сфымен бірге, дәстурлі бағапармен бірге, бастауыш сыныптарда "+"," —", түсті дөнгелек, төртбүрыштар пайдаланады. Баға кою кезінде арнайы мектеп мүғапімдері міндетті түрде, не үшін, кандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.