- •1. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері.
- •6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері
- •7. Арнайы білім берудін құкыктык негіздері
- •3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
- •1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
- •2. Тәрбис принциптсрі мен әдістері
- •3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысыныц мазмұны
- •4. Қалыпты және ауытқуы бар балалардың психологиялық даму заңдылықтары
- •5. Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру үйымдары
- •6. Арнайы мектептердегі тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері.
- •9. Арнайы білім берудің қағидалары
- •12.Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен ұйымдастыру жұмыстары.
- •13.Арнайы мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары
- •16. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын сақтау.
- •17. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте түзете-дамыта көмек көрсету моделі (р.А.Сулейменова және т.Б.).
- •19. Арнайы мектептегі оқыту әдістері.
- •20. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету.
- •21. Арнайы білім беру технологиялары.
- •22. Қалыпты және ауытқуы бар балалардың даму заңдылықтары.
- •23. Арнайы мектептегі сөздік әдістер.
- •24. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды эстетикалық тәрбиелеу.
- •25. Арнайы педагогиканың дидактикалық принциптері.
- •Оқытудың жүйелілігі
- •Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі
- •Слайд Айза 26-30 Самал 31-35
- •31 Қр мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту.
- •32 Дамуында мүскіндігі шектеулі балаларды оқытуда қолданылатын көмекші компенсаторлық техникалық құралдар
- •33 Тірек қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру.
- •34 Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •35 Аутизм жағдайдағы тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі.
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •40.Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу.
9. Арнайы білім берудің қағидалары
Жалпы дидактикалық қағидалар:
Ғылымилық қағидасы- игерілетін білімнің ғылымилық сипатын анықтауда, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білімді игерудегі әлеуметтік бейімделу, танымдық мүмкіндіктеріне болжам жасайды.
Теория мен практиканың өзара байланысы-қоршаған орта туралы ақпараттарды бала бірінші заттық-практикалық әрекет негізінде иереді. Осының қорытындысына сай, арнайы педагог заттар мен шындық құбылыстар уралы жаңа ақпараттармке таныстырады.
Оқытудың белсенділік пен саналылық қағидасы- оқыту мен тәрбие екі жақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесі кезінде оқушы объект ретінде оқыту мен тәрбиенің ықпалын қабылдаса, субъект ретінде өзінінің белсенділілігін танытады. Субъективті бесенділіліктің төмендеуі, танымдыө қызығушылықтың әлсіздігі, оқуға деген мотивтің төмендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың бағдарлама материалын толықтай игеруіне кедергі жасайды. Арнайы білім беру жүйесінде педагог мамандар аталған ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқыту мен тәрбие процесінде оқушының субъективті белсенділігін арттыратын әдістер мен тәсілдерді орында қолдануы керек.
Жеткіліктіліік қағидасы-баланың жас, психикалық және дене ерекшеліктерін есепке алу арқылы баланың потенциалдық даму мүмкіндіктерін анықтауды қажет етеді.
Реттілік және жүйелілік қағидасы- арнайы білім берудегі баланың білім, іскерлік, дағдысын анықтаушы біртұтас жүйені құруды қамтамасыз етеді.
Игерілген білімнің беріктілігі қағидасы-баланың игерілген білімін жаңа біліммен байланыстыруға аулуды көздейді. Жаңа материалды игерудегі беріктілікті жүзеге асыру үшін өткен материалды еске түсіру, оның мазмұнына сүйену керек.
Көрнекілік қағидасы- білім беру процесіндегі сезім органдарының іске қосылуын қамтамасыз етуде көрнекі құралдарды пайдалану керек. Аталған қағида дамудағы кемшілікті компенсияциялау арқылы қалыпқа келтіруге болжам жасайды. Оқыту процесі кезінде заттық көрнекіліктер (муляждар, макет, ойыншықтар), бейнелік құралдар( иллюстрациялар, слайдтар, картиналар, филбмдер), шарттық-символдық белгілер(сызбалар, символдар, формулалар, графикалар) түріндегі түрлі көрнекі құралдар қолданылады. Көрнекі құралдарға таңдау жасау баланың жас ерекшелігіне, дамудағы кемшіліктің түріне, оқу бағдарламасының мазмұныа байланысты жүргізіледі.
Оқыту мен тәрбиелеудегі саралау қағидасы-баланың жеке даму ерекшеліктеріне қарай (темперамент, ойлау операцияларының жылдамдығы, еңбек етудегі, білімі игерудегі қабілеті, эмоциялық ерік сферасы) балалар категориясын типологиялық ерекшеліктерге бөлуді ұсынады.
Оқытудың ұжымдылық қағидасы- оқушының әлеуметтік ортаға бейімделуі, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін арттырады.
Арнайы педагогиканың негізгі қағидалары:
Педагогикалық оптимизм қағидасы есту қабілеті зақымдалған адамды дамушы және әллеуметтік толыққанды тұлға ретінде қабылдауды ұйғарады.
Ерте педагогикалық көмек көрсету қағидасы естудің зақымдалуын ерте анықтау, тексеру, уақытында кешенді көмек көрсету. Осы балалардың тиімді дамуына қолайлы жағдай болып, естуді жоғалтқан уақытпен мақсатқа бағытталған педагогикалық көмек арасындағы айырмашылықты қысқартады.
Ерте жастан естіп қабылдауын дамыту, әлі екіншілік кемістігі дамымаған балалар үшін өте маңызды. Уақытында көрсетілген педагогикалық көмек балада бар кемістіктің салдарын жойып, баланың толыққанды дамуына мүмкіндік тудырады.
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру түзету және оңалту бағыттылығы қағидасы – оқыту - тәрбиелеу үрдісін баланың сақталған мүмкіндіктерін қолдану және ағзаның зақымдалған жүйесін дамытуға сүйене отырып жүргізуді қарастырады.
Сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балаларға түзете – толықтыру бағытын ұстана отырып білім беруге мыналар жатады: екіншілік кемістікке педагогикалық әсер ету және соның негізінде толықтыру үрдісін дамыту; таным іс - әрекетінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін жою, сөйлеу тілін қарым – қатынас және ойлау құралы ретінде меңгеру; жеке тұлға болып қалыптасуының мүмкіндіктерін қарастыру және т.б.
Оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету қағидасы. Осы қағиданың негізделуіне С.А.Зыковтың қосқан үлесі зор. Ол естімейтін балаларды оқытуда заттық-практикалық іс - әрекетті қолдану баланың психикалық іс - әрекетінің қалыптасуын түзетеді, жалпы дамуына әсер етеді, мектепке дейінгі кезеңнен мектепке өткенде әлеуметтік жағдайға бейімделуіне көмектеседі және тұлғасының үйлесімді дамуына әсер етеді деп есептеген.
Ойлау, сөйлеу тіл және қарым – қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде қағидасы. Осы қағиданы жүзеге асыру, есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың вербальды ойлауын, соның ішінде түсінік, ой қорыту, талқылау сияқты формаларын қалыптастыру үшін өте қажет. Арнайы оқыту барысында сөйлеу тілін меңгере отырып, есту қабілеті зақымдалған тұлғалар ойлағандарын сөйлеуге айналдырып, болып жатқан құбылыстарды сөйлеумен сәйкестендіруге үйренеді. Арнайы оқыту жүйесінде сөйлеудің көмегімен қарым – қатынас жасауға, ақпарат алмасуға, таным іс - әрекетінде өзара әрекеттесуге үйретеді. Сонымен қатар, балаларды сөйлеу іс - әрекетінің әр түріне, сөйлеу кезінде дұрыс артикуляциялауға, дактильдегенде саусақтың қозғалысына әріпті нақты жазу үшін графикалық әрекет жасауға, оқу дағдыларына және т.б. үйретеді.
Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету қағидасы
Барлық оқу үрдісін мақсатты бағытталған, ұйымдастыра отырып, бақылайтын сурдопедагогтың іс - әрекеті арқылы жүзеге асады. Есту қабілеті зақымдалған баланың дамуының ерекшеліктері, педагогтан оқу – танымдық процесті ұйымдастыруда түзету мен өзіндік үрдіс – тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сол себепті оқыту процесін тиімді ұйымдастыруда есту қабілеті зақымдалған балалардың даму заңдылықтарының ерекшеліктерін жете білетін, осы ерекшеліктерін ескере отырып түзету педагогикалық көмекті ұйымдастырып, басқаруда сурдопедагогикалық рөлі ерекше.
Білім берудегі әлеуметтік-бейімдеу бағыттылығы- арнайы білім беру жүйесіндегі коррекциялау мен компенсациялау процестерінің өзіндік мақсат емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік өмір сұруге дайындау тәуелсіздік жағдайын қамтамасыз етудің құралына айналуын қадағалау
Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы мен кәсіби әрекеті
"Баланың психикапық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, үстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы кажет", деп жазған XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.
Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі үстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік- педагогикалық, оңалту, консульгативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекңияның кептеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі түлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.
Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандыктарың игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына, олардың жүмысы мазмүнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог,
олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.
Олигофренопедагог - зиятында ауыткуышылықтары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Сурдопедагоғ - естімейтін , нашар еститін және кейін естімей калған балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Тифлогіедагог - көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;
Логопед - сөйлеу тілінде ауытқуы бар түлғалармен түзетушілік дамытушылықты жүмысын атқарады.
Мектепке дейінгі арнайы педагог - мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі бапаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамуындағы кемістіктерді түзету.
Дефектологтың яғни арнайы педагогтың қызметі (мамандыққа байланысты) келесі:
арнайы оқытуды кажет ететін мектепке дейінгі балаларға арналған арнаулы мекемелерінде тәрбиеші; ПДТБ, зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-кимыл қозғалысында ауыткуы бар балаларға арналған мектеп- интернаттарында тәрбиеші;
ПДТБ зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл қозғалысында ауыткуы бар балаларға арналған мектептеряе бастауыш сыныптардың оқытушысы; жалпы білім беретін мектептерде түзету сабактарының оқытушысы; арнайы (түзету) мектептердегі мүғалім;
мектепке дейінгі және мектеп жасындаға кемтар балаларға арналған үйымдарында; емдік-алдын алу мекемелерде, арнайы кабинеттерде; жалпы білім беретін мсктептерде логопедтік пунктгердегі логопед;
арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі және мектеп балаларға арнапған мекемелерінде педагог-психолог.
Арнайы мектеп мүғапімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және нақгы арнайы білім беру үйыдарында ғылыми-әдістемелік, үйымдыстыру- басқару жүмыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапкы қызметтерді атқара алатындыгына бағыттайды.
Қоғамның даму деңгейіне сәйкес маманның кәсіби дайындығы, демократиялык және гуманистік сенімдері, жалпы адамзаттык рухани байлығы жоғары дәрежеде болуы қажет. Қазіргі маман кен фундаментальді және тәжірибелік дайындықка ие болу, өз мамандығын жетелдіре ала білу, ез білімін өрістете білу, іс жүзінде қызмет үйымдастыру принциптерін қолдана алу, сонымен қатар педагогикалык процесті басқару озык әдістеріне ие болу қажет.
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметінің сферасы: педагогикалық, әлеуметтік, медициналық. Ал кәсіптік кызмет нысаны болып әлеуметтік- мәдениеттік және педагогикалық феномен ретінде арнайы оқытуды кажег ететін балаларга арнайы білім беру.
Арнайы гіедагогтың кәсіптік кызметінің пәні: арнайы мектеп, мектепке дейінгі арнайы (түзету) үйымдарында, емдік мекемелер (жанүялык дәрігерлік амБұлаториялар, емханалар, ауруханалар), коғамдық үйымдар (естімейтін, көрмейтін, мүгедек қоғамдары, оңалту орталықтары), әлеуметтік, әділеттік сапалар, от басындағы жеке басты қызмет, және -педагогикалық-ғылыми іс- әрекет.
Арнайы педагогтар кәсіптік кызметтін теменгідей түрлерін орындай алады:
ұйымдастыру-басқарушы;
оқыту-зерттеу;
білім беру (педагогикалық).
консультативтік-диагностикалық;
әлеуметтік (педагогикалық)
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмүны нақты келесіде:
уйымдастыру-баскарушы (арнайы мектептердің және оңалту орталықтардың, психологиялы-педагогикалық тұзету кабинеттер басшысы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналган ұйымдарының оку- тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, арнайы тұзету және жалпы білім беру мектеп әдістемелік бірліі інін басшысы);
оқыту-зертгеу (білім беру сапасындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату мен жетілдіру институтында әдіскер, түрлі институттарының гылыми қызметкерлері);
білім беру (педагогикалык) (олигофренопедагог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, тұзету мекемелердің педагог-психологы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналған мекемелерінің тәрбиешісі).
кеңес беру - диагностикалық (психологиялық-медициналық - педагогикалық консультациясының төрайымы мен мұшесі, диагностикалық орталығының қызметкері);
әлеуметтік-педагогикалық (дефектолог, отбасында әлеуметтік көмек көрсететін бөлімдерде логопед).
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің бағыты: дамудағы ауыткұларды анықтап белгілеу; арнайы оқьпуды кажет ететін адгімдарга емдеу және апдын алу комегін көрсету; ерте жастан көмек көрсету; мектепке дейін тәрбиелеу; мектепте білім беру; кәсіби - окыгу; апеуметгік жұмыс және алеуметгік көмек.
Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмұны: мүмкіндіктері шектеулі балапарға тұрлі түзету-педагогикалық, әлеуметтік және емдік көмекті ұйымдастыру: дамуында пайда болған ауытқулардың тұрлерін ерте аныктау, арнайы мектеп жасына дейінгі және мектеп мекемелерін, оңалту орталықтарын толыктыру, ерте араласу және мектепке дейінгі тәрбие, мектеп білімі; кемтар балапарға әлеуметтік және емдік көмек көрсету, денсаулық жағынан мүмкіндіктері шектеулі және арнайы білімді кажет ететін адамдарға әлеуметтік көмек және кызмет көрсету, дәрігерлік мекемелерінде денсаулық сауыктыру орталықгарының жүмысы, емдік мекемелеріндегі логопедиялык кабинеттерінде кеңестік және түзету жұмысы.
Жаппы арнайы педагог - бұл жан-дүниесі өте кең, ерекше рухани кұндылықтарға ие, мейірімді, ак көңілді, жан-жакгы кәсіби құндылықтар жүйісін меңгерген, өзінін кәсіби әрекегін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншапыкты кең, тіпті оған әлеуметтік — мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі түлғапардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.
Арнайы педагогтың, яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыкқа кері әсерін тигізетін мамандықтар катарынан болып габылады. Сондықган денсаулығы нашар тұлғапар бұп мамандық бойынша жұмыс жасауда киналады. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген түлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы, жаппы денсаулыгы жаксы болуы кажет.
Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына колдау көрсету, толыкканды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оку, катарлас кұрбылармен араласу, мектеп немесе балабакша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және суре салу, ересек өмірге дайындау. өз еліне, халкына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай апатын маман - арнайы педагогтар.
Арнайы педагогтың жалпы педагогикалык дайындығы күнделікті кәсіби біліктілікті жетілдіру жүмысын білдіреді.
Мүғалімнің нақтысынып тобымен жүмыс жасауы алдын ала білім беру н бағдарламапар және окулықтармен сонымен қагар, өз әрептестерінің тәжірибесімен танысуын қамтиды. Оқушылар қүжаттарымен зерттей отырып, мүғалім бағдарламаға сәйкес оқу сабақтарының жүйесін жобалайды, күнтізбелік жоспарды әзірлейді, техникапық және көрнекі оқу қүралдарын дайындайды. Мүндай алдын ала дайындық жүмысы мүғалімнің күнделікті сабакты өткізу әрекетің жеңілдетеді.
Арнайы педагогтың сабаққа дайындығы екі деңгейді камтиды:
жалпы педагогикалық;
сабақ бағытындағы дайындық.
Жалпы педагогикалық бағытында арнайы педагог ғұмыр бойы білім алады, оны жетілдіреді. Ол үнемі кәсіби шеберлігін шындап, дамытып және әріптестерімен және мүмкіндіктері шектеулі баланың ата-анасымен үздіксіз бөлісіп отыруы тиіс. Арнайы педагог езін ешқашан белгілі бір міндетті кәсіби әрекетпен шектемейді
Ал сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагогтың жұмысы. Дәстүрлі бүл жұмыс сабақга меңгерілетін оқу материалын талдайды, тақырыбын аныктайды. Оқу материалын іріктей отырып, кандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.
Арнайы үйымдастырушылык дайындық жүмыс орнын ұқыпты ұстау, көрнекілік пен таратылатын оқу материлды алдын ала дайындау арқылы камтиды. Ең негізгі жұмыс бүл жерде сабақ конспектісін дайындау. Сонымен арнайы педагогтың қызметі педагогалық түрлі әрекеттерді қамтиды, түлғасына көптеген талаптарды білдіреді.
