Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой улттык кор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.43 Кб
Скачать

2.Бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару

Қазақстан Республикасының қаржылық активі түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ретінде көрініс табады.

Ұлттық қорды мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастыру жөніндегі ұсыныстарды талдайтын әрі жасайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағыконсультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функцияларына:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау;

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және жасау;

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар жасау жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын бсқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және т.б. мән-жйларын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.

Осы Кеңестің құрамындағы: 1. Қазақстан Республикасының Президенті; 2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; 3.Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының төрағасы; 4. Қазақстан Республи-касының Парламенті Мәжілісінің төрағасы; 5. Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің төрағасы; 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасы; 7. Қазақстан Республикасы премьер Министрінің орынбасары; 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; 9. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрі; 10. Республикалық бюджеттің орындалына бақылау жүргізу жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы өздеріне тиесілі қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару барысында Қазақстан Республикасының Президенті:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жөніндегі Кеңесті құрады және ол туралы ережені бекітеді;

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды;

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептемені бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және осы Қорды пайдалану тәртібін айқындайды;

  2. Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін айқындайды;

  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін өткізуді қамтамасыз етеді;

  4. Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептемені жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруы барысында:

    1. аталмыш қорды инвестициялауға ат салысады;

    2. инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелерін әзірлейді және бекітеді;

    3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есептемені табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Сонымен, республикалық және жергілікті бюджеттер саласын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару органдары өз қаржылық құзіретіне сай әрі иерархиялық тәртіпті сақтай отырып бюджеттік жүйе ауқымындағы басқарушы-реттеуші ықпал ету жүйесін құрады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды кіріктіруі тиіс:

  1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегші қызметі туралы есеп;

  3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Ұлттық қор қызметі туралы 2013 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2012 жылғы 57,5 % -ның орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662.7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметін барлық жылдар ішінде 4,23%-ға бағаланады.

2013 жылғы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы 222,8 млн доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфельдің пайдалылығы 1,87% тең болды, ал қордың негізі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.