- •1.Бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2.Бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
- •2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу
- •2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу
1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Айталық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке аудару, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.
Әлемдегі нарықтық қатынастардың жаңа сапаға көшуі және ел экономикасының өркендеуі нәтижесінде бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.
Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюджет шығыстарының тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнай кірістері Ұлттық қорға аударылатындықтан, ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген трансферт жіберілетіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай бағасының өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.
2013жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыстарды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнайға жатпайтын сектордан түсетін түсімдердің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өсіп отырған шығыстары тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пайдаланылмайтын-дығын атап өту керек.
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі(Қосымша С)
Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:
бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату);
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Қаражаттарды пайдаланудың мынадай бағыттары айқындалуда:
республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;
сыртқы қарыздарды өтеу;
экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру;
инвестициялық кірістердің бір бөлігін халық арасында бөлу.
Ұлттық қордың активтерiн сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүзеге асырады
