- •1.Бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2.Бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару
- •2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу
- •2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу
1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі басқа да мәліметтер келтіріледі.
Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген аудит нәтижесі бойынша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:
Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп бекітілді.
2014 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 13026107161 мың теңгені (1351941116 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады, 2014 жылғы 31 желтоқсанға 16429299412 мың теңгені (1630887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 55-V Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2014 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).
2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 3 467 394 959мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан тікелей салықтардың түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 307 631 762 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда) – 35883283 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер – 1368917 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер – 1862203663 мың теңге.(Қосымша А)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 – 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге аударылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2014 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылға ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп . (Қосымша В)
