Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік бюджет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.38 Кб
Скачать

Бюджет балансы мен тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;

  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;

  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар.

Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:

  1. шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

  2. кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;

  3. кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару;

  2. Мемлекеттік қарыздар;

  3. Шетелдік қарыздар;

  4. Ұлттық байлықты пайдалану.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға, тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесін мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы мен аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылым унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан мемлекеті – федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын Парлдаменті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (2 сызбаны қараңыз).

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесі соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі