2.2. Ең ірі қор биржаларының ұлттық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының қор биржасын дамыту қазіргі заман талабына сай, мәселен бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамымағандығынан қор биржаларының біздің елде дамымағандығын байқаймыз. Ал тауарлар биржасы да осындай халде. Трейдерлер (дилер) ұғымы көпке мәлім емес. Яғни нарықтық экономикаға көшуде біздің реформалардың ішінде жіберілген қатесі осы қор биржаларының дәйекті дамымауы деп айту орынды. Бірақ, Қазақстан қор биржасының қаржылық жүйенің қалай даму керек екенің қарастырар алдында, әлемдегі қаржы орталықтарының ерекшеліктері мен принциптерін қарастыра отырып Қазақстан ұлттық қаржы институттарының құрылуының базисі бола алады. Дамыған елдердің қаржы нарығының түпкі мақсаты қор нарығын құру. Қазіргі кезде 60 –тан астам елде 200-ге жуық қор биржалары бар.
Ең ірі қор биржаларының қызмет етуінің мысалы ретінде Нью-Йорк қор биржасы (NYSE), NASDAQ американдық электрондық биржасы, Лондон қор биржасы(LSE), Токио қор биржасы, Торонто қор биржасы(TSX). Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) әлемдегі басты қаржы орталығы болып есептеледі. Мұнда Coca-Cola, General Electric, General Motors сынды бүкіләлемдік корпорациялардың бағалы қағаздары сатылады. Көзге елестету қиын, алайда бұл күнде аса танымал NYSE қаржы бренді осыдан екі жүз жыл бұрын құрылған. Бағалы қағаздар нарығында мыңдаған фирмалар жұмыс істейді. Бірақ бағалы қағаздар нарығының 8 мыңдай мамандырылған компаниялар бар. Ол брокер-дилерлік фирмалар, инвестициялық банктер. Сондай-ақ барлық қызмет түрін атқаратын ең ірі брокер-дилерлік компаниялар бар. АҚШ-тың бағалы қағаздар нарығы инвестициялық компаниялардың бірнеше типімен ажыратылады, соның ішіндегі одан әрі дамығаны басқарушылық типі. Олар биржаның екі типін басқарады: ашық және жабық. Ашық қор биржасы тікелей инвесторлармен келісім жасайды. Инвестор ашық қор биржаның акцияларын сату-сатып алуға кез-келген уақытта құқығы бар. Жабық қор акциялардың тұрақты көлемімен түсіндіріледі. Инвесторлар акцияларды сату-сатып алу еркін ашық қор биржасында жүзеге асырады. Нью-Йорк биржасындағы мәмілелер адамдардың қатысуымен, яғни оларды мамандар (Specialist) деп атайды. Осындай биржада әрбір акция бір маманға бекітілген, ал болса осы акцияның алып сату барлық операцияларын жүргізіп отырады. Маманның қосымша міндеті ол инвестор бір айрықша бағамен мәміле жасағысы келсе, онда инвесторға керек бағаны іздеу болып табылады. Ондай кезде маман керекті айрықша бағаны таппағанша, мәмілені ашық позицияда ұстап тұрады және содан кейін мәмілені бекітеді. Енді маманның соңғы міндеті ол нарықтың ашылу кезінде акцияны қолайлы бағамен қамсыздандыру болып табылады. Бұл баға белгілі бір акцияның қазіргі сұраным мен ұсынымына негізделеді. Егер нарықтың ашылу кезінде маман керекті бағаны таба алмай жатса ол сауда саттықты керекті бағаны таппағанша тоқтатып қояды. Маркет мейкерлер қайталама нарығында аса маңызды рөлді атқарады өйткені олар катализатор болып, нарық өтімпаздығын қамтамасыз етеді. Маркет мейкерлер акцияларға деген сұраным мен ұсынымдардың болуын қамсыздандыруы қажет. Сонымен олар сатамын деп отырған акцияларыңызға сатып алушылар бар болатынына және акцияларды сатамын деген уақытта сатушылардың болатынына кепілдік береді. Немесе басқа сөзбен айтатын болсақ маркет мейкерлердің негізгі міндеті ол инвесторлар мен трейдерлерге қолайлы жағдайларды жасау болып табылады. Қысқаша айтқанда, маркет мейкерлер инвесторлар акцияларды алып сататын бағалардың айырмасында ақша табады. DOT жүйесі немесе Super Designated Order Turnaround System ол қор нарығындағы орналастырған акцияларға мәміле жасасуға мүмкіндік беретін жүйе болып табылады. Бұл жүйе нарықтық ордерлері (Market Order) мен лимиттік ордерлер (Limit Order) бойынша ақпаратты сауда торабына және бір белгіленген акциялармен айналысатын мамандарға табыстауды қамтамасыз етеді. Бұл ордерді тез орындауға мүмкіндік береді өйткені ол ордер брокерге алаңшаға жіберіліп, оны қолмен толтырады, ал мына жерде ол маманға тура сол арада жеткізіледі. Ордер орындалған соң ақпарат қайтадан брокерге Super DOT жүйесі арқылы жіберіледі. Бұл брокер осындай мәмілені бекіту инвестордың бірнеше секунд уақыты қана жұмсалады. Мұндай жүйеге инвестор тек брокер арқылы ғана қол жеткізе алады. Егер де ұзақ мерзімді инвестор болсаңыз онда ерекше қызығушылықты тудырмайды өйткені оның негізгі артықшылығы ол мәмілені бекітудің жылдамдығы ал бұл болса тек трейдерлерге ғана керек. Бұл электрондық жүйе мәмілені бекіткенде делдалдың қатысу ықтималдығын алып тастау. ECN (Electronic Communications Networks) негізгі брокерлер мен трейдерлерді біріктіріп олар үшінші тұлғалардың араласуынсыз мәмілелерге қол жеткізу үшін жасалған. Осы жүйенің негізгі артықшылығы ол ордердің орындалуын нақты қазіргі уақытта болып жатқандығын көрсетеді. Мысалы Нью-Йорк биржасында инвесторлар тек сатымдық және сату бағасы ақпаратымен ғана шектеледі. Нарықта ECN көптеген түрлері бар және әр бір түрінің өзгешелігі болады. Технологиялардың даму қарқынымен электрондық жүйелер көптеген жетілдірілген мүмкіншіліктерді алып, ал ол болса инвесторларды нарықтармен жақындыра түсіп, мәмілелерді бекіту уақытын азайтып және мәмілелерді бекітуге арналған қаражаттарды үнемдейді. Трейдерлерге осы барлық жүйелер үлкен қызығушылық пен әжептеуір пайда әкелуде өйткені күні бойы көптеген мәмілелерді орындаған кезде трейдер айтарлықтай үлкен сома ақшаны үнемдеуіне және нарықтан тез шығып кіріуінің салдарынан пайда әкелуге мүмкіндік туғызады. Ең маңыздысы ол инвестициялап жатқан компанияларды зерттеу болып табылады өйткені жақсы негізі бар және келешегі бар компания қандай болмасын инвесторға негізгі құндылық болып саналады. Level I, Level II және Level III, деп аталады яғни бірінші деңгей, екінші деңгей және үшінші деңгей. Бұл бағдарламалардың мақсаты бірдей ол инвесторлар мен трейдерлерге нарықтан келіп жатқан қазіргі уақытта болып жатқан толық ақпаратты беру. Басқа сөзбен айтатын болсақ бұл бағдарлама арқылы нарықта акцияның не болып жатқандығы туралы хабардар боласыз. Осы үш деңгейлердің бір өзгешелігі ол құны мен берілетін ақпараттың көлемі. Level I. Бұл баға белгіленімнің түрі ең арзан және де ақпараттың тасымалдауының ең кең тарағаны. Ол қазіргі уақытта (Real-Time) болып жатқанды көрсетіп отырады. Level I NASDAQ сияқты электрондық нарықтардағы саудаға салынатын акцияларды сатып алу және сату (Bid/Ask) бағаларын ұсынады. Нарықтың электрондық жүйесіне мұндай мүмкіндік кім акцияны сатып немесе сатып алайын деп отырғандығы туралы ақпарат бермей және маркет мейкер қанша көлемде акцияны мәміле үшін іздеп жатқандығы көрсетілмейді. Сонымен, шетел қор биржаларының ерекшеліктерін атап кету керек: қор биржаларының толық жетілгендігі, эмитенттер, инвесторлар мен мемлекет арасындағы жоғарғы дәрежелі сенімділік; нарық құралдарының сан түрлерінің молшылығы; заманға сай интернет-технологиялардың дамығандығы, шетел нарықтарының мыңдаған тұтынушыларын, сонымен қатар жеке тұлғалардың қызығушылықтарын арттыруда; заң салықтарының мүлтіксіз қызмет атқаруы, инвестициялық процесті ынталандырады; жоғарғы дәрежелі инфраструктуралық есептің қолайлы жағдайды жасауы жаһанданған қор биржаларына шетел инвесторладың кіруі; халықаралық қор биржаларын құру жолымен ең ірі қор биржаларының консолидациясы.
