2 Қазақстандық қор биржа қызметінің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстандағы қор биржасының дамуы
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және жиырма үш жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Осылайша қазіргі Қазақстан қор биржасы ұйымдастырылған, ал 17 қараша – оның туған күні болып саналады. 1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді. Алғашқы екі жыл бойы жаңа құрылған биржа тек шетел валюталарының сауда-саттығын ұйымдастырумен айналысты. 1994 жылдың тамызынан бастап Биржалық кеңес Биржа Басқармасына бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметін дамыту мәселесі бойынша сұрақтарды пысықтауды тапсырды, ал биржаның әрі қарай қызметінің бағытталуын белгілеу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен биржаның атауы "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" (тіркелген жазуы – "ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-ҚОР БИРЖАСЫ"). Жаңа атаумен биржа 1995 жылдың 12 шілдесінде қайта тіркелді. 1995 жылдың 02 қазанында биржа бағалы қағаздардың нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, бірақ осы лицензия тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру құқығымен шектелетін. Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығы 1995 жылдың 14 қарашасында өткізілді. Сол кезде түрлі себептерге байланысты мемлекеттің борыштық міндеттемелер нарығындағы биржалық сегменттің үлесі шағын болатын, мемлекеттік облигациялардың сауда-саттығы эпизодтық, тұрақсыз сипатта болғандықтан, бір жылдан соң – 1996 жылдың 20 қыркүйегінде биржа осы бағалы қағаздардың сауда-саттығын тоқтатуға мәжбүр болды. Мемлекеттің борыштық міндеттемелерінің биржалық нарығы тек 1998 жылы Қазақтанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгеннен кейін ғана белсендіріле бастады. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын дамыту бағытында жұмсалған күш-жігермен қатар, биржа мерзімдік нарықты дамыту бойынша жұмыстар өткізді. 1996 жылдың басында мерзімдік келісімшарттардың биржалық нарығын реттейтін нормативтік базасын құру жұмыстары жүзеге асырылды. Өкінішке орай, осы нарықты ашу бойынша алғашқы ұмтылыстар табысты болмады, сондықтан 1998 жылдың ақпан айында мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы тоқтатылды. Нарықтың осы секторын қайта жаңғырту тек 1999 жылдың наурыз айында ғана мүмкін болды. 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. Сол жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал Қазақстан қор биржасы 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрыңғы атауымен қайта тіркеуден өтті де, сол жылдың 19 қыркүйегінде беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын өткізді. 1998 жыл мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығы қайта басталуымен көзге түсті, оған себеп – заңнама талаптарына сәйкес активтерді тек ұйымдастырылған қор нарығында ғана пайдалануға міндетті, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жаңа тобы ретінде зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялардың пайда болуы. Сол жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының көмегімен елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіз еурооблигацияларының ұйымдастырылған қайталама нарығы құрылды. Осы еурооблигациялардың биржадағы бірінші сауда-саттығы 1998 жылдың 19 қазанында өткізілді. Сол жылдың 15 шілдесінен бастап биржа баға белгілеу сауда-саттық жүйесін қолданысқа енгізді, соның көмегімен Қазақстанда биржадан тыс баға белгілеу ұйымын құру мәселесі де шешілді. 1999 жылдан бастап корпоративтік облигациялардың биржалық нарығының дамуы басталды, осы облигациялардың алғашқылары биржаның ресми тізіміне 1999 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілді. Сондай-ақ, 1999 жыл мемлекеттік бағалы қағаздарды репо операцияларының биржалық секторында алғашқы рет саудалануымен және муниципалдық облигациялардың орналастырылуымен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен қоса, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасы біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарда өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал сол жылы 16 наурызда біріктірілген биржаның тиісті қайта тіркеуі жүзеге асырылды. Осы күннен бастап биржа акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру принципі өзгертілді ("бір акционер – бір дауыс"-тың орнына – "бір акция – бір дауыс") және бір акционерге, оның аффилиирленген тұлғараларымен қоса, тиесілі биржа акцияларының максималды санына шектеу енгізілді. Бұл шектеу ҚҚА АӨҚО басқа (мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚҚА АӨҚО тиесілі) биржаның кез келген акционері үшін биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 20 % құрайды (осы кезде аталмыш ұйым биржаның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 13,75 % иеленген). 2007 жылдың 23 тамызында өткен биржа акционерлерінің жалпы жиналысы биржа тарихындағы алғашқы, 2007 жылдың 26 шілдесінде өткен Биржалық кеңеспен алдын ала мақұлданған, 2007–2010 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясын бекітті. 2011–2013 жылдарға арналған биржаның даму стратегиясы Биржалық кеңеспен 2011 жылдың 24 ақпанында мақұлданды. KASE – Еуро-азиялық қор биржаларының (FEAS) белсенді мүшесі. KASE 2011 жылы Алматы қаласында болып өткен FEAS 17-ші Бас ассамблеясының ұйысдастырушысы болды. 2013 жылдың қазан айынан бастап KASE – Дүниежүзілік биржалар федерациясының (WFE) мүшесі. WFE толық мүшесінің мәртебесін беру KASE биржалық қызметтің халықаралық стандарттарға, көпшілік мойындаған сапа критерийлеріне сәйкестігін және халықаралық инвесторлар үшін ұлттық нарықтың сенімділігін растайтын дәлел болып табылады. KASE ең жаңа тарихы халықаралық қызметтің кеңеюімен, корпоративтік басқару стандарттарын белсенді енгізумен, тәуекелдерді жан-жақты азайту бойынша жұмыспен, сауда-саттықтар мен есеп айырысулар сенімділігінің негізінен өзге деңгейіне шығумен айрықша белгіленіп, соның нәтижесінде KASE 2012 жылы "Халықтық IPO" үкімет бағдарламасының бірінші кезеңін табысты өткізді. Осы күнде биржа әмбебап қаржы нарығы болып табылады, оны шартты түрде бес негізгі секторларға бөлуге болады: шетел валюталарының нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялардың нарығы, репо операцияларының нарығы, деривативтер нарығы.
Жалпы алғанда, қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.
KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 61 акционері бар (01.11.10 жылғы дерек бойынша) – «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар. KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.
KASE көрсететін қызметтер:
Биржадағы листинг
KASE листингілік талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі мен мерзімдері, бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару процедурасы, оларды тізімнің бір сананына екіншісіне, ақпараттарды ашу бойынша талаптар, листингілік алымдарды төлеу тәртібі, сондай-ақ басқа да листингілік талаптар мен процедуралар Биржаның ішкі құжаттарында анықталады.
Ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптар
Бағалы қағаздардың листингі және KASE ресми тізімінде тұрған кезінде ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптарды Биржа анықтайды. Осы талаптарға мыналарға қатысты қойылады:
- бағалы қағаздар листингіне байланысты ұсынылатын құжаттар, соның ішінде, эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздары туралы негізгі ақпараттар көрсетілетін, сондай-ақ қаржылық жағдайына талдау қамтылған, инвестициялық меморандумның мазмұны;
- эмитенттің қаржылық есеп берушілігі осы бойынша аудиторлық есептер;
- эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздарына қатысты кез келген елеулі ақпаратты ашу.
Осы талаптармен, KASE интернет-сайтында жарияланған, Листингілік ережелермен толығырақ танысуға болады.
Листинг процедурасы
Биржадағы листинг процедурасына эмитентті және оның бағалы қағаздарын Биржаға ұсынылған құжаттар мен ақпараттар негізінде уәкілетті органмен, сондай-ақ Биржаның ішкі құжаттарында анықталған, листингілік талаптарға сәйкестігіне тексеру кіреді.
Компанияның бағалы қағаздарын Биржаның ресми тізіміне енгізу туралы шешімді арнайы органмен – Литсингілік комиссиясымен қабылданады. Бағалы қағаздар Биржаның ресми тізімге енгізілгеннен кейін, осы бағалы қағаздардың сауда-саттығы тізімге енгізілген күннен кейін үш ай аралығында ашылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына инвесторларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер жүйесі белгіленген. Атап айтқанда, салық төлеуші мынадай кірістер бойынша салық салынатын кірістерін азайтуға құқы бар:
сыйақылдар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар
Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатылғандағы, сатылу датасына осы қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар құнының өсімінен түскен кірістер
дивидендтер мен сыйақылдар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар.
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды қаржылық құралдар саудасын жүргізу мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан алуан әр.і сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға тиіс.
