Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастандаы ор биржа ызметі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.81 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ.................................................

1.1 Қор биржасының түсінігі мен дамуы..................................................................4

1.2 Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері,басқару органдары..............6

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОР БИРЖА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ........

2.1 Қазақстандағы қор биржасының дамуы..............................................................9

2.2. Ең ірі қор биржаларының ұлттық ерекшеліктері............................................13

2.3 Қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен

жасалынатын операцияларды талдау......................................................................16

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БИРЖАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ…………………………………………………..17

Қорытынды ................................................................................................................20

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................21

Кіріспе

Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және тағы басқаларының жандануына әкелді. Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика. Құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.

Жұмыстың мақсаты:  Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;  Ең ірі қор биржаларының ұлттық ерекшеліктері  Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;  Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.  

Жұмыстың міндеті:  Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;  Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;  Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;  Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;

Жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән негізгі көрсеткіштердің бірі – қор биржасы, оның мәні мен даму ерекшеліктері.

Жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің қор биржасы. Жоспарлы экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерімен көрінеді:  қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;  өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;  бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді. Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет желісі де пайдаланылды. Бұл жұмыста Қазақстан қор биржасы бойынша айлық соңғы статистикалық мәліметтер келтірілген.

1 Қор биржасының мәні мен міндеттері

1.1 Қор биржасының түсінігі мен дамуы

Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады. Қор биржасы - бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталандырылған, тіркелген сату орны бар нарық.

"Биржа" деген терминнің шығуы туралы көптеген болжамдар бар. Соның бірі ежелгі грек сөзі XVI ғасырда пайда болған, ол Бельгиядағы Брюгге қаласындағы алаңнан (de borse) шыққан; бұл алаңда XIII ғасырда көпестердің жиналыстары өтетін болған. Шамамен 100 жыл өткеннен кейін, XVII ғасырда, биржалар Америка құрлығында да пайда бола бастады. Алғашқы қор биржасы XVII ғасырда Голландияда бағалы қағаздарды шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғасырда биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастайды. Қор биржаларының ең кең дамыған кезі - капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XX ғасырдың басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында баяулауына себепші болады.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді, олар сатылатын тауарға байланысты: қор биржасы, валюта биржасы, тауар биржасы, еңбек биржасы.

Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын. Ұйымдастыру - құқықтық тұрғыдан қор биржасы дегеніміз ресми бекітілген ережелер бойынша, биржалық делдалдардың қатысуымен қор құндылықтарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы сауда мәмілелері жүзеге асырылатын, жұмыс тәртібі реттелген қаржылық делдал мекеме болып табылады. Мұндағы ережелер мемлекет заңдарымен және биржа заңдарымен белгіленеді.

Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді: - қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру; - ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі; - жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Қор биржасы мен оның қызметкерлерінің құнды қағаздармен тікелей еш мәміле жүргізбейтінін айта кеткен жөн. Қор биржасы осындай мәмілелерді өткізуге жағдай жасайды, қызмет көрсетіп, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, оларға орын беріп, кеңестік және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет ұйымдастырып, сол мәмілені жүзеге асыру үшін бәрін жасайды.

Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар. Бірқатар елдерде өздерінің ұлттық тарихи қалыптасқан қор биржалары жүйесі бар. Құқықтық мәртебесі тұрғысынан алғанда әлемде қор биржасының үш түрін кездестіруге болады: бұқаралық құқықтық, жеке меншік және аралас.

Егер қор биржалары акционерлік қоғам ретінде құрылып, бірақ олардың капиталының кем дегенде 50%-ы мемлекетке тиесілі болса, олар аралас ұйымдар типіне жатады. Мұндай биржалар көшінің басында сайланбалы биржалық комиссар биржа қызметін қадағалап, биржалық курсты ресми түрде тіркеп отырады. Бір орталықты (моноцентрлік) және көп орталықты (полицентрлік) биржалық жүйелерді айырады. Бір орталықты биржалық жүйе жағдайында (Франция мен Жапония) басты орында елдің қаржы орталығында орналасқан бір биржа болады, ал қалған биржалар жергілікті маңыз алады (Лондон халықаралық қаржы биржасы). Көп орталықта жүйе жағдайында елде басты қор биржасынан басқа бірнеше ірі қор биржалары қызмет етуі мүмкін (Канада биржалар). АҚШ-та биржалық сауданың дамуы бір орталықты жүйеге де, көп орталықты жүйеге де жатқызуға келмейтін ерекше қор биржаларының жүйесінің пайда болуына алып келеді. Бұл елде Нью-Йорк қор биржасының сөзсіз басымдығына қарамастан, аймақтық биржалық институттар оның қосалқы бөліміне айналмай, өз дербестігін сақтап, жалпы мемлекеттік биржа жүйесі шегінде қызмет жүргізіп келеді.

Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып табылады. Биржаның негізгі рөлі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан, бұл капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан, мемлекет пен түрлі субъектілеріне несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының ел экономикасындағы ролі меншіктің мемлекет тарапынан кету дәрежесімен, дәлірек айтсақ, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі акционерлік меншіктің үлесімен анықталады. Сондай-ақ биржа ролі тұтасымен алғанда құнды қағаздар нарығының даму деңгейіне байланысты. 1.2 Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері,басқару органдары

Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға соғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу – бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші. Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.

Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді.

Құрылтайшы неғұрлым көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді деген де тұжырым бар. Құрылтайшылардың құрамы биржаның түріне байланысты болады. Мысалы, тауар биржасын құрушылар жеке тұлға да, сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін. Биржаны құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі міндеттері:  биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;  биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру;  биржаның ұйымдық-құқықтық формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал жинақтау;  биржа мүшелерін таңдап алу;  белгіленген тәртіп бойынша биржаны тіркеуден өткізу;  биржалық сауданың ұйымдастырушысы құқығын беретін лицензия алу;  биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.

Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа мүшесі болуы мүмкін. Биржалық сауда-саттыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек оның мүшелері ғана қатысады. Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек заңды тұлғалар бола алады.

Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша басты айқындаушы жайт болып табылмайды.  Оның әр мүшесі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс. Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер құрайды, олар – бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы мәмілелерді жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйақы алады.

Брокерлер бағалы қағаздармен делдалдық мәмілелерді жасай отырып, клиенттердің тапсырмасы бойынша әрі солардың есебінен әрекет етеді. Кейбір жағдайларда олар мәмілелерді өз есебінен жасауы мүмкін. Қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін банктермен тығыз байланысы бар ірі брокерлік фирмалар жүзеге асырады.

Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар – бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді.  Дилерлер мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады.  Дилерлердің пайдасы сатушының бағамы мен сатып алушының бағамының арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде қалыптасады. Делдалдық операциялармен дилерлер айналыспайды.

Биржа мүшелерінің міндеттері:   биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік қүжаттарын орындау;    жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпте жарна төлеу;    биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге атсалысу.

Бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен айналысатын биржашылар «аюлар» мен «бұқалар» болып бөлінеді. Түсіруге ойнайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өздерінде әлі жоқ бағалы қағаздарды мәміле жасау кезінде бекітілген баға бойынша мерзімге сатады да, мәміленің мерзімі аяқталардан сәл бұрынырақ бағалы қағаздарды төменірек бағам бойынша сатып аламыз да, мерзімді мәміленің шартында белгіленген жоғарырақ бағаға сатамыз деп үміттенеді. Көтеруге ойнайтын биржашылар, керісінше, бағамның жоғарылайтынын күтіп, бағалы қағаздарды мерзімге сатып алады да, соңынан оларды олжалы сатамыз деп үміттенеді.

Қор биржасы заңды тұлға болып табылады, сондықтан өзінің құрылымы мен жұмысының мәселелерінде ол түгелдей дербес әрекет етеді. Әр биржада дерлік нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді. Ең маңызды құжаттардың бірі биржалық сауданың ережелері болып табылады.

Қор биржасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Оның қызметі өзін-өзі ақтау қағидасына негізделеді. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес. Биржаның ұйымдық құрылымы қойылған міндеттерді орындауға және биржалық сауданы ұйымдастыруға шығынды аз шығаруға мүмкіндік туғызуға мүдделі болуы тиіс. Биржаның жоғары басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы. Оның негізгі қызметі:  пайданы бөлу;  төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау және оларды қызметінен түсіру;  жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу;  биржа ісінің бағдарламасын бекіту; жылдық есебін қарау және оны бекіту туралы шешімдер қабылдау.

Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма-қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Оның құрамына биржа президенті мен тексеру комиссиясының төрағасы кеңесші дауыс құқығымен кіреді.

Қор биржасының ағымдағы қызметін қолма-қол басқарушы орган – басқарма. Оның құрамына президент, вице-президенттер және қосалқы қызметкерлер кіреді. Биржалық кеңес бекіткен президент қор биржасының міндеттерінің орындалуына жеке жауапты, сондай-ақ ол биржаның құрылымдық бөлімдерінің қызметіне де жауап береді. Қаржылық-шаруашылық қызметке ішкі бақылауды тексеру комиссиясы жүргізеді. Ол комиссияның төрағасы және оның екі орынбасарынан тұрады. Комиссия құрылымдық бөлімшелердің экономикалық жағдайларын тұтас тексеріп, одан кейін биржаның жылдық есебі және баланстары бойынша қорытынды жазады.

Биржаның келесі атқарушы органы – арбитраждық комиссия. Ол мәмілеге қатысушылар арасындағы шаруашылық мәселелердің құқықтық тұрғыдан дәл шешілуін тексереді. Егер брокерлік фирма төлем немесе құжат жеткізу мерзімдерін орындамаса, арбитраждық комиссия айыппұл төлеу, ресми ескерту, кінәлілерді биржа мүшелігінен шығару тәрізді жаза қолданады.

Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл бөлім сенімсіздеу эмитенттердің қаржы активтерін қор биржасына түсірмеу мақсатында бағалы қағаздарды мұқият талдау негізінде қатаң сараптау және іріктеу жүргізеді. Сөйтіп, листинг инвесторлардың мүддесін қорғауды және биржа айналысындағы бағалы қағаздарға олардың сенімін арттыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарды 20 мыңнан астам әртүрлі фирмалар мен компаниялар шығарады, алайда олардың тек оннан бір бөлігінің ғана бағалы қағаздарын биржада саудаға түсіруге рұқсаты бар.

Клиринг бөлімі мәміле бекітілген соң қор мәмілесіне қатысушылар (брокерлер) арасындагы қолма-қол ақшасыз формадағы есеп айырысу операцияларымен шұғылданады. Бағалы қағаздардың әрбір типі бойынша есеп айырысудың арнайы кестесі құрылып, сонымен қоса сатушы мен сатып алушы арасында тікелей есептесу және қаржы активтерін жаңа иесіне жеткізіп беру ұйымдастырылады.

Ақпараттық-талдау бөлімі орталықтанған ақпаратпен қамтамасыз етумен және бағамдық бақылаумен шұғылданады. Сондай-ақ биржалық бюллетеньді, анықтамалықтарды, есептерді, жарнамалық проспектілерді талдап, олар бойынша кеңес береді. Бағалы қағаздар бағамы және жасалған мәмілелер көлемі туралы ақпараттарды көпшілікке таратып отырады.

Әкімшілік-қаржылық бөлімі қор биржасының бүкіл бөлімдерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде ұйымдық-қосалқы жұмыс жүргізеді. Биржа қызметі әртүрлі экономикалық, саяси, қаржылық, әлеуметтік, ұлттық және халықаралық жағдайларға сезімтал келеді. Себебі, капиталдың құйылуы немесе қайтуы және бағалы қағаздарды иеленуге қызығушылық та осыларға байланысты болады.

Биржаның қызметі биржадан «орын» сатып алған оның қатысушыларының жарналарының, биржада өздерінің бағалы қағаздарын бағалайтын кәсіпорындардың жыл сайынғы жарналарының, биржалық операциялардан жиналатын алымдардың және биржаның қатысушылары мен клиенттер төлейтін басқа да төлемдердің (мысалы, анықтама беру, биржалық мәмілелерді тіркеу, биржаның бөлімшелерінің кеңестемелік, делдалдық, ақпараттық, заңгерлік және басқа қызмет түрлерін көрсеткені үшін төлейтін ақы) есебінен қаржыландырылады.

Қорыта келгенде, қор биржасы дегеніміз – бұл бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі орталықтандырылған, тіркелген сату орны бар нарық. Сонымен қатар, ол қаржы нарығын реттеушілердің бірі. Биржаның негізгі ролі қаржы және несиелік капитал қозғалысына қызмет көрсетуде: бір жағынан, капиталды жинақтап, шоғырландырса, екінші жағынан, мемлекет пен түрлі экономикалық субъектілерге несие беріп, қаржыландырады. Қор биржасының заңды тұлға болуының бірден бір ерекшілігі – қор биржасының құрылымы мен жұмысы мәселерінде оның түгелдей дербес болуы.