- •Кәсіпорынның макроортасының факторларына сипаттама
- •Макроорта факторларының кейбір негізгі сипаттары
- •Шырын өндірісі
- •«Raimbek group» маркетингтік ортасына жалпы сипаттама.
- •100% - Табиғи!
- •Мәдени фактор.
- •2015 Жылы Raimbek компаниясының қолдауымен, Қазақстан үшін бірегей ғылыми-ойын-сауық нысаны – Алматы хайуанаттар бағының ғаламдық қайта құру жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
- •Қорытынды
Сүт
өндірісі
Шырын өндірісі
Алкогольді
ішімдіктерді жеткізу
Raimbek компаниясының тарихы 1992 жылы кішігірім сауда фирмасынан бастау алады, сол кезде ол Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария мен Гонконгтан тұрмыстық техника жеткізумен айналысатын. RaimbekBottlers компаниясы апельсин, алма және томат дәмі бар үш түрлі Juice шырындарын өндіру желісін іске қосты. Компания басынан бастап трейдерлер көмегінен бас тартып, қойылтылған шырын шығаратын әлемдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнықтырды. Соның арқасында, өнімді өндіру барысы кезеңінде, оның сапасын бақылап, тұтынушыларға делдалдық комиссиясыз, таза бағамен ұсынуға мүмкіндік берді. Бүгін RaimbekBottlers зауытында бес бірдей Juice, Junior, FruttaMix, Palmaи Fantan сауда белгісі бар шырындар шығарылады.
RaimbekAlco компаниясы құрылды, оның қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанға таңдаулы алкогольді ішімдітерді эксклюзивті жеткізу. Бүгінгі таңда, RaimbekAlco –ның серіктес пакетінде әлемге әйгілі: Bacardi-Martini, BrownForman, Tommasi, CastelloBanfi, LesGrandsChaisdeFrance, Concha y Toro, тағы басқа да алкоголь ішімдігін өндірушілермен келісімшарттар бар. RaimbekAlco қазақстандық тұтынушылардың сенімін жоғары бағалайды, сол себепті де, Қазақстан Республикасының алкогольді өнімдерді адал импорттаушы «АлкоИмпорт» қауымдастығының белсенді мүшесі, осының өзі компанияның жоғарғы мәртебесін және бизнесті жүргізудегі жауапкершілік қатынасын дәлелдеп отыр.
RaimbekAgro сүт өнімдерін шығаратын, атап айтса, ультрапастерленген, табиғи сиыр сүтін өндіретін жаңа зауытын іске қосты. Өндіру барысында ол температуралық өңделіске түсіп, стерильді жағдайда қорабтарға құйылады. Өндірістің барлық саласында тазалық сақтауды ерекше бақылау және қабылданатын сүтке деген жоғары талаптардың арқасында, өндірілген сүт өнімі қалыпты жағдайда 9 ай бойы сақталынады. 2003 жылы Raimbek Group холдингі сыртқы нарыққа қадам басты. Қытайда Raimbek Food (XINJIANG) Co. Ltd компаниясы құрылды, ол қытай нарығы үшін шырын өндірумен айналысты. ҚХР-да бұл бірінші қазақстандық өзінің жеке 100% капиталымен кірген компания болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт қытай кәсіпкерлеріне сатылған еді.
Бүгінде Raimbek Group – бұл ірі, сәтті дамып келе жатқан холдинг, оның қызметінің басты бағыттары – азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлшектеп сату. Бірінші күннен бастап-ақ компания бизнес үлгінің сол кездегі Қазақстан үшін инновациялық дамуына бағыт алған: өз қызметкерлері, өз қорлары, өзіндік өндіріс, өз басқаруы болды. Raimbek Group холдингісіне кіретін компаниялар Қазақстан экономикасының дамуына маңызды үлесін қосқан еді, әрі ең бастысы - Қазақстан, Орталық Азия, Ресей және Кавказ елдерінде танитын біздер өз өнімдеріміздің жоғары сапасымен тұтынушыларды өзімізге баурап алдық.
«Raimbek group» маркетингтік ортасына жалпы сипаттама.
Макроорта – кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.
Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде фирма кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.
Демографиялық фактор. Райымбек Гроуп холдингі көптеген күнделікті ішілетін өнімдерді өндіргеннен кейін, тауарларын барлығы қолданады. Өнімдері сапалы, заманауи технологиямен жасалғандықтан тұтынушылар арасында, үлкен аудиторияны жаулап алды, тіптен сусындары еліміздің нарығында 32% үлесі бар, ал импортта 30% үлесі бар. Райымбек агро өнімдері арасында кішкентай балаларға арналған құлпынай, ваниль шоколад дәмімен әзірленген «baby bomba» сүт өнімері де бар. Бұл сүт өнімдерінің ерекшелігі дәмдерін балалар таңдап алған. Брендтер арасында бүлдіршіндерге арналған тағы да бір сый-сяпат тәп-тәтті «Juniors» шырындары да бар. Балаларға арналған Junior- ды Raimbek Bottlers пен швейцарлық DSM NutritionalProducts компаниялары бірігіп жетілдірген. Бұл шырынның құрамында қант жоқ. Ерекше рецептурасының арқасында Junior табиғи жемістердің дәмі мен пайдасын мейілінше ұзақ мезгіл сақтап қана қоймай, балалардың дамуы және мықты болып өсуіне аса қажетті минералдар мен дәрумендерді құрамына жинаған.
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін, мамандар Junior «Яблочный», иммунитетін бекіткенге - Junior «Мультивитамин», спортпен шұғылданатын балаларға – Junior «Абрикос», көз жақсы көру үшін Junior «Персикті» ұсынады. Junior Қазақтың тағам академиясымен мақұлданыпғ ұсынылған.
