Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет_каз2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.45 Кб
Скачать

5. Алкоголмен улану кезінде жедел көмек көрсету Есеп 12

З. атты 62 жастағы әйел адам дәрігерге мына шағымдарын айтты: тамақ ішкеннен кейінгі құсу,тамақтан кейін асқазанның толып,ауырлап кеткен сияқты сезімде болуы, тәбетінің төмендеуі,әлсіреу.Ауырғанына 5 жыл болды,амбулаторлы ем қабылдаған анацидті гастрит бойынша. Осы 5 ай бұрын жағдайы нашарлап кеткен.

Объективті қарағанда: температура 36,6 С. Жағдайы орташа ауырлықта. Беті сарғыш-сұрлау,тері серпімділігі сәл төмендеген. Май-шел қабаты жеткіліксіз дамыған. Өкпе және жүрек-қантамыр жүйесінде өзгеріс жоқ.Тілін ақшыл сұр тұнба басқан.Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну және 3 см жылжымалы ауырсынатын түйін бар.Бұғана орта сызығы бойынша бауыр қабырға доғасынан 1 см асқан.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Іштің терең пальпациясының техникасын көрсет.

Есеп 13

Дәрігерге 27 жастағы әйел адам келді. Мына шағымдарын айтты: кіндік тұсындағы өткір емес ауырсыну, тамақтан кейінгі 3-4 сағатта байқалады.Іштің кебуі,шұрылдауы,күніне 3-4 рет сұйық нәжіс,әлсіздік,тез шаршау,арықтау.Сүт тағамдары жақпайды.2 жылдан бері ауырған. Ащы тағам қабылдағанда анық байқалады.

Объективті қарағанда: температура 36,9 С. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері және шырышты қабаты таза,бозарған,құрғақ. Ауыз бұрышында ойылу бар. Май шел қабаты жеткіліксіз дамыған.Өкпе және жүрек қантамыр жүйесінде патологиялық өзгеріс жоқ.Тілінде ақшыл тұнба бар.Іші жұмсақ кіндік тұсында сәл ауырсыну сезімі бар.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Асқазанды шаю техникасын көрсет.

Есеп 14

Г., атты әйел адам 42 жаста дәрігерге мынандай шағымдарын айтты: жалпы әлсіздік, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауырлап ауруы, жүрек айну.10 жыл бұрын жедел вирусты гепатитпен ауырған. 2 апта бұрын жағдайы нашарлап кетті.

Объективті тексергенде: температура 37,3 С.Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза.Көз склерасы,таңдайы таза сарғыш тартқан.Везикулярлық тыныс. Жүрек тоны анық,ретті,минутына 82 рет. АҚ 120/80 мм.сын.бағ.Тілінде сарғыш тұнба бар.Іші жұмсақ,оң жақ қабырға асты сәл ауырсынады. Бұғана орта сызығы бойынша бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр,сәл ауырсынады. Көкбауыр пальпацияланбайды.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Өкпенің топографиялық перкуссиясының техникасын көрсет.

Есеп 15

Б атты ер адам., 58 жаста, дәрігерге мынандай шағымдарын айтты: әлсіздік,жүрек айну,жайсыз сезіну,оң жақ қабырға астының ауырлауы, метеоризм,терісі қышу,оң жақ қабырға астының сыздап ауруы,әсіресе майлы тағам ішкеннен кейін,ауыр күш түскенде,мұрыннан қан кету.Анамнез жинағанда бірнеше жылдан бері ішімдік ішетіндігі.

Объективті тексергенде: температура 36,9 С. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және шырышты қабаты сарғыш тартқан, терісінде қасыған із қалған,алақаны қызғылт,тілі тегістелген, кеуде тұсында 2 тамыр жұлдызшасы бар, кіндік тұсында тері асты көктамыр ұлғайған. Сүт бездері ұлғайған. Май шел қабаты жеткіліксіз дамыған.Тынысы әлсіреген. Жүрек тондары тұйықталған, ретті, минутына 92, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Іші ұлғайған, пальпацияда оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бұғана орта сызығы бойынша бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, беті тегіс емес,тығыз. Көкбауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының техникасын көрсет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]