- •Есеп 1
- •Есеп 2
- •1.Болжама диагноз қойыңыз.
- •Есеп 3
- •1.Болжама диагноз қойыңыз.
- •Есеп 4
- •Есеп 5
- •Есеп 6
- •Есеп 7
- •1.Болжама диагноз қойыңыз.
- •3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.
- •4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.
- •Есеп 8
- •Есеп 10
- •5. Барбитураттармен улану кезінде жедел көмек көрсету
- •Есеп 11
- •5. Алкоголмен улану кезінде жедел көмек көрсету Есеп 12
- •Есеп 13
- •Есеп 14
- •Есеп 15
- •Есеп 16
- •Есеп 17
- •Есеп 18
- •Есеп 20
- •Есеп 21
- •Есеп 22
- •Есеп 23
- •Задача 24
- •Задания
- •Задания
1.Болжама диагноз қойыңыз.
2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.
4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.
5. Гипергликемиялық (диабеттік) кома кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі
Есеп 4
Пациент К, 18 жаста, дәрігерге мынандай шағымдармен келді: шөлдеу,тәбетінің жоғарлауы, ауызының кебуі, зәрдің көп шығуы, арықтау. Ауырғанына 2 ай болды.
Объективті қарау: температура 36,6С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі құрғақ,қабыршақтанған. Май шел қабаты қалыптан аз дамыған. Везикулярлық тыныс. Жүрек соғысы ретті,минутына 92рет. АҚ 110/80 мм. сын.бағ.
Абдоминалды патология жоқ.
Тапсырма:
1.Болжама диагноз қойыңыз.
2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.
4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.
5. Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі
Есеп 5
Пациент 23 жаста, дәрігерге мынандай шағымдарымен келді: әлсіздік,бас ауру, дене қызуы 37,5 С көтерілуі,құрғақ жөтел. 2-і күн болған ауырып жатқанына, салқын тиюмен байланыстырады.
Объективті қарау: дене қызуы 37,2С. Жағдайы анағаттанарлық,шеткі лимфа бездері ұлғаймаған,өкпеден анық әйгілі өкпе дыбысы естіледі.Тынысы қатқыл, ысқырықты сырыл естіледі. ТЖ-16 минутына.Жүрек тоны анық, ретті.Тамыр соғысы -72 рет минутына. АҚ 120/80 мм сын.бағ.Абдоминалды патология жоқ.
Тапсырма:
1.Болжама диагноз қойыңыз.
2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.
4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.
5. Бауыр ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі
Есеп 6
К….атты пациент 28 жаста дәрігерге мынандай шағымдарымен келді: дене қызуы кешкі уақытта 37,3 С көтеріледі. Түнде терлейді, құрғақ жөтел,әлсіздік,тәбеті төмен, 2 айдан бері ауырады.
Объективті тексеру: температура 37 С. Жағдайы қанағаттанарлық.Терісі ылғал,таза. Перкуссияда оң жақ 2-3-і қабырға арасында перкуторлы дыбыс тұйықталған,осы аймақта аускультацияда бронхтық тыныс естіледі.Бірең сараң құрғақ сырыл естіледі.Жүрек соғысы минутына 94 рет,АҚ 115/80 мм сын.бағ.Абдоминалды патология жоқ.
Тапсырма:
1.Болжама диагноз қойыңыз.
2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.
4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.
5. Асқазаннан қан кету кезінде жедел көмек көрсету.
Есеп 7
Дәрігерге 18 жастағы пациент келді. Мынандай шағымдарын айтты: субфебрильді температура,жалпы әлсіздік,жүрек тұсының ауруы. Анамнезінде баспамен жиі ауыратыны анықталған, соңғы рет 2 апта бұрын ауырған.
Объективті тексеру: температура 37,4 С. Жағдайы қанағаттанарлық.Тері жамылғысы бозарған,ылғалды.Тыныс везикулярлы.Бұғана орта сызығы бойынша жүрек шеті 0,5 см сыртқары.Жүрек тоны тұйықталған, аритмиялы,жүрек ұшында систолалық шу естіледі.Тамыр соғысы 96 минутына. АҚ 110/70 мм.сын.бағ.Тілі таза,тісінде тіс жегі бар.Абдоминалды патология жоқ.
Тапсырма:
