Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет_каз2015.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.45 Кб
Скачать

Есеп 1

43 жастағы әйел адам күнделікті тұншығу ұстамасына, әсіресе тыныс шығару қиындығына, жалпы әлсіздікке жағымсыз әсерлердің пайда болуына шағымданады. Ұстамадан кейін аз мөлшерде тұтқыр шыны тәрізді қақырық бөлінеді. Ауырғанына 3 жыл болды. Осы айтылған шағымдар жыл сайын маусым айында байқалады, ал шілде айында жоғалып кетеді.Өзі осы аурудың басталуын жақын адамын жоғалтумен байланыстырады. Әжесімен анасында да тұншығу ұстамасы байқалған. Науқаста құлпынайға және пенициллинге аллергиясы бар.

Объективті тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Науқас орындықта шетін қолымен сүйеп отырады.Тері жамылғысы таза көкшіл тартқан,кеуде торы бөшке тәрізді,бұғана үсті және асты ойықтары жазылған,қабырға аралары жазылған,мойын көктамырлары білеуленген,қосымша бұлшық еттердің тынысқа қатысуы байқалған. Тынысы қатқыл ысқырық тәрізді шуылдар естіледі.Тыныс алу жиілігі минутына 26 рет.Перкуссия кезінде қорапты дыбыс естіледі. Везикулярлық тыныс әлсіреген,тыныс шығаруы қиындаған,құрғақ ысқырықты сырыл естіледі.Жүрек соғысы ретті,анық минутына 92 рет, АҚ 110/70 мм.сын.бағ.Абдоминальды патология анықталмайды.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Квинке ісігінде жедел көмек көрсету алгоритмі

Есеп 2

50 жастағы әйел адам ауруханаға жеткізілді. Бастың ауруына температураның көтерілуіне оң жақ кеуде торының жедел шаншып ауруына (жөтелгенде күшейеді) ентігеді,қақырық бөлінеді тот түсті. Салқын тигеннен кейін жедел басталған.Ауырғанына 2 күн болды.

Обьективті тексергенде: температура 39,4С. Жалпы жағдайы ауыр. Беті қызарған, аузында ұшықтар байқалады, ТЖ 28 минутына пальпацияда оң жақта дауыс дірілі күшейеді, перкуссияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде тұйық перкутолы дауыс естіледі. Аускультацияда оң жақ төменгі бөлікте тыныс кушейеді. Визикулярлы тыныс, крепитация анықталады. Жүрек тоны тұйықталған, пульс 110 минутына, ретті, АҚ 110/70мм сын.бағ.Абдоминальды патология жоқ.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Гипогликемиялық кома кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі.

.

Есеп 3

Учаскелік дәрігерге 52 жастағы завод қызметкері келді. Шүйде аймағының ауруына, көбінесе таңертеңгі уақытта, үнемі жүрек айну, көзінің қарауытуы, жүректің жиі қағуы, күш түскенде ентігу, таңертеңгі уақытта аздап бетінің ісінуіне шағымданады.Осындай көріністер 4 жыл бұрын инсульттан қайтыс болған анасында да байқалған.

Объективті тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық.Тері жамылғысының түсі бозарған,қабағы түсіңкі.ТЖ-20 минутына,пульс-80 минутына толымды, ретті. АҚ 150/95 мм.сын.бағ.Сол жақ жүрек шеті бұғана орта сызығы бойынша 1см сыртқа шығыңқы.Тізелерінде аздап ісік байқалады.

Тапсырма:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]