Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың басты міндеті бастапқы қаржылық жағдайы мен оның одан әрі даму динамикасын дұрыс бағалау болып табылады. Ол келесі сатылардан құралады:
1) қаржылық-экономикалық жағдайды теңестіру;
2) кеңістіктік уақыттық айырымда қаржылық-экономикалық жағдайдың өзгерісін айқындау;
3) қаржылық-экономикалық жағдайға өзгеріс әкелген негізгі факторларды анықтау;
4) қаржылық жағдайды нығайтудың шаруашылықішілік резервтерін айқындау.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қаржылық
талдаудың, сондай-ақ менеджменті мен аудиттің мәнді элементі болып табылады.
Қаржылық талдаудың негізіне қаржылық есеп беруді талдау жатады. Бұл қаржылық-экономикалық жағдайды бағалауды жүргізуде қаржылық талдаудың әдістері мен жүмысшы амалдарын пайдалануды негіздейді. Қаржы менеджментінің мәні нң тиімді жағдайларда қосымша қаржы көздерін тартуға, ең тиімді инвестициялауға, қаржы нарығында пайдалы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылардыбасқаруды ұйымдастырудан тұрады. Кәсіпорын дамуының қаржы қаржы көздерін іздестіру, сонымен қатар қаржы ресурстарын ең тиімді инвестициялау бағыттарын анықтау нарықтық экономика жағдайларында өзекті болуда. Қаржы менежменті маңындағы табыс көбіне қаржылық есеп беруді зерттеп білудің жан-жақтылығына, жүйелігіне, мұқияттылығына тәуелді.
Мұнда алдынғы орынды кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын талдау алады.
Кәсіпорындар арасында, соның ішінде және хаалықаралық деңгейде, банктік және сақтандыру бизнесінде шаруашылық байланыстың кеңінен дамуы шаруашылық субъектінің де, және оның қарсы агенттерінің де қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау объективтігі мен негізділігіне талаптардың елеулі артуын білдіреді. Бұл міндетті шешудің алғышарттарының бірі болып аудиторлық институттың қызмет етуі журеді.
Аудит – бұл кәсіпорынының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің әрекеттегі заңға сәйкес сенімділігін, толықтығын тексеру. Аудит келісімін шарттық бастамаларда тәуелсіз аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылады. Аудиттің негізгі қызметтері болып табылатындар:
- консалтингтік қызметті жүргізу (кеңес беру);
- бизнес жоспардың негізділігін тексеру;
- құжаттармен құжатайналымын тексеру;
- қаржылық-экономикалық жағдайды талдау;
- сауда-өндірістік қызметті және оның қаржылық нәтижелерін бағалау және басқалары.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру және талдау нәтижесіндегі аудиторлар ресми нысанындада белгілі бір кезеңде бақыланып отыоған экономикалық объектілердің қызметі қортындысы туралы негізделген түйін ұсынады.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау субъектілері болып кәсіпорын қызметіне тікелей және жанама мүдделі ақпараттарды пайдаланушылар жүреді .
Қаржылық-экономикалық жағдай – кәсіпорынның нарықтағы сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, орнықтылығының маңызды сипаты. Сондықтан талдауды пайдаланушылардың бірінші тобының әрбірі субъектісі өзмүддесінен шыға отырып қаржылық ақпараттарды өз тұрғысынан танып біледі.
