Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
йымны аржылы жадайын талдау, 1-ші курс, Есеп жне Аудит, Дианбай Айым.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.98 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы Экономика және Статистика Академиясы

Реферат

Тақырыбы: Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

Орындаған студент: Диқанбай А.Қ.

Мамандығы: «Есеп және аудит»

Группа: 15UA2SK0101

Тексерген аға оқытушы: Асылбаев Е.А.

Алматы 2016 ж.

Жоспар

  1. Кіріспе........................................................................................................3

  2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен маңызы..............4

  3. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері........................6

  4. Ұйымның қаржылығын жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі.........8

  5. Қорытынды..............................................................................................9

  6. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................10

  1. Кіріспе

Нарықтық экономикаға өтуде ұйымнан өнім өндірудің тиімді жолдарын,тауардың немесе қызметтің бәсекеге қабілеттігі мен ғылыми­техникалық прогреске жетістік енгізу, шаруашылық өндіріс­ ті басқарудың қандай да тиімді тәсілдерін енгізуді талап етеді. Бұл аталған мәселелерді орындау барысында ,ұйымның төлемқабілеттілік көрсеткішін жоспарлаудың мәні зор. Соның нәтиежесінде, ұйым­ ның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаншалықты меншікті айналым қаражаттарымен, сонымен қатар бөлек бөлімшелерінің тө­ лемқабілеттілік көрсеткіштерін анықтауға болады. Қаржылық жағдай түсінігінің астында, ұйымның өзінің қызметін болашақта қаржылан­дыралама деген мағынаны береді. Ол қаржылық ресурстармен қамтамасыздылығымен түсіндіріледі, яғни оның көмегімен дұрыс қызмет атқаруға, мақсатты жұмсауды және тиімді пайдалануды, бас­ қа да заңды немесе жеке тұлғалармен қаржылық қызметтес, серіктес болуды талап етіп отырады. 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын әдістемелік талдаудың бірыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігімен 12 шілдеде 1995 жылы бекітілген кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау тәртібі жөнінде ережелері , кәсіпорындарды қайта құру бойынша Агенттілікпен 1995 жылы 5 қазанда бекітілген төлем қабілетсіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын терең талдау бойынша әдістемелік нұсқаулары , Қазақстан Республикасының «Банкроттылық жөнінде» 21.01.1997 ж. Заңы , ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасында дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтандыру, қайта құру мен жою механизмі жөнінде» 07.09.1994 ж. № 1002 қаулысы қабылданған. Қаржылық саясатты өңдеудің негізгі бағыттарының бірі ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістемесі ұсынылады. 

  1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен маңызы

Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін басшыларға өз кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Ол үшін:

• кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін меңгеруі;

• қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес түрде пайдалануы;

• тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды тарту қажет.

«Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, деп жазады профессор Балабанов И.Т.*, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігі), қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекеттік алдында өз міндеттемелерін орындау».

Стуков С.А. қаржылық жағдай жөніндегі өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды**: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүрү қабілеттілігін кешенді талдау».

Қаржылық-экономикалық жағдай шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін тиімді жүргізуде. Оның бәсеке қабілеттілігі мен артықшылығын анықтайтын кәсіпорынның белсенділігі мен сенімділігін маңызды критерийлері. Ол қаражаттарды орналастыру мен пайдалану және олардың қалыптасу көздерімен сипатталады.

Талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынды жалпы және сонымен бірге оның қаржылық ресурстарын басқарудағы ең күрделі проблемаларды айқандау.

Қаржылық талдаудың мақсаттары:

- қаржылық жағдайдың көрсеткіштерінің өзгерістерін табу;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды табу;

- қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайдың белгілі бір датаға (күнге) бағалау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;

Қаржылық жағдайды талдау келесі тұтынушылар тобына керекті:

• Кәсіпорынның менеджерлеріне және ең бірінші кезекте қаржылық менеджерлерге. Кәсіпорынды оның қаржылық жағдайын білмей шаруашылық шешімдер қабылдау, оны басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін алынған қаржылық натижелер мен ресурстардың шаруашылық қызметінде қолданылатын (шешімдерді) олармен қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау маңызды болып табылады.

• Меншік иелеріне, соның ішінде акционерлерге.Оларға кәсіпорындарға салынған қаражаттардың қайтарымдылығы қандай болатындығын, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабелділігін, сонымен бірге экономикалық тәуекелділіктің деңгейі мен өздерінің капиталдарының жоғалту мүмкіндігін білу маңызды.

• Кредиторлар мен инвесторларға. Оларды берілген несиелерінің қайтару мүмкіндігін бағалау қызықтырады.

• Жеткізіп берушілерге. Олар үшін жеткізілген өнімдер үшін төлемдер, көрсетілген қызметтері мен жүмысты төлеуді бағалау маңызды.

Сөйтіп, жоғарында атап өтілген қаржылық талдаудың тұтынушыларының тізімі осы талдауды экономикалық процестердің барлық қатысушылары қажет ететіндігін көрсетеді.