Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Несие портфельдерін басару жне рылымы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.02 Кб
Скачать

Несиелеу мерзiмiне байланысты:

  • қысқа мерзiмдi несиелер (1 күн - 1 жыл)

  • орта мерзiмдi несиелер (1 жыл - 3-5 жыл)

  • ұзақ мерзiмдi несиелер (3-5 жылдан жоғары)

Бүгiнгi таңда республикамыздағы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты несиелердiң мерзiмiне қарай жiктелiнуi шартты сипатта ғана. Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзiмдi (1ж.дейiн) және ұзақ мерзiмдi (1 жылдан жоғары)етiп бөледi.Қысқа мерзiмдi белгiлi бiр мерзiмге дейiн (1ж.аралығында берiлген) және талап еткенге дейiнгi,яғни бұл несие түрiнiң нақты қайтару уақыты белгiленбеген және банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуi мүмкiн.Әрине қысқа мерзiмдi несиенiң бұл түрiн алған несие алушы салыстырмалы өтiмдiлiгi өте жоғары тұлға,әрi оның активтерi тез арада қолма-қол ақшаға айналдырылуы мүмкiн.

Кесте 2. Қазақстандағы Екінші Деңгейдегі Банктердің (БВУ) несиелік портфелінің құрылымы төмендегідей:

Активтер

Сомма

  1. Жиынтық активтер,

Млрд. теңге

Млн. долл.

  1. Экономикаға несиелер,

Млрд. теңге

Млн. долл.

  1. Экономика салалары бойынша ЕДБ (БВУ) несиелік портфелі:

    1. Өнеркәсіп,

млрд. теңге

үлес салмағы, %

    1. Ауыл шаруашылығы,

млрд. теңге

үлес салмағы, %

3.3 Сауда,

млрд. Теңге

үлес салмағы, %

3.4 Басқада салалар,

млрд. теңге

үлес салмағы, %

818

5446,1

489,8

3235

166,19

33,9

5,6

10,3

151,9

31

121,11

24,8

Жоғарыда келтірілген мәліметтер Коммерциялық Банктердің активтер құрылымы әртүрлі екенің көрсетіп тұр. Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтер ққұрамында несиелік портфель 60%-ке ие. Екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелі 2015 жылдың басында 489,8 млрд. теңге немесе 3,2 млрд. долл. құрады. Ал Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активі 01.01.2014 ж. 818 млрд. теңге немесе 5,4 млрд. долл. құрады. Айта кететін жәй, Қазақстан экономикасының өндірістік дамуының талаптарына екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелінің салалық диверсификациясы жауап бермейді. Екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелінде ауыл шаруашылығы – 10,3% қана құрайды, нақ осы кезде сауда – 31%. Екінші деңгейдегі банктердің активтер портфелінің мұндай құрылымы меншік қаражаттарына тартылған ресурстарға байланысты. Айтылып кеткен ресурстардан басқа, банк өзінің меншіктік қаражаттарына арқа сүйенуі керек.

Банктің меншікті қаражаттары деп, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған әртүрлі қорлар, коммерциялық және шаруашылық қызметінен, сонымен қатар ағымдағы және алдынғы жылдардағы қызметінің нәтижесінен түскен пайданы айтады.

Тәуекел деп өз ресурстарының бір бөлігін жоғалтуының, табысты толық мөлшерде ала алмауының немесе белгілі бір қаржылық операциялар жүргізу барысында қосымша шығындарға ұшырау қауіпі немесе ықтималдығы аталады.

Несиелік тәуекел деп қарыз алушының негізгі қарызды және пайыздық өсімақыны уақытында қайтармауға байланысты туындайтын шығындардың пайда болуының ықтималдығы. Тәуекел деңгейі несиелік операциялар бойынша қойылатын ең жоғарғы пайыз мөлшерлемесімен өрнектеледі. Несиелік пайыздың мөлшері белгіленген уақытқа берілетін қаражаттардың бағасын, кепіл бағасының өзгеру тәуекелін, қарыз алушының несие бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелін толық өтеуі қажет. Қарыз алушының несие бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелі, қарыз алушының несиелік қабілеті деп аталатын ұғымның ішіне кіретін көптеген факторлардың жиынтығымен анықталады. Ондай факторларға:

  • Заңды құқықтық қабілеті;

  • қаржылық жағдайы;

  • клиенттің абыройы;

  • кепілдің сапасы;

  • бизнестің одан ары даму болжамы;

  • нарық жағдайы және т.б. жатады.

Бұл факторларға дұрыс баға беру бағалаудың дұрыс әдістемесін таңдаудан және әртүрлі ауытқулар мен өзгерістерге дер кезінде көңіл бөлуден тәуелді.