Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Несие портфельдерін басару жне рылымы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.02 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………….….…….............2

І Коммерциялық Банктердің несиелік портфелін басқару

және оның сипаттамасы.......................................................................................2

ІІ Коммерциялық Банктің несиелік портфелін басқарудың қажеттілігі

мен басқару әдістері.............................................................................................9

III Несиелік портфельді басқаруды жетілдіру

жолдары...........................................................................................................18

Қорытынды.........................................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................20

1 Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқару

Несиелік портфель коммерциялық банктердің активтер портфелінің негізгі, ең ірі бөлігін құрайтындықтан және банк табыстарының көп бөлігін осы несиелік портфель әкелетіндіктен, сонымен бірге несиелік портфельдің тәуекелділігі жоғары болғандықтан коммерциялық банктерде несиелік портфельді басқару менеджменттің ең негізгі бағыты.

Несиелік портфель дегеніміз - клиенттерге берілген жалпы несиелердің сомасын реттеумен байланысты және берілген несиенің тәуекелділігін төмендетумен байланысты, осының нәтижесінде кездейсоқ шығындардан сақтандырумен байланысты банктердің іс-әрекеттері.

Несиелік портфель- берілетін несиеге емес берілген несиелерден және клиенттерге осы несиені қайтарумен байланысты қойылатын нақты талаптар. Сондықтан несиелік портфель клиенттердің айналымында жүретін банкке әлі қайтарылмаған несиенің сандық және сапалық көрсеткіштермен байланысты. Осы себептен, клиенттердің нақты алған несиесіне қатысты, банктермен клиенттердің арасында қалыптасқан несиелік қатынастарды өрнектейді.

Несиелік портфельді басқарудың маңызы мынада:

  • Жалпы алғанда, активтер портфелінің, ал жекелей алғанда, несиелік портфельдің өтімділігін бір деңгейде ұстау;

  • несиелік портфельдің, шартта көрсетілгендей, номиналдық табыс деңгейін қамтамассыз етіп отыру;

  • несиелік портфельдің тәуекел деңгейін басқара отырып, несиелік портфельден келетін шығындарды болдырмау;

  • несиелік портфельдің өтімділігі, жалпы алғанда, нақты сектордың өтімділігін, ал жеке алғанда әрбір клиенттің қаржылық жағдайының туынды көрсеткіші.

Несиелік портфельді басқарудың негізгі 2 бағыты бар:

  1. Несиелік портфельді басқарумен байланысты несиелік операциялар технологияларын ұйымдастыру;

  2. Несиелік тәуекелдерді басқару.

Несиелік операциялар технологияларын ұйымдастыру коммерциялық банктерде негізінен мынадай мәселелерді қамтиды:

а) несиелік операциялар технологиясын ұйымдастыратын басқармалардың, департаменттің, бөлімнің және бөлімшелердің несиелік портфельді басқарумен байланысты міндеттерін, мақсаттарын және құзырын нақты белгілеу. Мысалы, несиелік комитет несиелік саясатты қалыптастырумен, бөлімдердің несие беру құзырын белгілеумен, кейбір саламен, регионға несие беруді шектеу саясатымен және проблемалық несиелерді басқарумен айналысатын болса, несиелік талдау бөлімі клиентуралық нарықтың микро, макро жағдайымен, несиелік құжаттамалардың сапасын, несиелік тәуекелдерді талдаумен айналысатын болса, ал атқарушы несие беру бөлімі несиені беру, қайтаруға бақылау жасау, несиелік шарт пен кепіл шартын жасаумен, клиенттің ағымдағы қаржылық жағдайына қадағалаумен және берілген несиенің сапасына бақылау жасаумен айналысады. Ал, қандай да бір 4-ші бөлім несиелік құжаттамаларды дайындауға қажетті және несиелік талдауы жүргізуге қажетті әдістемелерді әзірлейді.

б) несиелік тәуекелдерді басқару.

Несиелік тәуекелді басқарудың 2 бағыты бар:

  1. үнемі несиелік портфельдің сапасына талдау жүргізіп отыру;

  2. проблемалық несиелерді басқару.

Несиелік портфельді басқару жүйесінің мынадай негізгі элементтері бар:

  1. Несиенің сапасын және несиелік портфельдің сапасын анықтаудың критерийлері;

  2. несиенің сапасын бағалаудың әдістері;

  3. банктің активтер портфелін немесе несиелік портфелін классификациялау;

  4. несиелік портфельдің сапасын анықтауға қажетті ақпараттар жинау;

  5. несиелік портфельдің сапасын қаржы коэффициенттері арқылы анықтау. Оларға, демек, қаржылық коэффиценттерге:

К1 - жалпы классификацияланған несиелердің сомасын несиелік портфельдің жалпы сомасына қатынасы;

К2 - нақты қалыптасқан провизиялардың сомасының жалпы несиелік портфельдің сомасына қатынасы;

К3 - табыс әкелмейтін несиенің жалпы несиелік портфельдің сомасына қатынасы;

К4 - нақты құралған провизияның сомасын проблемалық несиелердің сомасына

Несиені басқару процесінде несиелік портфелді қалыптастыру саясаты негіз болып табылады. Құрылған несиелік саясат несиені дұрыс басқарудағы негізгі идея. Саясат объективті стандарттар мен параметрлерді анықтайды.

Коммерциялық банктердің несиелік саясаты банк пен клиенттердің арасындағы несиелік қатынастардың қалыптасқан деңгейін зерттеуге және оны одан әрі дамытуға негізделген.

Несиелік саясаттың рөлі, несиелік ресурстарды орналастыру процесінде банктік іс-әрекеттердің нәтижелілігін және негізгі даму бағыттарын анықтауда жатыр.

Банктер несиелік саясатты үлкен зейін қойып қалыптастырады, өйткені банк пен клиенттердің арасындағы, ақшалай қаражаттардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды бақылауға, басқаруға, ұтымды ұйымдастыруға сол несиелік саясат арқылы мүмкіндік туындайды. Несиелік саясатты қалыптастыру процесінде банк қоғамның, мемлекеттің және, әрине, өзінің де даму деңгейін ескеру қажет.

Сонымен, несиелік саясат дегеніміз – белгілі регионда және мерзім аралығында банк стратегиясы мен тактикасын іске асыру мақсатында клиенттерді несиелеу барысындағы банк іс-әрекеттерінің жүйесі. Немесе, коммерциялық банктердің несиелік саясаты- несиелік портфельді қалыптастырумен, оны басқарумен, диверсификациялаумен және табыс деңгейін барынша жоғары етіп отырумен байланысты коммерциялық банктердің іс- шараларының жиынтығы.

Несиені беру процесінің негізі ретінде несиелік саясат, бір жағынан, бір жағынан, несиелік қатынастарды дамытудың, екінші жағынан, несиелеу механимінің дұрыс жұмыс істеуінің басымдылықтарын анықтайды.

Директорлар кеңесінің, заң шығарушы және стратегиялық шешімдер қабылдайтын тұлғалардың негізгі іс - әрекетін несиелік саясат анықтайды, сонымен бірге банктегі несиені басқарудың дәрежесін және сапасын сыртқы және ішкі аудиторлардың анықтауына мүмкіндік береді.

Егер несиелік портфелді қалыптастыру саясаты дұрыс тұжырымдалса (қисынға келтірілсе), жоғарыдан жүргізілсе және банктіңң барлық деңгейінде дұрыс түсінілсе, ол банктің басқармасына несие ауқымында дұрыс стандарттарды қолдануға, орынсыз тәуекелдерден оқшаулануға және жұмыстың дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Несиелік портфельді қалыптастырудағы саясаттың негізгі бағыттарын Директорлар кеңесі шешеді. Жұмыс, кеңес қабылдаған құжаттан басталады, онда несие берудегі негізгі жағдайлар баяндалады, сонымен бірге несие берудегі негізгі процедуралар жазылған.

Экономиканың қиын және өзгермелі жағдайында банктің бейімделуіне несиелік портфельді қалыптастыру айрықша қажетті болып табылады.

Коммерциялық Банктер несиелік саясаттың жалпы принциптерін ортақ ережелерге сәйкес жасайды (дүниежүзілік практикада – несиелік саясат туралы меморандум), оның негізгі мақсатын қалыптастырады және несиелеудің негізгі бағыттарын анықтайды. Несиелік операциялар тәуекелмен байланысты.