- •5В072901 – Көлік құрылысы мамандығы
- •1 Жөндеу бөлігіндегі темір жолдың техникалық жай-күйіне талдау жасау
- •1.1 Теміржол желісінің географиялық орналасу реті
- •Рельс – шпал – балласт картасын техникалық жай-күйін талдау
- •1.3 Жолдың жіктелуі
- •2 Машиналар кещенін қолдану арқылы буынды жолды күрделі жөндеудің техникалық үрдісі
- •2.1 Жолды жөндеудің технологиялық үрдісін өңдеу
- •2.3 Жолды жөндеудің технологиялық үрдісін өңдеу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік
және коммуникациялар академиясы
Ережепов Н. А.
Ірілендірілген Алматы жол дистанциясының «Қосқұдық – Сары Өзек» бөлігінде шағылтас тазалағыш машинаны қолданумен жолды күрделі жөндеудің технологиялық үрдісін жасау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В072901 – Көлік құрылысы мамандығы
Темір жолдар құрылысы мамандандырылуы
Алматы - 2016
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
__________________ А.К.Ибраимов
«_____» __________ 2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ірілендірілген Алматы жол дистанциясының «Қосқұдық – Сары Өзек» бөлігінде шағылтас тазалағыш машинаны қолданумен жолды күрделі жөндеудің технологиялық үрдісін жасау»
5В072901 – Көлік құрылысы мамандығы бойынша
Темір жолдар құрылысы мамандандырылуы
Орындаған: Н.А.Ережепов
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент М.М.Алимкулов
Алматы - 2016 |
Мазмұны
|
Кіріспе |
|
1 |
Жөндеу бөлігіндегі темір жолдың техникалық жай-күйіне талдау жасау |
|
1.1 |
Теміржол желісінің географиялық орналасу реті |
|
1.2 |
Рельс – шпал – балласт картасын техникалық жай-күйін талдау жасау |
|
1.3 |
Жолдың жіктелуі |
|
2 |
Машиналар кещенін қолдану арқылы буынды жолды күрделі жөндеудің техникалық үрдісі |
|
2.1 |
Жолды жөндеудің технологиялық үрдісін өңдеу ( нұсқа 1). |
|
2.2 |
Жұмысшы поездардың және "үзіліс" тегі жұмыс аймағын анықтау |
|
2.3 |
Жолды жөндеудің технологиялық үрдісін өңдеу( нұсқа 2). |
|
3 |
Еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік |
|
3.1 |
ВПО-3000 машинасында теміржолды жөндеу кезінде қойылатын техникалық талаптар. |
|
3.2 |
Діріл аурусының ықтымалдық көрсеткішін есеп кезінде жоғары ауырлататын факторларын карау. |
|
|
Қорытынды |
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
|
Кіріспе
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуметін нығайтуда, экономиканы әртараптандыру және де жаңа жұмыс орындарын құрып, жалпы ішкі өнімді еселеуде көліктік-логистикалық кешенді дамытудың маңыздылығын атап өткен. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымдық жобалар мен экспорттық бағыттағы жоғары технологиялы өндірістер, елдегі экономикалық саясаттың басым бағыты екеніне назар аударған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының жетекшісі автомобиль және темір жол магистральдарын қайта құрылымдау, Каспий жағалауындағы порттық нысандарды жанғырту, «Қорғас» экономикалық аймағы мен шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тыныс-тіршілігін өркендету қадамдары аясындағы барлық жұмыстар кестеге сай атқарылуда екенін жеткізген. Мәселен, былтыр «Боржақты-Ерсай» темір жол желісі қолданысқа тапсырылып, «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА «Құрғақ портының» тұсауы кесілді. Осымен бірге, Ақтау айлағының бірқатар нүктелері, Астанада орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі көліктік-логистикалық орталық пайдаланымға берілгені аян. Осы жылдың аяғына дейін Маңғыстау облысындғы Құрық портында паромдық кешен құрысы аяқталып, «Алматы-1 – Щу» темір жол теліміндегі екінші жол бой көтеріп бітетіні көзделуде. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орай, елордада әуежайдың халықаралық терминалы мен жаңа темір жол вокзалының құрылысы тәмамдалмақ.[1].
Елімізді бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосуда көлік саласын әлемдік жүйеге кіріктірудің маңызы орасан. Мемлекет басшысы бүгінде сала алдына тасымалды артырып, темір жол желісін жаңарту, қозғалыс қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету шапшандығы жағынан әлемдік стандарттар талабына сәйкестендіру міндетін қойып отыр.
Бұл бағытта «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ ауыз толтырып айтарлықтай шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Компанияда темір жол машына жасау саласы құрылып, ең соңғы үлгідегі тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушылар таситын вагондар шыгарылуда. Болат жолға ұзындығы 800 метр «барқыт» рельстер төселуде. Мұның өзі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және жылдамдығын арттырып, шығындар мен шуды азайтуға мүмкіндік беруде. Ортақ іске «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы-Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны да қомақты үлесін қосуда.[2]
2020 жылға дейін Көлік жүйесі инфрақұрылымын ықпалдастыру және дамыту бағдарламасы шеңберінде, Компаниямен 2020 дейін Стратегиялық даму тұжырымдамасы шеңберінде Директорлар кеңесімен қабылданған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Шаралар бес негізгі стратегиялық міндеттер бойынша жүргізілуде. Атап айтсақ, біріншісі, жүк базасын дамыту, бұл арада басымдық Достық пен Алтынкөл станцияларының қуаттылығын дамытуға берілмек. Екіншісі, географиялық қатысуын кеңейту, яғни Қытай мен Өзбекстанда өкілділік ашу. Үшіншісі, Астанада, Алматы, Ақтобе, Қарағанды, Шымкент қалаларында маңызды терминалдарды жаңғырту. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Бағдарламалары шеңберінде Павлодор, Орал және Атырау қалаларында Қоғамның терминалдары базасында КЛО салу көздеуде. Сонымен қатар, IТ технологияларын пайдалану арқылы заманауи логистикалық өнімдерді, соның ішінде, «ИРС Перевозки» мамандырылған бағдарламаларды пайдаланымға енгізу және логистиканың озық технологияларын пайдалану, атап айтсақ, фитиңгілік платформалардың жекеше паркін басқаруға қабылдау, контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру болмақ.[3]
Теміржол тасымалының бір қалыпты турақты жағдайда болуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі, олардың күнделікті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен периодтық күрделі жөндеу жұмыстары.
Осы жұмыстардың өз кезегінде сапалы орындауы, жөндеуге пайдаланылған техникаға және жөндеу жұмысының жобасын дұрыс жобалауға байланысты. Жолдың күрделі жөндеуі басты жолдарға, оның ішінде рельстерін ауыстыруға тиісті орындарда сонымен қатар шпал шаруашылығын, балласт қабатын, жер төсемесін жалпы беттік жақсартуға тиісті орындарға белгіленеді. Күрделі жөндеу жұмысы белгіленген орынның жергілікті жер жағдайына байланысты реттелген технологиялық үрдіс арқылы жүргізіледі.
Күрделі жөндеу жұмыстары дайындық; негізгі; жекелеген; базада рельс бұындарын жинау, тарату т.б. осы тектес жұмыстардан турады.
Күрделі жөндеудің технологиялық үрдісінде осы үрдіске қатысатын машиналармен механизмдердің реті, уақыты, оған қызмет ететін адам саны жұмыс аймағының ұзындығы бойында көрсетілуі тиіс. Технологиялық проецесске қажетті нормативтермен техникалық құжаттар, жол шаруашылығының бас басқармасы ҰК «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының белгіленген бұйрығына сәйкес алынуы керек. Жолдың қауіпсіздігі жүк тасымалының уақтылы жеткізілуі жол мамандарының біліктілігі мен олардың жол жөндеу жұмыстарын сауатты ұйымдастыруына тікелей байланысты. Бұл салада «Теміржол құрылысы» мамандығы бойынша қабілетті жас мамандарды дайындауда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академисы бірден бір білім ордасы болып табылады. Академияның осы саладағы мамандарды дайындауына «Көлік құрылысы» кафедрасының атқаратын жұмысы өте үлкен. Кафедра бұл саладағы мамандар үшін еліміздегі және алыс-жақын шетелдердің теміржол саласындағы ғылыми, оқу тәжірибесі жетістіктерін, курстық, дипломдық жобаларда пайдаланады.
Осы диплом жұмысының мақсаты, Алматы жол дистанциясы бөлігіндегі күрделі жөндеуді ұйымдастырудың жобасын жасау болып, жөндеу барысындағы пайдаланылатын машина-механизмдердің жұмысқа кірісу реті, саны жұмысшылар саны т.б. есептелініп, әрбір жұмыстың уақыт ұзақтықтары жеке жеке көрсетілді.
