Бәсеке түсінігі
Бәсеке - нарықтық шаруашылық субьектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты бақталастықтық немесе күрес Бәсеке - әр түрлі формада болатын және әр түрлі жолдармен іске асырылатын нарықтық қатынастардың негізгі категориясы.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі — ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп (отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығыңдары, қоғамдық-қажетті сапа және ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады:
— бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуга байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуга мүдделі болады.
Нарық ұсынысының қисық сызығы жеке фирмалар ұсынысы қисық сызығының сомасы ретінде қалыптасады. Бірақ бұл тек қана қысқа мерзімді кезеңге келеді. Нарық ұсынысының өсуі ауыспалы факторларға сұраныстың өсуіне әкеледі де, қосымша сұраныс бағаларды көтереді. Сондықтан, ұзақ мерзімдегі нарық ұсынысы қисық сызығының жағдайы саладағы өндіріс көлемінің өзгеруі факторлардың құнын өзгерткеніне байланысты салалардың 3 түрін айырады:
1. Тұрақты шығындары бар сала – ресурстарға (қорларға) бағалар ұсыныс ықпалымен өзгермейді де ұзақ мерзімді ең орташа шығындар деңгейінде сақталады. Демек, нарық ұсынысының қисық сызығы – көлденең (горизонтальді) тура сызық.
2. Өсіп жатқан шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының көбеюі ресурстарға (қорларға) бағалардың өсуіне әкелсе, демек, шығындарға, онда LRAC қисық сызығы жоғарыға ауысады, ал МС қисық сызығы – солға. Нарық ұсынысының жаңа қисық сызығында жоғарыға қарай еңкіштігі болады.
3. Төмендейтін шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының өсуі ресурстарға (қорларға) бағаның төмендеуіне әкелсе (бірақ, бұл сирек кездеседі), онда фирма шығындарының қисық сызықтары төмен ауысып, LRACmin сәйкес нүктесінде тепе-теңдік қалыптасады. Бұл жағдайда тепе-теңдік баға өндірістің өсуімен бірге төмендейді, ал нарық ұсынысының қисық сызығында төмен еңкіштік пайда болады.
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады:
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
