Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОс экзамен жауаптары Сымбат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.32 Кб
Скачать

3. Бақылау - мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдісі ретінде. Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Бақылау– мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Бақылаудың мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Бақылаудың міндеті: Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру; Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру; Баланың қимыл белсенділігін арттыру; Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету. Бақылау түрлері (өтілу орнына қарай): 1.Балабақша аумағында; 2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін) Бақылауға қойылатын талаптар Баланың киімі жыл мезгіліне сай және баланың ыссылап немесе тоңуына жол бермейтіндей, ауа - райына сәйкес болуы керек; Температура +3 тен - 3°С аралығында болған жағдайда баланың киімі (іш киімді қосқанда) 3 қабаттан тұруы қажет. Сырт киім жылы күртеше, шалбар немесе гамаж; аяқтарында жылы бәтеңке; Температура - 4 пен - 10°С аралығында болған жағдайда балаларға қысқы қалың күртеше мен 3 қабатты киім болуы шарт. Температура одан төмен болған жағдайда киім қабаттарын 4 - 5 - ке дейін, киім жылылығына қарай көбейту қажет. Жазғы маусымда күн тимеу үшін жазғы жеңіл күнқағар бас киім қажет