Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОс экзамен жауаптары Сымбат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.32 Кб
Скачать

2. Ойыншық және сурет бойынша әңгімелеуге оқыту әдістемесі.

Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.

Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».

Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.

Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.

Сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру, оқылған шығарма мазмұнына ұқсас, өмірден көргендері жөнінде өз шығармашылығымен әңгіме құрастыру керек.Өздеріне таныс оқиғалар туралы әңгімелетуде өз ойын жүйелі жеткізуге назар аударады.

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор.Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез-келген сәтте бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек.Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.

3. Дене шынықтыру сабақтарында балаларды ұйымдастыру тәсілдері.

Балабақшадабалаларды шынықтырудың әдістемесі 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Мақсаты:жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.

3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері - балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен жүру және т.б.

Негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен — алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады.

Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар орындалады.

Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-6 минөт, негізгі бөлім — 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2—3 минөт. Әрбір бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.

Тәңертеңгілік гимнастика - балабақшада күнделікті өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.Гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:

а) бұлшық ет топтарынг жан-жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты белсенді қызмет атқаруын;

ә) дұрыс тұлға қалыптсістыруын;

б) жаттығулар құрылысы балаларға таныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;

в) көңіл - күйлерін көтеретін;

г) өткізетін орынға сәйкес болуын ескеру қажет.

Қозғалмалы ойындар. Әр түрлі қозғалыс мазмұнындағы қозғалмалы ойындар күнделікті балалар серуенге, таза ауата шыққан кезде орындалады. Ол ойындар балалардың қозғалыс белсенділіктерін арттырады, көңіл күйлерін жақсартады. Қозғалмалы ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу және басқа қозғалыс әрекеттері кірсді

20 билет