- •1. Екі жастағы балаларды тәрбиелеу.
- •2. Сюжеттік жапсыру. Бала-бақшада оқыту міндеттері және мазмұны.
- •3. Мазмұндап оқыту процесінде монологтық сөйлеудің дамуы.
- •2. Бала-бақшадағы тірі табиғат. Маңызы, ұйымдастыру ерекшелігі. Материалды іріктеуге қойылатын талаптар
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.
- •2. Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері. Әдістердің жалпы сипаттамасы.
- •3. Балаларда сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету.
- •2. Ойыншық және сурет бойынша әңгімелеуге оқыту әдістемесі.
- •3. Дене шынықтыру сабақтарында балаларды ұйымдастыру тәсілдері.
- •1. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту әдістері.
- •2. Шығармашылық әңгімелеуге мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту.
- •3. Бақылау - мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдісі ретінде. Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
3. Мазмұндап оқыту процесінде монологтық сөйлеудің дамуы.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі. Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.
№ 17 билет
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың және дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.
1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімі .Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:қарапайым жаттығулар; күрделі жаттығулар; үйлесімді жаттығулар; жүйелі, кешенді жаттығулар. Дене тәрбиесі балаларды ақыл – ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс
2. Бала-бақшадағы тірі табиғат. Маңызы, ұйымдастыру ерекшелігі. Материалды іріктеуге қойылатын талаптар
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Еңбекке деген бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады. Бөлмеде өсетін өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді,сонымен бірге білімі және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы.
Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір программалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Екі жастан үш жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, тірі табиғат құбылыстарымен таныстырады,балаларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырқтардың,гүлдердің)түсін кейбір белгілерін,жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп, дұрыс атауға алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге үйретеді.. Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отырған табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады. Сабақтардағы,ойындардағы заттық сезімдік іс-әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және оларды нақтылы түсініктер формасында көрсетуге қол жеткізеді.. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтуін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығын тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктермен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Бақылау-мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процес. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі. Табиғатқа деген көзқарастары ынта-ықыластары сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді. Тәрбиешінің табиғи объектілермен табиғат құбылыстарын бақылау ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балаларды жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге,бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін. 3. Бала-бақшада балаларды шынықтыру, оның әдістемесі.
Шынықтыру шаралары: - денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету; - қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; - қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру; - негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту; - еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу; - өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу; - гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. Балабақшадабалаларды шынықтырудың әдістемесі 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Мақсаты:жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.
3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері - балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен жүру және т.б.
Негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен — алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады.
Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар орындалады.
Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-6 минөт, негізгі бөлім — 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2—3 минөт. Әрбір бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.
№ 18 билет
