Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОс экзамен жауаптары Сымбат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.32 Кб
Скачать

16 билет

1. Екі жастағы балаларды тәрбиелеу.

Өмірдің екінші жылында келесі қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп, жүре бастайды, сөзі қарым қатынас құралы болады; Жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады. Бірінші жартыжылдықта балалар 3-4 сағатқа белсенді сергейді, екінші жартыжылдықта – 4-5 сағатқа.Балалардың психикалық және дене дамуының қарқыны өмірдің бірінші жылына қарағанда,екінші жылда өте қарқынды. 2 жылда ол ересектердің көмегінсіз өз киімінің жартысын киіне алуы қажет.Өмірдің екінші жылында балаларды тәрбиелеу процесінде сергектену процесіндегі олардың әрекеттену маңызына үлкен назар аудару қажет. Оқыту процесінде балаларды дамыту. Балалардың назары үйренген және өз еркімен орындай алатын – құрылыс материалдарына, көпшілік дидактикалық ойыншықтр – пирамида, матрешка, салынбалы кубик және т.б. ойыншықтар мен материалдарға түседі.Сенсорлы тәрбиелеу тапсырмаларды шешуде, түсі, формасы бойынша ойыншықтарды, құралдар мен материалдарды таңдауда маңызды рөл атқарады.Бір белгілері бойынша қарама-қарсы, бірақ басқаша жағынан ұқсас (мысалға, бір түсті, бірақ көлемі әртүрлішарлар) заттарды таңдауы тиіс.  Сюжетті ойындр үшін қуыршақтар және көлемі орташа бейнелі ойыншықтар, ірі ыдыс-ақ жиынытығы, қуыршақ жиһазының кейбір заттары  (үстел, орындық, керует) қажет. Өмірдің 2 жылында балаларда қозғалыстың басты түрі жүру болып табылады.  Бала одан үлкен қажеттілікті сезінеді, сондықтан да ол балаға бағдарлай алу мүмкіндігін береді. Төңірегіндегілерді кеңінен бағдарлай алудағы баланың белсенді қозғалысы психикалық іс-әрекеттің дамуынасебепші болады (сезіну, қабылдау, көрнекі-әсерлі ойлау. Ол тепе-теңдікті жоғалтып, құлап қалудан, қолға заттарды алып, әкетіп жүруден қорықпайды. Бос кеңістікті қамтамасыз ете отырып, балада қимыл белсеңділігінің әртүрлі түрлерін қалыптастыру үшін арнайы құрал-жабдықтады алу қажет (баспалдағымен төбешік, ылди алаңы және т.б.).

Қимыл белсендігін реттеу – бала дене дамуының маңызды жағдайы.Өмірдің  2 жылында белсені сөйлейді. Балаларда заттар мен ойыншықтардың айырмашылығын жаттықтыруда

- ең алдымен таныстар арасында  үлкендермен айтылатын затты тануды үйрету керек;

- сосын бөгде адамдар арасында;

- бір белгісі бойынша жақын (көлемі, түсі);

- көп белгісі бойынша ұқсастар арасында (бір түсті, бір көлемді қоңыз және тасбақа).

Өмірдің  2 жылында жеке сөздерінің дамуы баяу болады..

1 жыл 6 айында сөздік қорында барлығы 20-30 сөзғана болады.

Балалардыың сөзі үлкендердің сөзіне ұқсамайды, оны автономды деп атайды. Бұл айтылыс жетілмеуінен туындаған жеңілдетілген сөздер  (би-би, сү (сүт)).Жеке сөздердің пайда болуынан қарым-қатынас мүмкіндігі артып, бұл сөздік қорын кеңейтеді. 2 жылда 300 сөзге дейін жетеді. Өмірдің  2 жылының аяғында балалар 3-4 сөзден тұратын сөйлем құра бастайды.

2. Сюжеттік жапсыру. Бала-бақшада оқыту міндеттері және мазмұны.

«Аппликация» (Жапсыру)атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Сурет ретінде қағаздан орындалєан аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған. Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі Ібғасырда Италия мен Испанияда, 17ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл л бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан.

Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру біліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету.

2. Жапсыру техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.

Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі тақырыпта тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады. Жасалужолдары: a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу; ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын, үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу; б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.