Қорытынды
Мен, Талғатұлы Шынгыс, «Euromedex» фармацевтикалық компаниясында іс қағаздарын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармашының көмекшісі қызметі бойынша 18.01.2016-01.04.2016ж. уақыт аралығында өндірістік тәжірибеден өту барысында мынадай жұмыстарды орындадым:
компанияның ішкі құжаттарымен танысу;
құқықтық актілер бойынша заңнамалық әдістермен танысу;
skype арқылы шет елдің әріптестермен келіссөздер жүргізу;
ұйымдастыру құрылымын зерттеу;
ұйымның құрылымы, міндеттері мен қызметкерлердің функцияларымен танысу;
кәсіби міндеттерін және кафедраның мамандар лауазымдық нұсқаулықтарының жүйесімен танысу;
белсенді мамандарды көмек көрсету үшін кәсіпорынның экономикалық қызметімен айналысу;
мекеменің техникалық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын зерттеу;
ұйымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, негізгі құжаттарды реттеу.
Тәжірибе барысындағы алдыма қойылған міндеттерге мыналар жатты:
компанияның ішкі құжаттарымен танысу және қазақ тіліне аудару;
тәжірибе орнында уақытылы келіп, уақытылы кету;
дресс-код және де жұмыс ережелерін сақтау:
тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау;
күн сайын орындалған жұмыстарды күнделікке белгілеп отыру;
тапсырылған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау;
берілген жұмыстарды орындап қана қоймай, тәжірибе алу.
Орындалған жұмыстың нәтижелері тәжірибе күнделігінде тіркелді.
Сонымен қатар, мен азаматтық-құқықтық шарттардың кейбір түрлерін жасауды, ағылшын тіліне мағналы аударуды, олардың мазмұны мен нысанын үйрендім. Тағы да, мен тәжірибе кезінде, оқу орнымда алған білімімді көрсете білдім. Ағылшын және түрік тілдерінде семинар уақытында сөйлеп, тез көзге түстім. Тапсырылған жұмыстарды уақытылы орындап, өз ісіме жауапты екенімді көрсете білдім.
Министрліктің шет елдік консулдар көп болғандықтан, Skype интернет желісі арқылы келіссөздер жүргізу көмектестім. Сонымен қатар компанияның тауар сапасын жақсартуға көмектесетін түрлі идеяларды ұсындым.
Өндірістегі оқу тәжірибесі соңында бас орынбасардың талабы бойынша қорытынды ретінде жобалық жұмыс орындадым. Жобалық жұмысымда осы мекеме жайлы 2,5 ай көлемінде жинаған ақпараттарды, түрлі диаграммаларды, кестелерді қолдана отырып жобалық жұмысымды өте тамаша тапсырдым. Осы тәжірибені өту барысында болашақта жұмыс істеуге катысты түрлі мәліметтерді, ақпарттарды үйрендім.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылга дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» жарлығы-Алматы,1998.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазахстанская правда, 1995, 31 қаңтар - 4 ақпан.
3. Қазастан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы бағалау қызметі туралы» Заңы 30.11.2000 ж. №109-11
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдық куші бар «құнды қағаз дар мен қор биржасы туралы» жарлығы – Алматы, 1995.
5. Қазақстан Республикасының» Шетелдік инвестициялар туралы» Заңы Экономика и предпринимательство в РК.1998 №18-с.1-6
6. Қазақстан Республикасының 26.07.1999 жылғы «Тауар белгілері , қыз- мет корсету белгілері және таурдың жасалған орнының атаулары туралы» Заңы.
7. Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы №442 Жер кодексі.
8. Қазақстан Республикасының 16.07.1999 жылғы Патент туралы Заңы.
9. Қазақстан Республикасының бағалау туралы заңын қолдану шаралары туралы Қазақстан Республикасының Үкиметінің Қаулысы, 27 мамыр 2002 жылы, №572.
10. Қазақстан Республикасы Үкиметінің 24.12.04 ж. №1383 қаулысы.
12. Әлжанова Инвестициялық жобалау.
13. Стоянова Е.С. «Финансовый менеджмент», Москва; Преспектива, 2012г.
