- •Кіріспе. Қр акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу
- •Гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері:
- •2.Гинекологиялық көмек 100% барлық жүкті болған әйелдерді және гинекологиялық ауруларды қамтамасыз ету;
- •Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері
- •Әйелдер кеңес үйінің негізгі көрсеткіштері:
- •Әйелдер кеңес үйінде акушерканың міндеттері:
- •Қр ана өлімі себептерінің құрылымы
- •-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысы жок
- •Перинаталдық патологияның «қауіп-қатер»деректері
- •Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің және жаңа туған нәрестелердін негізі құжаттары
- •Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі.
- •Ішкі жыныс мүшелері:
- •Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
- •Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.
- •Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.
- •Жүктілік физиологиясы.
- •2. Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.
- •Жүктіліктің диагностикасы
- •Латентті фаза
- •Белсенді фаза
- •Бәсеңкі фаза
- •Босану механизімі орындалуы үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
- •Көңіл күйінің өзгеруі
- •Қынаптан бөлінетін сұйықтық
- •Емшектегі өзгерістер
- •3. Қынаптан бөлінетін сұйықтық
- •Отбасын жоспарлау
- •Жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Бірінші сатысы
- •Екінші сатысы
- •Үшінші сатысы
- •Төртінші сатысы
- •Емшек безінің қабынуы
- •Акушерия патологиясының алдын алудағы негізгі принциптер
- •Акушерия патологиясының дамуына әсер ететін факторлар:
- •Қолданатын әдебиет:
- •Жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің созылмалы қабыну процестері
- •Бартолинит
- •Аналық без ісігі
- •Аналық бездің дәнекер тінді ісіктер Қатерсіз ісіктер.
- •3) Қорытынды.
Жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
Босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық аурулары А.В.Бартельс, С.В.Сазоновтың жіктеуі бойынша төрт сатыға бөлінеді.
І сатысы: инфекция ішкі жатыр мойны ернеуімен шектеледі; аралық, қынап қабырғасының, жатыр мойнының жаралары, жатырдың қабынуы.
ІІ сатысы: инфекция тек кіші жамбас қуысымен шектеледі; жатыр, жатыр маңының, жатыр қосалқы бөліктерінің, кіші жасбас іш пердесінің, жатыр, жамбас қан тамырларының қабынуы (метрит, параметрит, трмбофлебит, пеоьвиоперитонит).
ІІІ сатысы: инфекция кіші жамбас қуысынан шығып, қанға тарайды. Іш пердесінің қабынуы, септикалық шок.
ІҮ сатысы: инфекция қан арқылы бүкіл денеге жайылады сепсис, септицемия, септикопиемия.
Бірінші сатысы
Әйел босанғанна кейін босану жолдары жеңіл жарақаттанады, көбінесе аралық пен жатыр мойны жыртылады. Сол жарақаттарға инфкция түсетін болса, жара пайда болып, беті іріңдейді.
Белгілері: сыртқы жыныс ағзалары қатты ауырып, қызарып, ісініп, қабынады. Аралық тігістері іріңдеп, ажырап қанағыш келеді, екінші – үшінші күндері әйелдің дене температурасы көтеріледі.
Емдеу жолдары: аралықтың тігісін алып тастап, жараны сутегі асқын тотығымен жуып тазартады. Жараны іріңнен тазарту үшін, гипертоникалық ерітіндіге малынған дәкеден күніне үш рет аралыққа түтікше кояды. Жараны іріңнен ттолық тазартқаннан кейін, синтомицин, грамицидин майларын қолданады. Инфекцияға қарсы антибактериялық ем жүргізеді: пенициллин, ампициллин, оксациллин, т.б. Жара тез жазылып кету үшін трипсин, химотрипсин ферменттерін және ультракүлгін сәулесін пайдаланады. Жара он төрт күнде жазылады, сол уақытта аралыққа екінші рет тігіс салуға болады.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекциялық ауруларының ең жиі кездесетін түрі – жатырдың қабынуы. Ауру басталған кезде жатырдың шырышты және бұлшық етті қабаты қабынып, жараланып, іріңдейді.
Белгілері: босанғаннан кейін 3-4күндері, ал кесар тілігінен кейін 1-3күндері пайда болады. Дене температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді; әйел безгек ауруындағыдай қалтырайды. Жатыр жиырылуы, қайта қалпына келуі төмендейді, қолмен ұстағандажатыр ауырмалы, жатырдан шығатын сұйық зат қан ірің аралас, сасық иісті болады. Бұл асқынуда жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуінен, немесе жатыр мойны өзегінің бітеліп қалуынан, кейде сұйық зат жатыр қуысында жиналып, жатырды керіп ауыртпалы толғақ пайда болады. Бұны лохиометрия деп атайды. Осы кезеде дененің улануы күшейіп, әйелдің қызуы көтеріліп, басы ауырады. Қан құрамы өзгереді, ЭТЖ жоғарылайды.
Емдеу жолдары: біріншіден жатыр қуысында бала жолдасының бөліктерінің қалдығын анықтайды УДЗ зерттеуі арқылы. егер жатыр қуысында бала жолдасының қалдығы анықталса, жатыр қуысын тазалап, жатыр үстіне мұз қойып он онбес минут, түрлі антибиотиктерді – канамицин, ампициллин, гентамицин т.б, улануға қансы дезинтоксикациялық сұйықтықтарды, витаминдер, белоктық заттар кеңінен қолданылады. Дененің тітіркеніп, түршігуін басу үшін димедрол, пипольфен, супрастин, қызуын басу үшін амидоперин, аналгин, аспирин беріледі. Ауру сегіз он күнге созылады. Толық емдемесе инфекция одан әрі тарап ауру асқынады.
