- •Кіріспе. Қр акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу
- •Гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері:
- •2.Гинекологиялық көмек 100% барлық жүкті болған әйелдерді және гинекологиялық ауруларды қамтамасыз ету;
- •Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері
- •Әйелдер кеңес үйінің негізгі көрсеткіштері:
- •Әйелдер кеңес үйінде акушерканың міндеттері:
- •Қр ана өлімі себептерінің құрылымы
- •-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысы жок
- •Перинаталдық патологияның «қауіп-қатер»деректері
- •Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің және жаңа туған нәрестелердін негізі құжаттары
- •Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі.
- •Ішкі жыныс мүшелері:
- •Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
- •Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.
- •Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.
- •Жүктілік физиологиясы.
- •2. Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.
- •Жүктіліктің диагностикасы
- •Латентті фаза
- •Белсенді фаза
- •Бәсеңкі фаза
- •Босану механизімі орындалуы үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
- •Көңіл күйінің өзгеруі
- •Қынаптан бөлінетін сұйықтық
- •Емшектегі өзгерістер
- •3. Қынаптан бөлінетін сұйықтық
- •Отбасын жоспарлау
- •Жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Бірінші сатысы
- •Екінші сатысы
- •Үшінші сатысы
- •Төртінші сатысы
- •Емшек безінің қабынуы
- •Акушерия патологиясының алдын алудағы негізгі принциптер
- •Акушерия патологиясының дамуына әсер ететін факторлар:
- •Қолданатын әдебиет:
- •Жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің созылмалы қабыну процестері
- •Бартолинит
- •Аналық без ісігі
- •Аналық бездің дәнекер тінді ісіктер Қатерсіз ісіктер.
- •3) Қорытынды.
Техникалық және кәсіптік білім Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы ШЖҚ МКК «Медициналық колледж» |
|
Техническое и профессиональное образование ГКП ПХВ « Медицинский колледж» Управление здравоохранения г.Алматы |
«Акушерия және гинекологиядағы МІ» ЦӘК |
||
Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ» |
медицина колледжі |
№ 1 дәріс . Тақырыбы: Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу. |
4 -курс 7-семестр |
Оқытушы : Сарсенбаева Э.А. |
|
Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту сабағы
Сабақтың типі: дәріс сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге анализ жасауды,қорытынды шығаруды,шешім шығаруды үйрету;
Дамыту: ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауды дамыту.
Көрнекті құралдар: плакаттар,фантомдар,муляждар
Хронокарта
Сабақ тарауының атауы |
Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут |
Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру). |
5 мин |
Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. |
15 мин |
Акушербикенің құқығы мен міндеттері |
10 мин |
Акушериядағы деонтология |
10 мин |
Қалыпты –құқықты құжаттар |
15 мин |
Қазақстан Республикасында өңірлі перинаталдық көмекті ұйымдастыру |
20 мин |
Ахуалдық есептер |
10 мин |
Студенттердің түсініктерін бағалау |
5 мин |
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастырушы кезең.
Амандасу, студенттерді түгендеу.
Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарының бар жоғын тексеру.
Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;
Журнал толтыру;
Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.
Кіріспе. Қр акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу
Акушерия және гинекология-медицина саласындағы өзінің даму тарихы бар ғылым бағыты.
Гинекология деген ұғым гректің «gynе»- әйел, ал «logos»-ғылым, деген сөздерінен шыққан, әйел туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.
Оның мақсаты- әйел жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктерін, жыныс мүшелерінің ауруларын, олардың емдеу, алдын алу жолдарын зерттеу.
Акушерия осы гинекологияның бір саласы,ол француздың «accoucher »- туу, босану деген сөзінен шыққан. Оның негізгі міндеті- әйелдің жүктілікке, босануға және босанғаннан кейінгі кезеңдеріне байланысты кездесетін физиологиялық және патологиялық өзгерістерді емдеу, алдын алу жолдарын қарастыру.
Гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері:
1.Гинекологиялық көмектің барлық науқастарға бірдей болуы;
2.Гинекологиялық көмек 100% барлық жүкті болған әйелдерді және гинекологиялық ауруларды қамтамасыз ету;
Ең негізгі маңызды мәселе-гинекологиялық аурулардың алдын алу және созылмалы ауруларды емдеп, әйелдің репродуктивтік жүйесінің қызметін қалпына келтіру.
Гинекологиялық көмек әр уақытта да ғылым жаңалықтарына сүйенеді және оның жетістіктерін күнделікті тәжірибеге енгізіп, іске асыру;
Медициналық көмектің ауыл, қала тұрғындарына бірдей деңгейде болуын қамтамасыз ету және соған байланысты көмекті ұйымдастыру түрлерін жетілдіру.
Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері
1.Фельдшер-акушерлік пункт (ФАП)-алғашқы дәрігерлікке дейінгі ауыл тұрғындарына профилактикалық ем және санитарлық -эпидемиологиялық көмек көрсететін медициналық мекеме: жүкті әйелдерді тізімге алу, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау және олардың денсаулықтарының жағдайының бақылауын қамтамасыз ету, гинекологиялық науқастарды бақылауын және жанұя жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады.
2.Жанұя дәрігерлік амбулаториясы (ЖДА)-алғашқы медико-санитарлық көмектің негізгі номенклатуралық медициналық мекемесі. ЖДА науқас медициналық көмекке келгенде алғашқы дәрігермен қарым-қатынаста болатын мекеме. ЖДА-бұл ересектерге, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге,босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерлік ем және профилактикалық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық мекеме.
3.Базалық әйелдер консультациясы-тұрғындарға амбулаторлы акушерлік-гинекологиялықкөмек көрсететін мамандырылған мекеме. Базалық әйелдер кеңес үйі-перзентхананың, орталық аудандық ауруханасының, консультативті диагностикалық емханасының тәуелсіз бөлімі және жоғарғы қауіпті топтағы әйелдерге мамандандырылған көмек көрсететін екінші этап болып табылады.
4.«Неке және жанұя» кеңес үйі немесе Адам репродукция орталығы-әйелдер кеңес үйінің бөлімі немесе тәуелсіз мекеме болуы мүмкін және некелік қатынастардың бұзылуына келтіретін жағдайларда және ауруларда консультативті, профилактикалық емі көмек көрсетеді.
5.Перзентхана-ауылдық, қалалық, облыстық, ауруханаларының акушерлік, гинекологиялық бөлімдері-әйелдерге мамандандырылған дәрігерлік, акушерлік-гинекологиялық стационарлық көмек көрсететін мекеме болып табылады.
6.Перинатальді орталық-қала, облыс ішінде, ауылдық және қалалық тұрғындарға мамандандырылған арнайы көмек беретін консультативті ұйымдастыру-методикалық, емдеу және оқу мекемесі.
7. Республикалық ана және нәресте денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу орталығы. ҚР профилактикалық ем көмек көрсететін және акушерлік -гинекологиялық қызметін жетілдіретін, ғылыми зерттеуді үйлестіретін, жоғары квалификациялық мамандарды дайындайтын және халықаралық қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін бас мекеме.
Әйелдер кеңес үйінің мақсаты: осы аймақта тұратын барлық әйелдерге амбулаторлы профилактикалық ем көмек көрсету.
Міндеттері:
Жүкті, босанған әйелдерді жәнегинекологиялық науқастарды тізімге алу және профилактикалық ем көмек көрсету.
Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу.
Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға диагностикалық және емнің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.
Әлеуметтік-құқықты көмек.
Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарды зерттегенде басқа мекемелермен қатысты қамтамасыз ету.
Перзентхана мен балалар емханасымен, жедел жәрдем станциясымен, санитарлы-эпидемиологиялық мекемемен және басқа мекемелермен (тері венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық) ұдайы байланыста болу
Әйелдер кеңес үйінің құрылысында болу керек: шешінетін жер,тіркеу орны, күтім бөлмесі, жүкті, босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды қабылдайтын бөлмелер, манипуляциялық бөлме (гинекологиялық емдеу процедуралары үшін) процедуралық бөлме, жануя жоспарлау кабинеті, клиникалық зертхана, УДЗ-бөлмесіфизиотерапиялық бөлме.
Ірі кеңес үйлерінде болады: терапевт,стоматолог, генетик бөлмелері, жатыр мойнының аурулары және бедеулік, жүктілікті сақтай алмағандағы әйелдерді қабылдайтын бөлмелер.
