- •Малдарды сояр алдында талдыруға арналған машиналар мен аппараттар
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері
- •4 Сурет - Пинск ет комбинатындағы бокстың құрылысы Бокс г6 -фба
- •5 Сурет – г6 - фба боксы фэор-1 электрлік талдыру қондырғысы
- •Техникалық сипаттамасы
- •6 Сурет - фэор-1 малды электрмен талдыру аппараты
- •3. Есеп беру мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
5 Сурет – г6 - фба боксы фэор-1 электрлік талдыру қондырғысы
Ірі қара малды бокста талдыруда ФЭОР-1 аппараты қолданылады. Ол 50 Гц тоқ жиілігінде жұмыс істейді. ФЭОР-1 аппараты (6-сурет) басқару станциясынан, екі сөндіргіштен және электр талдырғыштан тұрады. Басқару станциясы шкаф тәріздес, оның ішінде транcформатор мен уақыт релесі, аралық релесі және сақтандырғышы орналасқан. Шкафтың оң жағында амперметр қойылған, талдыру кезінде тоқтың күші және вольтметр, талдырудың кернеуін көрсетеді, дыбыс лампасы орнатылған. Аппаратты сөндіріп және қосатын сөндіргіштерден және кернеуді қосып, керекті кернеуін қойып талдырады.
Сөндіргіш талдыру рукаяткасында орналасқан. Сөндіргішті басқанда талдырғышқа кернеу беріледі, дыбыс лампасы жағылады. Малды талдырғанда талдырғышпен басына қойып, сөндіргішті басып отырып, малды талдырады. Малдың жастарына байланысты кернеулер 70-80 В арасында алынады. Бұзауды талдыру уақыты 6-7 с, орташа жас малды (тайша) 8-10 с, үлкен малды 10-15 с, бұғыларды -25 с дейін кернеулер болады.
Техникалық сипаттамасы
Талдыруға жіберу, сағ/бас 50
Талдыру уақыты, с 25
Талдыру кернеуі, В 70-80
Кернеу тізбегі, В 220/380
Басқару станциясының габариттік өлшемдері, мм
ені 510
биіктігі 480
тереңдігі 295
Станцияның салмағы, кг 47
Талдырғыштың өлшемдері, мм
ұзындығы 1738
д
иаметрі
40
Салмағы, кг 2
1- соңғы сөндіргіш, 2- басқару станциясы, 3-талдырғыш.
6 Сурет - фэор-1 малды электрмен талдыру аппараты
3. Есеп беру мазмұны
3.1 Ірі қараны талдыру тәсілдерінің жіктелуін жазу.
3.2 Ірі қараны талдыруға арналған технологиялық жабдықтар кешенінің (Г6-ФБА боксы, Пинскілік бокс, Я 8-ФОО конвейерлік қондырғысы) орналасуы, құрылысы және жұмыс процесі.
3.3 Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелерін жазу.
4. Бақылау сұрақтары
4.1 Ірі қараны талдыру тәсілдерінің жіктелуі қалай?
4.2 Ірі қараны талдыруға арналған технологиялық жабдықтар кешенінің (Г6-ФБА боксы, Пинскілік бокс, Я 8-ФОО конвейерлік қондырғысы) орналасуы, құрылысы және жұмыс процесі?
4.3 Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері қандай?
