- •Мазмұны
- •1.1 Аялдамалардың ара – қашықтығы
- •1.2Бастақы пункттан келесі пунктқа дейінгі ара – қашықтық
- •2.1 Рейс туралы жалпы түсінік
- •2.2 Автобустардың қозғалыс уақыты
- •2.4 Қатынас уақыты ( )
- •2.5.Рейс уақыты ( ) (2.4)
- •2.6 Айналма рейс уақыты ( )
- •3.1 Қозғалыстың техникалық жылдамдығы ( )
- •3.2 Қозғалыстың қатынас жылдамдығы ( )
- •3.3 Қозғалыстың пайдалану жылдамдығы ( )
- •4.1 Жолаушы ағым түсінігі
- •4.2 Маршрут бойынша жолаушы ағымды анықтау
- •V. Тасымалданатын жолаушы санын анықтау.
- •5.1 Жолаушы ағымның эпюрасын құру
- •Vі. Тасымалға қажетті автобус санын анықтау
- •6.1 Жылжымалы құрам түрін таңдау
- •6.2 Автобус қозғалысының интервалын анықтау
- •6.3. Автобус қозғалысының желілігін анықтау
- •6.4 Жанар– жағармай шығынын анықтау
- •Vіі.Автобус қозғалысының кестесін құру
- •7.1 Қозғалыс кестесі
- •7.2 Қозғалыс кестесіне қойылатын талаптар
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3
Ι. Аялдамалық пунктардың ара – қашықтығын анықтау...................................4
1.1 Аялдамалардың ара – қашықтығы
1.2 Бастапқы пункттан келесі пунктқа дейінгі қашықтық.
ІІ. Автобустардың рейс уақытын анықтау.........................................................6
2.1 Рейс туралы жалпы түсінік
ІІІ. Автобус қозғалысының жылдамдығын анықтау.........................................9
3.1 Қозғалыстың техникалық жылдамдығы
3.2 Қозғалыстың қатынас жылдамдығы
3.3 Қозғалыстың пайдалану жылдамдығы
ІV. Жолаушы ағым және оларды анықтау әдістері.........................................11
4.1 Жолаушы ағым түсінігі
4.2 Маршрут бойынша жолаушы ағымды анықтау.
V. Тасымалданатын жолаушы санын анықтау................................................17
5.1 Жолаушы ағымның эпюрасын құру
VІ. Тасымалдауға қажетті автобустар санын анықтау....................................19
6.1 Жылжымалы құрамның түрін таңдау
6.2 Автобус қозғалысының интервалын анықтау
6.3 Автобус қозғалысының желілігін анықтау
6.4 Жанар – жағармай шығынын анықтау
VІІ. Автобус қозғалысының кестесін құру......................................................23
7.1 Қозғалыс кестесі
7.2 Қозғалыс кестесіне қойылатын талаптар
7.3 Жүргізушінің жұмыс және демалыс уақытының нормасы
Қорытынды..........................................................................................................29
Әдебиеттер ..........................................................................................................30
Қосымша А
Қосымша Б
Кіріспе
Автомобиль көлігі — қазір Қазақстан Республикасының басты катынас құралы. Автокөліктер икемді әрі жүйрік болғандықган ең түпкірдегі аудандарға оңай бара алады , сонымен қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.
Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысын атқаруда маңызды роль атқарады. Автомобильдердің маневр жасағандығының арқасында жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне тиемей-ақ, жөнелтушінің қоймасынан тікелей қабылдап алушының қоймасына дейін тасымалдауға мүмкіндік бар. Толық жетілдірілген жолдар жолаушыларды, жүктерді бағытталған пунктілерге жоғары жылдамдықтағы қозғалыспен жеткізуге мүмкіндік береді.
Автомобиль тасымалының әуе, су және теміржол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы артықшылығы оның тасымалдық қабілетінің ауқымдылығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы мен жақын арақашықтыққа тасымалдаудағы өзіндік құндылығының аздығы болып табылады.
Қазақстан үшін автокөліктердің құрылыс жүктерін жұмыс орындарына тікелей жеткізудегі оның мүмкіндігі мен оңтайлылығы құрылыс жұмыстары үшін өте ерекше роль атқарады.
Ауылшаруашылығы өнімдерін теміржол станцияларына және су қоймаларына ең негізгі тасымалдаушы автомобиль болып табылады. Бөлшек сауда өнімдері мен тауарлары, қоғамдық тамақтану желілерін қосқанда, барлығы автомобиль көлігімен тасымалданады. Автомобиль көлігінің жүк айналымының ең көп үлесі өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған әртүрлі отын түрлерін тасымалдаудан тұрады.
Жолаушылық автомобиль тасымалдар да қарқындап дамып келеді. Қалалық автобус көлігінің теміржолдан оның өзіндік құны және жылжымалы құрамға салыстырмалы капитал жұмсалымымен (1 жолаушыға қатысты- км) ерекшеленеді. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы теміржол болса да автобус қозғалысын ұйымдастыру ұтымды болып келеді екен
Қазақстан көлігі республика халық шаруашылығының салалық кешендерінің (аграрлық-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кен-металлургиялық, құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен
өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Автомобиль көлігінің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экономикалық құлдырау көліктің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды.
Автобус (француз autos -өзі және латынша omnibus- яғни баршаға деген сөзінен шыққан) жүргізушімен қоса 9 және одан да көп жолаушы алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20ғ. басында пайда болды. 20ғ. пайда болған автобус, қазіргі замандағы автобусардан курт өзгерілді. Бүгінгі таңда автобустар қалалық қозғалыстын 80% құрайды.
БҚО үшін автобус көлігі айырмас бөлігі. Автобус маршруттары облыс тұғындарын жұмыс орны, оқу мекемелері, мәдени және қоғамдық ғимараттарға тасымалдау үшін пайдаланылады.
І. Аялдамалық пункттардың ара – қашықтығын анықтау
