Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIS_perevod.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
852.9 Кб
Скачать

Есеп №11

Науқас оң құлақтың ауруына, керіп тұрғандай сезіміне, іріңді бөліністердің болуына, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданады. Бала кезінен бері ауырады. 10 күн бұрын тұмау тигеннен кейін асқынған. Объективті: емізікше тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, перкуссиясы мен пальпациясы ауырсынусыз.

Отоскопияда: оң жақ есту жолында жағымсыз місі бар іріңді бөлініс. Дабыл жарғағының алдыңғы-жоғарғы бөлігінде шеттік перфорация бар, содан ақшыл эпидермальды масса байқалады. Дабыл жарғағының тартылған аймағында аздаған гиперемия, иньецирленген. Сыбырлап сөйлеу – 3м, калыпты сөйлеу – 6м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №12

Науқас 28 жаста, мұрын ішінің құрғауына, қабыршақтардың түзілуіне, иіс сезудің бұзылуына, кей жағдайларда қою, қан аралас іріңді бөліністер шығуына, шағымданады.

Объективті: мұрынның шырышты қабаты құрғақ, жұқарған, бетінде қабыршақтар түзілген, жергілікті қою ірің бар. Мұрын кеуілжірлері кішірейген, мұрын қусы кең. Жұтқыншақтың артқы қабаты құрғақ, бірақ мұрын қуысының шырышындай емес. Басқа ЛОР мүшелерінен ауытқушылық жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №13

Науқас 33 жаста; мұрынның ұстамалы жедел бітелуіне, сулы-шырышты бөліністің болуына, бас ауруына, жөтелге, тершеңдікке шағымданады. Ұстамалар күннің салқындауымен бірге жүреді. Ауырғанына 3 жыл .

Риноскопия: төменгі мұрын кеуілжірлері ісінген, боз, кей жерлерінде дақтар бар. 3% эфидрин ерітіндімен жаққанда мұрын кеуілжірлері кішірейеді.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №14

Науқас 20 жаста, үнемі оң жақтан мұрынның дем алуына, бас ауруына шағымданады. Бала кезінде мұрыннан жарқат алған.

Объективті: мұрын қыр сәл солға ығысқан. Алдыңғы риноскопияда оңғы ығысқан мұрын пердесін байқалады, шырышты қабаты қызғылт, ылғалды. Мұрын маңы қойнауларының пальпациясында аур сезімі жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №15

Науқас 31 жаста, мұрын бітуіне, сол жақтан қою бөліністің болуына, дем алудың қиындауына, бас ауруына, маңдай ауыртпалығына, Т -37,8С жоғарылауына шағымданады. 3 жыл бұрын тұмаудан кейін созылмалы күйде іріңді бөліністің пайда болуы мен бас ауруы пайда болуын байқаған. Соңғы асқыну 1 апта бұрын болған.

Объективті: мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақтан мұрын кеуілжірлері гипертрофияланған, ал ортаңғы мұрын жолда аздаған ірің және политпер байқалады. Қабақ үстін пальпация жасағанда ауру сезімі бар. Мұрын маңы қойнауларының рентгенограммасында маңдай қуысының интенсивті деңгейі бар қараю және сол жақ гаймор қуысының қабырғалық вуаль байқалады.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]