Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIS_perevod.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
852.9 Кб
Скачать

Есеп №6

Оториноларинголог дәрігерге есту жолында үнемі қышу сезіміне, бөгде заттың бар болу сезіміне, естудің екі құлаққа да сәл төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 ай.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,7С; сыртқы есту жолы аздап гиперемияланған, инфильтрация. Дабылды-шеміршектік бөлімінде құрғаған эпидермистің кебек тәрізді қабыршақтар, сүйекті бөлімінде жасыл түсті мицели жіпшелері бар. Дабыл жарғағы сәл гиперемияланған, ылғал соратын қағаз сияқты пленкамен жабылған. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауру сезімі жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №7

Науқас 3 аптадан бері естудің сол жақтан төмендеп үдей түскенін, алғашында иіссіз кейін иісте бөліністердің пайда болғанын байқайды. Отскопияда сол жақтан сыртқы есту жолында қою іріңді бөлініс; құлақ ішін тазалағаннан соң дабыл жарғағында көлемі мен пішіні әр түрлі 4 перфорация бар, оның екеуі шеттік. Самай сүйектерінің Шюллер әдісі бойынша рентгенограммасында сол жақтан емізікше тәрізді осіндіге таралған секвестрмен жайылған кариес байқалады.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №8

Науқас ЛОР кабинетке құлақ қалқанының ауру сезіміне, қызбалануына, құлақ қалқанының күйдіру сезіміне, температурасының көтерілуіне, жалпы алсіздікке шағымдарымен келді. Ауру басталардан 5 күн бұрын құлақ қалқанын түйрегішпен зақымдап алғанын айтады. Қабылдау бөліміне қаралардан 3 күн бұрын құлақ қалқанының қызаруы, көлемінің ұлғаюы, ісінуі, бас ауруы пада болған. Науқастың жағдай біртіндеп ауырлай түскен, етмпературасы көтерілген. Қарағанда құлақ қалқаны гиперемияланған, инфильтрацияланған. Процесс құлақ маңы аймағына, сртқы есту жолдының терісіне тарала бастаған. Гиперемияланған аймақтың терісінің шетінде демаркациялық аймақ бар. Есту жолынан патологиялық бөліністер жоқ, дабыл жарғағы өзгермеген.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №9

Науқас 30 жаста, ЛОР дәрігерге оң құлақтың шыдаттырмайтын ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша 4-5 күнне бері ауырады. Жалпы жағдайы қиындаған, активті, температура көтерілмеген. Қарағанда құлақ қалқаны өзгермеген, бірақ тартқанда ауру сезімі бар. Есту жолы тарылған, ішінде шырышты-іріңді бөліністер бар, көрінерлік дабыл жарғағы түсі күлгін, лайлы.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №10

Науқас 42 жаста, мұрынмен дем алудың қиындауына, бөліністің болуына, иіс сезудің бұзылуына шағымданады. Алғашқы аталған сиаптомдар осыдан 4 жыл бұрын пайда болған, содан бері мұрынмен дем алу қиындаған. Асқынулар жиі байқалады, мұрын бітелгенде ауыз арқылы дем алады және шырышты бөліністер көп болады. Объективті: мұрынның шырышты қабаты ісінген? Гиперемияланған. Мұрынның кеуілжірлері, әсіресе төменгі төменгі және ортаңғысы ұлғайған, мұрын жолы тарылған, ішінде ақ түсті шырыш жиналған. Мұрынның шырышты қабатын андреналин ерітіндісімен жаққанда түсі бозарады, бірақ мұрын кеуілжірлерінің кішіреюі байкалмайды. Мұрын маңы қойнауларын пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ. Басқа ЛОР мүшелері бойынша ерекшеліктер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]