Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIS_perevod.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
852.9 Кб
Скачать

4. Тәжірибелік нұсқаулар

1. Науқасты қарауға дайындау (маңдай рефлекторымен қолдану ережесі).

2. ЛОР-мүшелерін сыртқы қарау

3. Жергілікті лимфа түйіндерін пальпациялау

  1. Алдыңғы риноскопиартқы

  2. Артқы риноскопия

  3. Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу

  4. Алдыңғы тампонада

  5. Артқы тампонада

9. Сыртқы мұрын рентгенограммасын интерпретациялау

10. МҚҚ-ның рентгенограммасын интерпретациялау

11. МҚҚ-ның КТ-сын интерпретациялау

12. Орофарингоскопия;

13. Бадамша бездері мен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дәрілік заттарды жағу

14. Тікелей емес ларингоскопия

15. Көмей рентгенограммасын интерпретациялау

16. Көмей КТ-сын интерпретациялау

17. Коникотомия;

18. Трахеостомия;

19. Трахеостомиялық түтіктің ішкі бетін ауыстыру және тазалау

20. Отоскопия;

21. Сыбырлап сөйлеу арқылы естуді тексеру

22. Сөйлеу арқылы естуді тексеру

23. Құлақты жуу

24. Сыртқы есту жолынан бөгде затты алу

5. Жағдайлық есептер – 25 Есеп №1

Науқас 18 жаста; естудің төмендеуіне, сол құлағының шаншып ауру сезіміне шағымданады. Өзін аурумын деп 2 күннен бері санайды. Объективті: AD – қалыпты; AS-сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ. Дабыл жарғағы – гомогенді гиперемия. Сыбырлап сөйлеу – 1,5 м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №2

Науқас 30 жаста; оң құлақтың қатты ауру сезіміне, естудің төмендеуіне шағымданады. Өзін суықтағаннан бері 2 күн бойы аурумын деп санайды. AD –-сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ. Дабыл жарғағы – гомогенді гиперемия, томпайған. Сыбырлап сөйлеу – 0,5 м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №3

Науқас 50 жаста, сол құлақтан іріңнің ағуына, құлақ артының ауыруына, естудің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 арта болған. Объективті: AS –сыртқы есту жолында іріңді бөлініс 3 ватник көлемінде, иісі жоқ. Дабыл жарғағы гиперемияланған, алдыңғы-төменгі квадрантта перфорация, «пульсті рефлекс», есту жолының гиперемиясы және жоғарғы-артқы квадрантында төмен түскен. Емізікше тәрізді өсіндіне пальпация жасағанда жоғарғы бөлімінде ауру сезімі бар.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №4

Науқас әйел оң жақтан естудің төмендеуіне кеше кешке ваннаға шомылғаннан кейін пайда болғанына шағымданады.

Объективті: құлақ қалқаны мен есту түтігі өзгермеген. Есту жолы сұйық қоңыр түсті массамен бітелген, дабыл жарғағы көрінбейді. Сыбырлап сөйлеу оң құлақтан 3м, сол құлақтан 5м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №5

Науқас 2 күн бұрын бокспен айналысып жүріп жарақат алғаннн кейін сол құлақ қалқанының ауыру сезімі бар томпаюды ң пайда болғанына шағымданады. Объективті: сол құлақ қалқанының жоғарғы үштен бір бөлігінде домалақ, ісінген, қызғылт түсті, пальпация кезінде аздаған ауру сезімі мен флюктуация бар. Басқа ЛОР мүшелері бойынша ерекшеліктер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]