- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •«Қазақстан тарихы» кафедрасы
- •Мазмұны
- •Тарихнамасы және дереккөздер
- •Атилла есімі
- •2.1.Көсемнің бейнесі
- •2.2.Әйелдері мен балалары
- •Ататегі және билікке келуі
- •Еуропаға жорық
- •4.1.Византияға алғашқы жорығы. 441 — 442 жж.
- •4.2Византияға екінші жорығы. 447 жыл
- •4.3.Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448 — 450 жж.)
- •Батыс Рим империясымен соғыс (451—454 жж.)
- •5.1.Галлияға жорық (451 жыл)
- •5.2.Италияға жорық (452 жыл)
- •5.3.453 Жылғы Галлияға шабуыл
- •Қайтыс болуы және ғұн империясының ыдырауы
- •Тарихи зерде
- •7.1.Нумизматикада Еділдің бейнесі
- •Қарағанды 2016 ж.
2.2.Әйелдері мен балалары
Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған[8]. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған. Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған
Ататегі және билікке келуі
Еділдің туған жылы мен туған жері осы күнге дейін белгісіз. Көсемді көзімен көрген Приск Паний 448 жылы сақалына енді ақ түскен адам деп сипаттаған.[ Сол жылдары Еділ үлкен ұлын акацирларға басшылық етуге жіберген. Бүгінгі күнге белгілі мәліметтерді талдаған кезде Еділ қаған жобамен V ғасырдың бірінші онжылдығында туған деп айтуға болады.
Еділдің әкесі Мұнзық ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руғила (Роас, Руа) ғұндардың атақты көсемдері болған. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған.
Ғұндардың қоғамы - жауынгерлер қоғамы болғандықтан Еділ қаған жас кезінен сол кездегі басқа ғұндардың ұрпақтары сияқты атпен шабу мен садақ атуды үйреніп өскен. Сонымен бірге ғұндардың басқа да жасөспірімдері сияқты өз еркіндігімен басын бинттермен таңғызып, бас сүйегініне деформация жасаған
434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда Бледа Еділден жасы үлкен болған. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.
Еуропаға жорық
420 жылдары ғұндар Панноний жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген. Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.
4.1.Византияға алғашқы жорығы. 441 — 442 жж.
Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған..
Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.
Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.
Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.
